DataLife Engine / Дінтану | Тәрбие және ислами тәрбие

Дінтану | Тәрбие және ислами тәрбие

Мазмұны


Кіріспе
I тарау. Тәрбие және ислами тәрбиесіне жалпы көз-қарас.

1.1. Тәрбие және оның даму тарихы..................................................
1.2. Құран және оның тәрбиелік мәні................................................
1.3. Ислам тәрбиесінде Мухаммед пайғамбардың орны...............

II тарау. Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы.

2.1. Бала тәрбиесі туралы ислам ғалымдарының тұжырымдамалары......................................................................
2.2. Бала тәрбиесінде – жанұя.............................................................
2.3. Исламда бала тәрбиесінің принциптерімен әдіс-тәсілдері.....

Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................

1.1. Тәрбие және оның даму тарихы.

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестірге болады.
1. Раба- ярбу; көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған.
2. Раба- ярби; пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
3. Раба- яруббу; реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. «Раб» сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын «Аллаһ» сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында «раб» сөзі тұрады.
«Раб» сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады. Тәрбие сөзінің «әдеп» сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді.
Тәрбие ұғымын Мухаммед пайғамбардың міндеті жағынан алып қарайтын болсақ «теблиғ»-жеткізуші, «муршид»- жол көрсетуші деген мағынаға келеді. Теблиғ және муршид сөздері тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды. Мухаммед пайғамбардың «Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім» деген сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ қателеспейміз. Ислам тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақыттылыққа жеткізу, қысқаша айтатын болсақ «жақсы мұсылман өсіру» болып табылады.
Имам Ағзам Әбу Ханифа «Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді білдіреді» деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ тағала тәрбие арқылы көркемдейді»
Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе, ал тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибн Сина тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.
Атақты тәпсірші Бейзауи болса тәрбиені «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген.
Тәрбие негізінде өз алдына мақсат емес себеп болып есептеледі. Кейбір ата-аналар балаларын, өмір мектебіне дайындау үшін тәрбиелейді. Кейбірі білімдар болуы үшін тәрбиелейді. Ал енді біреулері еліне, халқына қызмет ететін азамат болсын деп тәрбиелейді. Тәрбиенің осы сияқты мақсаттары көптеп кездеседі. Адамдар әртүрлі дәуірлерде заманның талабына сай тәрбиені алуан түрлі мақсаттарда қолданып келген. Сондықтан да «Заман түлкі болса, тазы болып қу» деген сөзді негізгі қағидаға айналдырып, осыны бер перде тұтқан. Сол үшін тәрбие барлық жерде бірдей болмаған. Тәрбиенің жүйелі түрде берілуін сонау ежелгі гректерден көруге болады. Олардың түсінігінде ең құрметті адамдар, тәрбиенің сүзегінен өткендер болады. Ренесанс дәуірінде тәрбиенің мақсаты адамдық ғана болса, ХҮІІ ғасырда тәрбиенің мақсаты ғалымдарды көбейту мақсатқа айналды.
Қазіргі таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Дүние жүзіндегі бүкіл діндер адамзатқа тәрбиеге қатысты әр түрлі ойлар мен әдіс тәсілдер қалдырған. Мысалға, Хиндуларда ең үлкен тәрбие денеге емес, рұхқа бағытталған. Олардың пікірінше адамның өлуі, дүниеден арылып Нирванаға қауышуы ең үлкен бақыт болып саналған. Тәрбиенің мақсаты жамандықтан ұзақ болу, қоғамға жақсы адам үлгісін тәрбиелеу болса да олардың бұл әдістері тәрбиені тек руханиятпенен шектеп дүние өміріне маңыз бермеуі, нәпсінен, бүкіл арман және қажеттіліктерінен алыс болуы тәрбиенің мақсатына кедергі болушы еді.
Будда діні жоғарыдағы ұстанымдарды шамалы өзгертсе де, бәрі бір дене мен рұхты адамдық іс-әрекеттен алыстататын еді. Олардың пікірінше өмір қиыншылықтан, жамандықтардан тұрады. Бұл жамандық адамдар кәмілдікке қол жеткізгенге дейін жалғасады. Адамдардың өлімі тек формалардың ауысуы ғана еді. Қайтыс болғанға дейін бұл тәрбиені алмайтын болса дүниеге қайтадан жануар түрінде оралады. Адам тәрбиелену мен Нирвананың шыңына жетеді. Хиндулар Брахмандардың, яғни рахибтердің қол астында еді. Жазу алғашқы кездері құмға жазып үйретілгген. Кейінерек өсімдік жапырақтарына сия мен жазып үйретілген. Жоғары оқуда тек Брахмандар ғана оқи алатын.
Зәрдушт дінінде 15 жас балағат жасы болып есептелген. Балағат жасына келген жастарға зәрдүшттік заңдар және ахлақи бағыттар үйретілген. Жастардың діндар, еңбексүйгіш және іс-әрекеттерінде адал болуларына маңыз берген. Зәрдүшттік тәрбиеде адам өз міндетін сезінудегі негізгі белгісі оның рухани пәк болуында. Әйелдерге қамқорлық жасау негізгі адамгершілік борыш болып саналған. Тамақтануға да көп көңіл бөлген. Өйткені адам тамақтанбаса азамматтық қызмет борыштарын жасай алмайды. Өйткені адамның рухани өмірі физикалық өмірі мен тікелей байланысты. «Тамақ жеп ішпейтін адамның құлшылық жасауға күші жетпейді»(Ясна,33 баб). Зәрдушттікте адамдарды әлсіздендіреді деп оларға ораза ұстауға тиым салған. Тамақтану жақсарған сайын адамдардың мінез-құлықтары да жақсара береді. Олар арақ ішуге тиым салмайды. Мөлшері мен ішуді ұсынады. Осылайша арақ ішу арқылы жақсы мінезділермен жаман мінез-құлықты адамдарды ажыратуға болады. Зәрдүшттерде дүниеуи мал-мүліктерден бас тарту талап етілмейді. Оларды мөлшері мен пайдалануды әмір етеді.
Адамды кәмілдікке жеткізу түсінігі тайпаларда түрліше көріне бастады. Мысалға, римдіктерде қиыншылықтарға шыдаған батыр әскер кәмілдікті білдірсе, гректерде дене әдемілігі және мінез-құлық тәрбиенің негізгі мақсаты еді. Яхудилерде қасиеттілігі бар адам кәмілділікті білдірген. Олардың пікірінше балаларын жақсы көрген адам оларды сабау керек. Егер де оларды ұрмай мейірімділік жасаса балаларына қиянат жасаған болып есептеледі. Ер кісілер оқытылып, қыз балалар оқытылмайтын еді. Оларда ақыл-ой тәрбиесі екінші орында еді. Әке ұлдарына тарихы оқиғаларды тақпақ тәрізді түсіндірген.Тәурат балалардың қолынан түспейтін, үнемі ұстаздарының мінез-құлық дәрістерін балаларға үйрететін кітабы болып, “балаларды бір қол мен жазалап екі қол мен аялау» дәстүрі пайда болды.
Қытайда болса ежелден қалыптасқан Конфуцийдің тәрбие тәсілдері мен салт-дәстүрлері үйретілетін еді. Конфуцийдің пікірінше кәмілділік тек қана үкіметке мойынсұнуменен ғана жүзеге асады. Оның пікірлері қазірге дейін жалғасып келе жатыр.
Ежелгі түріктерде тәрбиенің негізі дін еді. Олардың алғашқы діні будда діні болған. Бұл діннің негізгі дәстүрлері әр уақыт қасиеттілікті жасырып, қателіктерін жариялау сипатта өмір сүру еді. Адамдарды жақсы көру, басқалардың сенімін мазақтап қорламау еді. Сондықтан да олар қонақсүйгіш барлыққа бірдей құрметте болатын еді.
Шыңғысханның немересі Құбылай Буддист болғанымен жексенбі күні христиандардың шіркеуіне, жұма күндері мұсылмандардың мешітіне баратын болған. Шаман діні де Буддизмнің бір бөлігі еді. Көне түріктер, қай сұлтан билік басына шықса соның тәрбиесіне, үкіміне бағынатын болған. Сұлтан қай дінге сенетін болса, халық та сол дінді қабылдаған. Сондықтан да ежелгі түріктер көп діндердің әсерінде қалған.
Иранның ежелгі діні зердушт діні болған. Тәрбие дәстүрлері де сол дінге негізделген. Жақсылық құдайы Хурмуз, жамандық құдайы Ахирман деп аталған. Олар құдайларына жету үшін Ахирманнан құтылу жолын іздестірген. Осылайша олар өздерін дене және рухани жақтан тәрбиелеп келген.
Тәрбиенің жүйелі түрде берілүін ежелгі түріктерден көруге болады. Грек философы Аристотель негізгі тәрбиеші әке-шеше екендігін, осы арқылы жанұя байланыстарының нығайуына, қоғамдық өмірде бауырмалдылықтың өркен жайып дамуына негіз болатындығын айтады. Бұл дәстүр тарихтың ең қараңғы жылдарында шығыс елдеріне үлкен ықпалын тигізді. Аристотелдің пікірінше тәрбие мәселесіне үкімет те араласуы керек. Ол баланың туылған сәттен емес, жеті жастан бастап оқытылуын ұсынады. Гректер балаларын қарапайым адардардың қолына тәрбиелеуге берген.
Грек философы Платон адамдарды үш бөлікке бөлген. Диқаншылар мен өнершілер, соғысушы әскерлер және қызметкерлер.
Бірінші бөлік кісілердің тәрбиесіне тек өнер үйрету жеткілікті еді. Әскер тәрбиесінде екі нәрсеге көңіл бөлген. Олар музика және гимнастика. Қызметкер мен жұмысшыларға жоғары деңгейдегі білімдер, философия және тақуа, қиыншылықтарға шыдау, сабырлылық үйретілген. Шығыста болғаны секілді бір рахиптың құзырында бір ғалымның болуы қажет еді. Римдіктер Ирандықтардың әсерінде қалған.
Тарихи дамудың кейінгі жылдарында алғашқы қауымдықтың орнына құл иеленушілік пайда болды. Көне шығыста тайпалық қоғам пайда болып, материалдық әрі рухани мәдениетке негіз болды. Көне ғасырларда шығыс мемлекеттерінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі зор.
Мысалға, Қытайлықтар қағаз ойлап тапты, Үндістанда ондық есеп системасы, Месопатамияда жер планетасын градустарға, сутканы сағаттарға, минут және секунттарға бөлуді ойлап тапты. Сол кездерде Греция мәдениетінің ошағы болған Лакония (орталығы Спарта) және Антика (орталығы Афина) екі үлкен қала болған. Екі қалада да құл иеленушілік үкім етуші еді. Грецияда құлдар «сөйлейтін құрал» деп атанған. Тәрбие жұмысы мемлекеттің қолында, Спарта ауқатты кісілердің ғана оқуға мүмкіндіктері болған. Спарталықтардың балалары жеті жасқа дейін үйде болып, Агелла деп аталатын оқу орындарында он сегіз жасқа дейін білім алған.
Көне грек тарихшысы әрі философ Плуатахр Спарта мектептеріндегі тәлім-тәрбие туралы былай дейді: «Балаларға оқу жазудың ең қажеттісі үйретілетін еді.Тәрбие, мойынсұну, шыдамды болу және жеңу ілімін үйретуді көздеген». Спарта тәрбиесінің тағы да бір маңызды ерекшелігі балалардың жүректерінде құлдарға болған жек көрушілік сезімдерін ояту болған. Олар қыздар тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.
Көне Грецияның екінші ежелгі қаласы болған Афинада да Спарта секілді өзіне тән тәлім-тәрбие ерекшеліктері болған. Құлдар жеке мүлік ретінде қолданылған. Құлдар балаларды мектепке жетектеп барған. Оларға «педагог» атағы берілген.
Сократтың пікірінше шынайы ахлақ тек ғалым және білімділерге тән. Сондықтан да үкіметті басқару оның пікірінше солардың қолында болуы керек.
Аристотель жан мен тәннің бар екендігін айта отырып жанды үшке бөледі. Өсімдіктердегі жан, бұл қоректену және көбеюмен белгілі болады. Хайуандардың жаны, өсімдіктердегі қасиеттер мен бірге сезім армандар да қосылады. Жанның үшінші түрі өсімдік және хайуандардағы қасиеттермен қоса ақыл, ойлау қасиеттерін өз ішіне алады.
Аристотелдің пікірінше жоғарыдағы үш түрлі жанға байланысты, тәрбие мәселесінде дене тәрбие ахлақи тәрбие, ақыл-ой тәрбиесі болу керек екендігін айтады. Оның пікірінше кезкелген арман және іс-әрекеттерде төмен, орта және шектен асып кету сияқты деңгейлердің бар екендігін айтады. Олардың ішіндегі ең дұрысы тепе-теңдікті сақтайтын - орта жол болып табылады.
Атомизм теориясының негізін салушы атақты философ Демокрит та жоғарыда аталмыш философтар секілді тәрбиеге қатысты өзінің тұжырымдамаларын айтып кеткен. Демокрит Аллаһтың қалауы деген нәрсе бұл адамдардың ойынан шығарған нәрсе деп есептейді. Демокрит тәрбиені табиғатқа сәйкестендіруді негіз етіп алды. Ол былай дейді «Табиғат пен тәрбие бір-біріне ұқсайтын нәрселер. Тәрбие еңбек арқылы ғана жоғары нәтижеге жетеді». Демокриттің тәрбиеге қатысты бүкіл ойлары діни көз-қарасқа қайшы еді. Сондықтан да өзінен кейін келген философтарға үлкен ықпалын тигізді. Батыс Европада құл иеленушіліктің орнын 5-18 ғасырлар аралығында феодализм үкім сүрді. Феодалдық қоғамда үкім жүргізу феодал помещік және руханилердің қолында болды.
Орта ғасырларда батыс Европада дін және оған қызмет етуші дін басылар үлкен роль ойнады. Католик дінбасылары осы мүмкіндіктерден пайдалана отырып ғылымға қарсы шықты. Ғылымның дамуына кедергі болды. Дін- ақиқаттың көзі, пән дінге қызмет ету керек, бүкіл пән ғылымдарының тәжі теология деп түсіндірді. Мектептерде арифметика, грамматика, риторика, география сияқты пәндерге діни мазмұн бере отырып тек сенімді түсіну үшін ғана пайдаланды.
Батыс Европада сол кездерде Янь Комменский, Пестолиций секілді ұлы ғалымдар өмір сүрді. Комменскийдің көзқарасында бір жағынан стихиялы материализм және реализмнің кей бір элементтері және тұрмыс тіршілікке тырысу, екінші жағынан діндарлыққа көңіл бөлуді көруге болады. Комменскийге дейін ғалымдар арасында қабілетті балаларды ғана оқыту қажет деген пікір таралған еді. Ол барлық балалардың оқытылуы қажет деген пікірді ортаға тастады. Орта ғасырдағы секілді таяқ пен ұрып оқытуға қарсы шығады. Балаларға адамгершілік қарым-қатынаста болу керектігін ұсынады.
Пестолицийдің пікірінше тәрбиенің мақсаты адамның бүкіл күш және қабілеттерін дамыта өсіру дейді. Ахлақ тәрбиесі дін тәрбиесі мен тығыз байланысты. Ол ресми дінді сынға ала отырып, адамдардың жоғары қасиеттерінің дамуына табиғи діннің әсері мол дейді. Егер адам баласы Құдайды сүйсе ол барлық адамдарды да сүйеді, өйткені бүкіл адам бір әкенің баласы секілді бір-біріне аға-іні. Роберт Оуэн балаларға діни идеология жайындағы пайда әкелмейтін кітаптарды, оқытпау керектігін ұсынды.
Европа мен Азия терең қараңғылыққа батқан кезде ислам мәдениеті жарқыраған күн сияқты дүниеге келді. Құран Кәрим адамдарға тәрбие негіздерін Мухаммед пайғамбар хадисі мен баяндады. Осылайша исламда тәрбие ислам дінінің негізін құрады. Жалғыз жаратушысына ықыласпен құлшылық, жаратылысқа Аллаһ үшін қызмет ету бұл діннің негізгі ерекшелігі болды. Барлық жамандықтар тәрбиесіздікті білдірсе, жақсылықтартардың барлығы тәрбие рұхы ретінде сипатталады. Ислам үлкендерге құрмет, кішкентайларға мейірімділік, сөздердің дұрыстығы мен істердің адалдығын, жалпы жан-жақты дұрыстықты әмір етеді.
Балаларды тәрбиелеу, оларды өз еркіне қоймау әке-шеше алдындағы ең бірінші міндет. Сондықтан да исламда әуелі Аллаһтың бірлігі, Мухаммед пайғамбардың хақ пайғамбар екендігін айта келе барлық жақсы нәрселерге үгіттеу, жаман нәрселерден тиым салу бұл қасиетті діннің негізін құрады. Өйткені бала әке-шешенің үгіт насихаты арқасында жақсы немесе жаман мінездер қалыптаса бастайды. Сол себептен Мухаммед пайғамбар әр баланың табиғаты исламды қабыл ететін жаратылыста дүниеге келетіндігін кейін әке-шеше немесе басқалардың әсерімен яхуди, христиан немесе межуси болатындығын айтады.
Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке тәрбие. Жеке тәрбие бұл Аллаһ тағала тарапынан пайғмбарлар арқылы адамдарға үйретілген сенімдер әдемі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Пайғамбарлар дәрігер іспетті адамдардың сырқаттарын айта отырып жақсылықтар игіліктер арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса әлемнің ең кішкентай бөлшегінен бастап ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің қолы мен тәрбиеленіп жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса жеке тәрбиеде қалау мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы Құранда ясин сүресінің ең соңғы аяттарында былай делінеді. “Егер ол бір нәрсені қаласа, бол дейді сол сәтте болады». Бүкіл нәрсе оның қол астында. Өмірді де өлімді де жаратқан сол. Еш бір нәрсе оның бақылауының сыртында қалмайды. Бірақ пайғамбарлар арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.
Аллаһтың құлы болған адам баласы пайғамбарды мойындап одан әмір мен тиымды, жақсы мен жаманды, бұрыс пен дұрысты үйренеді. Әмірлерді орындап, тиымдардан аулақ тұрса, әр қашан бақыттылыққа жетеді.Адамдардың ең бақыттысы болып есептеледі. Әр ғасыр сайын пайғамбарымыздың жолын көрсететін адамдар келіп, олар да халықты жақсылыққа, хидаятқа, туралыққа шақырған. Мұндай адамдарға өз тілімізбен «үәлилер» деп айтамыз. «Үәли» деген сөз «дос» дегенді білдіреді. Құран Кәримде Аллаһ тағала былай дейді: «Аллаһ иман еткендердің досы. Оларды қараңғылықтан нұрға шығарады». Аяттың жалғасында Аллаһқа иман етпегендердің досы шайтан, ол өзінің достарын жарықтан қараңғылыққа апаратындығын, от ішінде қалатындығын айтады.

1.2. Құранның тәрбиелік мәні.

Адамзат тарихына көз салсақ, сонау алғашқы дәүірден бері адам баласы әлемді билеген ұлы бір күшке сеніп, одан жәрдем сұрап соған құлшылық еткен. Яғни адамның бойында ұлы жаратушыға деген сезім әлімсақтан бері болған. Бұл- адамның өз табиғатында Аллаһ тағалаға сену мен бой ұсыну бар екендігін көрсетеді.
Ислам көзқарасы бойынша Аллаһ тағала әуелі Адам пайғамбарды жаратты. Аллаһ тағала адам пендесіне Адам пайғамбарды осы хақ дінінің алғашқы пайғамбары етуі- адамзаттың алғашқы дінінің тәухид (жалғыз ғана құдайға сену) діні екендігінің айғағы. Алайда мұндай қоғамдар уақыт өте келе Құдай тағала сенімінен айрылып қараңғылыққа бет бұрып, көркем мінез аяқ асты қалған еді. Сол кезде Аллаһ тағала қауымдарға пайғамбарлар жіберіп, тура жолға шақырды. Ислам діні келкен кезде араб әлемі осындай күйде болатын. Олардың діни сенімі қым- қиғаш халде еді. Арабтар әу баста аталары Ибраһим және Исмаил пайғамбардың Аллаһ тағаланың бірлігіне негізделген Ислам дінінде жүргенімен, кейінгі пайғамбарсыз заманда ақиқатты ұмытып пұттарға табынып кетті. Пұтқа табынушылық араб түбегінің қоғамдық және экономикалық өмірінде салтқа айналған. Арабтар жеке және ортақ ерекшеліктері бар пұттар жасаған. Әр бір тайпаның өздеріне тән пұттары болуымен қатар, бір неше тайпаның ортақ сиынатын пұттары да бар еді. Кағбаның айналасында 360 пұт болған. Араб түбегінің жан-жағынан келген арабтар осы ортақ пұттарға зиярат етіп, табынып, құрбан шалып, оларға арнап адал, харам үкімдерін шығарған. Сонымен қатар оларда Аллаһ тағала хақында пікірлері де бар еді. Құран осы жәйтті былай баяндайды. «Егер олардан, «Көктер мен жерді жаратқан, күн мен айды бағындырған кім?-деп сұрасаң сөзсіз «Аллаһ» дейді. Олар осы ақиқатты біле тұра қайда ағып барады.Егер олардан, «Көктен жауын жаудырып сол арқылы жерді өлімнен кейін жандандырған кім?-деп сұрасаң сөзсіз «Аллаһ» дейді. Онда сен күллі мадақ Аллаһқа лайық де. Бірақ олардың басым көпшілігі осы ақиқатты ұғынып саралай алмайды».(26/61). Олардың Аллаһ тағала туралы түсінігі төмендегідей:
1. Аллаһ әлемнің жаратушысы;
2. Ол жауын жаудырып, әр нәрсеге тіршілік беруші;
3. Ол мерекелі жиынды басқарушы;
4. Өткінші монизм ақиқаты;
5. Аллаһ Кағбаның Раббысы.
Алайда, арабтар жаратушының бар екеніне сенгенімен пайғамбар мен қайта тірілуді теріске шығарған болатын. Ол Құранда былай сипатталады: «Олар, өмір тек бұл өмір де ғана өмір сүреміз, өлеміз. Бізді осы заман ғана өлтіреді» дейді.Задында олар бұл жайлы еш нәрсе білмейді. Бар болғаны болжам жасайды». Басқа аятта: «Олар әуелгі өз жаратылыстарын ұмытып бізге мысал бермекші; Мұнша шіріген сүйектерді кім тірілтеді? дейді. Яғни, арабтардың ақырет жөнінде сенімі мүлдем жоқ еді. Бірақ араб түбегінде арабтар мен қатар өмір сүрген христиандар мен еврейлер бар еді.Осы дерекке жүгінсек арабтар солардан ақырет туралы естіген деген жорамалға тоқталамыз. Алайда араб түбегі қауымының ақыретке деген еш қандай сенімі болмағанын да есепке алсақ, олар әһли кітап (еврейлер мен христиандар) көзқарастарына еш қандай маңыз бермегенін аңғарамыз. Оның үстіне еврейлер мен христиандардың өлгеннен кейін қайта тірілуге деген сенімі саяз еді.
Арабтар арасында пұттарға табынбаған, оларға арнап құрбан шалмаған, тек қана Аллаһ тағалаға сенген адамдар да болған. Оларды «муаххид» немесе «ханиф» деп атаған. Олардың орталығы Мекке болған. Олар Мекке халқының арасындағы, пұтқа табынып Аллаһ тағалаға серік қосып рухани құндылықтарды аяққа басып, дүниеқоңыз болған пенделерге ұқсамай Ибрахим пайғамбардың ханиф дініне иман еткен жандар еді. Ол дәуірде ақсүйектер арасында, мейлі төменгі сатыда болсын әйел затының қоғамда еш бір лайықты орны жоқ еді. Мұндай үрдіс қыз бала дұниеге келісімен басталған. Арабтардың әйелі ұл туса қатты қуанып қыз туса қылмыс істегендей күйге түскен. Өйткені адамдар үшін қыздың әкесі болу масқаралық саналған. Олар мұндай халден сәбі қызды туа салажерге тірідей көму, не оны бойжеткенде біреуге сатып жіб ...
19.12.2018
Вернуться назад