DataLife Engine / Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу

Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………..
II.Негізгі бөлім
2.1.Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар…………..
2.2. Шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру…………………………………………………….
2.3. Шетел тілі сабағына арналған нұсқаулар……………….
III. Практикалық бөлім
3.1. Шетел тілі сабағында қолданған тиімді әдіс-тәсілдер……
3.2.Сабақ жоспарының үлгілері………………………………....
Қорытынды………………………………………………......
Әдебиеттер тізімі……………………………………………..

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім, шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп, өткізу және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолдануда, сол әдіс-тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның талап-тілектеріне сай өткізу керек.
Сабақ- бұл практикалық бөлімнің іске асуындағы, білім берудегі, тәрбиелік және дамытушылық тапсырмалардағы, қорытынды бөлім кезіндегі мақсатқа жетудегі оқу үрдісін ұйымдастыратын негізгі бөлім. Сол себепті мектептегі білім беруді реформалау және шығармашылық дағдыларының дамуына әкелетін маңызды алғышарт болып табылады. Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шетел тілін оқу пәні ретінде көптеген мүмікндіктерге ие. Е.Полаттың ойынша шетел тілі сабағын жаңа, қазіргі талаптарға сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шетел тілін оқыту кезінде, білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана салада емес, әр саладан білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын-ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді. Тағы да сабақты ұйымдастыру үшін мақсаттарын алдын-ала белгілеп алмай тұрып, дұрыс ұйымдастырылған сабақты өткізу мүмкін емес. Оқытушы мақсаттарды белгілей отырып, сол сабақта немесе бірнеше сабақ барысында оқушылардың шетел тіліндегі білімі, іскерліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді. Шетел тілі сабағын ұйымдастыруды және оны жүргізу үшін сабақ жоспарларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға, сабақты негізінен оқушылардың жан-жақты дамытушылығына бағыттай отырып оқыту міндеттерін шешеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Орта мектептегі шетел тілі сабағы .
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Орта мектептегі шетел тілі сабағын ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасай отырып, шетел тілі сабағын ұйымдастырудың мәселелерін анықтау;
- шетел тілі сабағына қойылатын әдістемелік нұсқауларды көрсету;
- шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми- әдістемелік әдебиеттермен танысу, оларды талдау;
- шетел тілі сабағын тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау;
- шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды анықтау;
- шетел тілі сабағын тиімді өткізуге арналғын нұсқауларды анықтау;
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері:
- ғылыми әдебиет көздеріне оқу және оларға талдау жасау;
- шетел тілі сабағын тиімді ұйымдастыру мен оны өткізу мақсатымен педагогикалық үрдісті бақылау;
- шетел тілі сабағын қазіргі кезде жүргізуге студенттер арасында сауалнама жүргізу;
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыруға арналған нұсқаулар беріледі. Шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету;
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы. Шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасалына отырып, шетел тілі сабағының мәселелерін қарастырады.
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы:
Бұл диплом жұмысында көрсетілген әдіс-тәсілдер мен нұсқауларды студент-практиканттар мен мұғалімдер қолдана алады, себебі осы диплом жұмысында оқушылардың шетел тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытып, сабақты тиімді ұйымдастыруға әдістемелік тұрғыдан нұсқаулар беріледі.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы:
Егер шетел тілі сабағына әдістемелік нұсқауларды анықтап, сабақты шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданатын болсақ, шетел тілі сабағын жоғары деңгейде өткізуге болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Бұл диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады.< Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, пәні, нысаны, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері,ғылыми жаңалығы, теориялық құндылығы, практикалық құндылығы, ғылыми болжамы жазылған.
Негізгі бөлім үш тармақтан тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тармағында шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар туралы айтылады. Бұл тармақта теориялық мәселелер қарастырылады, диплом жұмысының тақырыбына сай ғалымдардың ой-пікірлері берілген. Екінші тармақта шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру жайында айтылады. Шығармашылық жағынан ұйымдастырудың тиімді жолдары, ғалымдардың пікірлеріне талдау жазылған. Үшінші тармақта шетел тілі сабағын ұйымдастыруға, оқушылардың іскерліктерін дамытуға арналған нұсқаулар берілген.
Практикалық бөлімде педагогикалық практикада жүргізілген тәжірибелер, шетел тілі сабағында қолданған тиімді әдіс-тәсілдер, сабақ жоспарының үлгілері берілген.
Бұл диплом жұмысын жазу кезінде міндетті түрде әдістемелік әдебиеттерге сүйенеміз. Сонымен бірге шетел тілін оқыту әдістемелік журналында жарияланған мақалалармен танысып, қолданудың және бұл әдебиеттер саны дипломдық жұмыстың қолданылған әдебиеттер тізімінде берілген.

Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар.
Біз шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастырып және жүргізуіміз үшін алдымен шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға тоқтала кетуіміз керек. Г.В.Рогова,Ф.М.Рабинович, Т.Е.Сахарованың ойынша, сабақ нақты талаптарға сай болу керек.(8) Бұл осы пәннің білім беру технологиясы, мазмұны мен мақсатына бағытталған болуы керек. Себебі бұл талаптар мұғалімнің сабаққа дайындалу мен сабақты жүргізудегі оның тактикасы мен жалпы мақсатқа жету өнерін (стратегиясын) анықтайды.
Н.Д.Гальскова, Г.В.Рогова, Ф.М.Рабинович (1,2) еңбектерінде шетел тілі сабағына қойылатын келесі талаптарды көрсетеді.
1)Сабақтың мақсатқа бағытталғандығы: әрбір сабақ практикалық, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарға белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жетуді қамтамасыз ету керек. Мысалы:
-оқушыларды жаңа лексиканы қолдануға үйрету (сөздер көрсетілген);
- диалогтық мәтінді дауыстап оқуға үйрету;
- келесі бір сөйлемдерді қолдана отырып өз ойын айтуға үйрету т.с.с. Осы секілді мақсаттарға жету үшін сабақты күнделікті түрлендіріп отырға жөн. Мысалы: мұғалім жоспарында көрсетілген тапсырмалар бойынша жұмыс атқарады. Біз бүгін спорт тақырыбына байланысты сөздерді қайталаймыз, біз бүгін грамматикамен жұмыс істейміз: біз берілген тақырып бойынша сөйлеу әрекетімізді дамытамыз және сабақ соңында мәтінді оқимыз». Біз күнделікті осындай әрбір тапсырманы бастайтын болсақ оуқшылардың қызығушылығын жоғалтып алуымыз мүмкін. Мысалы: «Біз бүгін әрбіріміз демалысты қалай өткізгеніміз жайлы білейік немесе біз өте қызықты және атақты жазушының әңгімесін оқимыз» т.с.с.
2)Сабақтың маңыздылығы: сабақтың келесі кезеңдерді; біріншіден, сабақта басты маңызды материалды, екіншіден, тәсілдер мен жаттығулар; үшіншіден, материалды меңгеру мен сөйлемдерді қолдануға оқушылардың арақатынасы.
Мұғалімдер мен оқулықтың автролары беретін үлгілер мен мысалдары жағдаятты және коммуникативтік сипатқа ие болуы керек. Мысалы: неміс тіліндегі перфектті оқушылар диалог түрінде жақсы қабылдайды.
- Hast du dieses Buсh gelesen?
Сабақта қолданылтын үлгілер мен мысалдар білімдік маңызы мен тәрбиелік қарым-қатынаста маңызды болуы керек. Ол үшін мұғалімде арнайы көмекші құрал ретінде өлеңдер, мақалдар, тақпақтар, атақты адамдардың ұлағатты, қанатты сөздері болуы керек. Бұл дегеніміз тапсырмалары анықталған оқу жағдаяттары оқушының тапсырманы орындау жауапкершілік, ұқыптылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған болуы крек. Байқампаздық және инициативтік қасиеттеріне де. Оқу жағдаяттары білім беру мотивациясын дамыту, оқушылардың берілген тапсырмаға және оны орындауға деген қызығушылығын ояту т.с..
3) Оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттыру көбінде сөйлеу қабілеттерін тәрбиелеу, дамытуда. Бұл негізінде олардың сөйлеу әрекетін қалыптастыруда. Көп жағдайларда сабақта мұғалім белсенді болады бұл оқушылардың сөйлеу әрекетін төмендетеді. Сондықтан оқушыларға топтық жұмыс, жеке тұлғаға бағытталған жұмыстар және жарыс ойындар жүргізіп отыру керек, бұл олардың қызығушылықтарын жоғалтпауға көмектеседі. Сабақты түрлендіріп отырған дұрыс сонда оқушылар сабаққа әсерлі сезіммен қарайды.
4) Сабақтың мотивациялық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл кезде техникалық және техникалық емес құралдардың рөлі зор. Осы құралдар арқылы оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға болады. Мұғалімдердің сабақта техникалық құралдардың ішіндегі қолданылатыны- ол магнитофон, диафильмдер, видеофильмдер (4). Қазіргі кезде енді компьютермен оқыту, электронды оқулықтарды қолдана оқыту және интерактивті тақтаны қолданудың көмегімен шетел тілі сабағын қызықты жүргізуге болады. Техникалық құралдар оқушылардың тыңдап-түсіну, ойлау қабілеттерін дамытуға болады(7). Бұл кезде тек қана тілдік дағдыларды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар техникалық құралдарды игере білуге, компьютерді қолдана білуге үйретуге болады. Техникалық емес құралдардың маңызы да өте зор. Осындай жағдайда ребустар, суреттер, мақалдар мұғалімге көмек болады. Мақала мен суреттерді қолданғанда аутенттік материалды қолдану оқушылардың тілдегі ерекшеліктерді түсінуіне көмек болады.
5) Сабақтың ғылымға бағытталғандығы. Бұнда сабақтың басқа да ғылым салаларымен және басқа пәндермен байланысты, ақпараттық құралдардың қолданылуы болып келеді. Сабақтың басқа пәндермен байланысты болуы оқушылардың терең , жан-жақты білім алуына,білім деңгейін кеңейте түсуіне көп ықпалын тигізеді(5). Жекелеген пәндермен ұштастыра отырып жүйелі білім беруге болады. Бұл кезде мұғалім сабақтың әрбір кезеңіне ақпарат көздерін дұрыс таңдап және дұрыс қолдануы керек.
Артықбаева, Рогова, Рабиновичтің пікірлеріне талдау жасай келе шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды 1 және 2- кестеде көрсеткім келді. 1-кестеде көрсетілгендей шетел тілі сабағына қойылатын талаптар 2-ге бөлінеді. 2-кестеде дәстүрлі сабаққа қойылатын талаптар көрсетілген.....
19.12.2018
Вернуться назад