DataLife Engine / Психология | Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар

Психология | Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар

Мазмұны

КІРІСПЕ.............................................................................................................3
1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.................................................................................................................8
1.1 Дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы...............................................8
1.2 Дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы..............12

2 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛЫНАТЫН
ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ......................................................................20
2.1 Дарынды балаларды оқыту технологиясы......................................................20
2.2 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері
мен түрлері...............................................................................................................30
2.3 Дарынды оқушыларды ғылыми жұмысқа бейімдеу.......................................38
2.4 Алматы қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатының
оқушыларымен жұмыстарының іс-тәжірибесі......................................................49

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................55

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
«Жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерің бірі - жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады» - деп, көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында [1].
Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын [2]. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.
Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз - бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де - тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі - ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» дейді [3]. «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің ең маңызды ерекшеліктерін көрсетер болсақ: оның сараланып жіктелген көпсатылы үздіксіз білім беру (мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары білім беру, магистратура және докторантура) жүйесі адамның білімі мен әдет-дағдыларын үзіліссіз жаңартып және жетілдіріп отыруына мүмкіндік береді, адамның жеке тұлғасына зор әсер етеді. Сондықтан, жаңа бағдарлама бойынша білім берудің балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі барлық саласы толық үйлесімді дамуына баса назар аударылуы - отандық білім беру саласын жаңа сапалы деңгейге көтеретіні сөзсіз. Ал, бұл өз кезегінде халықтың болашағы - жастардың жан-жақты білім алуына тың серпін береді.
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» білім берудің басты нысаны әлемдік білім кеңістігіне кірігу болып отырған қазіргі уақыттағы білім мәніне ерекше назар аударылады: «Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің үлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысаны болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әдеқайда маңызды да күрделі» - делінген [4]. Осы мақсатқа сай бүгінгі білім беру жолында оқытушы білім алушыға білім алудың жолын көрсетіп бағдар беруші ретінде, ал оқушы өздігінен ізденіп, ақпарат көздерін, ақпараттық технологияны пайдаланып, білімін дамытып, өзіндік көзқарасын қалыптастырған тұлға ретінде дамуы тиіс.
Жалпы, біліми сананың дамуына, білім алған оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамуына тек мұғалім ғана емес, олардың кәсіби шеберлігінде, білімі мен білігінде, парызында, халық алдындағы жауапкершілігінде тұр.
Қазіргі дамыған өркениетті қоғамда қазақ тілін жастарға оқытуда жаңа технологиялар мен интерактивті әдістерді жиі қолданған дұрыс. Сонымен бірге казақ тілінде оқытатын мектептегі қазақ баласын жеке тұлға ретінде және оның сана-сезімін, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға арнаулы кәсіби білімі бар, жоғары білікті, тілді құрметтеп, маңызын түсіне білетін мұғалім жүргізген дұрыс.
Мектеп - білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жаткан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне, осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.
Бүгінгі жаһандану жайлап бара жатқан қоғамның мектепке әлеуметтік сұранысы бүгіндегі білім беру үрдісінің мақсаты мен міндетін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Қоғамдағы адамдар кез-келген жағдайға дайын, өзіндік пікірі қалыптасқан проблемалық әрекеттен жол таба білетін тұлға болуы қажет. Осы тұрғыда білім берудегі негізгі мақсат әрбір оқушыға өзіндік қабілетіне қарай бабын таба оқута білу мен жеке-дара көмек көрсету болып табылады. Жеке қабілеттің дамуы әр оқушының тұлғалық қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі білім беру үрдісі бойынша логикалық ойлау қабілетін дамыту жағын ойластыру қажет. Дәстүрлі оқу үрдісі оқушыға негізінен дайын, өңделген, оқу материалдарын ұсынады. Оның белсенділігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы жағдай жасала қоймайды. Ал, жаңа талаптар бойынша оқушы өзінің дербестігінің, соны ойлай білу қызметінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізуі тиіс.
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі - дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыкқа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.
Келтірілген пайымдаулар мен көрсетілген қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі зерттеу жұмысының көкейкестілігін анықтайды және тақырыпты «Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар» деп таңдап алуға себеп болды.
Зерттеу пәні - дарынды балалармен жұмыс.
Зерттеу мақсаты: дарынды оқушылармен жұмыс істеудің теориялық негіздері мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздерін жасау;
- дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: дарынды балалар мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық таным теориясы, психологтар мен педагогтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің рөлі жайындағы ілімдер, жеке тұлға туралы теория және оны дамытудағы халық педагогикасының мәнін айқындайтын тұжырымдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері жасалынды;
- дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі жасалынды.
Зерттеу базасы: Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп.
Зерттеу әдістері: зерттелетін мәселе бойынша әдебиетті теоретикалық талдау мен жалпылау, педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпылау, салыстыру, сауалнама өткізу, бақылау т.б.
Зерттеу нысанын дамыту жөнінде болжамдар: дарындылықты теориялық-әдіснамалық негізде жалғастыра зерттеу, дарынды балалармен жұмыс істеуіне мұғалімдердің психологиялык-педагогикалық білімі, дағдысы, іскерліктерінің әсері, педагогтың кәсіптік-тұлғалық көзқарасы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы», «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурызындағы № 256 қаулысы.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2011-2012 жылдар) зерттеу мәселесіне байланысты материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді; ғылыми аппарат айқындалды; зерттелуге тиісті негізгі мәселелер қарастырылып, теориялық негіздер анықталды.
Екінші кезеңде (2012-2013 жылдар) дарынды балаларды оқыту технологиясы, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу мәселелері анықталып, диплом жұмысы орындалды.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі мен ғылыми аппараты анықталды.
«Дарынды балалармен жұмыс істеудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы және дарынды балаларды анықтаудың психологиялық диагностикасы жасалынды.
Екінші «Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстардың әдістемесі» атты бөлімде дарынды балаларды оқыту технологиясы, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері және дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу мәселелері қарастырылды.
Қорытындыда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.


1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Дарындылық ұғымының мәні мен анықтамасы

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми - практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды бала¬лармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді. Сондықтан, дарынды баланы дамыту мәселесі қоғамдық маңызды проблема болып отыр. Дарындылық - баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. "Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі"
Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттер жөніндегі идеялар ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. XIX ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К.Д.Ушинский «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт-мұғалім мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында», - деп нақтылаған [5].
XIX ғасырдағы қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы.Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» деп бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған [6].
Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбай-ұлының поэтикалық шығармалары мен кара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған.
А.Құнанбаев адам бойындағы мінезді сынай отырып, оған ерекше түсінік беріп өткен. «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демекші. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген» [7]. Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. XX ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қайраткерлер еңбектерінде бала тәрбиесі мен ерекшелігін қабілетіне қарай қалыптастыру жайттары сөз болған. Жалпы, XX ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиыңдығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын. Осы кезеңде қазақтың көрнекті қайраткерлері болашақтың дамуы білім берудің дұрыстығы екендігін ұғынып, халықты білімге шақырған болатын.....
18.12.2018
Вернуться назад