Қыз - қазына

 Қыз - қазына

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз,
Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз
М.Әуезов

Біздің қазекеңдер қыз баласын қонақ ретінде сыйлап, төріне шыығарып, бетіне келмей,нәзік гүл екендігін сезіндіре білген.Тал бесігінен жат жұрттық екендігін түсіндіріп, бойына асыл текті қасиеттерді «қызым саған айтам, келінім сен тыңда» қағидасына салып тәрбиелеп отырған. Тек ділімізде ғана емес, дінімізде қыз баласының наласы мен ризық- несібесінің мол болатындығы, жақсы қыз әкесі мен ағасын бірдей жұмаққа кіргізетіндегі, риза кейпі сол үйдің байлығы мен берекесін ұйытатыны хақ дүние.

Ең алдымен «қыз баласы» деген ұғымға тоқталып өткенім дұрыс шығар. Мен үшін қыз- болашақ ана, аяулы жар, үлгілі келін. Қыз баланың тәрбиесі тек өзінің ғана болмысын көрсетпейді. Дүйім жұрттың, бір қауым елдің, қырық үй қарайласқан аялы алақан мен үлгілі өнегінің бейнесі. Бойға сіңген қасиет арқылы сыйы артып, сыбағасын алады. Бір қызды тәрбиелеу- бір ұлтты тәрбиелеу. Қазақта «әйел -ана», «әйел- жар» деген керемет тіркестер қалыптасқан. Расында, әйел мен ана, қыз бен келін т.б атаулардың қандай айырмашылығы бар?

Қыз баласы - қымбат. Қазына іспеттес. Інжуді қорғайтын сыртқы қабы сияқты, бөтен көзден жауһарымызбен гауһарымызды алысырақ ұстайтын қорғанышы болғаны абзал. Ал, ана болу- ортақ. Ана деген мұғалім, ұстаз, үйретуші һәм мейір төгуші, тәрбиелеуші. Ананың тәрбиесі мен мейірімі бәріне ортақ болуы тиіс. Өз баласына деген жүрегінен жарып шыққан сезімінің дәмін барша адам баласы сезінуі әсте дұрысырақ. Қыз деген ақылды, білімді, тәрбиелі, тәкаппар. Өзіне тән тәкаппарлығы бар, көрінгенге көзі түспейтін, етегіне ілмейтін болуы шарт. Білімі терең, ақылы телегейдей, тәрбиесі толымды. Бойына толған тәрбиені айналасына беруге даяр болғаны абзал. Екі- үш баланың мамасы емес, дүйім жұрттың анасы болу әр қызға арналған міндет. Бір қазан сүтті ұйытатын бір қасық айран сияқты, үлкен бір әулеттің дәулеті мен сәулетін қоса түзеп, несібесін көбейтіп, тамырын тереңге жайғызып, айрандай ұйытатын қыз баласы. Ел болу үшін бесікті түзейтін, бір қолымен әлемді, бір қолымен бауырындағы баласын тербететін-әйел адамы. Нәзік жандар. Нәзік гүлдер.

Қорыта келгенде, қыз деген арман болуы тиіс, қолжетімді зат емес. Әйел деген төмен болуы тиіс, заңғар таудай биік емес. Ана деген мейірімді болуы тиіс, аязда қатқан мұздай емес. Қыз деген ақылды болуы тиіс, көрсеқызар сауысқандай емес. Әйел деген адал болуы тиіс, көрінгеннің жетегінде кетер ұрғашы иттей емес. Ана деген елдікі болуы тиіс, өз тұқымын ғана басатын тауықтай емес.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!