Туған жер


Туған жер туралы эссе


  Кіндігі арқаның көк орай алқабы,
Самалы жүзіңді құшады алдан.
Көгінде күн күлген мұндай жер кім білген,
Шарықтап ән болып құшады алдан.
Нұр тұнған өмірім,
Құлпырған өңірі ,
Өзгеден тұратын дара дархан,
Атыңнан айналдым Жаңаарқа.
Биыл Жаңаарқаның 90 жылдығы мен Алаш деп қазақтың қамын ойлған кемеңгер ақынымыз Сакен Сейфуллин 125 жылдық мерей тойы аталып өтілді. Жаңаарқаның халқының бірлігі мен ынтымағының арқасында шараға қатысу үшін Жаңаарқа ауданнан 12 ауыл және 2 округ кентінен тұрғындар жиналды. Балдай қымызы бір мезетте мың күбіге құйылып пісіліп генстік рекотқа енді. Туған жерімнің осындай мақтанышымен мақтанамын. Туған жердің қадірін қасиетін білу үшін кіндік тамған жерге еңбек ету керек деп ойлаймын. Ұлы Абай айтқандай «есектің артын жусаң да мал тап» деген. Қара жұмыс болса да еңбек еткен адамға туған жерден табылады. Мысалы: Қытай мемлекеті халқы қарапайым. Қандай жұмыс болса да өз туған жерінде жұмыс істей береді. Бір журналист заводта жұмыс істейтін қытайлық азаматтан сұрапты:
– Өзіңізге істеп жатқан жұмысыңыз ұнай ма? – дейді.
– Маған істеп жатқан жұмысым ұнайды – депті. Ал қазақтан сұрағанда: – Жалақысы аз екен негізі мен басқа жұмыс істегім келген – дейді. Бұдан не аңғаруға болады. Отанға деген сүйіспеншілік жоқтығынан өз-өзіне деген сенімсіздік. Тек қана қара бастын қамын ғана ойлау. Жастарымыз ауылда жалақы аз деп қалаға немесе шетелге жұмыс іздеп кеткендер қаншама. Сол өзінің іздеген жұмысы да ауылдан сабырмен қарекет етсе табылып қалады ғой. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол». Ақша көп деп басқа мемлекетке немесе қалаға кеткен жастарымыз сол ауылында да істейтін жұмысты істейді. «Пәлен жерде алтын бар» деп кете берген несі жақсы. Биыл Н. Назарбаев тұңғыш елбасымыз жолдауында «Жастар жылы» деді. Жастарға еркіндік берілді. Отанымыздың саналы жастарымыздың келешегін ойлағандықтан. Жұмыспен қамту арқылы « Жасыл ел», « Диплом мен ауылға», «Жастар тәжірибесі » деген бағдарлама жастарға мүмкіндік берді. Мәселен туған жерде бастық болу маңызды емес . Қарапайым қызметтен басталып үлкен қызметке тұруға болады. Зиялы қауымдардың көбісі туған жерден түлеп ұшты. Тек қана алға ұмтылу өзім жетілсем толсам демей туған жердің топырағын басып отырғаннан кейін елімнің болашағына атсалу. Қалай туған жеріме аянбай еңбек етсем.
Өзім Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылдық округінде тұрамын. Басқа ауылдарға ұқсамайды. Әркім өз үйінің қасына су тартып алған. Жұмыс жоқ деп бос отырмайды. Бау-бақша өсіріп, малды бағады. Ешкімнің бос жүргенің көрмейсін . Әкімшілік, мəдинет үйі, мед пункт кітапхана бəрі бір жерде орналасқан. Ауылымыз жылдан- жылға көркейіп келеді. Жолымыз тегістеу. Тойхана, мешіт, дүкендер жұмыс істеп тұр. Ауыл адамдары, жастары жұма намазына мешітке барып тұрады. Қаранғы түсе көшемізде жарық орнатылған. Қыста таң қаранғы болғанда көшедегі жарық пен балалар мектепке барады. Мектебіміздің ішінде шағын балабақша орталығы бар. Тұрмыс құрған жоқпын ата-анамның қолында тұрамын. Мамандығым қазақ тілі мен әдебиет. Мамандық бойынша жұмыс істемеймін. Мен сол жерде тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеймін. Балалармен жұмыс істеген ұнайды. Сондықтан оқыған мамандығымнан алыс емеспін. Жалақым аз болсада қанағат етемін. Өйткені қазіргі заманда жұмыс табу қиын. Талай жыл жұмыссыз жүрдім. Бармаған жерім баспаған тауым қалмады. Біреулер түріме қарап жұмысқа алмайды, біреулер таныс – тамырды жұмысқа ғана аламын дейді. Жұмыспен қамту орталығына бара бердім. «Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.» – дегендей. Туған жеріме жұмыспен қамту арқылы жұмысқа тұрдым. Жазғы лагер болғанда көп жылдық стажы бар мұғалімдермен бірге сабақ беріп өзімнің ойдан жазған ертегілерімді балаларға оқып беремін. Бір қынжылтатын нәрсе осыдан он жыл бұрын Бидайық мектептің ішіне балабақша ашылған ескі заттарымен тұр. Шкафтарының есіктері сынған. Диваны сынып кірлеп кеткен. Балалар ойнайтын ойыншықтар сынып қалған. Ойыншық жоқ болған соң балалар не істейді. Бір- бірімен алысып- жұлысып ойнайды. Ұлдікі, қыздікі деген дәретханасы бар. Оның өзі істемейді. Трубасы алынып қалған. Жылда балабақшаның дәретханасын жөндейміз деп завхоз айтады. Сол айтылған қалпында қалады. Мүмкін оғанда тендір керек шығар. Балалардың үлкен дәрет, кіші дәрет шелекке құйып даладағы дәретханаға төгеміз. Кәзір қиын емес болар. Қыста боранда су төгу қиын ғой.  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: туған жер, эссе