Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

 Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылып 27 қазан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.- Көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтып, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халықболыпқолдауымызқажет.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз.Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену,латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ тілін бір­тіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыс­тарына жаңа серпін бертінін Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Жолдауында ашып айтты.

Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез- келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру Бұл идеяның үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді.

«Бүкіл әлемдік тәжірибе осы біздің таңдауымыздың дұрыс екенін дәлдеп отыр. Латын әліпбиі – жаһандық коммуникация мен ақпарат қайнар көзіне айналды. Бауырлас Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерін айтпағанның өзінде, төл әліпбилері бар Жапония, Қытай сияқты алпауыт мемлекеттер латын графикасындағы әліпбидің қосымша нұсқасын енгізіп отыр. Осының өзі көп нәрсені аңғартса керек» Сөз соңында латын әліпбиіне көшу, қазақстанның әлемдік қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетін маңызды құрал екеніне сенімім мол.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!