» » » Эссе: Жемқорлықпен күрес

Эссе: Жемқорлықпен күрес

Эссе: Жемқорлықпен күрес казакша Эссе: Жемқорлықпен күрес на казахском языке
Жемқорлық қазақтың жалпақ жерін жайпап келеді. «Жемқорлықпен күресеміз» дегендердің өзі жемқорлар қатарынан екені баршамызға мәлім. XXI ғасырда ақшаның мерейі барынша үстем болып отыр. Бір жапырақ қағазға адамдар неге мұнша құнықты екен? Ақша күрмеуі мол көп мәселені шешуге қауқарлы.

Жоғары лауазымды тұлғалар ақшаны оңды-солды шашып, мемлекетке сатқындық жасап отыр. Тамырын тереңге жіберген жемқорлықты түбірімен жою оңай болмай тұр. Тәрбие отбасынан басталады. Ата-анасының өз шаруасын пара беру арқылы шешіп отырғанын көріп өскен бала, ата-анасынан көргенін дұрыс деп түсініп, оны қалыпты жағдай деп қабылдауға үйренеді. Есейгенде ол бала қай жолды таңдауы мүмкін? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің қамын ойлайтын азамат бола ма? «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қайсар халықтың ұрпағы бүгінгі таңда әділдіктің не екенін ұмыта бастады-ау, шамасы. Қатаң шара қолданып, анық қолға алатын болсақ, жемқорлықты жоюға болады. Жемқорлыққа қатысы бар адамдарды мемлекеттік қызметтен алып, жаза қолдансақ, бұл басқаларға сабақ болады. Өзгенің шалыс басқанын көрген халық парақорлықтан бойын аулақ ұстайды. Көптеген мекемелерде жемқорлыққа қарсы шаралар өтсе, ол да септігін тигізер еді. Мемлекеттік мекемеде әділетті шешім шығаратын адал, жанашыр азаматтар болса, еліміздегі жемқорлық түбірімен жойылады. Әрине, бұның бәрі оңай шаруа емес. Ол үшін сылтау емес, әрекет керек.

Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ. Сымсыз ұялы телефон, тұтқасыз есіктің боларын біздің аталарымыз білді ме? Бұл да бір кезеңдері мүмкін еместердің қатарында болған. Сол секілді жемқорлықпен де күресуге болады. Қашанғы үкімет басындағылардың миллион емес, миллиардтарды жеп отырғанына шыдап отырмақпыз? Өткен жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер министрлігі 36 миллиардты жоқ етті. Бұл бір мысал ғана, мұнан өзге қанша ақшаның жоқ болып жатқанынан бейхабармыз. Маң-маң басқан министрлеріміге ертеңімізді сеніп тапсырып, алаңсыз отыра берсек, болашағымыздың мәз болмасы анық. Сол себепті кеш болмай тұрып, ертерек істі қолға алу керек.

Өмірде жүйесі кеткен талай нәрсені жөнге салуға болады. Жемқорлықты да толықтай жоюға болады. Ең бастысы, ниет, сосын, әрекет керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл дерттен де арылуға болады. Қазақтың кең пейіл даласын жайлап, көк аспанын қара бұлттай торлаған «жемқорлық» атты дерттің қазақ жастары шипасын тауып, оны емдеп жазарына сенемін!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 269 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Эссе: Тәрбие тал бесіктен
Эссе: Тәрбие тал бесіктен
Шығарма: Мен елімнің патриотымын
Шығарма: Мен елімнің патриотымын
Шығарма: Жемқорлық жойылсын!
Шығарма: Жемқорлық жойылсын!
Реферат: Экономика | Бизнес түрлерін жіктеу
Реферат: Экономика | Бизнес түрлерін жіктеу
Шығарма: Ұлылардың ұрпағы болғым келеді.
Шығарма: Ұлылардың ұрпағы болғым келеді.
Шығарма: Қазақстан – ұлы отаным
Шығарма: Қазақстан – ұлы отаным
Шығарма: Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Шығарма: Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Шығарма: Кітап - білім бұлағы
Шығарма: Кітап - білім бұлағы
Баяндама: Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Баяндама: Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
Шығарма: Қазіргі замандағы сыбайлас жемқорлықтың орны
Шығарма: Қазіргі замандағы сыбайлас жемқорлықтың орны
Шығарма: "Жемқорлыққа жол жоқ" дей ма?!
Шығарма: "Жемқорлыққа жол жоқ" дей ма?!
Президенттің інісін "жемқор" деп түрмеге жаптырған прокурор әйел кім? (фото)
Президенттің інісін "жемқор" деп түрмеге жаптырған прокурор әйел кім? (фото)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Әбіш Кекілбаевқа арнау)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Әбіш Кекілбаевқа арнау)
Ата - анаға кеңес
Ата - анаға кеңес
Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Газеттің досы - тілшілер)
Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Газеттің досы - тілшілер)
Мемлекеттік органдардағы жемқорлық әрекеттерінің куәсі болғанда не істеу керек?
Мемлекеттік органдардағы жемқорлық әрекеттерінің куәсі болғанда не істеу керек?

KZ / Эсселер жинағы, эссе сочинение про Жемкорлыкпен курес на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Жемқорлықпен күрес туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Жемқорлықпен күрес, эссе сочинение про Жемкорлыкпен курес на казахском языке скачать бесплатно шығарма Жемқорлықпен күрес туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Жемқорлықпен күрес, Эссе: Жемқорлықпен күрес эссе на казахском языке казакша эссе жазу Қазақша Эсселер жинағы