Британ ертегісі: Жирен еттин

Британ ертегісі: Жирен еттин

Ертеде бір жесір әйел болыпты, ол бір байдың алақандай жерін жалдап тұрыпты. Әйелдің екі ұлы бар екен, бір күндері сол екі ұлды аяқтандырып, өз беттерімен тіршілік етуге аттандыратын уақыт жетіпті.
Әйел «жолыңа нан пісіріп берейін» деп, үлкен ұлын құдықтан бір шелек су әкелуге жұмсайды. «Көп су әкелсең ‒ үлкен нан, аз су әкелсең, кішкентай нан пісіріп берем және наннан басқа ештеңе бере алмаймын» дейді.
Жігіт су алып, үйіне келе жатқанда шелек тесіліп, судың көбі төгіліп қалады. Сондықтан оған пісірілген нан да кішкентай болады; сол кішкентай нанның өзін анасы «жартысын алсаң, оң батамды берем, тұтас алып кетсең, теріс батамды берем» дейді. Жігіт өзінің алысқа сапар шегетінін, жолда азық табудың қиындығын ойлап, нанды бүтіндей алып кететінін айтады. Шешесі баласына нанды бүтіндей береді, нанмен қоса теріс бата береді. Жігіт кетерде інісін шақырып алады да, пышағын көрсетіп:
‒ Күнде таңертең мына пышаққа қарап жүр, осы өткір күйінде жалтырап тұрса, аман-есен жүргенім, ал егер тот басып, қарайып кетсе, бір пәлеге ұшырағаным, ‒ дейді.
Сөйтіп жігіт жолға шығады. Бір күн жүреді, екі күн жүреді, үшінші күн дегенде бір отар қой бағып отырған шалға кезігеді. Жігіт шалдан қойлардың кімдікі екенін сұрайды. Шопан:
Баллиганда тұратын
Ирланд Жирен Еттиндікі.
Ол Шотландия королі
Малколм қызын ұрлады.
Байлап-матап, жанын қинап,
Тар қапасқа қамады.
Күнде күміс таяқпенен
Дүре соғып отырад.
Римдік Юлий Басқыншыдай
Ешкімнен де қорықпайд.
«Ажалы оның бір жігіттен
Болады» жұрт деседі.
Өкініштісі, бірақ әлі ол
Дүниеге келген жоқ, ‒ деп жігітке жолда оған бұрын-соңды көрмеген ғажайып мақұлықтар кездесетінін ескертеді.
Жігіт сапарын жалғастыра береді. Келе жатса, жолында екі басты, төрт мүйізді мақұлықтар қаптап кетеді. Жігіт зәресі ұшып, аяғы жерге тимей қаша жөнеледі. Жолда бір қырдың үстінде тұрған тас сарайды көргенде қуанып кетеді. Сарайдың есігі айқара ашық екен, жігіт сонда зып кіреді. Кірсе ‒ пештің түбінде бір кемпір отыр. Әбден зорыққан жігіт кемпірден сол жерге түнеп шығуға рұқсат сұрайды. Кемпір қарсы еместігін, алайда сарай Жирен Еттин деген үш басты құбыжықтыңкі екенін, оның қолына түскен адам баласының аман қалмайтынын ескертеді. Жігіт кетейін десе, бағана Сарай сыртында кездескен екі басты, төрт мүйізді мақұлықтардан қорқып:
‒ Мені бір жерге жасырып қойыңызшы, мен туралы Еттинге ештеңе айтпаңызшы, ‒ деп жалынады. «Осында аман-есен түнеп шықсам, таңертең жексұрын мақұлықтармен кездеспес едім. Сөйтіп бәрінен құтылып кетер едім» деп ойлайды.
Алайда Еттин:
Бұғады да, тығады.
Адамның иісі шығады.
Өлі ме, тірі ме? Тілегім ‒
Суырып жеу жүрегін,
‒ деп гүрілдей кіріп келеді де, жігітті жасырынып жатқан жерінен бірден тауып алады.
‒ Үш сұрағым бар, соларға жауап бере алсаң, босатам, ‒ дейді Еттиннің бірінші басы қақшиып:
‒ Не басталған, не аяқталған жері жоқ, ол не?
Жігіт жауап бере алмайды. Сонда екінші басы кекшиіп: ‒ Кішірейген сайын қауіптілігі арта түсетін не нәрсе? ‒ дейді.
Жігіт жауап бере алмайды. Үшінші бас тікірейіп:
‒ Өлі тіріні көтеріп келеді, ол қалай, шешуін айтшы, ‒ дейді. Жігіт жауап бере алмайды.
Үш сұрақтың біреуіне де жауап ала алмаған Жирен Еттин жігіттің басынан тоқпақпен қойып қалады. Жігіт лезде тас бағанаға айналып кетеді.
Осы оқиға болған күннің ертесіне жесір әйелдің кіші ұлы ағасының пышағын алып қараса, пышақтың жүзі тот басып, қоңырайып кетіпті. Ағасының бір пәлеге ұрынғанын сезіп, шешесінен жол жүруге рұқсат сұрайды. Шешесі жолыңа нан пісіріп берейін, бір шелек су әкел дейді. Бала шелегін толтырып қайтып келе жатса, үстінен бір қарға «суың төгілді, суың төгілді» деп ұшып өтеді. Қараса, шынында да шелектің тесіктерінен су тамшылап барады екен. Бұл кейіпкеріміз ақылды бозбала еді, лезде жерден балшық алып, тесіктердің бәрін бітеп тастайды. Сөйтіп үйіне үлкен нан пісіруге жетерлік әжептәуір көп су әкеледі. Анасы нан пісіріп болған соң «оң батамен жартысын ғана аласың ба, теріс батамен түгелдей аласың ба» дегенде, ұлы оң бата алуды маңыздырақ санайды.
Сөйтіп кенже бала да жолға шығады. Көп жүріп, аз тұрып, шаршап-шалдығып келе жатқанда бір кемпірге жолығады. Кемпір бозбаладан бір үзім нан сұрайды. Бала еш қиналмастан қалтасындағы жалғыз нанымен бөліседі. Баланың кең пейіліне риза болған кемпір оған сиқырлы таяғын сыйлап, алда талай сын күтіп тұрғанын, осы таяқты дұрыс қолдана білсе, бәрін табысты жеңіп шығатынын айтып, лезде ауаға сіңіп ғайып болады. Сөйтсе, бұл кемпір кейпіне енген перізат екен.
Кенже ұл бір күн жүреді, екі күн жүреді үшінші күн дегенде бір отар қой бағып отырған шалға кезігеді. Бала шалдан қойлардың кімдікі екенін сұрайды. Шопан:
Баллиганда өмір сүрген
Ирланд Жирен Еттиндікі.
Ол Шотландия королі
Малколм қызын ұрлады.
Байлап-матап, жанын қинап,
Тар қапасқа қамады.
Күнде күміс таяқпенен
Дүре соғып отырад.
Римдік Юлий Басқыншыдай
Ешкімнен де қорықпайд.
«Ажалы оның бір жігіттен
болады» жұрт деседі.
Өкініштісі, бірақ әлі ол
Дүниеге келген жоқ, ‒ деп жігітке жолда оған бұрын-соңды көрмеген ғажайып мақұлықтар кездесетінін ескертеді.
Бозбала құбыжықтары құжынаған жерге келгенде тоқтап та қалмай, жүгіріп те өтпей олардың арасымен батыл жүре береді. Құбыжықтың біреуі арандай аузын ашып ырылдап кеп бозбалаға тап берейін деп еді, бала сиқырлы таяқшасын сермеп қалғанда, құбыжық лезде жалп құлап, тырп ете алмай қалады. Құбыжықты жерден аман-есен өтіп, Еттиннің Сарайына таяйды. Кірсе ‒ пештің қасында бір кемпір отыр, салған беттен Еттиннің зорлықтарын айтып, ағасының аянышты тағдырын әңгімелеп береді. Алайда бозбала қорқынышқа мойын бермей, Сарайдың ішінде жүре береді. Бір кезде
Бұғады да, тығады
Адамның иісі шығады.
Өлі ме, тірі ме? Тілегім ‒
Суырып жеу жүрегін,
‒ деп Еттин гүрілдей кіріп келеді де, оны бірден тауып алады.
‒ Үш сұрағым бар, соларға жауап бере алсаң, босатам, ‒ дейді ол балаға. Перізаттың ақылын тыңдап, көп нәрсе үйреніп алған бозбала еш саспайды. Еттиннің бірінші басы қақшиып:
‒ Басталған да, аяқталған да жері жоқ, ол не? ‒ дейді.
‒ Кесе, ‒ дейді жігіт.
Сонда екінші басы кекшиіп:
‒ Кішірейген сайын қауіптілігі арта түсетін не нәрсе? ‒ дейді.
‒ Көпір.
Үшінші бас кекшиіп:
‒ Өлі тіріні көтеріп келеді, ол қалай, шешуін айтшы, ‒ дейді.
Бала табанда жауап береді:
‒ Ол ‒ жолаушы тиеп ап, теңізде жүзіп келе жатқан кеме.
Мұны естігенде Еттин бірден бар күшінен айрылып, әлсіреп қалады. Бозбала айбалта әкеп, оның үш басын да шауып тастайды. Сосын ол кемпірден корольдің қызы тұрған жерді көрсетуін өтінеді. Кемпір оны жоғарғы қабатқа ертіп барып, бір есіктен соң бір есікті ашады. Әр ашылған есіктен керемет сұлу қыздар шығады. Сол сұлулардың бірі корольдің қызы екен. Кемпір бозбаланы енді ең төмендегі бөлмеге ертіп апарады. Онда баланың тас бағанға айналған ағасы тұр екен. Бала тасты перізат берген сиқырлы таяқшамен түртіп қалып еді, тасқа жан бітіп, ағасы тіріліп кетеді. Сөйтіп сарайда қамауда тағдырын әңгімелеп береді. Алайда бозбала қорқынышқа мойын бермей, Сарайдың ішінде жүре береді. Бір кезде
Бұғады да, тығады
Адамның иісі шығады.
Өлі ме, тірі ме? Тілегім ‒
Суырып жеу жүрегін,
‒ деп Еттин гүрілдей кіріп келеді де, оны бірден тауып алады.
‒ Үш сұрағым бар, соларға жауап бере алсаң, босатам, ‒ дейді ол балаға. Перізаттың ақылын тыңдап, көп нәрсе үйреніп алған бозбала еш саспайды. Еттиннің бірінші басы қақшиып:
‒ Басталған да, аяқталған да жері жоқ, ол не? ‒ дейді.
‒ Кесе, ‒ дейді жігіт.
Сонда екінші басы кекшиіп:
‒ Кішірейген сайын қауіптілігі арта түсетін не нәрсе? ‒ дейді.
‒ Көпір.
Үшінші бас кекшиіп:
‒ Өлі тіріні көтеріп келеді, ол қалай, шешуін айтшы, ‒ дейді.
Бала табанда жауап береді:
‒ Ол ‒ жолаушы тиеп ап, теңізде жүзіп келе жатқан кеме.
Мұны естігенде Еттин бірден бар күшінен айрылып, әлсіреп қалады. Бозбала айбалта әкеп, оның үш басын да шауып тастайды. Сосын ол кемпірден корольдің қызы тұрған жерді көрсетуін өтінеді. Кемпір оны жоғарғы қабатқа ертіп барып, бір есіктен соң бір есікті ашады. Әр ашылған есіктен керемет сұлу қыздар шығады. Сол сұлулардың бірі корольдің қызы екен. Кемпір бозбаланы енді ең төмендегі бөлмеге ертіп апарады. Онда баланың тас бағанға айналған ағасы тұр екен. Бала тасты перізат берген сиқырлы таяқшамен түртіп қалып еді, тасқа жан бітіп, ағасы тіріліп кетеді. Сөйтіп сарайда қамауда отырған барлық тұтқын босатылып, үлкен қуаныш болады, бозбалаға алғыс пен ақ бата жауады. Келесі күні барлығы жиналып, корольге қызын табыстауға аттанады. Король қызын бозбалаға ұзатып, ағасына да сол жердегі бір игі-жақсының қызын алып береді. Сөйтіп, ағайынды екі жігіт мұрат-мақсатына жетеді.

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий