Саяхат.Ұшу аппараттары туралы не білемін _ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұшу аппараттары туралы не білемін?

Оқу мақсаттары

2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру

Сабақ мақсаттары

Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіру

Бағалау критерийлері

  • Аудио-бейнежаба мазмұны бойынша өз ойын білдіреді;
  • «Ұнайды/ұнамайды, пайдалы/пайдасыз болды, себебі...» тірек сөздерін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Ұнайды/ұнамайды, пайдалы/пайдасыз болды, себебі, т.б.

Құндылықтарды дарыту

  • сыйластық
  • еңбек пен шығармашылық
  • жауапкершілік,

жалпы азаматтық құндылықтар

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика, әдебиет

Алдыңғы меңгерілген білім

Ұшу аппараттарының атауларын жане олардың айырмашылығын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 мин

3 мин

2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді.

(Ұ) Саяхатқа шығу.

Мақсаты: Сабақтың тақырыбын анықтау, оқушы қиялын дамыту.

 Мұғалім оқушыларға Қазақстан жеріне саяхатқа шығатындарын айтады.

(Оқушылар көздерін жұмып, мұғалім бағыты бойынша көз алдарына оқиғаны елестетеді).

 Көкшетаудан Астана қаласына дейін автобуспен барады. Астанадан Ақтауға дейін поездпен барып, Каспий теңізінде кемемен саяхаттайды. Содан соң Астанаға қайта ұшақпен оралады. Астанадан Көкшетауға автобуспен келеді.

(Мұғалім әрбір көлікті атаған сайын, оқушылар сол көліктің дыбысын салады).

  • Балалар, біз қай жаққа саяхатқа шықтық?
  • Қандай көлік түрлерін қолдандық?
  • Көліктің қандай түрлері бар?
  • Саяхат үшін қандай көлік түрі тиімді деп ойлайсыздар?
  • Уақыт жағына ұтымды көлік түрі қандай?
  • Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін шығару.

слайд

Орта

10 мин

7 мин

10 мин

3 мин

ІІ. Жаңа сабақ.

(Ұ, Т) Проблемалық сұрақ

Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын дамыту, өткен білімді қайта жаңғырту.

Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, постер құрастыруын сұрайды.

1-топ: ұшу аппаратының түрлері

2-топ: ұшу аппараттарының адамға тигізер пайдасы

3-топ: Тік ұшақ пен ұшақтың айырмашылығы.

/Әрбір топ постер құрастырып, қорғайды. Топтар бірін-бірі «Басбармақ» арқылы бағалайды/.

(Ұ) Бейнежазба. «Ұшу аппараттары»

Мақсаты: Әлемдегі ерекше ұшу аппараттарымен, олардың шығу тарихымен танысу. Бейнежазба бойынша өз ойын білдіру.

Оқушылар бейнежазбаны тамашалайды, қажетті ақпаратты дәптерлеріне түртіп алып отырады.

(Т) Бейнежазба бойынша постер құрастыру.

Мақсаты: бейнежазба бойынша алған мәліметтерін ортаға сала отырып, ақпаратты толық меңгеруге мүмкіндік тудыры.

(Оқушылар тыңдалған мәліметті бір-бірімен бөліседі, постер құрастырады, «Галерея» әдісі бойынша постерлерін топтармен алмастырады. Әрбір топ өз ақпараттарымен толықтырады. Ақпаратпен толыққан постерді топ стикері мен топ мүшелері талқылайды).

(Ө, Қ) Кестемен жұмыс. Ой қорыту.

Мақсаты: бейнежазба мазмұны өз ойын (ұнады/ ұнамады, пайдалы/ пайдасыз болды, себебі...)білдіруге дағдылану.

Бұл бейнежазба мен үшін пайдалы/пайдасыз болды. Себебі, ........................

р/с

Ұшу аппаратының атауы

Не білдім?

Нені білгім келеді?

/Оқушылар кестені толтырады, жұбымен бөліседі. Бұл кезде екінші оқушы ақпаратты толықтыруына болады/.

Постерлер

Бейнежазба

Постерлер

Кесте

Соңы

3 мин

Рефлексиялық-бағалау кезеңі«Блоб ағашы» арқылы бағалау, кері байланыс жасау

Жетістік баспалдағы

 

Қосымша мәліметтер

Дифференциациялау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрделендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?

Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АҚТ-ны байланыстыру.

Сұрақ-жауап

Өлшемдер бойынша

Сыйластық

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)

Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер

енгіздім?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Қорытынды баға

Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)?

1:

2:

Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)?

1:

2:

Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу