DataLife Engine / Дене шынықтыру | Баскетбол ойыныныдағы ойындық әрекеттердің әдістемелік негіздері

Дене шынықтыру | Баскетбол ойыныныдағы ойындық әрекеттердің әдістемелік негіздері

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................... 3
І-тарау. ОЙЫННЫҢ СИПАТЫ
1.1. Ойын туралы заманауй көзқарастар......................................... 6
1.2. Әлемдік баскетбол тенденциясы............................................... 9
ІІ-тарау. СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Балалармен жұмыс істеудің ұйымдастырылған түрлері……. 12
2.2. Балалар мен жасөспірімдер тобымен жұмыс жасау ерекшеліктері..............................................................................
13
2.3. Балалардың, жасөспірімдер мен жігіттердің жас-жыныстық жалпы сипаттамасы....................................................................
14
2.4. Алғашқы дайындық.................................................................... 14
2.5. Оқу-жаттықтыру топтарындағы дайындық............................. 16
2.6. Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық........................ 18
2.7. Баскетболшыларды дайындау жүйесіндегі іріктеу................. 19
ІІІ-тарау. ЖАТТЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
3.1. Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері................................ 26
3.2. Спорт жаттықтыруының әдістері.............................................. 26
3.3. Дене дайындығы......................................................................... 30
3.4. Әдістік дайындық....................................................................... 38
3.5. Тәсілдік дайындық...................................................................... 39
3.6. Ойын дайындығы....................................................................... 44
3.7. Жарыс дайындығы...................................................................... 46
3.8. Психологиялық дайындық......................................................... 47
ІV-тарау. ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
4.1. Баскетболды оқыту әдістемесінің жалпы сипаттамасы.......... 49
4.2. Әдісті үйрету .............................................................................. 50
4.3. Оқытудың дидактикалық принциптері..................................... 52
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................ 60
Әдебиеттер тізімі........................................................................ 61

Зерттеудің өзектілігі. Студенттердің оқытушымен бірлескен, жұмысы теориялық білімдібекітуге тереңдетуге себін тигізеді, оқу-әдістемелік жзәне тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқыту процесінде педагогикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға жағдай туғызады.
Практикалық сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын ұтымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдістемесін меңгереді, жалпы арнайы дене дайындығының тәсілдерін оқыту әдістемесін оқиды.
Жаттықтыру және үйрету әдістемесінен, тактика мен техника негіздерінен студенттердің алған білімдерін нақтылайтын және тереңдететін әдістемелік сабақтар негізгі сабақтың құрамджас бөлігі болып табылады. Жастары және дайындық деңгейі әртүрлі топтағы шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.
Оқу практикасы студенттердің жоғарғы оқу орнында оқыған кездерінің барлық кезеңінде практикалық сабақта жүргізіледі. Оқу практикасы бойынша сабақта жетекші оқытушы студенттерге педагогикалық шеберплікті қалай меңгеру керектігін үйретеді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетеді, студенттерге жаттығудың орындалуын қалай керектігін, қателіктерді анықтап, оның алдын алу жолдарын үйретеді, ұйымдастырушылық әрекеттерін дамытады.
Кәсіби-педагогикалық дағдылар барлық оқу сабақтарының процесінде, сондай-ақ ұйымдастыру-педагогикалық практика барысында қалыптасады және жетілдіріледі.
Спорттық шеберлігін арттыру сабағында студенттер өздерінің спорттық дайындығын жетілдіреді, сонымен бірге оқытушы-жаттықтырушыға, төрешіге, шараларды ұйымдастырушыға қатысты білік-дағдыларды да иегере түседі. Жарысқа қатысу студенттердің өз шеберлігін арттыру үшін оқу жұмысының міндетті, маңызды бөлімі болып саналады.
Өзіндік жұмыс кезінде студенттер бағдарламалық материалды оқулықтардан, оқу құралдарынан, ғылыми журналдардан оқиды, сондай-ақ оқытудың мынандай жаңа технологиясын пайдаланады. Оқу және әдістемелік әдебиеттердің электрондық жорамалдары бойынша дистанциялық оқыту, бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі «Интернеттен» және басқада компьютерлік бағдарламалардан ақпараттар алу.
Сонымен қатар олар курстық жұмыспен үй тапсырмаларын орындайды және қосымша дене жаттығуларымен шұғылданады.
Студенттерді баскетбол ойынының техникасына, тактикасына, терминология мәселесіне, баскетболшылардың ойын әрекетінің тәсілдерін жүйелей білуге, дене тәрбиесі мен тұрғындарды сауықтырудың барлық жүйесіндегі баскетболдан сабақ беру әдісін, сонымен қатар, жалпы дамытушылық және арнайы жаттығуларды құрастыра білуге, жаза білуге, ойын техникасы мен тактикасы бойынша жаттығуларға, сабақтың кейбір бөлімдеріне, сабақтың өтуіне үлкен мән беруі керек. Баскетбол бойынша оқу тәртібінде сабақты жүргізе білу, ұйымдастыра білу дағдыларын игеру керек. Балалардың жас ерекшелігін ескеріп, сабақтан тыс уақытта секциялық жұмыстарды ұйымдастыра білуі керек және дене тәрбиесінің оқытушысы ретінде еңбекке дайын болу керек.
Студенттерінің оқу процесі баскетболдың даму тарихын зерттеуге бағытталған, оның қазіргі жағдайы, оның дамуының келешегі, ойынның техникасы мен тактикасын жетілдіру жолдары, жаттықтыру әдісін үйрену, жоғары дәрежелі баскетболшылар мен жоғары спорттық разрядтағы командалар даярлаудағы кәсіби біліктілікті жетілдіру.
Зерттелу деңгейі. Оқу барысында студенттер мамандандыру бойынша дайындалған курстық және дипломдық жұмыстарын қорғайды. Студенттер курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарымен жұмыс істей отырып, материалды терең оқудан басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеңіл әдістерін, алынған нәтижелерді талдау біліктіліктерін меңгереді және соның негізінде тиісті қорытындылар мен тәжірибелік нұсқаулар жасауға үйренеді.
Болашақ мамандарды дене мәдениеті мен спорт бойынша теориялық дайындауда маңызды орында олардың ғылыми-зерттеу жұмысында белсенділік көрсетуі. Студенттер ғылыми үйірмелерге қатысып, кафедрадағы ғылыми жұмыстар тақырыбы бойынша тапсырма орындауы керек.
Сонымен қатар студенттер оқу барысында жарыстар мен сабақтарға спорттық құрал-жабдықтарды дайындауды, спорт алаңдарын дайындауды үйренуге міндетті.
Студенттердің үлгерімін есепке алу, жоғарғы оқу орны белгілеген мерзімде екі шектік бақылау және емтихандар түрінде жүргізіледі. әр семестрде мамандандыру пәндерінің атаулары қайталанбайды. Семестрде алған білім емтихан түрінде бағаланады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті және спорт бойынша әртүрлі құрылымдық мекемелерге студенттерді баскетболдан кәсіби-педагогикалық жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарына дайындау.
Жұмыстың тапсырмалары:
- Спорттық машықтанудың ілімі, әдістемесі мен тәжірибесі бойынша білім беру;
- Баскетболдан оқыту әдістемесінде және баскетбол ойынының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру;
- Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және спорттық құрылыстарды, спортшының сыртқы пішіні мен спорттың киімін ұқыпты ұстаудың гигиеналық нормаларымен таныстыру және оларды орындауда дағдыны қалыптастыру;
- Әртүрлі ойын жүйесі мен ойын сәттері кезінде, ойыншылардың алаңдағы тактикалық өзара әрекеттестігіне байланысты (бойынша) дағдыны қалыптастыру және білім беру;
- Оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау бойынша біліктілікті қалыптастыру;
- Студенттерді әртүрлі жастағы топтармен жұмыс істеуге ауызша және тәжірибе жүзінде дайындау;
- Спорттың дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіздері және ғылыми-зерпттеу жұмыстары бойынша дағдыларды қалыптастыру.
Оқу барысында баскетбол саласындағы болашақ маманға мынадай біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру қажет.
1. Баскетболшыларды дайындаудағы спорттық машықтанудың ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін білу.
2. Дене жүктемелеріне бейімделу және жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі топтарындағы баскетболшылардың спорттық дайындықтарын басқару әдістемелерін және құралдарын меңгеру.
3. Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру.
4. Баскетбол ойынының техника-тактикалық тәсілдерін игеру және төртінші курста жоғарғы шеберлікке жету.
5. Әртүрлі спорттық дәрежедегі спортшылар үшін машықтану процесін құру, үйрету әдістемесін игеру (микро-, мезо-, макроциклдерді құру).
6. Команданы басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты және спорттық дайныдық деңгейін бақылауға байланысты дағдыларды игеру.
Зерттеу объектісі. Бағдарлама студенттердің баскетбол командаларының спорттық жаттығуын, баскетболды оқыту әдістемесі мен ілімін оқып-үйренуін, әртүрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық ұйымдастыру жұмыстарын атқару үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.
Баскетболдан оқу жұмыстары дәрістер, семинарлар, әдістемелік және тәжірибелік сабақтар, педагогикалық-ұйымдастыру тәжірибелері, спорттық шеберлікті көтеру сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде өткізіледі.
Ақпараттық және мәселелік дәрістерде баскетболдың даму тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, баскетболдың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлұматтар хабарланады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.

І-тарау. ОЙЫННЫҢ СИПАТЫ

1.1. Ойын туралы заманауй көзқарастар

Баскетбол ұжымдық ойын. Ойын 28х15м көлемдегі алаңда, 5 адамдық командалар арасында 40 минут барысында 10 минуттық үзіліспен ойналады.
Ойын мақсаты – қарсылас шығыршығына көп мөлшерде доп салу.
Баскетбол ойынындағы соңғы нәтиже өте айрықша.
- соңғы нәтижеде үлкен сандық көрсеткіш (орта есеппен бір ойында 80-85 ұпай);
- аралық нәтижелердің өзгеру жиілігі (орта есеппен әрбір 30 сеундта есеп өзгеріп отырады);
- тең нәтижесінің болмауы, яғни сайыстың тең шешілуі мүмкін емес.
Табысқа жету үшін барлық команда мүшелерінің әрекетінің үйлесімділігі, өз әрекеттерін ортақ мақсатқа жұмылдырулары қажет.
Командадағы әрбір ойыншының әрекеті олардың алатын орнына қарай нақты бағытта жүргізіледі:
- орталық ойыншы – бойы ұзын, дене бітімі шымыр, төзімді және серпінді болуы тиіс;
- шеткі шабуылшы – бұл ең алдымен ұзын бой, шапшаңдық, секіргіштік, уақыт пен кеңістікті сезінуінің жақсы дамуы, мергендік қабілет ойын барысын бағалай білу мен батыл және шешімтал шабуылдай білу;
- қорғаушы өте шапшаң, қозғалғыш және төзімді, танығыш әрі мұқият зейінді болуы тиіс.
Ойыншыларды қызметі бойынша бөлу – ойын әрекетінің негізгі принциптерінің бірі. Ойыншыларды ойын амалдары мен алаңдағы орналасуына қарай ғана емес, сондай-ақ оларды психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай да ажыратады.
Ойын әрекетінің нәтижелігі мидың уақытқа шапшаң жауап беру көрсеткіштерімен байланысты. Барынша шоғырланған мидың уақытқа шапшаң жауап беруі уақытты сезіну болып табылады, оны баскетболшының арнайы қабілеттерінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. «Уақытты сезінуді» дамыту негізінде сезім кешендерінің әрекеті жатыр, яғни уақытты қабылдау кеңістікті қабылдаумен байланысты. Түрлі амплуадағы баскетболшылар уақыт аралықтарын айрықша қабылдай білуі қажет. Артқы сызықтағы ойыншылар 5-10 с аралығында бағдар алуы тиіс, бұл ойынды ұйымдастырумен байланысты, орталықтағылар, айып алаңындағы белгіленген ережелермен 3с аралығында, алдыңғы сызық ойыншылары лақтырудың тұрақты аралығымен 1с.
Командалар өз ойларын жасырын ұстанып және сонымен бір сәтте қарсыласының жоспарын ашуға тырысып, қарсыласынан озуға тырысады. Ойын өз команда ойыншыларының өзара әрекетімен және допты алып қойып, шабуылды ұйымдастыруға барлық күші мен білігін салған қарсылас жүргізіледі. Осыған байланысты бірінші кезекте ойыншының жедел ойлауына талап қойылады. Спорт ойындарының өкілдері спорттың көптеген басқа түрлерімен салыстырғанда шешім қабылдау шапшаңдығымен едәуір ерекшеленеді. Ойлау шапшаңдығы, әсіресе жағдайдың өзгеруі мүмкіндігін есепке алу қажет болғандағы, сондай-ақ көңіл-күйге қысым түскен жағдайларда шешім қабылдауда өте маңызды.
Баскетболшылардың ойын әрекетінің табыстылығын анықтайтын психофизиологиялық қызметті бағалау үшін қимыл әрекеттерінің шапшаңдығы мен дәлдігін, сондай-ақ зейінді аудару, бөлу және оның көлемін зерттеу әдістері қолданылады.
Допты торға салу үшін қарсыласының қарсылығын бағындыру керек, бұл егер ойыншы белгілі бір тәсіл мен әдіс амалдарын білетін болса, шапшаң қозғалып, бағыты мен қозғалыс жылдамдығын тез өзгерте білсе ғана мүмкін болады. Баскетболшының негізгі ойын әрекеттерінің параметрлер көрсеткіші 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. Ойын нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштері
(бір ойынға орта есептен)
Ойын
көрсет-
кіштері
жынысы Жалпы нәтижелілігі (ұпайлар) Ойынның доптық дәл түсуі (%) Кері ұшып шығу Голдың доп беру Доптан айырып қалу
өз қалқаны Қарсылас қалқаны
Ерлер әйелдер

Ойындағы баскетболшының әрекеті тек жекелеген қорғау мен шабуыл амалдарының қосындысы ғана емес, ол біріккен қарқынды жүйеге ортақ мақсатты біріктіретін қимылдардың қосындысы. Команда ойыншыларының дұрыс өзара әрекеті ұжымдық қимылдардың негізі, ол команданың ортақ мүддесіне жетуге бағытталып, әрбір ойыншының бастамасы мен шығармашылық белсенділігіне сүйенуі тиіс.
Әрбір ойыншы тек шабуылдап қана қоймай, сондай-ақ өз орнын белсенді қорғауы тиіс. Қарсыласынан допты тартып алып немесе оған еркін доп салуға жол бермес үшін қарсылас команданың ойыншыларының, әріптесінің және доптың тұрған орнын ескеріп, оның барлық қимылдарына дер кезінде және дұрыс жауап беруі қажет. Ойын әрекеті қимыл дағдыларының тұрақтылығы мен өзгермелілігіне, дене сапаларының даму деңгейіне, ойыншылардың денсаулық жағдайы мен ақыл ойына негізделеді.
Жарыстарға қатысқанда баскетболшы үлкен жұмыс атқарады да, 5000-7000м аралықты бағындырады, бұнда 130-140 рет секіру мен көптеген жұлқу (120-150-ге дейін) үдетулер мен аялдаулар жасайды. Жоғары жылдамдықта қозғалу допты беру мен торға тастаумен жалғасады. Зерттеулер 40 минут ойынға ауысусыз қатысқан баскетболшы доппен небары 3,5-4 мин. қана жұмыс жасайтынын, ал қалған уақытта допсыз ойнайтынын көрсетті.
Соңғы кезде ойын біршама қарқын алды. Бұл алдымен ойыншылардың қозғалғыштығы мен айла тапқыштығының артуымен доп үшін немесе алаңның әрбір бөлігіндегі орында қарқынды күрес жүргізуге ұмтылуынан көрінеді. Ойын барысындағы қарқынды дене әрекеті үлкен күш жұмсауды талап етеді.
Ойын әрекетін қуатпен қамтамасыз ету аралас сипатта болатыны белгілі (аэробтық-анаэробтық). Аэробтық мүмкіндіктердің негізгі көрсеткіштері – баскетболшылардағы оттегіні тұтынудың ең жоғарғы көлемі біліктілігінің артуына қарай өседі және спорт шеберлерінде ол 5,1 минутқа жетеді (шамамен, 1 кг салмаққа 60 м). Ойын барысында баскетболшы жоғарғы қуат потенциалының 80-90%-ын пайдаланады.
Ағзаның қызметтік жағдайының маңызды көрсеткіші жүрек-қан тамырлар жүйесі. Жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) дене жүктемесінің деңгейін көрсететін кардиологиялық белгі болып табылады. Ойын барысындағы баскетболшылардың ЖЖЖ 180-210 сек/мин-қа жететіні белгілі.
Жаттықтыру жүктемесінің көлемі ойыншының орындаған кез-келген жаттығуының оның ағзасына әсер ету деңгейін бейнелейді. Әрбір жаттықтырушы пайдаланатын жаттығулардың машықтандыру әсерлерін және оларды ағзадағы физиологиялық өзгерістер сипатына қарай жүйеленуін білуі керек. Баскетболшылардың арнайы жаттығуларының ағзаның жауап беруі бойынша түбегейлі айырмасы бар екенін зерттеу көрсетті. Мысалы, айып добын салуды орындағанда ЖЖЖ орта есеппен 128 сек/мин. құрайды, оттегіні тұтыну деңгейі жоғары шамадан 30% болады, орташа қарқындылықпен орындалатын арнайы жаттығуларды жасағанда ЖЖ 140-150 сек/мин. шамасында, оттегіні тұтыну деңгейі – ЖОТ-дан 50% шамасында болады. Ойын жаттығуларын орындағанда ЖЖЖ 172-187 соқ/мин. оттегі қарызының шамасы 5-7 минутқа жетеді.
Жаттықтыру жүктемесінің деңгейі бойынша типтік жаттығуларды топтастыру қуатпен қамту және қажетті бағытпен жүрек жиырылу жиілігінің өзара байланысы негізінде белгіленген педагогикалық міндеттерді шешуге құрылады (2-кесте).

2-кесте. Жаттықтыру мен жарыс қимылдарының қуатпен
қамтылу көрсеткіштері
Жаттығудағы ЖЖЖ (соқ/мин) Жүктеме көлемі Қуатпен қамтылу сипаты Қажетті бағыт Жүктеме көлемінің бастапқы бағасы (ұпаймен)
140-қа дейін Кіші Аэробты Қолына келтіруші 20
140-160 Орташа Аэробты-анаэробты Жеткен даму деңгейін ұстап тұрушы 30
160-180 Үлкен Анаэробты гликолитикалық Дене сапалары мен жұмыс қабілетін 40
180-нен жоғары Шектеуге жақын Анаэробтық -алактатты Арнайы төзімділік пен табандылықты дамытушы 50
180-210 (ойын жаттығулары, ойындар) Ең жоғарғы Аралас Жетістігін іске асыру 80

Бір ойында спортшы 2-5 кг салмақ жоғалтады. Жынысы мен білігіне қарай спортшылардағы қуат шығыны әртүрлі.
Егер ойыншылардың жүйке жүйесіне үлкен қысым түсуі мен жеңіске жету үшін рухани-ерік күші қажеттігін ескермесе ойынның мәні толық ашылмаған болар еді. Баскетболшылардың әрекетін сипаттайтын жақтардың барлығын білу оқу-жаттықтыру және жарыс процестерін жоспарлауға, нормативтік негіздері немесе үлгілік сипаттамаларды құруға көмектеседі, оған жетуге оқу-жаттықтыру процесі түгелдей бағытталуы тиіс.

1.2. Әлемдік баскетбол тенденциясы

Соңғы жылдардағы халықаралық жарыстарда жүргізілген бақылаулар сараптамасы осы спорт түрін сандық және сапалық тұрғыдан дамытуға болжам жасаудың сенімділігін жеткілікті деңгейде білуге мүмкіндік береді:
- олимпиада ойындарында, әлем және Еуропа чемпионаттарында жоғарғы орындарды талассыз иеленетін жоғары білікті мамандардың үнемі санын көбейту, бұл командалардың шабуыл және қорғаныс әрекеттерінің тұрақтылығын, белсенділігін, ықпалдылығын, тәсілдік-тактикалық көрсеткіштерді теңестіру, олардың арасындағы бәсекелестікті күрт өсіру;
- жарыс әрекетінің дене және психикалық қысымын біршама көтеру;
- шабуыл ойындарында да, сондай-ақ қорғаныста да белсенді шабуыл сипатымен байланысты нағыз жауапты ойындарда елеулі кемшіліктер көрсетпейтін, әлемнің ең күшті командалары ойыншыларының тәсілдік-тактикалық шеберлігін, шабуыл мен қорғаныстың үйлесімділігін, атлетизмге, ойша елестетуге, дәлдік пен тұрақтылыққа бағытталуын тоқтаусыз дамыту;
- шабуылдағы дара шеберліктің шапшаң өсуі, ол амалдар мен финттерді орындаудағы жеңілдік, бірізділік, мәжбүрліксіз орындауда, қимылдың шапшаңдығы мен жылдамдығының өсуінде, өзгеріс ауқымын кеңейту мен қимыл ойын дағдыларын басқаруда, тығыз қорғаныс арқылы, тез доп беруде, алдап өтуде, дриблингте, өте алыс нүктеден торға доп салуда және топ жарып күшті доп берудегі тиімді әдістердің сан алуандығынан көрінеді;
- қорғаныстағы ойынның әсерлілігі мен сапасын арттыру ең алдымен қарсыласының диспетчері, мергенімен арақашықтығын қысқартуға ерекше тығыз бақылаумен (бірақ артық, фолсыз) алаңның өзіне тиесілі бөлігі бойынша тығыз, жеке қорғанысты белсенді пайдаланумен добы бар қауіпті орталық ойыншысына және қалқанға өтуге қарсы кезеңдегі зейінді шоғырландырумен байланысты;
- қорғанушы команданың қорғанысты жүзеге асыруға доп үшін немесе алаңның әрбір бөлігіндегі орын үшін қарқынды күрес жүргізуге, ойын...
21.12.2018
Вернуться назад