DataLife Engine / Аңқау мен ұры

Аңқау мен ұры

Баяғыда бір аңқау есегіне мініп жолаушылап шығады. Келе жатып тауға шығарда есегін аяп жетектеп өтпекші болады. Мұны екі ұры көріп есекті ұрламақшы болады. Екі ұры аңқауға білдірмей келіп, біреуі есектің ноқтасын сыпырып жіберіп өзі киіп, аңқаудың артынан жүріп отырады. Екіншісі есекті алып кетеді, аңқау білмейді, өлең айтып жүре береді. Біраздан кейін әлгі ұры тартынып жүрмейді, аңқау артына қараса есектің орнына адамды көреді.

— Бұл қалай, сен қайдан келдің? – деп, таң қалады. Ұры:

— Сенің есегің болып жүрген мен кісі едім, бала кезімде тентек болдым, шешем есек бол деп қарғаған еді, мен есек болдым, мені сен базардан сатып алдың. Бүгін шешем жалбарынып құдайдан сұраса керек, қайта адам болдым, – дейді.

Аңқау сеніп ұрыны босатып жібереді.
21.10.2018
Вернуться назад