DataLife Engine / Дінтану | Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті

Дінтану | Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті

Мазмұны

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
І Ислам дініндегі әйел мәселесінің теориялық негізімен мұсылман ғұламаларының интерпритациясы

1.1 Ислам дінінің әйелге беретін құқығымен қазіргі мұсылман ғұламаларының интерпретациясы.
1.2 Мұсылман елдеріндегі гендерлік саясаттың ерекшелігі, тарихы мен бүгінгі күні.
1.3 Жаһандану процессінің мұсылман мемлекеттеріндегі гендерлік саясатқа тигізген әсері.

ІІ Әлемдік мұсылман елдеріндегі әйелдер мәселесіне анализ

2.1Сауд әйелі: модернизация процессіңнің қоғамға ықпалы және Ислам рольі
2.2 Иран Ислам Республикасындағы «әйелдер сұрағының» эволюциясы
2.3 Қазіргі Түркия мемлекетіндегі әйелдер жағдайының ерекшелігі
2.4 Қазақстан әйелдері: тарихы мен бүгінгі күні

Қортынды бөлім
Сілтемелік әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер

ХІХ – шы ғасырдың ортасынан бастап батыс ықпалымен мұсылман мемлекеттерірің әлеуметтік және экономикалық өмірінде, рухани танымдарында болып жатырған өзгерістер күшейе түсті. Біртіндеп әлемде ғылыми техникалық революциямен басталған жаһандану процессі мұсылман елдеріне де жетті.
Ислам дінінің Еуропаға таралуымен мұсылман әлемінің батыспен бара – бара тығыз қатынаста бола бастауы, батысқа жұмысшы күшінің, ал шығысқа инвестицияның ағылуы, туризмның дамуы, екі әлемде өзара сыртқы миграцияның күшеюі, т.т. процесстер – батысты шығысқа, ал шығысты батысқа жеделдете аша бастады. Азия мен Африкада көп колонияларынан айрылса да батыс елдері осы жерлерде өз тілімен мәдени құндылықтарын тастап кетті.
Бірақ қазіргі шығыстың толығымен батыстық стандартқа өтпеуінің және жаһандану процесінің бұл аймақта өте баяу жүруінің бірден – бір себебі – Ислам діні мен құндылықтары болып отыр. Әйтседе футурологтардың айтуынша болашақтағы батыс пен шығыстың интеграциясымен шығыстың секуляризациясы қайтарылымсыз процесс. Модернизация процессінің идеологтарының айтуы бойынша мұсылман әлемі батыс өркениетінің эволюциясын қайталауы тиіс, яғни лаицизм (зайырлы мемлекет) жолына түсіп, елдің барлық институттары толық секуляризация поцессіне ұшырауы тиіс. Өйткені қазірдің өзінде – ақ шығыстағы Ислам мемлекеттерінде батыс әсерімен жаңа ұрпақ тәрбиеленуде, ал ұрпақ келбеті – болашақтың келбеті екенін ұмытпауымыз керек.
Ұрпақ тәрбиесі – ананың қолында, өйткені әйел – ана, әйел – тәрбиеші, ал бұл – табиғат заңы. Әрбір қоғамда болсын, мемлекетте болсын әйелдің жағдайы қаншалықты құрметті орында болса, соншалықты дәрежеде ел болашағы жарқын болмақ. Ислам дініндегі әйел адамның дәрежесі үлкен, өйткені Ислам әйел адамға ең біріншіден ана, адал жар, отбасы ұйытқысы ретінде қарайды.
Мұсылман елдерінің батыс әсерімен өзгеруі бұл елдерде Ислам дінінің реформалануына әкелді, ал ол өз негізінде шариғатқа сүйенген қоғамның барлық институттарына өзгерістер енгізді. Оның ішінде Исламның ең маңызды институттардың бірі саналатын отбасы - әйелдерің «эмансипациясы» әсерімен өзгеше мәнге ие бола бастады.
Мұсылман әйелдері Исламның бастамасында жаңа мемлекет құру ісіне белсене араласып өздерін көрсете білді. Артық айтқан болмас, Мұхаммед пайғамбардың (с. ъ. с) ағартушылық ісіне қолауды оның жанындағы ең жақын серіктері - әйелдері, қыздары, туысқан әйелдері, үй жұмысшылары көрсетті. Бірақ Халифат шекарасы өскен сайын, феодалдық мемлекеттер қалыптасып, қоғамдық құрылыс күрделене түсті. Осыған байланысты әйелдердің қоғамдық өмірі мен саясаттағы рольі біртіндеп бәсеңдей түсті. Кейіннен соңғы орта ғасыр дәуірінде әйелдер орны тек үй, отбасы шеңберімен шектелді. Тек ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Шығыстың модернизациясының бір көрінісі ретінде әйелдер әлеуметтік және саяси сахнада көрінді.
Саясаттанушылар, социологтар, экономисттер, шығыстанушылар, дінтанушылар шығыстың секулиразиция процессіне тап болатындығы туралы айтқан болатын, шыныменде ХХ – ғасырдың басында дәстүрлі мұсылман мемлекеттерінде либеризациялық процестің басталып, кейбір елдер батыстық – демократиялық, ал басқалары, капиталистік даму жолын таңдауы, олардың ойын дұрысқа шығарғандай болды. Бірақ ХХ – ғасырдың ІІ жартысында керісінше реисламизация процессі басталып, ол “Исламдық жарылыс” немесе “мұсылмандық қайта жаңғыру” деген атқа ие болы.
1993 жылы Флорида штатының университетінде өткен “Исламның қайта жаңғыруы” атты дөңгелек үстел үстіндегі конференцияда, мұсылман әлемі мен АҚШ – тың шығыстанушылары жиналды. Бұл конференцияда көптеген батыс пен шығыс арасындағы түсінбеушілік тудырған мәселелермен қатар мұсылман мемлекетіндегі әйелдердің қазіргі кездегі жағдайы да сөз болды.
ХХ ғасыдың екінші жартысында әлем мұсылман әйелдерінің қара жамылған Иран – ирак соғыстарына, 90 – жылдардың қараша айларында Сауд Аравиясында автомобиль айдауға рұқсатты талап еткен әйелдер демонстрациясына куә болды. Ал Ислам ғұламаларының әйелдерге белгілі бір дәрежеде шек қоюы, өздерінің шынайы Ислам заңдарына сәйкес құқықтары үшін күрескен, радикалды әйелдер топтарының пайда болуының бастамасы болы.
Бұндай әрекеттердің себептері мен салдарлары туралы мәселе көтеру өте маңызды, өйткені әлемдегі өзгерістер Қаазақстан қоғамына да ерте ме, кеш пе, міндетті түрде әсер етеді. Өйткені Қазақстанның өткені, бүгінгісі, болашағы осы Исламмен байланысты болмақ, қазақтың ұлттық мінез-құлқының негізгі ерекшелігінің астарында да Ислам ықпалын айқын сезінуге болады.
Берілген курстық жұмысымда мұсылман елдеріндегі әйелдер мәселесі көтере отырып, олардың қоғамдық портретіне, негізгі рольі мен алатын орнына талдау жасауға тырысамын. Қазіргі кездегі мұсылман мемлекеттерінің жиынтық мысалдары ретінде үш мемлекет – Сауд Аравиясы, Иран және Түркия алынған, өйткені бұл елдердердің қоғамдық құрылыстары мен әйелдер турасында ұлттық саясаттарындағы ерекшеліктерінің негізі шариғат заңдарына бағынса да тарихи, территориялық, әлеуметтік, экономикалык, геополитикалық ерекшеліктеріне байланысты жаһандану процессі әрбіреуіне өзіндік әсер беріп өзгерткен. Сол елдер қатарына Қазақстанды талдауға көңіл бөлу өте маңызды, өйкені еліміздің гендерлік саясатында діннің әсерін талдап қарастыру ұлттық ерекшелігіміздің негізгі мәселелерін айқын көрсетіп бермек.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Ислам дініндегі әйел мәселесінің теориялық негізімен мұсылман ғұламаларының интерпритациясы

1.1 Ислам дінінің әйелге беретін құқығымен қазіргі мұсылман ғұламаларының интерпретациясы.
Әйел – ана, әйел – жар, әйел – перзент. Бұл – Исламның әйелге деген көзқарасы.
Расында, Ислам әйелді ұрпақ тәрбиешісі етіп құрметтеді және қоғамның түзелуін әйелдің түзелуіне, бұзылуын әйелдің бұзылуына байланыстырды. Өйткені, әйел өз үйінде ұлы іс атқарады. Бұл - ұрпақ тәрбиесі. Осыдан барып қоғам қалыптасады. Ал, қоғамнан мемлекет пайда болады. Ислам әйелді соншалық құрметтегеннен Құран Кәрім сүрелерінің біреуін әйелдерге арнап "Ниса" ("Әйелдер") деп атады. Бұл Исламның әйелге, әсіресе анаға ерекше мән беруін көрсетеді. Өйткені, Аллаһ Тағала Өзіне құлшылық етуге бұйырғаннан кейін, ата-анаға жақсылық жасауды ескертеді.
"Раббы "Өзіне ғана ғибадат етулеріңе және ата-анаға жақсылық етулеріңе әмір етті." (Исра 17:23)
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уа сәллам, әйелге балалар тәрбиесін аманат етіп жүктеп, әйелді құрметтеп былай деген:
"...Әйел - күйеуі үйінде басшы және қол астындағыларға жауапкер". (Бухари және Муслим жеткізген).
ИСЛАМ ДІНІНІҢ КЕЛУІНЕ ДЕЙІН АРАБ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АРАБ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
Надандық дәуірінде әйелдің мираста ешқандай хақы жоқ еді. Олар бұл жөнінде: "Мирасты тек қана қылыш көтеретін және ұрпақты қорғайтын кісі ғана апады", - дейтін. Әйелдің күйеуінен талап қылар ешқандай хақы жоқ еді. Талақтың (ажырасу) шектелген саны жоқ болатын. Сондай-ақ, көп әйел алудың белгілі бір саны болмайтын. Егер бір кісі қайтыс болса, оның әйелін басқа әйелінен перзенттері болса, сол перзенттерінің үлкені алуға лайықты еді. Ол перзент бұл әйелді әкесінен қалған басқа да дүние-мүліктермен бірге мирас деп есептейтін. Абдуллаһ ибн Аббастан, ради Аллаһу анһу, риуаят: "Егер бір кісінің әкесі немесе қайын атасы қайтыс болса, бұл кісі одан қалған әйелді алуға тиісті еді. Егер қаласа, бұл әйелді қол астына алып қалатын. Немесе, әйел алған маһрін (қалың малын) қайтарып бергенге дейін оны ұстап тұратын, кейде әйел байғұс маһрін қайтарып бере алмай өліп кететін". Жәһилиет дәуірінде идда сақтау мерзімі (күйеуі қайтыс болған әйел аза тұтып отыратын мерзім) бір жыл болатын. Күйеуі қайтыс болған әйел өте көріксіз, жаман түрде аза тұтып жүретін. Ең жаман киімдерін киіп, сәнденбей, хош иіс сеппей, өте жаман бейнеде отыратын. Жуынбайтын, тырнақ-шаштарын алмайтын, адамдармен қарым-қатынас жасамайтын және оларға көрінбейтін. Бір жыл мерзім өткеннен кейін, өте жаман кейіпте шығатын.
ИСЛАМ ӘИЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕЙДІ
Ислам жәһилиет дәуіріндегідей әйелді жек көріп, қараламады. Қайта әйелден бұл қорлықты апып тастайтын әділетті орнатты. Әйел - еркектің серігі. Ер кісінің құқықтары болғанындай, әйелдің де құқықтары бар. Сонымен қатар, өзінің жаратылысына, болмысына тән міндеттері де бар. Ал, ер кісі қуатты, қолы кең, мінезі өткір, қиындықтарға төзімді болғандықтан, әйелге басшылық етеді. Ол - әйелді қорғайтын, еңбек етіп асырайтын басшысы.
Міндет жүктеу және орындау мәселесінде әйелді ер кісімен тең етті. Және оған апу-сату, қарыз беру, мүлікке ие болу секілді тағы да басқа құқықтарды беріп, бекемдеді.
Ислам әйелді құрметтеді. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде адамзатты еркек пен әйелден жаратқандығын және олардың орталарындағы іс ерекше тақуа және ізгілікпен болатындығынан хабар берді:
"Ей, адамдар! Біз сендерді бір еркек (Адам ата) және бір әйелден (Хауа ана) жараттық. Және сендерді танысуларың, қатынас жасауларың үшін едер, рулар еттік. Расында сендердің Аллаһ қасындағы ең беделділерің көп тақуалық қылатындарың. Аллаһ әр нәрсені білуші әрі хабардар". (Хужурат 49:13).
Әйелге білім беруге мән берді. Абу Сағид Әл-Худридан, ради Аллаһу анһу, риуаят етіледі:
"Әйелдер: Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, "Сізге келіп үйренуде ер кісілер бізден озып кетті. Біз үшін де бір күнді белгілеп берсеңіз" - десті.
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, олар үшін бір күнді белгілеп, сол күнде олармен кездесіп, уағыз-насихат қылды. Және оларды бірнеше істерге бұйырды. Сол айтқан сөздерінің ішінде мына сөздер де бар еді: "Сіздерден қайсыбір әйелдің үш перзенті қайтыс болып, ол бұған сабыр етіп, риза болса, бұл оған тозақтан қорған болады". Бір әйел: "Екеу болса ше?" деп сұрады. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Екеу болса да " - деп жауап берді". (Бухари).
Аллаһ Тағала әйелді құрметтегендіктен оны ер кісілермен бірдей зікір етті:
"Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, момын ерлер және момын әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Аллаһты көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Аллаһ олар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі". (Ахзаб 33:35)
“НИСА” СҮРЕСІ - ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде "еркектер" деген сүре түсірмеген. Бірақ, "Ниса"- ("Әйелдер") атты сүре түсірген. Бұл - әйелдерге көрсетілген құрметтің дәлелі. Бұл - сүреде әйелге, отбасына, мемлекетке, қоғамға байланысты көптеген маңызды мәселелер сөз болған. Сүренің көптеген аяттарында әйелдердің құқықтары туралы баяндалады. Сондықтан да сүре "Ниса" деп аталған. Осы сүреде мынадай мәселелер қаралады:
1. Аллаһ Тағ ала еркектің қабырғасынан әйелді жаратып, олардан ерлер мен әйелдерді таратты. Аллаһ Тағала Құранда:
"Ей, адам баласы! Сендерді бір жаннан (Адам атадан) жаратқан және одан оның әйелін (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар". (Ниса 4:1)
Бұл аят "Хутбатул-хажа" - "Қажет хұтбасының" бір бөлігі. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, хұтбасын осымен бастайтын. Сондықтан бұл аят әсіресе үгіт, уағыз-насихат айтушылар үшін өте маңызды болып табылады.
2. Жетім әйелдердің құқықтарын қорғау. Аллаһ Тағала:
"Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік істемеуге жақынырағы осы". (Ниса 4:3)
Уруа ибн Зубайр, ради Аллаһу анһу, Айшадан, ради Аллаһу анһа, Аллаһ Тағаланың: "Егер жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар..."деген сөзі туралы сұрады. Айша, ради Аллаһу анһа, айтты: "Ей,бауырым! Егер жетім қыз өзінің малымен бірге қожайынының қол астында болса, ол қыздың малы мен сұлулығына қызығып үйленгісі келеді. Бірақ оған берілетін қалыңды тугел бермей, әділетсіздікке жол береді. Сондықтан кісілердің әділетсіздікпен жетім қыздарға үйленулеріне тыйым салынды. Тек қалыңдарын (маһр) түгөл, әділеттілікпен бергендерге ғана рұқсат етілді. Сондай-ақ, олардан басқа да ұнаған әйелдерге үйленулеріне бұйырылды". Айша, ради Аллаһу анһа, тағы былай деді:"Бұл аяттан кейін адамдар Расулуллаһқа, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, әйелдер жөнінде пәтуа сұрап келді. Сонда Аллаһ Тағ'аладан мына аят түсті:
"Сенен әйелдер жөнінде пәтуа сұрайды..." (Ниса 4:127)
Айша, ради Аллаһу анһа, айтады: "Ал, осы аяттың жалғасындағы "...Оларға үйленгілерің келмейді..."дегенде Аллаһ Тағала адамдардың егер жетім қыздың малы аз және онша сұлу болмаса, оларға үйленгісі келмейтіндігін нұсқап отыр. Осыған байланысты мұсылмандарға жетім қыздардың малы мен сұлулығына қызығып үйленулеріне тыйым салынды. Тек әділдікпен істейтіндерге ғана рұқсат етілді". (Бухари жеткізген).
3. Әділдік ете алмаудан қорықса, бір әйелмен шектелу. Өйткені, Аллаһ Тағала:
"Егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар...", - деген. (Ниса 4:3)
Міне, мұны да әйелдерге көрсетілген құрмет деп бағалау керек.
4. Мұра бөлісте әйелдердің де үлесі бар. Аллаһ Тағала:
"Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес бар. Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен әйелдерге де үлес бар. Аз әлде көп болса да, одан өлшеулі несібе бар". (Ниса 4:7)
Ал, жәһилиет дәуірінде мирас тек еркектерге ғана беріліп, әйелдер одан құр қалатын.
5. Еркек пен әйелге мұра бөлістегі айырмашылық.
Аллаһ Тағала:
Аллаһ сендерге балаларың жайында; бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады..." - деген. (Ниса 4:11)
Яғни, Аллаһ Тағала мұра бөлісте бір еркектің үлесіне екі әйелдің үлесін тең етіп беріп әділдікпен іс қылуды бұйырады. Өйткені, ер кісі бала-шағаларын асырайды және әйелге маһр (қалың) береді. Абдуллаһ ибн Аббастан, ради Аллаһу анһу, айтады:
"Мал-дүние бала үшін едіде, өсиет қылу құқығы әке-шешеде болатын. Аллаһ Тағала бұлардан қалағанын жоққа шығарып, бір еркекке екі әйелдің үлесін белгіледі. Ал, әке-шешенің әрқайсысы үшін алтыдан бір және үштен бірдеп белгіледі. Әйел үшін сегізден бір және төрттен бір деп белгіледі. Ал, ер үшін жартысын және төрттен бір деп белгіледі". (Бухари жеткізген).
6. Күйеу келісім бойынша қалыңдыққа маһр береді. Аллаһ Тағала:
"Әйелдердің маһрін ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге маһрдан бір нәрсені кеңшілік етсе, (кешсе) онда оны жеңдер, сіңімді, жұғымды болсын".(Ниса 4:4)
Абдуллаһ ибн Аббас, ради Аллаһу анһу, айтады: "Маһрды (неке қиылатын кезде) атап, белгілеу парыз. Өтірік айтып, жалған белгілеу дұрыс емес. Ер кісі маһрді ықыласпен, шын жүрекпен беруі керек. Маһр аталып, белгіленгеннен кейін, егер әйел оның кейбірінен өз еркімен бас тартса, еркек оны өз пайдасына жұмсасын. Бұл оған халал әрі дұрыс".
7. Еркектерді әйелдерімен жақсы қатынас жасауларына бұйыру. Аллаһ Тағала:
"... Және әйелдермен жақсы шығысып, өмір сүріңдер...",-деп бұйырды. (Ниса 4:19)
Яғни, шамаларыңыз келгенше әйелдеріңізге жақсы сөз айтыңыздар. Істеріңізді, көріністеріңізді жақсы, әдемі қылыңыздар. Өйткені сіз де әйеліңіздің ...
19.12.2018
Вернуться назад