DataLife Engine / Қазақ тілі | Фразеологизмнің сөз тіркесіне алу тәсілі

Қазақ тілі | Фразеологизмнің сөз тіркесіне алу тәсілі

Мазмұны

Кіріспе ............................................................................................................4
1 .Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері..........................................................6
1.1 Сөз тіркесінің ситетикалық тәсіл арқылы байланысуы........................9
1.2 Сөз тіркесінің аналитикалық тәсіл арқылы байланысуы...................12
2. Фразеологизмнің байланысу тәсілдері...................................................20
2.1 Аналитикалық тәсіл арқылы байланысқа түсетін
фразеологизмдер............................................................................................25
2.2 Синтетикалық тәсіл арқылы бйланысқа түсетін
фразеологизмдер............................................................................................27
Қорытынды.....................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................32

Кіріспе
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей:
а) лексикалық мәні.
ә) копаненттік құрамы.
б) грамматикалық категориялардың түрі.
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың өзектілігі болып танылады. Сөйлемде белгілі бір сөз табының орнына қолданылатын фразеологизмдер сөз таптарымен сөз тіркесін құрап барып сөйлемге енеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Фразеологизмдердің сөз тіркесінің бағыныңқы,басыңқы сыңарында жұмсалу ерекшеліктеріне сай аналитикалық,синтетикалық тәсілмен байланысқа қалай еніп,сөз тіркесін құраудағы басқа да ерекшеліктерін ашу.Осыдан төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
-фразеологизмнің синтетикалық тәсілмен байланысу үшін тұтасымен беретін мағынасын анықтау;

-қандай мағыналы фразеологизмдер аналитикалық тәсілмен байланысатынын нақтылау;
Зерттеу жұмысының әдістері мен дереккөздері: Жұмыс барысында сипаттама әдісі,компоненттік талдау әдісі,зерттеу жұмысына қажетті нақты мәліметтерді жинақтау әдісі қолданылды.Қажетті теориялық материалдар қазақ тіл білімінде:І.Кеңесбае,М.Балақаев,К.Аханов,А.Ысқақов,Р.Әміров,Т.Сайрамбаев,Ә.Болғанбаев,С.Сәтенова, Г.Смағұлова т.б.орыс В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, В.Н.Телия; түркітануда:
Н.К.Баскаков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова,А.З.Гаджиева т.б. тілші мамандардың еңбектеріненалынды.Ал қажетті тілдік материал І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен»(1977ж.),сондай-ақ көркем әдебиет пен баспасөз материалдарынан жиналды.
Зерттеудің жаңалығы мен нәтижелері:Қазақ тіліндегі фразеологизмдер сөз тіркесін құрайтын компонент ретінде арнайы зерттелді.Олар жиналған тілдік мәлімет бойынша топталды,нәтижелері төмендегідей:
-аналитикалық тәсілмен байланысқан фразеологизмдер айқындалды;
- синтетикалық тәсіл арқылы байланысқан фразеолгизмдердің мағынасы айқындалды;
- фразеологизмнің сөз тіркесін құрауына қатысатын дәнекер сөздер(көмекші есімдер,көмекші етістіктер,шылаулар арқылы құрауы) анықталды;
- фразеологизмнің байланысу тәсілдерін зерттеу барысында сөз тіркесіне қатысты тұжырымдар нақтыланды;
Фразеологизмдерді сөз тіркесінің бір сыңары ретінде зерттеу сөз тіркесі синтаксисіндегі әлі күнге басы ашылмай келе жатқан мәселелердің шешілуіне үлес қосты.
Зерттеудің нәтижелерін қазақ тілінің фразеология,синтаксис салалары бойынша оқылатын дәрістерде білім беруде толыққанды мағлұмат беру үшін пайдалануға болалы.

1 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері.

Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жақтан байланысқа айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері (модельдері) пайда болады. Бұл жайында К.Аханов: «Сөз тіркестерінің және олардың модельдерінің жасалуында ұйытқы сөздің қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің құрылымы, әдетте, оның құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына, атап айтқанда, қай сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз тіркесін құрастырушы сөздердің өзара қарым-қатысы мен байланысының сипатын айқындауға, ол сөздердің жалпы категориялық мағынасының тікелей қатысы бар» - дейді[ 1;379]. Мысалы, заттылық мағынаны білдіретін сөздер тобы (зат есімдер) ұйытқы (басыңқы) сөз ретінде қолданылғанда, атрибутивтілік (сын, сапа, түр-түс және т.б. белгілер) мағынаны білдіретін сөздермен (сын есімдер) тіркесуге және анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есімдер, есімшелер және есімдіктермен тіркесуге икем келеді де, атрибутивті сөз тіркестері және олардың моделі жасалады. Мысалы, мен жазба өлең ермек дегендер – бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына енгенде – Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ... дегендей синтаксистің байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен байланысып, екінші тіркес болады, ермек үшін деген сөзбен жазбаймын деген сөзбен байланысып үшінші тіркес жасалады. Сын есімдер заттардың сапасын ,белгісін білдіріп, сөз тіркесінің тәуелді,бағыныңқы сыңары ретінде қызмет атқарумен бірге (мысалы:ақылды адам,бай колхоз)өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен басқа септіліктердің бірінде тұруын керек етіп,сөз тіркесінің басыңқы сыңары ретінде деқызмет атқара алады(мысалы:ақылға бай,сөзге шебер,қаладан алыс,тастан қатты және т.б.)
Етістіктер тіл-тілде тіркесу мүмкіндігі өте –мөте мол сөз табы ретінде есептелінеді.Әртүрлі іс әрекеттің,қимылдың мазмұнын ашу үшін іс істеушінің,іс-әрекеттің шығу тегінің,қалай болғандығының көрсетілуі қажет.Осыған орай,етістіктер ұйытқы сөздер ретінде өзіне бағынышты зат есімдермен де,үстеулермен де,көсемшелермен де,еліктеу сөздермен детіркесе береді.
Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігінің молдығы немесе аздығы ол сөздердің сөз табы ретінде жалпы категориялдық мағынасымен тығыз байланысты.Мысалы,үстеулер қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, әдетте, зат есімдермен емес,көбінесе етістіктермен тіркессе ,сын есімдер мен есімшелер заттардың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай, көбінесе зат есімдермен тіркеседі,олардың анықтауыштары ретінде қызмет атқарады[ ].
Сөз тіркесінің синтаксисі туралы мәселе түркологияда,оның ішінде қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттелуде.Көрнекті түркологтар А.Гордллевский, А.П.Поцелуевский, Н.А.Баскаков, П.К.Дмитриев, А.Н.Кононов т.б. ғалымдардың зерттеулерінде түркі тілдерінің негіздерінде сөз тіркесі туралы айтылған тұжырымдар мол.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі туралы ілімнің жалпы теориялық мәселелерін негіздеген М.Балақаев. Сөз тіркесінің дамуы, құрылысы, түрлері, формасы жан-жақты зерттеле бастады.Ал олардың бір-бірімен байланысы,яғни сөз тіркесінің байланысу тәсілдері осы уақытқа дейін арнайы зерттелінбей келеді.Алайда көптеген ғалымдардың сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне қатысты айтқан пікірлері баршылық.
Байланысу тәсілдері әзірше түркологияда да,қазақ тіл білімінде де тек оқулықкөлемінде ғана айтылып жүр.Тіпті байланысу тәсілдерінің атауы туралы көзқарас әртүрлі. Мысалы: Е.И.Убрятова,Н.З.Ғаджиева мен Б.А.Серебренниковтар сөздердің бйланысу формаларын байланысу тәсілдері деп атайды[3;31 ].
Кейбір ғалымдар сөз тіркесінің байланысуы туралы айтқанда оларға тек дәнекерлердің ізімен ғана тоқтай келіп,сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары орын тәртібі,шылаулар,жалғаулар,интонация арқылы байланысады дейді [4;164 ].
Енді бір ғалымдар сөз бен сөз төрт дәнекер арқылы байланысатындығын айта келіп,онан кейін оларды әрі қарай аналитикалық,синтетикалық деп қосымша беріп отырады[5;14]. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін бір дегеннен аналитикалық және синтетикалық деп беруде орын алған[6;13 ].
Ал кейбір еңбектерде сөз тіркестерін байланысу тәсілдеріне қарай аналитикалық,синтетикалық деп бөле келіп,оған үшінші етіп аналитико-синтетикалық тәсілдерін де қосады[7;44-45 ].
Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері жайлы бұлайша әртүрлі болуының өзі бұл саланыңаз зерттелгенін білдіреді.Біз байланысу тәсілдері жайлы осы пікірді ескере келіп сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерін үшке бөліп қарастырғанды жөн көрдік.
1.Синтетикалық байланысу тәсілі.
2.Аналитикалық байланысу тәсілі.
3.Аналитико-синтетикалық байланысу тәсілі[ 8;60].
Сөз тіркесінің синтаксистік қызметін М.Балақаев, Т.Сайрамбаевтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбектерінде айтады. Яғни сөздер тіркесу арқылы сөйлем құрай алады. Сөздердің байланысуы үшін синтаксистік тәсілдер қолданылады. Көбіне М.Балақаев, Т.Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тілі» еңбектерінде 1. «Жалғаулар (септік, көптік, тәуелдік, жіктік). Мысалы:жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдынғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғауда айтылу арқылы байланысқан. 2. Шылаулар (демеулер, жалғаулықтар). Отаным үшін аттанам,, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан. Интонация. Бұл –кітап, Жақып бригадир интонация арқылы байланысқан»[ 9;38]
Сөз тіркесін зерттеп жүрген ғалымдар сөз тіркесі құрамындағы сөздерді байланыстырып тұрған дәнекерліктердің ерекшеліктері жайлы пікірлер білдірді.Мәселен,М.Балақаев сөз бен сөзді байланыстыруда дәнекер болатын синтаксистік тәсілдерге жалғауларды,шылауларды,сөздердің орын тәртібін және интонацияны жатқызады да,сөз тіркесі құрамындағы сөздердің қосымша арқылы байланысуын синтетикалық байланыс,ал қосымшаларсыз орын тәртібі,интонация,шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық байланыс деп қарайды.
Профессор Р.Әміров сөз бен сөзді байланыстыру тәсіліне жалғауларды(септік,көптік,жіктік),шылауларды(жалғаулық,
септеулік),орын тәртібі және интонацияны жатқызады.
Қосымшаларды синтетикалық,ал қалғандарын аналитикалық тәсілге жатқызады.М.Балақаев жоғарғы оқу орнына арналған оқулығында /1977/ сөзді байланыстыруға шылаулармен қатар көмекші есімдерді қосады.
Ал,проф.Т.Сайрамбаев сөз тіркесі құрамындағы сөздерді байланыстыруға шылаумен бірге көмекші есімдіктер де,көмекші етістіктер де және модаль сөздер де қатысады дей келіп,оларды бір сөзбен көмекші сөздер деген атпен атауды қуаттайды[10;60 ]......
18.12.2018
Вернуться назад