DataLife Engine / Қаржы | Лизингтік операцияларды ұйымдастыру

Қаржы | Лизингтік операцияларды ұйымдастыру

Мазмұны


КІРІСПЕ
1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы
1.2. Лизингтік операциялардың мәні мен жіктелуі
1.3. Лизинг –инвестиция тартудың басты құралы

2.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Лизингтік компанияларда лизингтік мәміленің жасалу тәртібі
2.2. Ауыл шаруашылығындағы лизингтің орны
2.3. Лизингтік тәуекел және оны басқару әдістері

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру
3.2. Лизингтік операциялардың қазіргі кездегі жағдайы мен алдағы уақыттағы перспективалары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШ

Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды –инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық жағдайын жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай-ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы да белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады. Қазіргі кезде еліміздің ұлттық банктік жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден аз емес мөлшерде инвестициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен шамамен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, лизингтік қатынастарды негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинг экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялар жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1,9% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктеді және қазақстандық экономика үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.
Жұмыстың негізгі мақсаты лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Біз лизинг операциясын елімізге нақты пайда түсіру үшін лизинг операциясын жасалудың тәртібін реттейтін арнайы нормативті актілер, заңдар қабылдауымыз керек. Соған орай, еліміздің экономикасын тұрақтандыру, дамыту үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамытудың қолайлы жолы деп атауға болады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескере отырып, «лизинг» түсінігінің тұжырымын нақтылау;
- лизингті ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін зерделеу;
- инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау;
- лизингтік төлемдер сомасын есептеудің қолданыста жүрген әдістемелік негіздеріне талдау жүргізу және оны жетілдіру жолдарын ұсыну;
- ҚР-дағы лизингті әр түрлі деңгейлерде басқару қажеттіліктерін негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отыру керек екендігін дәлелдеу;
- лизингтік келісімдегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингті басқару мәселелерін зерттеу;
- Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні ретінде ҚР-ның экономикасының әр түрлі салаларындағы лизингтік операциялардың дамуы, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылады.
Зерттеу объектісіне лизингтік операцияларды іске асыру нәтижесінде ҚР-дағы әр түрлі ұйымдар арасында пайда болатын лизингтік қатынастар және оларды басқару үдерістері алынады.
Кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасының дамуына кең көлемде капитал құра алатын ірі несиелендірудің бір түрі –лизинг. Лизинг ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен байланыстырамыз. Ол несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығындармен өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.
Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес қабілеттілігін арттырудың басты факторларының бірі бола алады.
Лизингтік операцияларды жүзеге асырудың әлемдік және қазақстандық тәжірибелерін оқып-үйрену негізінде лизингтік қатынастардың ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету болып табылады. Ұсынылған лизингтік бизнесті ынталандыру және жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуы Қазақстан Республикасының лизингтік саласына инвестициялар тартуға және соның әсерінен кәсіпорындардың өндірістік базасын неғұрлым тез жаңартуға, өндірілген өнімдердің сапасы мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуға әсер етуі мүмкін. Лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау және лизингтік төлемдерді есептеу бойынша әдістемені толықтыру үшін ұсынылған ұсыныстарды лизингтік келісімге қатысушы субъектілер лизингтік жобаларға ақша қаражаттарын инвестициялаудың маңыздылығын анықтау және лизингтік қызметтер нарығындағы лизингтік операциялардың неғұрлым тиімді шарттарын таңдау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда, лизингтің шығу тарихы, мағынасы, артықшылықтары мен кемшіліктері, тиімділігі және түрлері қаралады. Және де лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, оның инвестиция тартудың құралы құралы туралы ой қозғалады.
Екінші тарауда бірнеше лизингтік компанияларды салыстыру, олардың тәуекелге баруы мен басқару әдістері, лизинг мүлігін сақтандыру және салық салу режимдері, ауыл шаруашылығын қаржыландыруда лизинг тиімді ма, жоқ па?
Үшінші тарауда Қазақстандағы лизингтің мәселелері, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары, лизингтің дамуы үшін бағдарлама қабылданғаны қарастырылады.
Теориялық, әдістемелік және ақпараттық негізі ретінде отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың лизингтік қатынастарды басқару мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері мен монографиялық жұмыстары, ҚР-ның лизингті мемлекеттік реттеу туралы заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттары, ҚР-ның статистика жөніндегі Агенттігінің анықтамалық материалдары және т.б. пайдаланылды.
Қазақстанда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу және дамыту мәселелері де жан-жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар да баршылық. Лизинг туралы тоериялық және тәжірибелік сұрақтарға солардың ішінде Р.О.Смағұлова, С.Б.Мақыш, Ж.З.Оралбаева, М.М.Канакина және т.б. экономист-ғалымдардың еңбектерін еліміздегі лизингті жетілдіруге мүмкіндік береді.

1 –тарау. Лизингтің теориялық негіздері
1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы

Алу қағидасына негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктік қатынастары басқаша құрылуы мүмкін емес, сондықтан да олар азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі мен дербестігін бейнелейтін тиісті нысанда көрініс беруі керек. Мұндай нысан шарт болып табылады. Кәсіпкерлік салада шарттың алатын орны елеулі. Демек, оның кейбір түрлерімен таныстырсақ, сатып алу –сатудан басқа, кәсіпкерлік салада кең тарағандары лизинг, кешенді кәсіпкерлік лицензия, факторинг, форфейтинг және басқалары. Кәсіпкерлік қызметтің бұл түрлері осы заманғы шеңберде кәсіби кәсіпкерлік айналымды енгізуге және оның қатысушыларына нақты бағдар беруге мүмкіндік туғызады. Бұл шарттар кәсіпкерлік қызметтің түріне жататынына ешкім дау туғыза қоймас, заңнама кесімдері лизингті инвестициялық іс-әрекетке қатысты деп санап, кәсіпкерлік қызметтің сипатын атап көрсетеді. Лизинг беруші мен лизинг алушы капиталмен ақшалай емес, өндірістік нысанда пайдаланады, мұның өзі лизингті инвестиция тартумен жақындастыра түседі. Бұл шарттар кәсіпкерлік сипатта болғандықтан көбінесе оларды кәсіпкерлік қызмет түрлері деп атайды, яғни, қызметтің негізгі мақсаты тұтынушылар мүддесін қанағатандыру үшін таза кіріс келтіру және кәсіпкерлік қызметте әлеуметтік оң бағалау. Егер, қажетті заң кепілдік жасалса, лизинг шартымен еліміздің экономикасына мемлекеттік емес аса ірі инвестициялар тарту мүмкіншілігі болатыны жөнінде игілікті істер күтіп тұрғанын сезінгендейміз.
Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарлату үшін несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарды және қызметті аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтудан сақтауға мүмкіндік береді.
Лизингтің дүниежүзілік тәжірибеде пайда болуы тарихтың тереңіне кетеді. Лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер Батыс Еуропада ХХІ ғасырда қолданыла бастады. Әсіресе, Венеция мен Генуяда өте қымбат саналатын теңіз кемесінің якорьлары сауда кемелерінің иесіне жалға берілген.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) ...
25.12.2018
Вернуться назад