» » » Эссе: Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау

Эссе: Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау

Эссе: Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау казакша Эссе: Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау на казахском языке
Сатбай Альбина

Жастар жылы - болашақтың оты жалындауға себеп болған жыл.ҚР әрбір азаматы бұл жылды естен шығармайды.Себебі елдің ел болуына септігін тигізген Н.Ә.Назарбаев мұндай үлкен реформа жасау арқылы елдегі барлық айбынды жастардың рухын жігерлетіп,қолдау көрсете білді.

Жастардың бойында талант пен талап үлкен еді.Тәуелсіздіктің туын биікке тігіп берген ата-бабаның еңбегінен кейін, кезек жастарда.Болашаққа үлкен сеніммен қараған кешегі айбындылардың үмітін ақтау міндет.Алайда,еш дүниеге адам өз бетінше,еш қолдаусыз жетуі мүмкін емес."Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген қазағымның асыл сөзін ұстанған тұңғыш президент елдің болашағын жасаушыларға "Серпін" бағдарламасы бойынша гранттар бөліп,көптеген ұйымдармен бірлесе отырып,жастарға жұмыс ұсыну мақсатында "Жас кәсіпкер" бағдарламасын жүзеге асырды.Оған қоса жастарды баспаналы етуді де ұмытпаған екен.Мұның бәрі білімді,талапты жастардың ел болашағында-үлкен орынға ие бола алуы үшін жасалды.

Жастарды қолдап,біліктіліктерін арттырған -бұл қоғам үшін жеңіс.Алайда,өскелең ұрпақ,қазіргі жастар бойынан ұлтшылдықты байқауымыз керек. Осы тұста Н.Ә.Назарбаев:"жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет. Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің,мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор.Ата-бабамыздан қалған салтымыз бар:кішілер үлкенді сыйлайды,ерлер әйелді сыйлайды.Батысқа еліктейміз демократ боламыз деп бәрін ұмытып кетуге болмайды"деген екен.Сол себептен тәрбиенің қайнар көзін отбасынан алатын біздер,дұрыс жолды таңдау барысында ата-ананың рөлі үлкен болады.Елбасының айтқан салт-дәстүрі мен ұстанымын ұмытпауымыз керек.Бұл даму үшін де,елдің саналы болуына да,этносты көркейтуге өз септігін тигізеді.

Мұндай реформалар мен бағдарламаларды не себептен жасап жатыр?Бұл дүние бізге өз септігін тигізе ме?Менің ойымша,бұл бағдарламалар болашақтың іргетасын қалауға,елді көркейтуге,білімді жастар санын арттыруға,жастардың бойына рухани азық беруге,салт-дәстүрден ауытқымауға өзінің орасан зор үлесін қосты.Осы тұста айтқым келетіні:жас бала әрқашан білімін арттыру түсуі керек.Жан-жағындағыларға яғни қоршаған ортаға үлгі бола білуі керек.Себебі болашақта жоғары білім иелеріне әрқашан қолдау болып,сұранысқа ие болатындай дәрежеге жетеді.Ал білімі төмен кісілер бәсекеге қабілетті бола алмай қалуы мүмкін.Бұл жаңа технологиялардың құдіреттілігі.Осындай қабілетке ие дүниелерді жасап шығарушылардың деңгейі өте жоғары болады.Бұл туралы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен өткен конференцияда жастар өздерінің жұмыстарын назарға ұсынып,осы дүниелердің болатыны туралы хабарланды.Ал жастар елбасынан алғыс естіп,елдің оң көзқарасына ие болды.

Болашақ жастардың қолында.Кешегі Мағжан сенген арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты жастар болуымыз үшін еңбектенейік.Елбасы мен ел сенімін ақтап шыға алуымыз қажет.Қолдау мен берілген моральдық әрі материалдық көмектердің арқасында ертең еліміз дамыған мемлекеттер қатарына кіріп,туымыз биікте шоғырланған ел боламыз.Ал жастардың қолында сол істі жасау үшін берілген,болашақтың кілті бар.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 29 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Эсселер жинағы, эссе сочинение про Жастар жылына орай-жастарга колдау корсету-болашактын иргетасын калау на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау, эссе сочинение про Жастар жылына орай-жастарга колдау корсету-болашактын иргетасын калау на казахском языке скачать бесплатно шығарма Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау туралы эссе шыгарма казакша сочинение на каза, Эссе: Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау эссе на казахском языке казакша эссе жазу Қазақша Эсселер жинағы