Қазақша эссе: Әлеуметтік желі – дұрыс не бұрыс?

Қазақша эссе: Әлеуметтік желі – дұрыс не бұрыс? казакша Қазақша эссе: Әлеуметтік желі – дұрыс не бұрыс? на казахском языке

Қазіргі уақытта күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін әлеуметтік желілер алып кетті. Әр жыл сайын әлеуметтік желілер саны көбейіп келе жатыр: Instagram, Вконтакте, Facebook, YouTube, Однокласники және т.б. Осылар ішінен, әсіресе, Instagram желісіне енді әріп үйренген баладан еңкейген қарттарымызға дейін кіреді екен. Ал желімен бірге таңын атырып, күнін батыратындар оқушылар мен студенттер екен.
Әлеуметтік желіге көп адамдар танымал тұлғаларды, соңғы жаңалықтарды, қызықты, кейде масқара видеолар мен суреттерді көру үшін кіреді. Бұл неге алып келеді? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. Танымал болу мақсатында кейбір жастар мен ересектер «атын шықпаса, жер өрте» деп небір ессіз қылықтарға барады. Мысалы, әйел кейпіндегі еркектер, өмірге қауіпті жаттығулар, ашық-шашық киіну, ақылға қонымсыз флешмобтар және т.с.с. Екіншіден, парақшаларда жас ерекшелігі көрсетілмегендіктен, кейбір видеолар мен суреттер жас баланың психикасына кері әсерін тигізеді, мысалы, біреуді топпен бірге ұрып-теуіп төбелеп жатқан видеолар немесе жартылай жалаңаш киінген қыздар суреттері, жануарларды қинап, мазақ етіп түсірген видеолар жастарды қатыгездікке баулиды. Үшіншіден, азаннан кешке дейін ұялы телефонға телміріп отыра бергендіктен, көз қызметінің бұзылуына алып келеді және оқуға, жұмысқа арналған уақытты босқа кетіреді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіні дұрыс мақсатта қолданып жүргендер де аз емес. Әлеуметтік желі көмегімен біреу өз бизнесін жүргізіп жатса, біреу қайырымдылық жұмыстарын өткізіп жатыр, енді біреуі өзінің оқып, көріп, білген-түйгенін жұртпен бөлісіп жатыр.
Енді әлеуметтік желіге кірер алдында сіз қандай мақсатпен кіріп жатқаныңызды ойланыңыз! Уақытыңызды виртуалды өмірге арнамай, достарыңызға, туыстарыңызға, көптен бері сөйлесе алмай жүрген жақындарыңызға арнаңыз.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Эсселер жинағы, әлеуметтік желі, инстаграм, вконтакте, зиян, социальная сеть, Instagram, Facebook, әлеуметтік желі зияны, пайдасы, Вконтакте, YouTube, Однокласники, әлеуметтік желі туралы шыгарма эссе, инстаграм туралы шыгарма эссе, вконтакте туралы шыгарма эссе, зиян туралы шыгарма эссе, социальная сеть туралы шыгарма эссе, Instagram туралы шыгарма эссе, Facebook туралы шыгарма эссе, әлеуметтік желі зияны туралы шыгарма эссе, пайдасы туралы шыгарма эссе, Вконтакте туралы шыгарма эссе, YouTube туралы шыгарма эссе, әлеуметтік желі туралы шығарма эссе, инстаграм туралы шығарма эссе, вконтакте туралы шығарма эссе, зиян туралы шығарма эссе, социальная сеть туралы шығарма эссе, Instagram туралы шығарма эссе, Facebook туралы шығарма эссе, әлеуметтік желі зияны туралы шығарма эссе, пайдасы туралы шығарма эссе, Вконтакте туралы шығарма эссе, YouTube туралы шығарма эссе, алеуметтик жели туралы шыгарма эссе, әлеуметтік желілер туралы шығарма, әлеуметтік желі, социальная сеть, алеуметтик жели туралы шыгарма эссе, социальная сеть туралы шыгарма эссе, әлеуметтік желі зияны туралы шыгарма эссе, әлеуметтік желі зияны туралы шығарма эссе, әлеуметтік желілер туралы шығарма, Қазақша эссе: Әлеуметтік желі – дұрыс не бұрыс?, Қазақша эссе: Әлеуметтік желі – дұрыс не бұрыс? эссе на казахском языке казакша эссе жазу Қазақша Эсселер жинағы

  • Анализ сайта www.zharar.com