Ертегі: Қасқыр мен кісі

Ертегі: Қасқыр мен кісі казакша Ертегі: Қасқыр мен кісі на казахском языке

Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады:

— Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды. Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтығын жарқылдатып жетіп келеді.

Кісіден:

— Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды. Кісі:

— Жаңа бір қасқыр анау маңайдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар, – дейді.

Аңшылар бел асып кеткеннен кейін, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға:

— Жөніңе бара бер, маған да бір жақсылық етерсің, – дейді. Қасқыр қуанып егіншіге:

— Мен сені жеймін, қарным ашты, – деп тап-тап береді. Егінші байғұс сасқалақтап:

— Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете ме екен, олай болса, біреуден төрелік сұралық, қайсымыздікі жөн екен, – дейді.

Екеуі керісіп тұрғанда, қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып шығады.

Түлкі:

— Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе, күліп жүрер, мына дорбаға үлкен қасқыр сыяды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік, – дейді.

Қасқыр мен кісі:

— Бұл рас, – деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға:

— Қапқа кірмей сенбеймін, – дейді. Қасқыр сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге:

— Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын кезің келді. Қане, мен көрейін, күздігүні егінді қалай соғып жүрсің? – дейді.

Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды.

Түлкі:

— Енді қаптың аузын аш, – дейді.

Қасекең алды-артына қарамастан ата жөнеледі. Артынан түлкі:

— Көптен бері істеген бір әділ төрелігім еді, – деп сақ-сақ күліпті. Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Қасқыр мен кісі туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки для детей на казахском языке, балаларга Қасқыр мен кісі арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Қасқыр мен кісі казакша оку, Қасқыр мен кісі, ертегі Қасқыр мен кісі туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки для детей на казахском языке балаларга Қасқыр мен кісі арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер Қасқыр мен кісі казакш, Ертегі: Қасқыр мен кісі ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн