DataLife Engine / Дене шынықтыру | Каратэ до жекпе жек өнерінде қол және аяқ соққыларын жетілдірудің әдістемелік негіздері

Дене шынықтыру | Каратэ до жекпе жек өнерінде қол және аяқ соққыларын жетілдірудің әдістемелік негіздері

Мазмұны

І-тарау. Каратэ тарихы................................................................................................3
1.1. Каратэнің басты әдістері....................................................................................10
1.2. Тұрыстар..............................................................................................................14
1.3. Соққы техникасы................................................................................................18
1.4. Қозғалыстар.........................................................................................................22

ІІ-тарау. Дене қыздыру..............................................................................................31
2.1. Физикалық дайындық........................................................................................39
2.2. Психореттегіш жаттығулар...............................................................................47
2.3. Қазіргі заман каратэсінің тәсілдері...................................................................49
2.4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы каратэ-до спортының даму тарихы........54
2.5. Жылдың басты жоспарына дайындықтың үлгі-моделі..................................57

Қорытынды ................................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................6

І-тарау. КАРАТЭНЫҢ ТАРИХЫ

Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді.
Да Мо монахтардың денсаулығының әлсіздігінен көп сағатты медитацияларға шыдай алмайтындығын байқады, содан кейін "ар хат қолдарының 18 қимылы" атты психофизикалық жаттығулар жүйесін енгізуді шешті (архат - Оңтүстік Үндістандағы Будда пантеонының жартылай бұты). Кешен әдісі монахтардың күші мен рухын ұзақ діни лауазымдарда сутра оқу кезінде және рухани-медитациялық тәжірибе дене жаттығуларымен ауысып жатқанда, сондай-ақ аспан астындағы жолында сенімді қорғаныс құралымен қызмет етуі қатаюға бейімделді.
Бодхидхарма бүгінгі күнге жеткен өйгілі қоян-қолтық ұрыс өнері у-шу жүйесін жасаушы болып саналады. Кейінірек XI-ғасырда: жылан, айдахар, тырна, бағылан және жолбарыс.
Бодхидхарманың Үндістаннан Қытайға әкелген тәсілінің түрлері "Шаолинь кэмпосы" атымен таралды және бірте-бірте қытайшаға айналды.
Монах жекпе-жекшілері туралы сөз Шаолинь монастырынан бүкіл аспан астына аты шыға бастады, артынша сол жерге басқа жақтардан монахтар келе бастады.
Шаруалар соғысы және азаматтық булік кезінде Бодхидхарма орт үстікте қаза болады, ал тірі қалған бірнеше "Бес Баба" Фукиен провинциясында қайта құрылған Оңтүстік Қытайдағы Оңтүстік Шаолиные кетеді.
Осылайша "Шаолинь кэмпосы" ұрыс өнері Империя төріне шығады және ешқандай да құпиялылығын қалдырмады.
607 жылы Суй династиясы заманында Қытай Рюкю архипелагымен жақсы сауда қатынасын жасады. Архипелаг бірнеше ұсақ аралдар тобынан тұрады. Сакисима, Окинава, Токара және Амали аралдары.
Аралдар сызбасы. Окинава - аралдардың ішінде қатты созылып жатқан, көлемі шамамен 1254 шаршы шақырым ең ірі арал. Орта есеппен аралдың ені 10-13 шақырым, ал ұзындығы шамамен 108 - 110 шақырым болады.
Көптеген ірі елді мекендер аралдың оңтүстік бөлігінде топталған. Бұл Наха, Сюри және Томари қалалары. Ең ірі порт-Наха қаласы. Ол аралдың елордасы болып табылады.
Қытайдың жағалауына дейінгі арақашықтық тікелей 600 шақырымнан асады.
Архипелагтың этникалық халқы жапондықтармен туыстас, диалектілерде Рюку деп айтылады.
1372 жылы Окинава әміршісі Сацудо Мин династиясының императорлық ауласынан вассалъды қатыстьшықты мойывдады. Екі ел арасында лауазымды түлғалармен алмасу болды және 1392 жылы Окинавада түрып жатқан Қытай отбасылары Кэмпо аралына өкелінді. 1429 жылы Окинаваның ұлығы Се Ха Си өзінің қол астында аралдарды біріктірді және қарудың барлық түрлерін ұстауға тиым салды, өйткені тұрғындарда қарудың болуы ерте ме, кеш пе қарулы көтеріліске әкелуі мүмкін.
Бұл жоғары атақтылар және өкілеттік шенеуніктерге бола жасалды.
Халық шенеуніктер мен өскерлердің озбырлығынан, сондай-ақ аралдың орманды тауларывда жасырынған қарақшы тобынан қорғансыз болды. Бұл шаралар көптеген шаруалардың қарусыз күйде қоян-қолтық ұрыстан рухтың қатандығын, күш-еркін, жаттығу бұлшықеттердің болаттығын қаруға қарсы қою мақсатында көмек іздеуіне алып келді.
1606 жылы бірнеше мың жауынгерлер самурайлар қолбасшы Симадзудьщ басшылығымен Окинаваға түсірілді. Аралдың қару-жарақсыз тұрғындары қарсы тұра алмады және арал қоршауға алынды, басып алынды. Окинава Жапон империясының протекторатына айналды. Халық алым-салықпен салықтанды, қатыгез дискриманациямен тартылды. Жауап ретінде шаруалар салық жинаушыларды өлтірді, ұсақ самурай қарауылшыларын талқандады.
Сонда 1609 жылы жапон наместнигі қару ұстауға тиым салу туралы екінші қатаң екім шығарды. Суық қаруды жасырған шаруалар, қалалықтар сондай-ақ монахтар өлім жазасына кесілді. Он жыл ішінде әрбір ауылда тек бір ғана үлкен пышақты селоның орталық алаңында байланған аңдар мен балықты кесу үшін қалдыруға келіп жетті. Әл келмейтін салық саясаты мен басып алушылардың озбырлығы ұйымдасқан қарсы шығу ошағының пайда болуына әкелді. Жағалай көтеріліске жете қоймаса да, шектен шыққан самурайлармен соқтығыстар жиі болып тұрды. Окинава халқы құпия қоғамдарға біріге бастады және деревнялар мен селоларда өзін-өзі қорғау одақтарын құрды.
Осылайша екі бағыт дүниеге келді. Біріншісі "Тэ" деп аталды, оны жергілікті аристократтар мен қалалықтар тәжірибеледі. Екіншісінің алғашқьща ешқандай да аты болмады. Тек уақыт өте келе оған "кобудо" деген ат берілді, оны шаруалар мен балықшылар тәжірибеледі.
Сол Окинава-тэ стилі қалаларға бөлінді: Наха-тэ, Сюри-тэ және Томари-тэ. XVII жүзжылдық ағымда мектептер терең астыртын әрекет жасады. Барлық шәкірттер өз қанымен құпияны сақтауға ант берді. Егерде кімде-кім туыстарын жапондық өкілдерге зорлықпен сатып қойса, онда ол сатқынды әшкере өлім жазасы күтіп тұрды. Оны қайықпен теңіздің терең жеріне алып кетіп, жеңіл тілгілеп байланған күйінде суға лақтырған. Қанның иісіне ақулалар жиналады және мысық-тышқан ойынынан кейін қылмыскердің антын жеп қояды.
Окинавалықтардық самурайлармен соқтығысынан кейін өз кәсібінің барлық бірлігінен тіс қаққан тәжірибелі жауынгерлермен араласуға тура келді. Жеңіске деген мүмкіндік үлкен емес, соңца да бұл мүмкіндікті кез-келген құнмен болса да алу керек болды. Осыдан барып Иккэн хисацу принципі жарыққа шықты ("бір соққымен сеспей қатыру").
XVII-XVII ғасырлар арасында "Тэ" және "кобудо" стильдері архипелагтың әйгілі аралдарында қытайлық жекпе-жек жүйесінің фрагменттерімен (то-тэ) бірікті, содан барып "Окинава-тэ" ("қытай қолы") деп аталатын әйгілі жаңа өнер дүниеге келді.
"Спорттық" жекпе-жектерде қарсыластар арасында әдетте у-шу нәтижесіне келтіретін.
Қажырлы жаттығулар кезінде қол мен аяқты қирату күш қаруына, айлалы әрі айтқысыз бағдарлама бойынша әрекет ететін қаруға айналдырды.
Ерекше қажырлылық қол мен аяқты шынықтыру үшін жасалды, тек болат қол ғана панцирьді ұра алады немесе самурай шлемін уатады.
Жұдырықты алғашында жай ғана макивареде шынықтырады (сабанмен оралған вертикалды тақтайша), самурай қылыштарына қарсы қорғану құралы ретінде шаруалардың еңбек құралын пайдалану тәжірибесі де осымен қатар іске асырылды. Бірнеше онжылдықта кэмпо шеберлерін дайындау құпия қоғамының аясында және өзін-өзі қорғау одағы қатаң құпия түрде жүріп жатты. Сол кездегі бірде-бір ұстаздардың, бірде-бір мектептердің аттары қалмаған.
XVII ғасыр ортасында бірнеше жыл Қытайда тұрған және сонда цуань-шу, бо-дзюцумен айналысқан, Акатадан шыққан қандай да бір Сақутава отанына оралып, Сюри қаласында каратэ-но-Сакугава жеке мектебінің негізін қалағаны белгілі. Бұл "кара" ("қытайша") иероглифінің мектеп атауы ретінде қолданылуының бірінші жағдайы еді.
XX ғасырға дейін Окинавада каратэ сөзі екі иероглифпен жазылатын: кара сөзінің баламасы "Тян династиясын" басқаруы кезіндегі "Қытай" мағынасын білдіреді, бірақ кейде "Ұлы Қытай" және тэ-"қол" түсінігін беруде кең мағынада да қолданады.
XIX ғасырдың 30 жылдарының басында Сакугаваның шәкірті Сокон Мацумура Серидзи-Рю Гокону каратэ мектебін құрды ("Шаолинь стиліндегі каратэ Отавды қорғау үшін"). Бұл мектеп кейіннен пайда болған Окинавалық стильдер мен мектептердің негізгі өзегі болды.
1871 жыддан бастап Жапония Окинаваға өздерінің заңын және білім жүйесін енгізе бастады, ал корольдіктің өзі автономиялы мемлекеттерден 47-ші империя префектурасына айналдырды.
Бұдан басқа, 1872 жылғы буржуазиялық реформалардың арқасында самурайлар өздерінің күшінен айрылды және басқа сословиялардың құқыларымен теңесті. Осы шаралардың нәтижесінде окинавалықтар мен самурайлар арасындағы соқтығыстар токтатыдды. Бірақ құпия қоғамдар сақталды әрі олардың мүшелері каратэмен және кобудомен қажырлы айналысуды жалғастырды Окинавалықтар бұлардан енді ұлттық рухқа күш беретін қайнар көзін көрді.
Осылайша Окинавада жекпе-жек өнерінің астыртын дамуының ұзақ мерзімі бітті.
XVII ғасырдың соңына қарай шақыру пункттеріндегі және бұйрық беру өкілдері тэ жүйесінде айналысып жүрген Окинавалық денесі жақсы шыныққан шақырылдарғандарға көңіл бөлді. Бұл тексерудің қорытындыланған берілгендері Окинаваның кейбір оқу орындарына эксперимент тәртібінде каратэны оқу пәні ретінде енгізу негізделді.
Мемлекеттік мекемелерде каратэні ашық түрде оқытатын ұстаз, ескі Окинава стилі Сюрк-тэ Ясуцуне Итосу болды. Ғажайып техник, жекпе-жекші және тамаша ұстаз Окинаватэның Окинавадағы бастауыш мектебінің оқу бағдарламасына 1900/1 оқу жылынан бастап енгізілді. Ежелгі Окинавалық қоян-қолтық ұрыс мектебін негізгі екі топқа: "Серин-рю" (Сюри-тэ және Томари-тэ стилін өзіне енгізуші) және "Серэй-рю" (Наха-тэ стилі) бөлу жалпыға бірдей қабылданған.
Жалпы айтқаңда, "Серин" және "Серэй" терминдері әртүрлі мағынада қолданыла алады. Қытай стилі "шаолинь-цюань" (монастырь атауы бойынша "жас орман жұдырығы") Окинавада белгілі болған кезде Серин термині де қытайлық сөзінің "Шао-линь" Окинавалық айтылуымен пайда болды, ал Серин-рю атауы "жас орман мектебін" білдіреді. Бірақ бұдан басқа "се" деп оқылатын иероглиф бар, бірақ ол "жас" емес "емен" деген мағынаны білдіреді, мұны өзінің мектебінің аты ретінде Итосу Ясуцунэ қолданған. Оның "Серин-рюі" "еменді орман мектебі" мағынасын білдіреді.
Ал "Серэй" термині "Шаолинь" иероглифінің оқылуының жергілікті вариантын ұсынады және Наха аймағы диалектінде "жас орман" мағынасын білдіретін.
"Кэмпо" термині "цуаньфа" қытай иероглифінің Окинавалық оқылуын білдіреді ("жұдырық әдісі" немесе "жұдырық заңы") өте ертеде XV ғасырда Окинавада белгілі болған алғашқы Қытай у-шуының мектебін осы "Кэмпо" сөзімен атаған.
Жапоңдықтарға каратэні таныстырудың алғашқы әрекетін 1886 жылы Жапонияға сапар шеккен Окинавалық шебер Азато Анко жасады. Ол өзінің 59 жаста екеніне қарамай дәстүрлі ұрыс өнерінің көптеген шеберлерін, атап айтсақ Сакудзиро Екояманы, мықты дзюдошы Сайго Сиродан кейінгі Кодокананды жеңген. Бірақ Азатоның бұл тамаша жеңісі айналасындағылардың ешқандай қызығушылығын туғызбады. Екінші әрекетті 1915 жылы Окинавалық дәрігер Читосэ Цуеси жасады, бірақ оның да әрекеті байқалмай өтті. Үшінші өрекет Гитин Фунакоси атымен байланысты. Білім министрлігінің шақыруымен 1917 жылы Гитин Фунакоси Киотоға келеді, онда ол Бутокукайда таныстырылады (ұрыс өнерінің Жапондық одағы).
Жапонияда каратэның таратылуы Осакаға Окинавалық шебер Мотобу Чоки келген 1921 жылы бастадды. "Еуропалық каратэның әкесі" Анри Пле (Франция) айтқандай Мотобу Чокисіз каратэ Жапонияда ешқашан танылмас еді, онда жекпе-жек өнерінің ұстаздары Окинавалық "то-тэге" терең қарайтын еді.
Мотобу ұрыс өнерінің өзінің шеберлерімен бірге әйгілі отбасыдан шыққан, отбасылық стиль "Го-тэн-тэ" немесе "Мотобу-тэ" деп аталған және Мотобу Чохеден бастау алған. Мотобу Чоки "Го-тэн-тэден" басқа Серин-рю бағытының бірнеше стилін үйренді. Алып дене күші бар Мотобу өте тез арада Окинаваның ең әйгілі жекпе-жекшілеріне айналды. Ал өзінің айтқысыз қимылдары үшін Чокуға "маймыл" деген ат қойылды. "Кумите" тәжірибесінде Мотобу Чоки стилі қатаң байланысты болды және өзінің мақсаты-нокаутты алға қойды. Осыдан Чокидың тағы бір аты шығады-"тейдзикун" (Окинавадан аударғанда "сеспей қатыратын жұдырық" мағынасы). Мотобу Чоки көрсеткішті шығулары және өз қалауымен ұрысқа шыққысы келгендермен болған жекпе-жегі арқылы өз өнерін насихаттады, Жапонияда каратэны бекітуді бастады және Гитин Фунакосиге баға жетпес көмек көрсетті.
1921 жылы 6-наурызда кронпринц, болашақ император Хирохито Еуропадағы сапарынан келе сала, Окинавалық каратэның жетістігін көзбен көруді қалады. Ол үшін Сюри ғимаратында ката, тамэшивари және кумите ұйымдастырылды. Принц жіңішке денелі болғанымен ұрыс әрекетіне таң қалды. Бұл каратэның тағдырына оң ықпал етті. 1922 жылы көктемде Білім Министрлігі Токиода спорттан алғашқы ұлттық көрмені өткізді. Осы іс-шараны ұйымдастырушылардың шақыруымен Гитин Фунакоси каратэның оқулығының үш томын алып кедді.
Кітаптың гранкалары мен қолжазбалары Токиодағы жер сілкінісі кезінде опат болды, кейіннен жаңа кітап ("Дене мен рухты шынықтыру, сондай-ақ каратэ арқылы өзін-өзі қорғау" кітабы) жазылды ("Рэнтан госин каратэ-дзюцу"). Таққа отырған жаңа император-Хирохито Г.Фунакосидың шығармасымен танысып, оның жетістігін жоғары бағалады. Кано Дзигароның (қазіргі дзюдоның әкесі) және кэндоның шебері Накаяма Хакудоның шартымен Фунакоси бірнеше шәкірттерімен Токиода қалады.
19 жасынан Фунакоси бастауыш мектепте ұстаз болады Окинава және Жапон тілдерінен басқа Қытай тілін де еркін меңгерген. Ол поэзиямен (оның лақап аты "сето"-"Емен мен толқын"), философиямен, каллиграфиямен айналысқан тәрбиелі, инабатты адам болған. Шебер Фунакоси 15 жасында Сюри-тэ стилін үйренуді бастаған. Алғашқыда оның ұстазы Азато Анко баласы, содан кейін патриархтың өзі болды. 1890 жылы ол Итосу Ясуцинге оқуға түседі. 1924 жылы Г.Фунакоси Мэйсэй-Дзюкудағы жатақханадан бірінші клубты ашады және насихаттаумен айналысады, астаналық университеттерде каратэны енгізеді.
Кейінгі жылдары Г.Фунакоси өзінің "Каратэ-до кехан" кітабын шығарады және сонымен бірге Сетокан-рю стилінің шыққаны туралы хабарлайды.
Сетокан эмблемасына қызыл күн мен аппақ жарты ай белгіленеді, тотемдік рәмізі-оң аяғын көтеріп тұрған жолбарыс және оның үстінде "ке" иероглифі "үйрену" бар.
Дөл осы үйрену қазіргі каратэның мектептерінің, бағыттарының, стильдерінің әр алуандығына қарамай бірыңғай бәрін қамтитын дәстүрдің негізі болады.
Ұрпақтардың ғибратына шебер техникалы құралдан бөлек "Каратэшіге өсиет" атты үндеуін қалдырды:
-"Бу-додан "бу" иероглифі жазуда қару ұрысын доғаруды рәміздейді. Каратэ Бу-доға қарайтын болғандықтан, бұл ең алдымен жекпе-жекке шықпас бұрын жақсылап, ойланған жөн және қажетсіз жерде жұдырықты ала жүгіруге болмайтындығын біддіреді.
Жастық-бұл әділдік пен албырттық. Албырттық ұрыс онерімен қыздырынады және қайырымдылыққа, ал кейде зұлымдыққа да құйылып жатады. Егер каратэ жолымен дұрыс жүретін болса, онда адамның мінезін жақсартады және ол еділдіктің нағыз қорғаушысы болады. Зұлымдыққа пайдаланылған каратэ қоғамдық бастауға және адамға қарсы болуы мүмкін.
Күшке адамдық пен әділдік басым болмаған жағдай жүгінеді. Егер де жұдырықты ойланбай жұмсасаң айналадағыларға деген қарым-қатынасты жоғалтасың және өзіңе нашар қарым-қатынасты тудырасын. Игі рухты бозбала өмір жолының басында өз сөзі мен ісіне байсалды болғаны жөн.
Абыройынды сақтай білу керек, бірақ қатыгез болмауда қажет. Ұрыс өнеріне адамды көтеру жатады. Айналадағы адамдарды ренжітіп, ақылсыз, ойланбастан әрекет етуге болмайды. Шеберлер мен әулиелер кейде қарапайым болып көрінеді, тек өзімсінген ақымақтар өздерінің қандай да бір ұрыс өнерімен айналысатындығын жер-жаханға жар салады". Фунакоши өзінің мектебімен астанада мықты бекітілгенімен, көпшілік ұсынған Бірінші ұстаз болғанымен бірге оның жерлестері, серіктері каратэ-до майданында ұмытлуды ұмытқан жоқ.
Окинавалық шебер Кэнва Мабуни (1893-1957 жж.) Осакада Сито-рю стилінің негізін салды.
Стильдің алғашқы атауы Ханк-рю болды. К.Мабуни тек атын ғана емес, сондай-ақ көне стильдің техникасын Окинавалық басқа стильдермен, тәсілдермен, мықты күшті Наха-тэ стилімен байытты.
Стиль қатаңдығымен күшімен, қимылдардың ішкі концентрациясымен, шапшандығымен, сондай-ақ Сетокан классикалық бастамасымен Окинавалық техниканың көптігімен ерекшеленеді.
Наха-тэның басқа әйгілі шебері Тедзюн Мияги (1888-1953) Годзю-рю стилін жасады ("қаттының жұмсақпен сай келуі").
Т.Мияги қолымен өгіздің жанын тесіп өту қабілетін және аяғымен тақтайшаны теуіп сындыруды игерген. Бұл стиль алдыңғысына қарағанда анғұрлым қатал, биік тұрысты, иілгіш ауысулар және күшті фронтальды соққымен біріккен қарсы блоктар және белсенді қорғанысты.
Медицина докторы Хиронори Оцука (1892-1982) 1939 жылы қазіргі каратэның әйгілі стилі Вадо-рюдің негізін салды ("Әлем жолы")-Бала күнінен классикалық ұрыс өнерімен айналысқан Оцука каратәге дзю-до, айки-до және кен-до тәжірибесін енгізді. Вадо-рю тиімді техникасымен, жұмсақ кету басымдылығымен және шапшаң қатты соққылардың үйлесуіндегі блоктармен ...
24.12.2018
Вернуться назад