DataLife Engine / Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ

Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ

Мазмұны


КІРІСПЕ...............................................................................................................

І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨКІЛДІК ЕТУ - АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ........
1.1. Сот өкілділігі ұғымы.....................................................................................
1.2. Сот өкілділігі түрлері. Тапсырма бойынша өкілділік................................

ІІ ТАРАУ. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ...............................................................

ІІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛДІҢ
ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ............................................................................................
3.1. Адвокат-өкілдің сот қарауына қатысуы......................................................
3.2. Адвокат-өкілдің сот жарыссөзіне қатысуы.
Адвокат сөзі............................................................................................................
3.3. Апелляциялық сатыдағы адвокат-өкілдің қызметі.....................................
3.4. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға
адвокат-өкілдің қатысуы........................................................................................
3.5. Атқару өндірісіндегі адвокат-өкілдің қызметі.............................................

ІV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛ
ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ...........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ...................................................................................................

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда құқықтың теориялы әрі қолданбалы саласы болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды институты - өкілділік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның азаматтық іс жүргізудегі ролі, ерекшеліктері, маңызы жөнінде айтпақпын.
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық қызмет, адвокатураның ролін қарастыруымның себебі мыналар:
1. Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениеті; санасының өсуімен олардың қандай да болмасын құқықтары бұзылған жағдайда адвокаттар алқасына көбірек жолдануы, сонымен байланысты сот тәжірибесіндегі қаралатын істердің басым көпшілігін түрлі азаматтық істер құрайтындықтан процеске адвокаттарды көп жалдайтындығы, адвокаттың кеңесіне көбірек жүгінетіндігі;
2. Осыған орай елімізде тапсырма бойынша өкілділік етудің, соның ішінде адвокаттың азаматтық іс жүргізу саласында көрсететін қызметінің әлі толық зерттелмеуі;
Аталған мән-жайлар сонымен бірге тақырыптың өзектілігін де көрсетеді.
Тақырыпты зерттеудегі мақсатым:
1. Қазақстан Республикасының адвокат-өкілдерінің азаматтық іс жүргізуге қатысуының, олардың алатын орнын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан зерттеп зерделеу;
2. Адвокатура мәселелерін саралап оның шешу жолдарын қарастыру.
Бұл жұмыстың бірінші тарауында соттағы өкілділік, оның түрлеріне жалпы сипаттама беріліп, түрлері аталып, азаматтық істер бойынша өкілділік етудің адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі екендігі; екінші тарауында адвокаттың кеңес беру қызметі; үшінші тарауда адвокат-өкілдің өкілеттіліктері жеке-жеке, сатылар бойынша - азаматтық істерді сотта қозғау, І инстанциялы сотта істі мәні бойынша қарауға, апелляциялық инстанцияда іс қарауға, қадағалау тәртібімен және жаңадан ащылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға, атқару өндірісіне қатысуы қарастырылады. Сонымен бірге адвокат сөзі де кеңірек талқыланады. Төртінші тарауда қазақстандық адвокаттардың азаматтық іс жүргізудегі проблемалары топтарға бөлініп көрсетіледі.
Аталған аспектілерді зерттеу барысында әрбір тарауда қолданылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер, баспасөз материалдарын атап кетелік.
І-тарауда В.А.Мусин, Н.А.Чечина, Д.М.Чечот Гражданский процесс, Д.П.Ватман Право на защиту, М.К.Треушниковтың жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, В.М.Шерстюк Судебное представительство по гражданским делам, И.М.Ильинская, Л.Ф.Лесницкая Судебное представительство в гражданском процессе, Д.Р.Джалилов Гражданское процессуальное правоотношение и его субьекты, т.б.; ІІ-тарауда Д.П.Ватман, В.А.Елизаров Адвокат в гражданском процессе, О.В.Арсентьев Адвокатура. Адвокат в уголовном и гражданском процессах. Нотариат; ІІІ тарауда М.С.Шакарянның жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, М.Ю.Барщевский Адвокат, адвокатская фирма, адвокатура, Б.С.Антимонов, С.Л.Герзон Адвокат в советском гражданском процессе, Л.М.Орлова Права сторон в гражданском процессе, Л.М.Орлова Права сторон в гражданском процессе, Д.П.Ватман Адвокатская этика, Р.И.Давиденко Рассмотрение гражданских дел, П.Я.Трубников Судебное разбирательство гражданских дел, Н.Н.Ивакина Культура судебной речи, З.Х.Баймолдина Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции, С.Т,Тыныбеков Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан, Е.А.Борисова Апелляция в гражданском и арбитражном процессе, т.б. пайдаландым. Аталған тарауларды жазу барысында сонымен қатар негізгі заңымыз - Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу туралы Кодексін; Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңын және ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды да қолдандым.
Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің мәселелері атты І тарауды жазу барысында қазіргі таңдағы мәселелер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерде аталғанымен де, өзектілігін жойғандықтан, көбінесе баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға сүйене отырып өз пікірімді білдірдім.
Елімізде қазақстандық адвокат-өкілдердің азаматтық іс жүргізуге қатысуы жөнінде жеке дара еңбек әлі жарық көрген жоқ. Алайда, С.Т.Тыныбеков, З.Х.Баймолдина, О.В.Арсентьев,т.б. білікті заңгер-ғалымдар осы тақырыпты өз еңбектерінде қарастырған.
Өзге мемлекеттерде, айталық Ресей Федерациясында адвокат-өкілдің мәртебесі, қызметі, ұйымдастырылуы келелі мәселелерімен қатар терең зерттеліп жазылған. Осы тақырыпта еңбектері жарық көрген бірнеше ғалымдарды атауға болады. Олар: Д.П.Ватман, В.М.Шерстюк, И.М.Ильинская, Л.Ф.Лесницкая, В.А.Елизаров, М.Ю.Барщевский,т.б. Латын заңгері Я.А.Розенбергтің «Представительство по гражданским делам в суде и арбитражең деген еңбегінде сотта азаматтық істердің қаралуына адвокаттың қатысу негіздері, сатылары кеңірек жазылған.
Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы Заңы 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес адвокаттар заңда көрсетілген барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез келген қол сұғушылық пен бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ, қылмыстық істер бойынша қорғаушы қызметін атқару; жауапкер, талапкер және іске қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта қарауға қатысу; ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік ; заңи мәселелер бойынша кеңестер беру; өзге де заңи көмек көрсету.


І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨКІЛДІК ЕТУ – АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ

1.1. Сот өкілділігі ұғымы

Сотта өз істерін нәтижелі жүргізу үшін азаматтар азаматтық заңдарды, сот ісін жүргізу ережелерін жақсы білуі қажет. Азаматтардың бәрі бірдей мұндай білімге ие емес екендігі белгілі. Сондықтан да заң көмегіне жүгінуге тура келеді.
Іске қатысушы тұлғаның заңи кеңес беру, ол үшін қажетті процессуалды құжаттарды толтыру, сот алдындағы жарыссөзде оның құқықтары мен мүдделерін қорғап сөйлеу қызметі құқық қорғаушылық деп аталады. Профессор Н.А.Чечинаның пікірінше, әдетте құқық қорғаушылық соттағы өкілділіктің жеке бір көрінісі болып табылады . Бірақ егер әдетте өкіл сотта өкілділік етіп отырғанды толығымен алмастыратын болса заңи кеңесші – құқық қорғаушы өзі өкілі болып отырған адамды алмастырмай, бірақ оған іс жүргізуге көмектесе отырып сот ісін жүргізуде айтарлықтай маңызды да, дербес рольге ие болады. Құқық қорғаушыға қажеттіліктен адвокатура деп аталатын ерекше институт пайда болды. Республика дәуірінде римдіктер сотта жолдас болған кеңес берген жақын туыстары мен достарын осылайша атаған. Адвокатура тарихында Ежелгі Рим кезеңінде өз қызметінің салаларының өзара тығыз байланысты болғандықтан сот өкілі мен құқық қорғаушылық қосылған болатын. Азаматтық істерді сотта қараудағы өкілділіктің өкілділіктің мақсаты тараптар мен үшінші тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін заңмен көзделген барлық әдістер мен процессуалды тәсілдерді қолдану болып табылады. Егер жауапкер немесе талапкер процеске өз атынан өзінің материалдық-құқықтық мүдделерін мән-жайларды дәлелдеу арқылы қатысса, сот өкілі сот ісін жүргізуге үшінші тұлғалар немесе тараптар атынан олардың мүдделерін көздеп қатысады. Сонымен сот зерттеуінің пәні өкілдің жеке материалды-құқықтық мүддесі емес, азаматтық құқықтық дауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болып табылады .
«Адвокатң сөзі латыншадан аударғанда қолдаушы, жақтаушы, іс қуушы деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римде адвокат деп айыпталушының сотта оны алып жүруін сұраған достары мен жақын-туыстарын түсінген .
Азаматтық процестегі сот өкілі дегеніміз өкіл берушінің (азамат немесе ұйым) атынан оның мүддесі үшін процессуалды әрекеттер жасайтын тұлға. Сот өкілі деп азаматтық істер бойынша сот әділділігін жүргізуде сотқа сот әділділігін жүргізуге септігін тигізу және өкілдік берушінің өз құқықтарын жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізуде құқықтардың бұзылуын болдырмау, неғұрлым тиімді сот шешімін алу мақсатында өкіл берушінің атынан сотта оған берілген өкілділіктер негізінде бір тұлғаның екінші бір тұлғаның мүддесі үшін жүзеге асыратын қызметі танылады.
Адвокат өзі өкілі болып отырған адамның құқықтары мен заңды мүддесін білдіреді. Әдебиеттерде заңды мүдде анықтамасы түрліше тұрғыда қарастырылады. Көп жағдайда заңды мүдде қандай да бір себептермен субьективтік құқықтармен жанамаланбайтын нақты мүдде немесе қажеттілік арқылы анықталынады. Заңды мүдденің мәні мүдденің иесінің немесе оған қарсы тұлғаның іс-әрекетінің мазмұнына байланысты болады. Егер мүдде қандай да бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту жолымен қанағаттандырылатын болса, онда мұндай жағдайда ғана заңды мүдде орын алады .
Өкіл мен өкіл берушінің арасындағы қарым-қатынас материалды құқық (азаматтық, отбасы,еңбек құқығы) нормаларымен реттеледі. Ал өкіл мен сот арасындағы қарым-қатынас азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі .
Азаматтық процессуалды өкілділіктің белгілері:
1. Өкіл өкіл берушінің атынан шығады, бұл келісім-шартпен белгіленеді;
2. Өкіл өкіл берушінің мүддесі үшін қызмет етеді;
3. Өкіл процесте өкіл берушінің міндеттерін атқарып құқықтарын жүзеге асырады;
4. Өкіл оған өкіл берушімен және заңмен берілген өкілеттіліктер шеңберінде әрекет етеді;
5. Процессуалды әрекеттерді жасай отырып өкіл өкіл беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудырады.
Өкілділіктің пайда болуының негізі әрқашан да өкіл берушінің ерік білдіруі болып табылады.
Адвокаттың өкіл болып қатысуы үшін мыналар қажет:
-тапсырма шартын жасасу (материалды-құқықтық факт);
-азаматтық іс қозғау;
-заңға сәйкес рәсімделген өкілеттіліктерді ұсыну негізінде іске қатысуға өкілді соттың жіберуі(процессуалды факт).
Процессуалды өкілділік мынадай 3 түрлі құқықтық қатынастардың болуымен ерекшеленеді:
1.Өкіл мен өкіл беруші;
2.Өкіл мен сот;
3.Өкіл беруші мен сот .
Сот өкілділігі – сот пен сот өкілі арасындағы барлық қоғамдық қатынастарды емес, қоғамдық қатынастың тараптарын (элементтерін) реттейтін азаматтық прцессуалды құқықтың жалпы институты. Осындай элементтерінің бірі көптеген ғалымдар сот өкілділігі анықтамасында дұрыс белгілейтін оның субьективтік жағы болып табылады. Ал субьектісі Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көрсетілген өкіл беруші атынан ...
26.12.2018
Вернуться назад