DataLife Engine / Психология | Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің- қарым- қатынас стилінің әсері

Психология | Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің- қарым- қатынас стилінің әсері

Мазмұны

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕГІ ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕПТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ
1.1. Мектептегі үлгермеушіліктің феномендік сипаттары мен себептері..................................................................................
1.2. Жасөспірімдердің оқудағы қиындық ерекшеліктері мен үлгермеушіліктерінің негізгі факторлары...........................................................
1.3. Мұғалімдер мен үлгермейтін оқушылардың өзара әрекеттестік жағдайының ұйымдастырылу ерекшеліктері............................................
1.4. Әлеуметтік – психологиялық тренинг мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың алғышарты ретінде........................................
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы.....................................................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары....................................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі............................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі психологияда барлық аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселсі сөз болып жатқанда, мектептегі келешек ұрпақтың тәрбиеленуі мен білім алу деңгейіне деген жауапкершілік артады. Осы жауапкершілікті қолға алу мақсатында үлгермеушілікті басты мәселелердің бірі деп санауға болады.
Үлгермеушілікті жеңу тек ғана педагогтардың мәселесі ғана емес, сонымен қатар психологтардың да өзекті мәселесі болып отыр. Біздің зерттеу жұмысымыз мектептегі оқушылардың үлгермеуіне мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсер етуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Қазіргі кезде үлгермейтін оқушылардың көбеюіне байланысты педагогтар мен психологтар арнайы зерттеу жүргізуде. Осы үлгермеушілік мәселесінің туындауына түрлі жағдайлар әсер етеді. Көбінесе үлгермейтін оқушылардың сабақта үлгермеу себебі олардың әлеуметтік жағдайларына да байланысты, яғни отбасылық кейбір мәселелердің болуынанда көрінді. Сонымен қатар, жасөсіпірімдік жастағы оқушылардың сабаққа үлгермеу себебі, олардың кіші мектеп жасындағы оқу материалдарын толығымен меңгермеуінің әсерінен пайда болатыны бәріңізге мәлім. Сондай-ақ үлгермеушілік мәселесін зерттеген отандық психологтар ретінде З.И. Калмыкова, Н.А. Менчинский, Н.Т. Талызина, И.Ю.Кулагина және т.б айтуға болады.
Қазақстандық зерттеушілер К.А. Бегалиева, А.Д. Жұмабаева, Л.В. Лысенко, Э.И. Шыныбекова, В.В. Трифонова, А.М. Қарабаева және т.с.с педагог-психологтар осы үлгермеушілік мәселесінің жасөспірімдерде болуын ерекше зерттеген. Жасөспірімдік шақтағы тұлғалық жетілуге байланысты оқушының мұғаліммен қарым-қатынас стилінің әсерінен сабаққа үлгермеуі маңызды педагогикалық-психологиялық мәселе болып табылады. Жалпы білім беретін мектеп жағдайларындағы бұл мәселелердің шешілуі алдыңғы қатарлы тәжірбиелердің кең насихатын мектеп тәжірбиесінде педагогикалық және психологиялық зерттеудің нәтижесін енгізуді болжайды.
Мектеп оқушысының үлгермеуіне оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасындағы әлеуметтік рөл үлкен әсер етеді. Осы үлгермеушіліктің алдын-алу тәжірбие жүзінде түрлі әлеуметтік – психологиялық тренингтер өткізу керек. Тренингтерді өткізу арқылы оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын арттыруға болады. Кейбір ашылмай жүрген оқушылар тренинг барысында топқа үйренеді. Тренингтерді ұйымдастыруда В.А. Сухомлинский, А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.П. Панюшкин. А.А. Бодалев және т.б өз үлестерін қосты. Дегенмен, жан-жақты тұрғыдан алып қарағанда, үлгермеушілік мәселесі толығымен зерттелген жоқ, әлі де болса зерттелу үстінде. Бұл мәселені зерттеу себебім –үлгермейтін оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынас стилінің жағымсыз әсерін болашақта болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің өзектілігі: Мектептегі үлгермеушілік мәселесі қазіргі таңда барлық білім беретін аймақтарда жұмыс сапасының арту мәселесі жайында сөз болғанда, мектептегі болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алу деңгейінде жоғарғы жауапкершілікпен қарайды. Дамып жетілуі жағынан кешкен балаларға іс жүзінде көмек көрсетудің қажеттілігі айқын көріне түсуде. Үлгермейтін оқушыларды педагогикалық-психологиялық коррекциядан өткізу арқылы арнайы сыныптарды ұйымдастырып, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты дамыту барысында сабақтан тыс әлеуметтік-психологиялық тренингтерді өткізу керек.
Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің қарым-қатынас стилінің әсерін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: мектептегі үлгермеушіліктің туындауына мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас стилінің әсерін анықтау.
Зерттеудің пәні: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас жағдайлары.
Зерттеу обьектісі: жасөспірімдер мен мұғалімдер.
Болжамы: мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынас стилдері және оқу үлгерімі арасында өзара байланыс бар.

көшіру қолданылады. Бұл әдіс оқушылардың өздерінің және олардың ата-анасының оқу нәтижелеріне жауапкершілігінің артуын көрсетеді.
Үлгермеушіліктің негізгі симптомдары ретінде педагогтар мен психологтар келесі сипаттамаларды бөліп көрсетеді:
- өз қатарластарымен салыстырғанда оқуға, санауға немесе басқа мектеп тапсырмаларын орындауға қабілетсізділігі;
- тапсырманың уақытында орындалуына көңіл бөлмеу;
- мектептегі көптеген пәндерден нашар баға алуы;
- үй тапсырмасын орындауға деген ұмытшақтық;
- бала үй тапсырмасын орындамаса да, оның орындалғаны туралы айтады немесе үй тапсырмасы берілген болса да, мұғалімнің ешнәрсе бермегендігін айтады;
- бала сабаққа жеңіл қарайды;
- бала жаман бағалары бар күнделікті көрсетуді «ұмытып қалады»;
- бала істі бастаса, оны толығымен аяқтамайды;
- оқушы мектепке барудан бас тартады;
- мектепке барып тұрып, сабаққа қатыспайды;
- мектепте «ауырдым» деп өтірік айтады;
- тапсырмаларды түсінуді қиналады және оқымайды;
- тұйық, оның достары өте аз;
- өзінің жастық деңгейіне сай келетін тапсырмаларды жүйелеуге қабілетсіз;
- мұғалімдердің көмегінсіз және қолдау тарапынсыз тапсырманы өзінің жасына тән орындай алмайды.
Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың көпшілігі оқушыда мүмкіндігінше онда мектеп үлгермеушілігінің қалыптастырғанын көрсетеді. Әлеуметтік қоршаудағы баланың үлгермеушілігінің психологиялық сипаттамасы келесіден көрінеді: жалпы мектептің педагогтары мен психологтарына мектеп бағдарламасын толық меңгере алмайтын балалардың мінез-құлқының бұзылуымен және тәртіпсіздігімен ерекшеленетіні белгілі. Үлгерімі төмен оқушылардың психикалық дамуының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу диогностикалық психологиялық эксперимент толық биографиялық зерттеу, сабақтарда және сабақтан тыс іс-әрекетте мінез-құлқын бақылау ата-аналарымен және мұғалімдермен сұхбаттасу - ғалымдар оқушылардың тұлғалық дамуының қалыптасуының бұрмалануына әсер ететін бірқатар жағдайларды көрсетеді [1, 75-135 б.].
Теріс мінез-құлқының қалыптасуының бірінші және ең маңызды фактор ретінде оқуға деген немқұрайлық, қандай да бір оқу жұмысына деген үлгерімі төмен баланың жек көрушілігі болып табылады. Материалды меңгерудегі қиындықтар сәтсіздіктерді үнемі сезінушілік мынаған алып келеді: мұндай балалар сабақтарды орындау процесінен қашады, дәптерлерін жыртады, кітаптарын тығып қояды, мектептің талаптарына жауап беруге қиналады. Олар сабақтарға қатысуды қояды, үйдегілеріне өтірік айтады, «сабақтан ешнәрсе берілген жоқ» деп алдайды, ал мектепте «кітаптарымды үйде ұмытып қалдырдым» деп сылтаулар көп айтады. Осы іс-әрекеттерден оқудың бір жылдық көлемінің өзінде-ақ мінез-құлқынының теріс жағы айқындала түседі. Екінші сынып оқушылары көлемінде келесі фактор оқушылардың мұғалімдермен конфликттік қарым-қатынастары қосылады. Бір қарағанда бұл қарым-қатынастар жағымсыз іс-әрекетті көрсететін секілді, педагогтардың үлгерімі төмен балаларға үстіртін қарайды дейтін пікір қалыптасады. Мұғалімдер оларға қатал қарайды, оларға айқайлайды, намысына тиетін ескертулер айтады, ата-аналарына шағымданады және т.б. Мұндай іс-әрекеттерге мұғалімдер көмегінсіз оқудағы минималды жетістіктері бар балалар жұмыс істеуге қабілетсіз болып саналады. Онда барлық сөйлемдер қолданылады: педагогтар дауысын көтеру арқылы ескертулер мен үлгерімі төмен оқушылардың назарын аудартуға, оларды оқу жұмысына қосуға тырысады, сабақты орындауға талпындырады. Тұрақты конфликттік жағдайлардың әсерінен үлгерімі төмен балалар аз уақыттың ішінде ашық түрде сабақтан шығып кетуге, оқушының мұғалімге сөз қайтара бастауы оқу процесінің бұзылуына алып келеді.
Тұрақты үлгерімі төмен оқушылардың ата-анасына деген аналогиялық мәселелері туындайды. Ата-аналарының мінез-құлқы қиын және қарама-қайшылықта болады. Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналары көбінесе мектепке жала жабады, оқу бағдарламасын дұрыс оқытпайды деп мұғалімдерді кінәләйды, бірақ та формалды емес жағдайды бақылағанда осы ата-аналар балаларын оқу мәселесімен сөгіп ұрысады. Шаршаулы балаларды мектеп сабағынан кейін дереу үй жұмысын орындауын талап етеді, физикалық жазалауларды қолданады. Осының нәтижесінде ата-аналары балаларының өздеріне деген сенімдерінен айрылады, күнделікті конфликттермен үйдегі жағдайдың қиындау себебімен олардың үлгермейтін оқушыларды көшеге кетуге мәжбүр етеді.
Мұғалімдер мен ата-аналардың үлгерімі төмен оқушылардың арасындағы конфликттерден кейін олар агрессивті үлгерімі төмен жөнге келмейтін, зұлым және құрдастарына деген осындай қарым-қатынас көрсетеді. Кіші мектепте аса дамыған, ақылды, алдыңғы қатардағылары (мұғалімдер мен ата-анасының үлгермейтіндерге қатынасын көріп) өздерінің жек көрушілігін көрсетуге тырысады. Ол оқушылардың оған жауабы 6-12 айда көріне бастайды, оларға қатал шаралар қолданады. Үлгерімі төмен оқушылар төбелеседі, боқ ауыз сөз айтуға құмар болады, заттар ұрлайды, сабақтан қашады. Үлгермеушіліктің мәселесі қазіргі қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені қарастыруда тек педагогтар мен психологтар ғана емес, сонымен қатар деффектологтар, психо-неврологтар, әлеуметтік педагогтар, ата-аналары баланың дұрыс гормониялық тұлға болып тәрбиеленуіне барлығы үлес қосуы қажет [1, 177-213 б.].
Ал, енді оқу үлгермеушілігінің психологиялық себептерін қарастыратын болсақ, жалпы, бала психологиясы, педогогикалық психология, педагогика, деффектология бойынша әдебиеттердің теориялық талдауы мектептегі үлгермеушіліктің салдарын анықтаудағы түрлі тұрғыларды көрсетті. Біз әртүрлі әдебиеттерде көрсетілген мектептегі үлгермеушілікке жетелейтін себептер тізімін мынадай топтарға бөліп қарастырамыз.

Бірінші топ себептер:
• ата-аналарының педагогикалық мәдени деңгейінің төмендігі;
• жанұядағы жайсыз жағдайлар (дау-жанжалдық адамгершіліктерге жат ата-анасының мінез-құлқының әлеуметтенбеуі);
• баланың жанұядағы іс-әрекетінің және өмірінің нақты ұйымдастырылуының жоқтығы, тұрмыста баланың қараусыз қалуы;
• балаға қойылған талаптардың бірыңғай жүйелілігінің бұзылуы;
• балаға деген бұрыс қарым-қатынас (тұлғаны басып тастау физикалық жаза еркелетіп жіберу, шектен тыс қадағалау);
• баланы мектепке оқуға дайындаудағы талаптарды білмеу немесе орындамау, оқудағы көмек көрсету.
Екінші топ себептер:
• жанұядағы баланың тәрбиелену жағдайын педогогтардың аз білуі.
• ата-аналарды психологиялық-педагогикалық дайындауы мен аз жұмыс істеуі.
• оқушыларды мектепке дайындығы жеткіліксіз дифференсациясы (білім алуының ұйымдастырылуы)
• оқушының өнегелік дамуында және мінез-құлқындағы ауытқуын жеңудегі жекедара жұмыстың әлсіздігі.
• олардың мінез-құлқымен іс-әрекетін жағымсыз ынталандыратын әдістеменің көптігі.
• баланың ауырлықты жеңілдетін эмоциялық күйінің ескерілмеуі.
• топтағы (сыныптағы) тұлғааралық қатынастардың басшылығының кемшілігі.
• жанұяның, бала-бақшаның, мектептің бала үлгермеушілігін жоюдағы байланысының жүйесіздігі.
Үшінші топ себептер:
• баланың (оқушының) жалпы дамудағы артта қалуы (кемтарлық) қоршаған ортаға бейімделуінің әлсіздігі;
• науқастық;
• өнегенің тәрбиеленбеуі;
• мінез-құлықтағы және қарым-қатынастағы білімнің, ептіліктің, дағдының кемшілігі, жетекші іс-әрекет түрінде дайындықтың болмауы.
Бөлініп алынған әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық себептер топтарына медициналық сипаттағы себептерді де қосуға болады. Олардың арасында:
• ойынның кемтарлығы;
• анализаторлардың парциалды деффектілері (есту, сөйлеу, моторика, дисграфия);
• ой жұмысы қабілетінің бұзылуы (церебрастениялық күйлердің нәтижесінде). Бұл бұзулардың барлығы бас миының жеңіл органикалық кемтарлығының минималды ми диффузиясынан, орталық жүйке жүйесінің биологиялық кемістігінің көрінуінің әр түрлі деңгейінің салдарынан туындайды. Олар балалар миындағы қан айналымның жеткіліксіздігінен, ішкі бас сүйек қысымының көтерілуінен, бас сүйек миының жарақаты нәтижесінде, психосоматикалық аурулардың ауыр және ұзақ болуынан миға әсер ететін инфекциялық ауруларда (мененгит, инцефалит, ревматизм) пайда болады. Мұндай бұзылулардың көрсеткіштері: бастың ауруы, қозғалыстың бұзылуы, шаршау, зейіннің тұрақтылығының жетіспеуі, сенсорлы тітіркендіргіштікті жақтырмауы (қатты дауыс, жарық), ұзақ ой шиеленісіне қабілетсіздік, оқу материалын игеру темпінің төмендеуі, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысудың баяулығы, есте сақтаудағы қиындықтар. Кез-келген нақты жағдайдағы мектеп үлгермеушілігі бірден қосарлануы мүмкін. Кейбір жағдайларда оқушының бастапқы үлгермеушілік себебіне жаңадан, екінші себептер қосылады. Бұл себептер әр түрлі болуы мүмкін. Өйткені, оқушылар өздерінің үлгермеушілігіне түрліше қарайды [2, 13-36, 44-62 б.].
Алғашқы кезеңде, яғни кіші мектеп жасындағы үлгермеушіліктің жағымды жағы болып оқушының қоғамға деген қызығушылығының тууы болып табылса, ал жағымсыз жағы - оқушынның барлық іс-әрекетті толығымен орындауға уақытының және шамасының жетіспеуінен, оның өз үлгрмеушілігін сезіп, мұғалім тарапынан төмен баға алуға қорқып, уайымдауының пайда болуы. Оқудағы артта қалушылық олар үшін жаман баға алу болып есептеледі.
Ал, жасөспірімдік шақтағы үлгермеушілік дегеніміз – бұл оқушының оқу тапсырмасына деген зейінінің аз болуы. Бірақ олардың өмірдегі іс-әрекеттері кеңейеді, яғни олар белсенді түрде спортпен шұғылданады, әр түрлі сецияларға қатынасады, құмарлық ойындарға көп барады және т.б. Көптеген жасөспірімдер орта мектеп жасында үлгерімі төмендер қатарына ілігеді.
Жоғары сынып оқушылары оқу сабақтарына, мұғалімдеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Көбінесе бұл буында мұғалімдер артта қалған оқушыларға көмек беруден өздерін аулақ ұстайды.....
19.12.2018
Вернуться назад