DataLife Engine / Бағдарламалау | «Web-технология» бойынша электронды оқу кұралын құрастыру .

Бағдарламалау | «Web-технология» бойынша электронды оқу кұралын құрастыру .

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
БӨЛІМ 1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5
1.1 Электрондық оқу құралы 5
1.2 Қойылатын талаптар 7
1.3 Құрамына қойылатын талаптар 8
1.4 Мазмұнына қойылатын талаптар 9
БӨЛІМ 2. WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 12
2.1 Интернет және web сайт туралы түсінік 12
2.2 Сайтқа қойылатын талаптар 14
2.3 Сайт жоспары 16
2.4 Бағдарламалау технологиясы 17
БӨЛІМ 3. DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ 21
3.1 DELPHI ортасы, негізгі түсініктер 21
3.2 «Web-технология» бойынша электронды оқу кұралымен жұмыс 35
3.3 Оқулық сипаттамасы 36
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
ҚОСЫМША 1. ПӘН СИЛЛАБУСЫ 58
ҚОСЫМША 1. БАҒДАРЛАМА КОДЫ 58

КІРІСПЕ
Оқытуда қолданылатын электрондық ресурстар жоғары оқу орындарындағы сәйкес пәндердің тиімділігін көтеріп қана қоймайды, студенттің ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы мен әдістерін жақсартады.
Жоғары білім беру жүйесінде ақпараттық құралдар мен телекоммуникациялық технологияларды қолдану жаңа қоғамның дамуындағы практикалар мен негізгі тенденцияларға сәйкес болғандықтан заңды болып табылады. Қазіргі заманғы мамандардың кәсіби ортасында жүргізілетін өзгерістерді талдау, келесідей нәтижелерге қол жеткізеді:
• біріншіден, жаңа қоғам, ақпараттық мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген және ақпараттық орта жағдайында шешім қабылдауға қабілетті мамандардың жаңа түрлерін қажет етеді;
• екіншіден, осы шарттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі күні қоғамның әлеуметтік тапсырысын толық орындауға қабілетсіз болып отырған, жоғары оқу орындарында бакалаврлар мен магистрлерді дайындау жүйесіне өзгеріс енгізу керек.
Бұл мәселені шешуде, жоғары оқу орындарында мамандар дайындау процесіне оқытуды жекелендіруге, білім алушының оқу-танымдық қызметін белсенді етуге, кәсібилікке жақындатуға көмегін тигізетін, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу керектігін зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр.
Осы түлектік жұмыста «Web-технология» бойынша электронды оқу кұралын құру толығымен қарастырылады.
Электрондық оқулықтар мен ақпараттық технологиялар оқытуға маңызды басымдылықтар әкеледі. Олар:
• оқу процесін интенсификациялау;
• студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
• оқытушыларды оқу сабақтарын қалыптастыру мен нәтижелерін тексерудің жаңалығы;
• білім алушының білімін жиі әрі жедел түрде бақылап отыру мүмкіндігі.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, түлекті жұмыс тақырыбы өзекті мәселердің бірі.

БӨЛІМ 1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Электрондық оқу құралы
Заман талабына сай білімнің беру саласын жетілдіру әрі сапасын арттыру процессі жүріп жатыр. Білімнің беру саласының жетілдіруде және сапасын арттыруда электрондық оқу құралының маңызы өте жоғары.
Оқу процесінде ақпараттық технологияларды енгізу білім алушының озіндік жұмыстарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Студенттердің өзіндік жұмысының сферасын кеңейту оның оқу процесінде үлесін ұлғайтуға алып келеді.
- Электрондық оқу құралы – программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтінді, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар жиынтығы;
- Электрондық оқу құралы – оқыту және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендірілген, сонымен қатар оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртұрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін, электрондық оқұ құралы;
- Электрондық оқу құралы құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген оқу құралы тұріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу құралы;
- Электрондық оқу құралы – құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, пракикумға, курстық және дипломдық жұмыстар дайындауға, әдістемелік нұсқаулары бар берілген оқу құралы тұріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу құралы.
Электронды оқулықтардың негізгі түрлері оқу процессінде олардың мәні мен орнын анықтайтындай функционалды белгісі бойынша таратылған мәтіндік оқу құралы болып табылады
1. Бағдарламалық - әдістемелік электроныд оқулық: оқу жоспары, оқу багдарламасы.
2. Үйретуші электронды оқулықтар: мультимедиалық оқулықтар, электронды мәтіндік оқулық, электронды оқу құралы, лекциялар электронды нұсқасымен.
3. Қосымша электронды оқулықтар: практикум, құжаттардың және материалдардың, сөздіктердің жиынтығы.
4. Оқу - әдістемелік электронды оқулық: әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар.
5. Бақылаушы электронды оқулық: тестілейтін бағдарлама, бақылау сұрақтарының және тапсырмаларының бланктері.
6. Оқу – әдістемелік материалдар оқу іс әрекетінің барлық түрін қамтамасыз ету керек.

1.2 Қойылатын талаптар

- ЭОҚ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатыныстары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
- ЭОҚ анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек және қолданушының назарын өзіне аударатын және оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
- ЭОҚ әртұрлі мамандықтар үшін олардың типтің оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
- ЭОҚ-да интерфейс көрнекті, тұсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОҚ -ның тұгел және оның бөлек бөліктерінің функцияларының логикасын тұсінуге көмектесетін тұрінде келтірулі керек.
- ЭОҚ-да имитациялық компьютерлік моделдер оқылатын объектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту, сонымен қатар, сыртқа әрекеттердің имитациясы үшін ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік модельдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі керек.
- ЭОҚ қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу керек. ЭОҚ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған комьпютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОҚ ашық ортада глобальды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
- ЭОҚ қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің версиясын ескере автоматты тұрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандартына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу керек.
- ЭОҚ тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (элект өшуі, операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін ЭОҚ -ның жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.
- ЭОҚ қолдану процесінде ЭОҚ-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті болдырмау мүмкіндіктері болу керек.

1.3 Құрамына қойылатын талаптар

Электрондық оқу құралының құрамына :
- мазмұны
- утилиталар
- көмекші
- құжаттама енгізілуі керек.
- Титулда электрондық оқу құралының шығу мәліметтері орналасады.Шығу мәліметтеріне қойылатын талапта сәйкес тарауда келтірілген.
- Тақырыптамада электрондық оқу құралының құрылымы мен барлық семантикалық оқу бірліктерінің аттары көрсетілуі керек.
- Мазмұнда электрондық оқу құралының мақсаттары және есептеріне қатысты және сол арқылы білімдерін қорытынды бағалауынөткізуге қажет барлық оқу материалы берілуі керек.Оқу материалы ғылыми технологияны пайдаланып тұсінікті, дәл , толық және қарамақайшылықсыз жазылуы керек.
- Утилиттер пайдаланушыларды тіркеу,статистикалық деректерді шығару, мазмұнды қарау, оқу траекториясын анықтау және сонымен оқыту, ағымдағы, аралық, белестік және қорытынды тестілеуді жүргізу үшін арналған.
- Көмекші элементі электрондық оқу құралының жұмысын басқару бойынша ақпарат және электрондық оқу құралын іске қосылу моментінен бастап іске қосылуын қамту керек.....
23.12.2018
Вернуться назад