» » » Эссе: Менің ұстанымым

Эссе: Менің ұстанымым

Эссе: Менің ұстанымым казакша Эссе: Менің ұстанымым на казахском языке
Ұстаным - түсіне білгенге, адамның бет - бейнесі мен өмірлік мұраты емес пе!? Адамдарды ұстанымына қарап, оның қаншалықты білікті әрі парасатты екенін пайымдауға болады. Кей кездері керісінше, соншалықты қарабайыр екені де байқалынып қалады. Мен өз ұстанымым туралыы ой өрбітсем: «Ешкімнің ала жібін аттамау», «Сырға берік, досқа адал жақсылыққа жақын болып, адамдарға болысу» мұраттарын көздедім. Адам болып дүние есігін ашқан соң, адам боп қалу борышымыз емес пе?! Қалай ойлайсыз, келісесіз бе?! М. Хакімжанова жырлағандай: «Сан ғасырдың айғағы өзгермейтін, Сен адамның досысың мәңгі өлмейтін...» Бір күрсіндіретіні, бүгінгі дүбірлі дүрбелең әлемде кісілік азайып бара жатқандай көрінеді. Мектепте, көшеде, тіпті қоғамдық орындарда дарақыланып күлген, даңғазашыл құрбыларымды көргенде, өзім жерге кіре жаздаймын. Мейлі, күлкілі жайт болған да шығар, соншама дабыра етудің не қажеттілігі бар десеңізші!.. Ол ол ма? Үлкенді сыйламақ түгілі, қағып құлата жаздайтындар көбейгенін ешкім жоққа шығара қоймас!.. Халқымыздың «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,.» деген өрелі сөзі ескеруден қалып бара ма өзі, қалай ?.. Ал менің алтын қазық бағыт-бағдарым: «Болса- дағы қиындық алда небір, «адам болу» мұратым қала берер!» Әр заман өз ойшылдарын тудырады. Бар ғұламаның айтар асқақ арманы, ізгі мұраты - білім жауһарларын теріп, адамзатты игі істерге жұмылдыру.

Йасауи хикметтері, Қашқари ата сөздігі, Рабғузи қиссаларынан адами мұраттарды көксеген бабалардың арман- мұраттарын танып білгендей болдым. Адамзат атаулы бар жерде «кісілік», «парасаттылық» өз мәнін жоғалтпасы анық! Өйтпесе, өмірдің не мәні қалар еді? Түйенің қомына, жылқының жалына жармасып тыныш өмір кешпеген текті халқым ежелден дүние жимаған, байлықты мұрат етпеген, қарапайым да аңғал, даласы қандай кең болса, пейілі де сондай ағыл-тегіл, ақкөңіл де ардакөңіл,өз адами ұстанымдарына берік, досқа кәміл серік болған. Небір асыл да, асқақ ұстанымдардың өзі адамдық шеңберінен шықпауды мақсат ету арқылы өзімізден де өзгеден де көрген көз сүйсінер айбынды елдің ұландары екендігімізді барша әлемге паш ететін аттылы күн туды. Сар даланың сайын төсінде дүбірлетіп ат тұяғымен өзіндік өрнек салған бабалардың басып өткен ізінің табы бар, жүзден астам ұлтқа құт мекен жерұйығым мен бабалар салған сара жолымды мен мақтан тұтпағанда, кім мақтан етсін!? Сенсіз мен бір күн, бір күн деймін- ау, бір сағат та, бір минутта тұра алмаспын. Өйткені, бұл жерде менің, бабаларымның, «кіндік қаны тамған» - өз елім мен өз болмыс - бітімім және өзіндік ұстанымым бар. Барым да, нарым да – сенсің ар – ожданым! Біздің тағдырымыз- тамырлас.

Тәуелсіздіктің бал дәмін тату бақыты бұйырған біздер дүниенің қай түкпірінде жүрсек те, мейлі шетелде, қай ортада жүрсек те , мейлі өз елімізде әркез тәуелсіздігімізге тәу етіп, арманда кеткен бабалар рухына бас иіп, ардан аттамай, қазақ елінің абыройын арттырар келелі қадамдар жасап, елдігімізді, ерлігімізді еңбек майданында көрсете білуіміз керек. Қабылданған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым, осал болуға да еш қақымыз жоқ!.. Мынау тұрлауы жоқ пәниден адам боп қалу ғанибет!.. Ойымды Ғабиден Мұстафиннің сөзімен айшықтасам: «Теңіздей терең халық ішінде алмастай ойлар жатыр» немесе «Осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді» пікірлері менің бүгінгі жұмысыма негіз боп тұрғандай. Өсіп келем, өсіп келем ержетіп, Уақыт шіркін зымырайды тез өтіп. Ұстаздарым қадап берген көкейге, адамдықтың ар-қазығын ту етіп,- мен бар жерде, менің жүрегім лүпілдеп тұрған сәтте менің ұстанымым өзгеруі еш мүмкін емес, - деп ойымды түйіндеймін.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 20 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Эсселер жинағы, эссе сочинение про Менин устанымым на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Менің ұстанымым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Менің ұстанымым, эссе сочинение про Менин устанымым на казахском языке скачать бесплатно шығарма Менің ұстанымым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Менің ұстанымым, Эссе: Менің ұстанымым эссе на казахском языке казакша эссе жазу Қазақша Эсселер жинағы