» » » Эссе: Кітап – менің ақылшы досым

Эссе: Кітап – менің ақылшы досым

Эссе: Кітап – менің ақылшы досым казакша Эссе: Кітап – менің ақылшы досым на казахском языке
Менің бала көңілімдегі ойлар тізбегі алдымен «Менің атым Қожадағыдай» көз алдымнан өтетіндей. Себебі, бала кезімізден Қожа туралы кино көріп өстік. Кейіннен кітабын қызығып оқыдық. Ауылда Қожа мен Жанарға, Жантасқа ұқсайтын балалармен дос болдық. Кітабындағы әр кейіпкер жанымызға жақын болды. Мектеп директоры мен Майқанова апай ше? Шыр-шыр етіп, балаларға білім береді, жақсы, тәрбиелі болуға шақырады. Міне, осы кітап арқылы біз өзіміздің жақсы-жаман жақтарымызды біліп, ой қорытамыз.

Иә, кітап – менің ақылшы досым. Кітап – әрі, бар білім-ғылымның қайнар көзі. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың дамуына қарамастан, кітаптың алатын орны мен үшін өзгермейді. Ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренесің.

«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған шығар. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық. Өмірге келген жас бала, негізінен тәрбиені үш ортадан көріп, біліп алады. Ол – отбасы, жүрген ортасы және білімі. Мен өзім осы үш ортадан тәлім алып, ақыл түйемін. Егер бала үнемі кітап оқыса ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұғады, неден үйреніп, неден жирену қажеттігін түсінеді деп ойлаймын.

Халқымызда «Кітап – рухани азық», - деген сөз бар. Кітап біздің балаң санамызға зор білім құя отырып, біздің ақыл-ойымызды тәрбиелейді. Мен үшін, кітап - адамгершіліктің қайнар көзі. Себебі, жақсы-жаман, ақ-қара, қуаныш-мұң деген дүниелерді терең сезіне отырып, кітаптағы кейіпкерлерден көп нәрсе үйренемін. Олармен бірге қуанамын, жылаймын, олардың жақсы іс-әрекетіне сүйсініп отырамын.

Анам да үнемі маған «Кітап – сенің досың, өмірлік үлкен тәрбиешің, үйретуші ұстазың» деп айтып отырады. Сондықтан біздің кітаптан үйренеріміз өте көп, кітапты оқу арқылы әлемнің әр түкпіріне саяхат жасап, өмірді танып, қаншама кейіпкерлер арқылы адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата аласың.

Біздің үйімізде үлкен кітапхана бар. Онда қасиетті «Құран» кітабынан бастап, қазақтың бас ақыны Абайдың кітабы, қарасөздері бар. Одан бөлек өзім туған мекен туралы «Жетісу», «Жерұйық мекен – Жетісу» энциклопедиясы, тарихи «Көшпенділер» трилогиясы, балаларға арналған түрлі әртегілер, танымдық энциклопедиялар, ұлы ақындар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаевтардың поэзиялық шығармалары бар. Мен былтыр жазушы Оралхан Бөкейдің әңгімелері мен Мұқағалидің өлеңдерін оқып шықтым. Көп нәрсені ойыма түйдім. «Жетім ботадағы» ботаға жүрегім ауырды.

Кітап – менің алтын қазынам. Кітаптың өзі ескіргенмен, сөзі ескірмейді. Сондықтан кітапты қастерлеу керек деп білемін.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 67 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Эсселер жинағы, эссе сочинение про Китап – менин акылшы досым на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Кітап – менің ақылшы досым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Кітап – менің ақылшы досым, эссе сочинение про Китап – менин акылшы досым на казахском языке скачать бесплатно шығарма Кітап – менің ақылшы досым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Кітап – менің ақылшы досым, Эссе: Кітап – менің ақылшы досым эссе на казахском языке казакша эссе жазу Қазақша Эсселер жинағы