» » » Эссе: Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті

Эссе: Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті

Эссе: Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті казакша Эссе: Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті на казахском языке
Егер менің тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге дайынмын
Расул Ғамзатов

Қазақтың атақты батыры Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес. Сол себепті бұл әлі күнге өзекті мәселе боп қалып отыр. Сондықтан мен тіл жанашыры ретінде, болашақ журналист маманы ретінде тіл мәселесі жайында сөз қозғағым келіп отыр.

Тіл мәселесі - әлі шешіле алмай келе жатқан мәселелердің бірі. Қалай ойлайсыздар, неге оның жағдайы бір қалыпта, бір деңгейден көтерілмей тұр? Бұл мәселені сонау жылдар бойы талқыға салды, көптеген ойлармен бөлісті. Сол жайында көптеген мақалалар, көптеген еңбектер жазылды. Бәрі де ат салысуда және ат салысқан. Осы тұста Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Спандияр Көбеев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты тіл жанашырларын атап өтуге болады. Тіпті болса, Міржақып атамыз «Оян, қазақ!» өлеңімен, ал Ахмет атамыз «маса» кейпінде халықты оятпақ болды. Бірігіп күш салуға шақырды. Сол кездегі ата – бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап еді ғой, ойланыңызшы! Тілі таза емес елдің тәуелсіздігінің қандай жақсы жақтарын білесіз?

Айтып отырғаным, заман талабына сай, қазақ азаматы үш немесе одан көп тілді білуі қажет. Заманның талабы сондай. Алайда, өз ана тілін білмейтіндер де бар. Өз ана тілін білмей тұрса, өзге тілді біліп керегі не? Тамырмен келген ата – баба намысы қайда? Иә, біз өркендеп дамуымыз керек, жан – жақты болуымыз керек. Бірақ, ешқашан өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Оны кірлетпей, таза ұстап, ана тілімізбен айтылатын Әнұранымыз жүрегімізге сіңуі керек. Ана сүтімен ана тіліміз бойымызға енеді дейміз, оны сезінетіндер көп болғаны өзімізге жақсы емес пе? Мәселен, «Менің Дағыстаным» еңбегінің авторы Расул Ғамзатовтың осы шығармасында ананың алыстағы тірі баласын қайтыс болды деп санау себебі. Сонымен қатар бұл тіл мәселесі көптен бері келе жатқанының айғағы болып табылады.

Қадыр Мырза Әли атамыз: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» - деп айтқандай, жан – жақты болуға ешкім қарсы емес, тек ана тілге деген құрметтің аздығына көптеген тіл мамандары уайымдауда. Егер өзіміз ана тілімізді құрметтемесек, өзге ұлттардан қандай құрмет күтеміз? Өзіміз құрметтемей, кім құрметтейді? Бұл мәселені өзіміз қолға алмай, кім алады? Сондықтан бір – бірімізге итере бермей, өзімізден бастауымыз керек. Ең болмаса, қазақ қазақпен қазақша сөйлесуден бастаса, жылжу байқалады. Мұны байқап өзгелер қызықпай ма? Осы мәселені шешуді қолға алып, өзектілер қатарынан алып тастайық дегім келеді. Біз, жас ұрпақ, тілімізді тек жақсы жақтарынан көрсетуіміз керек. Шетел азаматтары «бұл қандай тіл?» деп қызықтыратындай етсек те, бұл біздің қолымыздан келеді деп санаймын. Және, сөз соңында айтып кеткім келгені – қазақ тіліміз латын қарпіне көшсе, ол тілімізді бүлдірмейді, тіліміз бұдан жоғалмайды. Бұл – тіл мәселесі жайындағы бастапқы қадамдардың бірі. Сол себепті, баршаңыздан қазақ тілін құрметтеулеріңізді сұрап, осымен қорытындылаймын.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 92 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Шығарма: Алаш ұстанымы ұтымды
Шығарма: Алаш ұстанымы ұтымды
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Адамзаттың мәңгілік мәселесі (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Адамзаттың мәңгілік мәселесі (8 сынып, III тоқсан )
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Малшы мен маса)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Малшы мен маса)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Екі шыбын)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Екі шыбын)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Сөз иесінен)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Сөз иесінен)
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ана тілім)
Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ана тілім)
Қазақша презентация (слайд): Жүсіпбек Аймауытов
Қазақша презентация (слайд): Жүсіпбек Аймауытов
Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Ахмет Байтұрсынов
Қазақша Қанатты (нақыл) сөз: Ахмет Байтұрсынов
Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Оқу, білім)
Қазақша өлең: Жүсіпбек Аймауытов (Оқу, білім)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қазақ салты)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қазақ салты)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Туысыма)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Туысыма)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Оқуға шақыру)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Оқуға шақыру)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жұртыма)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жұртыма)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жұбату)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жұбату)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жауға түскеннің сөзі)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жауға түскеннің сөзі)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жазушының қанағаты)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жазушының қанағаты)

KZ / Эсселер жинағы, эссе сочинение про Тил маселеси - али кунге озекти на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті, эссе сочинение про Тил маселеси - али кунге озекти на казахском языке скачать бесплатно шығарма Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Тіл мәселесі - әлі күнг, Эссе: Тіл мәселесі - әлі күнге өзекті эссе на казахском языке казакша эссе жазу Қазақша Эсселер жинағы