DataLife Engine / Алты жасар Алпамыс

Алты жасар Алпамыс

Ілгергі бір замандарда Жүзбай деген бір бай болыпты. Оның Алпамыс деген бір ұлы бар еді. Бір күндерде Жүзбайға телі жылқысына жау шабады. Жүзбай тұрып сонда баласына ақыл салып:

- Ау, балам, мен болсам қартайдым, сен жылкыны куып барып, жаудан кек алуға шамаң бар ма? - дейді. Сонда алты жасар Алпамыс бала да болса батыр болған соң, жылқысын шауып кеткеніне шамданып, өзінің Байшұбарын ұстап мініп, Байшұбарды қамшымен ұрып, ешкіммен сөйлеспей, жылқы соңынан жөней берді.

Алпамыстың аттанғанын калмақтың ханы түсінде көріп, ел-жұртын жиып алып, көрген түсін халқына баян қылды:
Мен бір бүгін түс көрдім,
Көп қиындық іс көрдім.
Заманым қағынды,
Қағындыдай не қылды?
Қауса бұқыра бура боп,
Қарсы қарап шабынды.
Тұлымдымды тұл қылып,
Айдарлымды құл қылып,
Солқылдаған мырзамды
Табанға салып жүн қылды,
Қамшымен ұрып жон қылды, -
деп жұрт ақсақалдарына айтады. Сонда тұрып ақсақалдар патшаның түсін былай жориды:
- Жүзбайдың баласы алты жасар Алпамыс келіп, осы жұртты алар, - дейді.
Патша: «Сол Алпамыс осында келмей тұрып, Алпамысты қолға түсіріп алып келуші талапкер бар ма?» - деп халқьша жар салады. Сонда бір кемпір патшаға келіп:
- Маған бір отау тігіп, қырық қыз жиып бер. Алпамысты қолға түсірейік, - дейді.
Патша мұнысын мақұл көріп, айтқанының бәрін дайын кылады.

Кемпір қырық қыздың қолына қырық кесе арақ-шарап беріп, кырық отауға алып барып отырғызады. Кемпір Алпамыстың келетін жолын барып тосады. Сол уақытта Алпамыс кележатыр еді. Алпамыстның аты кемпірді біліп, жүрмей тұрып алады. Алпамыстың ашуы келіп Байшұбарды ұра бастайды. Байшұбар жүрмей тізерлеп жата қалды.

Қасына кемпір келіп:
- Әй, балам, атың жүрмесе, шаршаған шығар, сенің жолыңа қарап, қырық қыз күні-түні күтуде. Тезірек бар, - дейді.
Алпамыс «қыз» деген сөзді естіген соң, атын басына бір теуіп, тастап жүре береді. Келіп отауға кірсе, қырық қыз отыр екен. Қолдарында бір-бір кесе арақ- шарап бар. Қыздар әрқайсысы кезек-кезек назданып Алпамысқа арақ-шарап беріп, әбден мас қылады. Алпамыс мас болып жығылады. Қырық қыз көтеріп барып зынданға салады. Атын патшаға апарып береді. Алпамыс зынданда бірнеше күн жата береді. Бір күні Алпамыстың төбесінен бір топ қаз ұшып бара жатыр екен. Қаздарды Алпамыс шақырып еді, олар қасына ұшып келді.

Сол уақытта қаздар:
- Кімсің, неғып жатқан адамсың? - деп сұрайды. Алпамыс:
- Мен Алпамыспын, - дейді.
Қаздар:
- Алпамыс болсаң, жатқаныңнан тұрма! - деп кете барады. Ең соңында бір байғүс қаз кетіп бара жатыр екен, соны шақырады, қаз келіп:
- Не дейсің? - дейді. Қараса, қаздың бір көзі соқыр екен.
- Ай, қаз, көзіңе не болған? - дейді. Қаз:
- Жас кезімде анамды бір мерген атып алыпты. Жетім сорлы көп қазға келсем, ештеңе жегізбей, мені жетімсініп көзімді шұқып шығарды, - дейді. «Аузы күйген үріп ішер» дегендей көп қаздан қалыс, жеке ұшамын. Жалғыз көзден айрылып өлейін бе? - депті.
Сонда Алпамыс:
- Сенің қанатыңның астына хат жазайын. Сен Қоғалы барып қон! Менің қарындасым Қарлығаш сонда құс салып жүрген шығар, кұсы сені ілер. Қанатыңдағы хатты көріп, сені өлтірмес, - дейді. - Егерде ауылддардың төбесінен өте қалсаң, дауысыңды шығарма, - дейді.

Қаз осы Алпамыстың айтқан сөзімен ұшып кете беред. Ұшып бара жатып баяғы Алпамыстың насихаттап айтқаны есінен шығыпп кетіп, бір ауылдың төбесінен өтіп бара жатып «қаңқ» етеді. Ол ауылдағы бір ауырған адамға қаздың еті керек деп тәуіп айтқан екен. Қазды қай жанқтан табамыз деп отырған соң, үйдің иесі әлгі қазды атып алды. Бауыздайын деп жатқанда, қанатының астындағы хатты оқып көріп, жаралы қазды қооя береді.
Қаз ұшып Қоғалы көлге келіп қонады. Алпамыстың баласы басқа бір баланың қаздың қанатымен ойнап жүргенін көріп: - Маған да қанат тауып бер, - дейді тәтесі Қарлығашқа.

Қарлығаш баланың тілін алып, Қоғалы көлге барып, баяғы жалғыз қазды ілдіреді. Ұсталған қаз тулағанда қанатындағы хат ұшып ітүседі. Қарлығаш ағасының сәлемін оқығасын, қолындағы сұңқарды құсқа салмай, көзінің жасы ат жалын жуып, елге қайтады.
Қарлығаш үйіне бармай, жылаған бойымен Қарабай деген бір досым бар еді, соған хабарлайын деп келе жатады. Келе жатқан Қарлығашты көріп, Қарабай отын астына жасырынып калады. «Маған бір жұмыспен келе жатыр ғой», деп ойлайды.

Қарлығаш келе:
- Қарабай кайда? Алпамыстан хат келді, - деп дауыстайды. Қарабай отын астынан шығып, Қарлығаштың колындағы хатты окып, жылап: «Мен іздеп барамын», - деп дереу он түйеге азық арттырып, қырық құлаш жібек арқан алып, бірнеше күн жол жүріп, Алпамыс жатқан зынданның басына келеді. «Алпамыс, қайдасың?» - деп шақырып еді, ешбір дыбыс бермеді. Қарабай досы: «Егер тірі болса дыбыс берер еді-ау, өлген шығар», - деп зар жылап отырып алады. Көзінің жасы зынданда ұйықтап жатқан Алпамыстың бетіне тамады. «Бұл немене?» - деп шошып оянады. Көзін ашып қараса, досы Қарабай зынданның басына келіп, көзінің жасын көл қылып, сақалын су қылып жылап отыр. Алпамыс досын танып:
- Аман-есенсің бе? - деп хал сұрайды. Қарабай досына тамақ беріп қуаттандырып, қырық құлаш жібек арқанды салып, арқаннан ұстатып, зынданның жарым ортасына келгенде, Алпамысқа: «Бұл Қарабай досым кемпірдің асы, келіннің тойында әзіл сөз қылып, құдықта өлейін деп жатқанынан тірілтіп алмадым ба деп бетіме салық қылар» деген ой келіп: «Өлсем өз жайыма өлейін», - деп жібек арканды қос кездікпен кесіп жібереді де, зындан түбіне түседі. Қарабай арқаны үзіліп досын шығаруға лажы болмай зарлап, жылап зындан басында жын ұрған адамдай құлап түседі. Бір уақытта есі келіп, еліне қайтады.

Қалмақ ханының қой жайып жүрген бір қойшысы бар еді. Бағып жүрген қойларының ішінде хан қызының бір қоңырау тағып қойған серкесі бар екен. Сол серке Алпамыс жаткан зынданның қасында секіріп жүріп, абайсызда Алпамыс жатқан зынданға түсіп кетеді. Алпамыс ұстап жібермейді. Қойшының ашуы келіп:
- Серкені шығар, егер шығармасаң, қазандай қара таспен ұрып өлтіремін, - дейді. Алпамыс:
- Ұрсаң - ұр, бірақ бермеймін, - дейді. Қойшы таспен ұра бастайды. Алпамыс ұрған тасын қайтадан өзіне лақтырып жібере береді.
Ақыры қойшы жалынады:
- Егер серкені бермесең, мені патшаның қызы өлтіреді, бере көр, - деп тұрып алады. Сонда Алпамыс: - Күніне бір қойдан беріп тұрасың ба, серкенді жіберейін, - дейді.
Қойшы мақұл деп күніне бір койдан бермекші болады. Қойшы осы уәдесімен күнде бір қойды Алпамысқа бере-бере, ақыры қойдың бәрін тауысады. Баяғы патшаның қызының серкесін де Алпамысқа береді.
Сонда тұрып қойшы:
- Мен енді қайтемін, өлетұғын болдым, - дейді.
- Қайғы жеме, қойшы, - деп бір сыбызғыны қойшыға беріп, осы сыбызғыны кешке таман бір шалғын ішінде тарт, даусын патшаның қызы естіп келер. Сонда мұны кім істеді десе, табаныңды тіліп тұз құйса да айтпа, - дейді. Егер қоймай жалынса - айтарсың, баяғы зындандаіғы адам жасады дерсің, - дейді.

Қойшы Алпамыстың айтқанындай сыбызғы тартады. Шұл сыбызғының даусымен ханның қызы келіп: «Мұны қайдан алдың?» - дейді. Қойшы айтпайды. Табанын тіліп тұз құяды. Онда да айтпайды. Ақыры қыз жалынады. Қойшы кім істегенін айтады. Қыз тұрып: «Соған мені алып бар», - дейді. Қойшы: «Менің аяғым жүруге жарамайды», - деп отырып алады. Әбден лажы құрыған қыз қойшыны мойнына мінгізіп, құдыққа әкеледі.
Құдыққа келген соң, Алпамыс пен қыз бір-біріне ғашық болады.
Қыз: - Саған мен тиемін, бірақ сені қалай шығаруға болады? - дейді.
Алпамыс: - Менің атым қайда? - дейді.
- Атың патшаның қолында.
- Ендеше, сен ол атты мінемін деп ал да, қоя бер, бір жаман диуананың киімін киіп алып, патшаның алдына бар. Сол уақытта ат мыша белбеуді көрсе, оқыранады. Сонсын патша сені танып оқыранды деп, сенен: сұрар, «бұл атты бағып бер, ақша беремін» дер. Сонда сен ақшаның керегі жсоқ, мен әшейін-ақ бағайын деп айтарсың, - дейді. Қыз Алпамыс айтқандай жаман киім киіп патшаның ашдына келеді. Ат оқыранып қоя береді. Қыз Алпамыстың айтқанының бәрін аййтады. Сонда патша өзінің қызы екенін байқамай: «Бақсаң бақ», - деп, атты қолына береді. Қыз атты шешіп қоя береді. Ат шауып отырып тікеден-тіке Алпамыс жатқан құдыққа келеді. Келіп көзінің жасын мөлт-мөлт еткізіп, құдықтың жанында тұрады.

Алпамыс атына қарап:
- Мені мына шұқырдан шығару үшін құйрығыңды шұқырға салбырат, - деп түсіндіріп, атының құйрығынан ұстап құдықтан шығаады да, кешке таман қыз, қойшы үшеуі қосылып, қалмаққа келіп тиіп, жау шапқандай қылып, патшаны орнында өлтіріп, барлық малдарын жинап алып, үшеуі айдап жүре береді. Он күндік жол жүріп еліне жетеді.
07.01.2016
Вернуться назад