DataLife Engine / Аспап жасау | Өрт қауіпсіздігі және күзет дабыл жүйесі

Аспап жасау | Өрт қауіпсіздігі және күзет дабыл жүйесі

Мазмұны

Кіріспе
Технологиялық бөлім
Күзет және өрт дабыл жүйесіне сипаттама жасау
ӨҚКДЖ жүйесіне деген жалпы талаптар
Күзет қауіпсіздігі және өрт сөндіру жүйелерінің түрлері
Өрт хабарлағыштарының түрлері
Өрт сөндіру жүйелері
Автокөлік тұрағында өртті анықтау және өрт сөндіру, апатқа қарсы қорғанысты әзірлеу
Негізгі техникалық шешімдер
Қондырғының жұмыс істеу қағидаты
Құрылғыны таңдау
Жабдықтардың салыстырмалы сараптамасы
Кабелдік тарату бойынша шешімдер
Электр қоректену
Бағдарламалық-апараттық кешенін құрастыру
Автоматтандырылған жүйелердің құрылымын құрастыру
Автоматтандырудың электрлік сұлбасын жасау
Есептің программасын құрастыру
Техника-экономикалық негіздеу
Жобаның бейнеленуі
Автоматтандыру жүйесінің эксплуатацияға кететін шығындары
Электроэнергияға кететін шығындар
Қаржы жоспары
Өміртіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Теориялық бөлім
Өмір сүру ортасының қауіптің деңгейі мен көздері
Адамның функционалды мүмкіншіліктері және оның өмір сүру ортасымен сыйысушылығы
Өндірісте өрттен қорғану шаралары
Жабдықтарда және бөлмелерде жанатын ортаның пайда болу себептері
Өртке қауіптілік көрсеткіштерін анықтау және қолдану облыстары
Өрт қауіпсіздігі
Өрт кезіндегі жылу аймағына әсерін есептеу
Қорытынды
сөздер
Әдебиеттер тізімі
А қҚысқартылған осымша

Кіріспе
Соңғы кездерде, ірі өндірістік тағайындау объектілермен қатар, орташа
және кіші өндірістік, өнеркәсіптік, шаруашылық және т.б. тағайындау
объектілері үшін орталықтандырылған күзет-өрт сөндіру сигнал беру
жүйесіне (ЦСОПС) деген сұраныс өсті. Мұндай кәсіпорындарда, әдетте, өзінің
жеке күзет бөлімшелері болады. Сигнал беру кезінде жылдам әрекет жасауды,
сигнал берудің нақты уақытын және жерін анықтауды, күзетке шараларды
өткізу және оны күзеттен алуды жеңілдетуді қамтамасыз ету үшін, барлық
объект аймағында орталықтандырылған бақылау жүйесін орнату қажет.
Күзет-өрт сөндіру сигнал беру жүйесі- бұл, өртті немесе жануды табу,
бұл объектіде өрт туралы және мәліметтерді өндеу және көрсету, техникалық
құрылғылар мен өрт сөндіру орнатуларды қосуға арналған автоматты түрде
бұйрық беруі үшін арнайы ақпараттарды, және де күзетілетін аймаққа
рұқсатсыз дендеп кіруді тоқтату үшін, заманауи объектіде орналастырылған,
бірлесіп жұмыс істейтін өрт сөндіру сигнал беруінің техникалық заттарының
жиынтығы.
Күзет-өрт сөндіру сигнал беру, әдетте хабарландыру, өрт сөндіру, түтінді
жою, рұқсат етуді бақылау жүйелеріне, нақтылы адрестік ақпаратпен
қамтамасыз ететін ғимараттың қауіпсіздік және инженерлік жүйелерін
қосатын кешенге біріктіріледі.
Күзет сигнал беру жүйесі күзет-өрт сөндіру сигнал беру жүйесінің
құрамында күзет қызметіне рұқсатсыз дендеп енулер немесе ғимаратың ішіне
немесе оның бөлек бөлмелеріне адамдардың ену әрекеттерінің күні, уақыты
және орналасуы туралы уақытылы хабар беруді орындайды.

1 бөлім. Технологиялық бөлім

1.1 Күзет және өрт дабыл жүйесіне сипаттама жасау

Өрт және күзет дабыл жүйесі өз алдына жеке жүйелер болып табылады.
Сонымен дамыған жүйелер бар олар осы екі жүйенің қосылысынан туындаған
жүйе яғни өрт – күзет дабыл жүйесі болады. Бұл жүйенің ең бір артықшылығы
бірдей құрылғы блогы мен бағдарламалық қамтамассыздандыру қосарланған
жүйемен жұмыс жасайды. Сонымен қатар ӨКДЖ автоматикалық өрт сөндіру
жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Заманауи ӨКЖД жүйесінің негізгі мақсаты:
- нысан территориясын тәулік бойы бақылау;
- өрттің болуын дәл кезінде анықтау;
- өрт шыққан жерді дәл анықтау және нысанның күзет қауіпсіздігін
анықтау;
- жалған ақпарат қабылдамау;
- тіркеу және тарату мен алдын алу құрылғыларынның жай күйін
анықтау;
- жүйені бұзу мүмкіндігін болдыртпау;
- қосымша электр қорек көзінің болуы.
Әр түрлі мақсаттағы объектілерде автоматты өрт дабылы, дабыл туралы
хабарлау, өрт сөндіру, түтін жою және қауіп кезінде технологиялық және
инженерлік жабдықты басқару қондырғылары мен жүйелерін қолдану
олардың өрт қауіпсіздігін арттырудың тиімді тәсілі болып табылады.
Объектіде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиісті деңгейіне
қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын орындау арқылы қол
жеткізуге болады, осы деңгейді қамтамасыз етуде өрт автоматика жүйесі
едәуір үлесін қосады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, объектіде өрт
автоматикасын дұрыс әрі орынды пайдалану объектідегі адамдардың
қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай - ақ өрттен байланысты материалдық
залалдарды азайтуға мүмкіндік береді.
Еліміздің үдемелі инновациялық-индустриялық даму жағдайында
заманауи дабыл автоматикалық қондырғыларын (жүйелерін) енгізудің
объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басым мәні бар.
Өз кезегінде, олардың сенімді түрде жұмыс істеуі өрт - техникалық өнімнің
сапасына, жобалау мен монтаждауға, әсіресе, жөнделген қондырғыларды
пайдалануға қабылдау сапасына және дер кезінде қызмет көрсетуге
байланысты болады.
Ұсынылып отырған басылымда мемлекеттік өрт бақылау органдарының
автоматты өрт сөндіру жүйелерінің (қондырғыларының) және автоматты өрт
дабылы қондырғыларының (жүйелерінің) оларды пайдалануға қабылдау
қарсаңында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бақылау ерекшеліктері
жазылған.Осы әдістемелік ұсыныстар нормативтік құқықтық акт болып
саналмайды және жаңадан салынып жатқан, сондай - ақ пайдаланудағы
ғимараттар мен құрылыстарда автоматты өрт сөндіру қондырғыларын
(жүйелерін) және өрт дабылы қондырғыларын (жүйелерін) пайдалануға
қабылдайтын мемлекеттік өрт бақылау қызметкері үшін көмек ретінде
дайындалған. Бұны өрт сөндіру қондырғыларын (жүйелерін) және өрт дабылы
қондырғыларын (жүйелерін) жобалаумен, монтаждаумен және пайдаланумен
айналысатын инженерлік - техникалық қызметкерлер де қызығушылық
танытып, қолдана алады [1].
ӨҚКДЖ жүйесіне деген жалпы талаптар
Технологиялық объекттерді қорғау әдістері және құралдары,
технологиялық процесстер мен аспаптық ресімдеу ерекшеліктерінің, қауіптілік
және апаттық жағдайлардың пайда болуы мен даму сараптамасының негізінде
таңдалады.
Қауіпсіздік жүйесі мыналарды қамтамасыз етуі керек :
1. Технологиялық параметрлердін құрылғыларынан аналогты және
дискретті мәліметтер жиынтығын, және атқарушы механизм күйлерінің
дискретті параметрлерін;
2. Дұрыс кіретін мәліметтерді ерекшелеу;
3. Кіретін мәліметтер талдауы және логикалық өңделуі;
4. Атқарушы механизмдерге екі позициялы басқару сигналдардың
автоматты беруді;
5. Мақұлдаған рұқсат ету шарты, немесе арнайы оперативті панелімен
кезінде САУ операторлық блоктардың атқарушы механизмдерін қашықтықта
бақылау;
6. Дабыл, тіркеу және архивтеу үшін ӨҚКДЖ жүйесінен оперативті
ақпаратты САУ-ға жіберу (параметрлердің ауытқуы, атқарушы механизмдердің
іске қосылуы және т.б.);
7. Технологиялық процесстің тоқтаудың басқы себептерін ерекшелеу.

1.3 Күзет қауіпсіздігі және өрт сөндіру жүйелерінің түрлері

Апатқа қарсы қорғанысты өндеу автотұрақта орындалады, және апатқа
қарсы қорғаныстың көп бөлігі өртті анықтауға, тоқтатуға және өрттен қорғауға
бағытталған.
Қауіпсіздік жүйелерінің қазіргі нарықта ұсынылатын барлық өрт
дабылдарының жүйелері, өзінің жұмыс істеу мүмкіндіктеріне қарай үш топқа
бөлуге болады:
- адресті емес;
- адресті;
- адресті-аналогты.
Адресті емес (табалдырықты) осы жүйеде адресті емес
хабарлағыштардың бекітілген сезімталдылық табалдырығы бар, сонымен қатар
хабарлағыштар тобы күзету-өрт дабылдарының біреуі іске қосылған жағдайда
жалпы дабыл сигналы қалыптасатын күзету-өрт дабылдарының жалпы
шлейфіне қосылады (станциядағы бөлме туралы құрылғы номері көрсетілмейді,
тек қана шлейф номері ғана бастамашылық етеді ). Адресті емес жүйелерді
қолдану үлкен емес объектілерде қолдану тиімді (30-40 көп емес бөлмелер).
Адресті – берілген жүйелерде қоршаған ортаның жағдайын сараптамалау
мен сигналды қалыптастыру құрылғының өзімен жүзеге асырылады, бірақ
дабылдар шлейфінде өрт аймағы туралы нақты ақпаратты беретін қай
хабарлағыш іске қосылғандығын анықтауға мүмкіндік беретін алмасу хаттамасы
іске асырылады.
Адресті-аналогты – өрт дабылдарының жүйесі "интеллектуалды" болып
табылады, өйткені белгілі бір хабарлағышқа белгілі бір адрес бойынша барып,
жауапқа қабылдау-
бақылайтын панель хабарлағыш жағдайы туралы
айғақтайтын аналогты мәнді алады. Алынған мәліметтер сақталады, жиналады,
және әр жаңа қарау кезінде белгілі бір алгоритм бойынша өнделеді. Панель бұл
талдау нәтижелері негізінде шешім қабылдайды: "нормалы күй", "ақаулық",
"хабарлағыштың ластануы " немесе "Өрт", осылайша "Өрт" күй туралы
құрылғыға жүктелмеген, ал өте сенімді және арнайы бағдарламалық
жасақтамасымен арнайы компьютер болып табылатын қабылдау- бақылайтын
аспапқа жүктелген. Осыған байланысты жалған іске қосылу ықтималдықтары
төмендейді, жүйенің сенімділігі жоғарылайды, оның қызмет көрсетілуі
жеңілдейді.
Автоматты өрт қауіпсіздігі және күзет жүйесі келесі құрама бөліктерден
тұрады :
- адресті және адресті емес өрт хабарлағыштары;
- қабылдау-бақылау аспабы;
- хабарлағыштар – жарықтық (жалтырау шамдар) және дыбыстық
(сиреналар), көрсеткіш тақта және т.б.;
- атқарушы құрылғылар - өрт сөндіру жүйелері, автоматика құрылғылары
және т.б. Үзіліссіз қоректену.
Күзет қауіпсіздігі және өрт дабылдар жүйелерінің функциялары:
- өртті анықтау әр түрлі анықтау қағидалары мен ақпаратпен алмасу мен
өндеу әр түрлі әдістерімен автоматты өрт хабарлағыштары арқылы іске
асырылады;
- хабарлағыштан келіп түсетін ақпаратты өндеу, және операторға
нәтижелерді шығарып беру, орталық станциямен және басқару пультімен іске
асырылады;
- өртті сөндіру үшін қызметкерлерді және өрт бөлімшелерін хабарландыру
үшін алдын ала жазылып қойған әрекеттерді орындау, орталық станциямен,
және де өрт бөлімшесінің жылдам және нақты әрекет етуімен орындалады.
Барлық үш түйін өзара тығыз байланысқан, және дабыл жүйесінің жұмыс
тиімділігі толықтай оның құрамдас бөліктерінің әр қайсысының сенімділігі мен
тұрақтылығына тәуелді болады. Алайда, кәсіптік қауіпсіздік жүйелерін жасау
кезінде ең негізгі рольді өрт хабарлағыштары атқарады. Дәл солар өрт ошағын
жылдам және сенімді анықтауы қажет [2].
1.4 Өрт хабарлағыштарының түрлері
Өрт хабарлағыштары жұмыс қағидаты бойынша жіктеледі:
1. Оптикалық түтіндік (оптика-электронды) нүктелік табалдырықты.
Детектор хабарлағыштың түтіндік камерасында түтіннің бар болуына
әрекететеді. Камерада белгілі бір бұрыш астында оптикалық жұп орнатылған –
ИК сәулелену көзі мен фотоқабылдағыш – қалыпты жағдайда сәулелендіргіштен
жарық фотоқабылдағышқа келіп түспейді. Түтін пайда болған кезде жарық (ИК
сәлелену) оның бөлшектерінен шағылыса басталайы да фотоқабылдағышқа
түседі. Сәуле әсерінің астында фотоқабылдағыш тоқ тудыра бастайды, ол үлкен
болған сайын, көбірек түтін камерада және, көбірек сәуле оған тиеді. Кейбір
алдын ала анықталған мәнде хабарлағыш "Өрт" күйіне өтеді. Бұл күй
құрылғының ішкі кедергілері қатты кішірейтумен және тоқтардың қатты өсуі
бойынша хабарлағыш арқылы бейнеленеді.
Берілген типті хабарлағыштар бүгінгі күнде кеңінен таралған.
Кемшіліктері:
- шаңнан жасқанады;
- резеңкенің, кабел оқшаулағышының, битумның, мұнайдың және т.б.
жануы кезінде пайда болатын "қара" түтінге жаман әрекеттеседі.
2. Иондалған түтіндік нүктелік табалдырықты. Оң және теріс иондарды
тудыратын екі электрод арасында ауаны иондаған әлсіз радиоактивті көз
иондалған хабарлағыштарда қолданылады, осылайша, аз шамалы тоқты
тудырады. Түтін бөлшектері иондаған бөлшектерді тартады, ол оң және теріс
иондардың қосылуына алып келеді. Иондалған камерадағы тоқ күші төмендеген
сайын иондар саны да төмендейді.
Иондалған хабарлағыштар кішкентай бөлшектері бар түтіндерге ерекше
сезімтал. Түтіннің осындай түрі жылдам жанатын өрттер кезінде шығарылады,
мысалы, өртке қауіпті сұйықтарда немесе қағаз материалдарды сақтау
аймақтарында. "Қара" түтінге сезімтал. Үнемі адамдар болатын бөлмелерде
орнату рұқсат етілмеген......
23.12.2018
Вернуться назад