DataLife Engine / Психология | Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер

Психология | Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Теориялық бөлім
1.1 Психология ғылымындағы конфликтіні зерттеу бағыттары мен теориялық мәселелері ................................................................................................................5
1.2 Конфликт түрлері, құрылымы, дамуы мен шешу жолдары........................13
1.3 Этностық конфликтілер және оның ерекшеліктері......................................27
ІІ. Эксперименттік зерттеу бөлімі
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері............................................39
2.2. Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы.........................................40
2.3. Эксперименттік зерттеу барысы...................................................................43
2.4. Зерттеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі...............44
Тұжырым..............................................................................................................50
Қорытынды..........................................................................................................51
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................52
Қосымша

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазақстан Республикасы – көпэтносты мемлекет. Кез келген ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту қажеттігіне орай пайда болған.
Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-ақ. Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамдардың бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан, бәрі де тең құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі қазақстандықтарды іштей топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп, бірте-бірте бірегей қазақстандық ұлтқа айналуымызға ықпал етеді.
Қазақстан қазір демократиялық даму жолына түсті. Демократияның ең жоғарғы құндылығы − адам. Қазір өзгерістің бәрі және қол жеткен жетістіктеріміз сол адам үшін, адамның игілігі үшін жасалып жатыр. Сондықтан ұлт саясатындағы маңызды мәселелердің бірі − азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді орнықтыру. Бұл келісім халықтардың экономикалық тиімділігі мен мәдени даму ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүдделерді, тілдің еркін қолданылуын, ұлттардың бір-біріне деген құрметін қамтамасыз етеді. Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қарым-қатынасты жан-жақты дамыта отырып, әрбір халықтың өзіне тән тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап, байыта түсуге толық жағдай жасалған. Мұны біздің республикамызды мекендейтін ұлттардың өкілдері күнделікті тұрмыстарында сезіне түсуде.
Теориялық маңыздылығы. Қазір әлемнің түкпірінен қырғын оқиға мен келеңсіз жәйт тудырған «өркениеттер қақтығысы» деп те аталып жүрген қақтығыстарды біздің елде болдырмай, алдын алып отырған елдігі сындарлы саясаттан хабар береді. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзара сыйластық, наным мен толеранттылық негізінде болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық диалог негізінде құрылған.
1996 жылы желтоқсанда Швейцарияда Қазақстандағы ұлт саясаты туралы дөңгелек үстел болып, онда «ҚР басшылығы елдегі барлық этникалық топтардың мүддесін көздеген оң саясатты іске асыруда, ол халықтар арасындағы татулықты қамтамасыз етіп отыр», − деп атап көрсетіліп, қорытынды жасалған.
2006 жылғы 25-маусымда бекітілген «Азаматтық дамудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы», 2006 жылдың 28-маусымында Үкімет бекіткен «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» мемлекетіміздегі ұлттық саясатты жүргізудің ең маңызды құжаттары болып табылады.
Этникалық қатынастардың үйлесімді дамуына саясатта этникалық факторға баса көңіл бөлу кедергі келтіргенімен, этникалық өзіндік идентификацияның мақсаты өз мүдделерін, мақсаттарын, құндылықтарын қорғау болып табылады. ТМД-дағы көп этникалық мемлекеттердегі жүргізілген сауалдар, этностар арасындағы қатынастардың нашарлау себебі елдегі экономикалық жағдайдың төмендеуінен, ұлттық саясаттағы кемшіліктер мен қоғамдағы тұрақсыз жағдайдан екенін дәлелдеп берді.
Практикалық маңыздылығы. Әр адамның өмірінде түрлі жағдайларға байланысты өз мақсаттары болады. Әрқайсысы өз бетімен алуан түрлі жолдармен сол мақсатына ұмтылады. Бірақ, көбіне іскерлік белсенділікпен байланысқан адамдар өз қызығушылықтарымен қайшы келіп қалады да, бұл кезде конфликт туады. Конфликттің пайда болуын, шешу әдістерін мен заңдылықтарын қарастыратын ғылымды конфликтология деп атаймыз. Батыста көптеген жылдар бойы, әсіресе 20 ғасырдың соңында бұл ғылыми бағыт толық дами бастады. Конфликт және оны шешу жайлы көптеген кітаптар, журналдар, рефераттар және мақалалар шықты. “Конфликтология” атты жеке ғылымның пайда болуына барлық мүмкіншіліктер бар. Ал біздің елімізде бұл ғылым әлі дамымаған.
Қазіргі уақытта, жасөспірімдерге конфликт кезінде өз-өзін қалай ұстау керектігін, конфликт қалай пайда болатынын, қандай әдістері бар екенін арнайы үйретпейді. Бірақ біздің ойымызша, жасөспірімдердің конфликттілік деңгейін төмендету үшін оларда конфликт туралы жан-жақты білімі болу керек. Ол үшін мынадай шаралар қолдану керек: лекция оқу, индивидуалды жұмыс істеу, тренинг жүргізу т.с.с. Жасөспірімдер конфликт туралы толық білу қажет.
Қазіргі уақытта конфликтті негативті құбылыс ретінде емес, керісінше конфликт керекті құбылыс ретінде қарастырады. Өйткені конфликт көмегімен біз проблеманы анықтай алып, оны татулықпен, мәдени түрде шеше аламыз.
Мақсаты - студенттер тобындағы конфликтілі жағдай кезіндегі мінез-құлық стратегияларын анықтау.
Болжам - Студенттердің тұлғалық конфликтілік деңгейі мен мінез-құлық стилдерінің көрінуінде этникалық ерекшеліктер айқын көрінеді.
Зерттеу объектісі: Қазақ және орыс тобының 1-курс студенттері.

І ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Психология ғылымындағы конфликтіні зерттеу бағыттар мен теориялық мәселелері

Конфликт – қазіргі әлеуметтік және саяси өмірдегі маңызды құбылыстары ның бірі. Бәрімізге белгілі, қоғамда адамның өмірі көптеген қарама-қайшылықтарға толы, бұл қарама-қайшылықтар жеке адамдардың, кіші және үлкен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысуына әкеліп соғады.
Конфликт не екенін біз бәріміз білеміз. Көп адамдарда бұл сөз жағымсыз ассоциациялар туғыздырады. Көптеген уақыт бойы “конфликт” түсінігін тұлғааралық қарым-қатынастағы, қоғамдағы патогенді жағдайлармен байланыстырған. Конфликтті, әлеуметтік құбылыс ретінде түсінудің орнына, оны стихиялы апат ретінде қарастырады. Тек 20 ғасырлардың екінші жартысынан бастап, М.Фоллет өз жұмыстарында “конфликт” түсінігін бірдей позитивті және бірдей негативті өмірлік құбылыс ретінде қарастыруды ұсынды.
Конфликтті туғызған әлде осы конфликтке түскен адамдар оны өз жағына және тез шешуге тырысады. Конфликттің өзіне қызыққан адамдар аз. Бұл терең және қызықты тақырып. Конфликт, бұл аса маңызды қарсылықтарды шешудің тәсілі, ол екі жақты процесстердің арасында болады.
Жәй сөзбен айтқанда, конфликт – бұл екі индивид немесе группалар бір-біріне белгілі бір мақсатқа жетуге кедергі жасауындағы процесс немесе бәсекелес адамның көзқарасын өзгертуі.
Қазіргі кезде, яғни әлеуметтік-саяси жағдайда конфликт өсіп келе жатыр. Конфликт барлық жерде болады. Біз оны жеке өмірімізде, ата-ана мен бала арасында, отбасында, дін арасында да көре аламыз.
Конфликт адам өмірінің тұрақты серігі. Конфликт барлық уақытта өзекті. Конфликт, әсіресе, жасөспірімдік шақта өте актуалды. Балалар осы кезде жанұялық және мектеп өмірімен разы болмай, олармен жиі конфликтіге түседі. Конфликтілік – жасөспірімдерге тән жас ерекшеліктерінің бірі. Шынымен де конфликт жасөспірімдік шақта жиі кездеседі.
Шиеленiстер адамзатты көптеген 100 жылдықтар бәлкiм 1000 жылдықтар бойы толғандырып келедi. Тiптi шиеленiстердiң адамға зияндылығы дәлелденген жазбаша деректердi бiздiң д.д.3-ғ Эпикур келтiредi. Бұл мәселелер, белгiлi бiр дәрежеде қазiргi заманғы адамзатты да толғандырып келедi. Адам- әлеуметтiк жан иесi ғана емес, ол табиғаттың бiр бөлiгi, ал табиғатта көктем мен күз, күн мен түн, ашық және бұлтты күндер болатыны белгiлi. Адамның биологиялық ырғағы өзгеретiнi, технологиялық, физиологиялық белсендiлiгi жоғарлайтыны және төмен түсетiнi оның әлеуметтiк белсендiлiгi болатыны құпия емес. Әр адамдағы бұл өзгерiстер қайталанбайды. Оның жеке белгiсi немесе денесiндегi терiсi сияқты дербес болады. Ырғаққа әсер етiп, оны өзгертiп, адамның мiнез- құлқын да өзгертуге болады.
Әр халықтың философиялық танымында әртүрлi қоғамдағы тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты орнатудың негiзгi принциптерi кездеседi. Европа философиясында қарама-қайшылықтардың жаңа түрi шиеленiскен кездегi қатынастардың түрлерiнiң жинақталуының түрлерi.
Қытай философиясы қарама-қайшылықтың бiр-бiрiне ауысу процесiнiң көрiнiсi, ал үндi философиясы қарама-қайшылық тепе-теңдiгi, абсолюттi тыныштыққа жеткенiн бiлдiредi.
Адам өркениетінің тарихы түрлі конфликтерге толы. Конфликттердің бірі аумақты тұтастай және ондаған елдер мен халықтарды қамтыса, бірі үлкен және кіші әлеуметтік ұйымдарға көңіл бөлген, ал енді бірі бөлек адамдар арасында қалыптасқан. Ерте заманнан бастап адамдар қалыптасқан қайшылықтарды шешуге және конфликтсіз қоғамда өмір сүруге ұмтылған. Ежелгі заңдарда қатыгез патша Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750ж) конфликтті жағдайды шешудің 10 түрлі әдістерін құрастырған. Аңыз бойынша, Соломон патша (б.э.д.965- 928ж) өзінің даналығымен, конфликттерден шыға алуымен және шеше алуымен белгілі болды [1, 53-71б].
Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары конфликтсіз қоғамның теориялық модельдерін құрастыра отырып, сонымен қатар оларды реалды өмірде жүзеге асырмақ болған. Өкінішке орай, барлығы да сәтсіздікпен аяқталды. Конфликттердің пайда болуы, дамуы және шешуі жайлы біздің білмеушілігімізден, конфликт қазіргі кезде де бар.
Конфликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама-қарсы қызығушылықтар түйіскен кезде пайда болады. Конфликт- жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама-қарсылық күресінің бейнесі. Сондықтан, конфликт лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс.
Эксперименталды зерттеулерде психологтар конфликтке мынадай анықтама береді: “Бақыланатын субъектілер бір-біріне қарама-қарсы бағытталған күштері әсер еткенде пайда болатын спецификалық эмоционалды шиеленіскен күй”. “Конфликт” ұғымы И.П.Павловтың ғылыми мектебінен келген “эксперименталды невроз”, “қиын күй” (тяжелое состояние) деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр. Конфликт мәселесі өмір басталған кезден бастап туды. Тіпті әр жануар өзінің өмірін сақтап қалу үшін қиян-кескі күреске түскен. Яғни ерте замандағы конфликттің себебі- ең алдымен, билік үшін күрес, өз тіршілігін сақтап қалудағы күрес.
Конфликтті біздің ғасырымызға дейінгі 6-5 ғасырларда қытай ойшылдары қарастырған. Олар, конфликт – жағымды (янь) мен жағымсыз (инь) жақтарының өзара әрекеті деп түсінген. Ал антик философ- диалектигі Гераклит (б.ғ.д.530-470ж) ойынша, өмірде барлығы соғыстан туады. “Соғыс – барлық зат, нәрсе, құбылыстың әкесі. Ол біреулерін құдай деп бөлсе, кейбіреулерін адам, ал тағы біреулерін құлдар етіп жаратты” деген. Ал Аристотель, адам және қоғам туралы айта келе, билеуші және бағынушы деп екі түрге бөледі, оның ойынша, әлсіз адамдар тепе-теңдік пен адамгершілікке ұмтылады. Орта ғасырда Николлор Макиавелли (1469-1527ж) өзінің “Государь” және “Рассуждение о первой декаде Тита Ливия” атты еңбегінде конфликт жайлы толық айтып кетеді. Ол конфликтте күйрету (разрушающий) жағын және жасампаз (созидательный) жағын бірдей көреді [1,2].
Томас Гоббс (1588-1679ж) 1651 жылы өзінің белгілі трактатын шығарды. Оның ойынша, қоғамның жаратымды күйі – ол “война всех против всех”. Т. Гоббс конфликттің үш негізгі себебін бөлді: біріншіден- бәсеке, екіншіден- себепсіздік, үшіншіден- атақ құмар.
Қазіргі концепцияларға келетін болсақ, американдық социолог- теоретигі Толкотт Парсонс (1902-1979ж) конфликтті жағдай анализіне көп мән берді. Оның ойынша, конфликт- әлеуметтік аномалия, оны ауру сияқты жеңіп, меңгеріп алуға болады. Әлеуметтік тәртіптің қолдаушысы Парсонс интеграция проблемасына көп көңіл бөлген.
Парсонс позициясын “адамдық қарым-қатынас” мектебінің өкілдері де қолдады. Олардың айтуы бойынша, индустриалды дамыған қоғам әлеуметтік консенсус және гармонациялы жағдайға ұмтылу қажет.
Осы мектептің белгілі өкілі, Гарвард университетінің профессоры Элтон Мэйо (1880-1949ж) бойынша, конфликт- бұл қауіпті әлеуметтік ауру, одан адам түрлі жағдайлармен қашу керек.
Елуінші жылдары әлеуметтік конфликттің жаңа концепциялары жазылған. Соның ішінде Л.Козер, Р.Дарендорф пен К.Боулдинг. Американдық зерттеуші Льюнс Козер 1956 жылы “Әлеуметтік конфликттің функциялары” атты кітапты жарыққа шығарды. Бұл кітапта “әлеуметтік топтар конфликтті қарым-қатынассыз болмайды және ол қоғам жүйесін функциялауда позитивті мәнге ие” деп жазылған.
Конфликтке деген қызығушылық Еуропада да болды. 1965 жылы Рольф Дарендорф Германияда “Классовая структура и классовый конфликт” атты жұмысты жазды. Оның ойынша, әр қоғамда дезинтеграция және конфликт болады: “Барлық қоғамдық өмір- конфликт” деген.
Американдық социолог және экономист, “Конфликттің жалпы теориясы” атты кітаптың авторы Кеннет Боулдинг та, конфликтті теорияны тұтас ғылым ретінде құруға ұмтылды. “Конфликт” термині физикалық, биологиялық және әлеуметтік құбылыстың анализінде кең қолданылды. Өзінің “Конфликт және қорғаныс. Жалпы теория” атты еңбегінде Боулдинг былай деп жазған: “барлық конфликттерде жалпы элементтер болады, осы элементтерді зерттеу барысында конфликт феноменін көруге болады.”
Неміс социологы Георг Зиммель (1858-1918ж) “конфликт социологиясы” деген терминді алғаш енгізді. Ол әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара әрекеттің таза формасын қолдануды сұрады.
20 ғасырдың 20 жылдары Роберт Эзра Парк (1864-1944ж), Эрнест Уотсон Берджес (1886-1996ж), Аббион Вудбери Смолл (1854-1926ж) әлеуметтік процесті төрт өзара байланысты аспектіде қарастырды: конфликт, жарыс, икемдену және ассимиляция. Бұл жерде конфликттер алдыңғы қатарда, өйткені жарыстан икемденуге содан кейін ассимиляцияға өтудің маңызы зор.
Қазіргі батыс зерттеулерде екі негізгі бағыт бар: біріншісі- Батыс Еуропада кең тараған конфликтті зерттейтін институттардың іс-әрекетімен байланысты (Франция, Голландия, Италия, Испания); ал екіншісі, АҚШ-та кең тараған дүниежүзілік зерттеу институттардың іс-әрекетімен байланысты.
Барлық әлеуметтік құбылыс сияқты бұл процесс уақыт бойымен ағады. Конфликт белгілі бір даму кезеңдерден тұрады, олар: конфликт алдындағы жағдай, инцидент, эскалация, кульминация және конфликттің бітуі. Бұл кезеңдер міндетті және тиісті емес. Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болса да, оның тізбегі бірдей [2, 78-91 б].
Адам өмiр диалектикасының кезеңi айқындалған: қарама-қайшылықтардың күресi бiр-бiрiне өтуi, және сыртқы iшкi қарама-қайшылықтардың жаңа сапаға өтуi. Адам баласы салауатты және өнiмдi өмiр сүрудiң теориялық құралын ала-алған жоқ, бiрақ өмiр бойы соған ұмтылып келедi.
Е.М.Пеляров «шиеленiстану» атты кiтабында шиеленiс өзара қарым қатынастың нашарлығынан, сенiмнiң жоғалуынан, жұмыс қабiлетiнiң төмендеуiнен пайда болатыны айтады. Ол сондай-ақ, ауыр сезiмдiк қиындықтарға байланысты, отбасындағы әлеуметтiк психологиялық ахуалын нашарлатады, шешiлуi қиын күйзелiс жағдайын тудырады. Алайда психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда шиеленiстер адам өмiрiндегi, оның дамундағы құтыла алмайтын қалыпты прцесс болып табылады.
Шиеленiс (латын тiлiнен алынған бiр-бiрiмен сәйкес келмейтiн құбылыстың жеке адам санасында, жеке адамдардың немесе адамдар тобының қарама-қатысында қарама-қарсы бағытта, өткiр керi сезiм күйiне байланысты пайда болған шиеленiс. Адамдар арасындағы шиеленiс пробемасының ауқымдылығы мен күрделiлiгi соншалықты, ол белгiлi бiр таным саласын танып бiлудiң монопоясы бола алмайды, шиеленiстердiң құқықтанушылар, өнертанушылар, философтар, социологтар,психологтар зерттейдi.Басқа ғылымдардың өкiлдерi оны зерттеудi психологиялық позицияны қолдана отырып қарастырады. Мысалы социологтар шиеленiс жақтастар арасындағы қарама-қарсы қайшылықтың объективтi айқындау шысы болып табылады. Оның шиеленiсуi, оны шешудiң шын мәнiндегi мәнi әрқашанда оның қарама- қайшылығын тудырған нәрсенi iс жүзiндегi байланыс, көтерiңкi дауыс, күрделi жағдай да болу, өте-мөте тартыншақтық және немқұрайдылық, мiне осылар шиеленiстi iс-әрекеттiң байқалған түрлерi болып табылады. Осылардың салдарынан қажетсiз құбылыстарға соқтыруы мүмкiн.
А. Г. Ковалевтың пiкiрiнше шиеленiстердi жүйелеудiң басты белгiлерi шиеленiстердiң мазмұны, яғни сол шиеленiстiң өзiне апаратын әрекеттер болуы тиiс. Мұндай қарама-қайшылықтарды топтастырудың барынша дәл әдiсiн Г.Л. Смирнов баяндайды.
Оған мыналар кiредi:
 Консерватизмнiң жаңашылдығы түйсiнетiн қарама-қайшылықты iздестiру.
 Адамдар тек өз тобының мүддесiн, жалпы мүденi ескермей, қорғау кезiнде туындайтын топтық мүдделердiң қарама-қайшылық.
 Жеке эгоисттiк сезiмдермен байланысты жеке бас пайдасы, карьеризм және басқа себептерден туындайтын қарама-қайшылық.
 Қалыптаспаған қарама-қайшылықтар.
 Саяси сипаттағы қарама-қайшылықтар
 Ауқымы бойынша орасан үлкен және орташа қарама-қайшылықтарды анықтауға болады..
Орасан үлкен қарама-қайшылық бүкiл ұжымды қамтиды. Мұндай шиеленiстердiң iшкi күштер арқылы шешуге болады.Адамдардың шиеленiсi әруақытта әлеуметтiк сипатта болады, сондықтан оны әлеуметтiк тұрғыдан жүйелеу қажет.
Қоғамдық қатынастар шиеленiсi ( мүдделер қарама-қайшылығы жеке адамның ұжымымен, қоғаммен келiспеушiлiгi, екi адамның өзара келiспеушiлiгi)
Отбасылық-тұрмыстық қатынастардың шиеленiсi, (әртүрлi көзқарастар мүдделер шиеленiсi, көршiлермен шиеленiс, өзара төсек қатынас шиеленiсi және т.б. шиеленiстердiң барлығы әртүрлi iшкi талдауды қажет етедi. Ол жеке адамдар қатынасына және шиеленiске байланысты.
Шиеленiстi жағдай қажет етiлмейтiн нәрсе ретiнде бағаланады. Бұл тұрғыда тұлғалардың сақтану көзқарасы пайда болады,одан кейiн ашу шақыруға апаратын соқтыратын жағдайға жектiзедi.....
19.12.2018
Вернуться назад