DataLife Engine / Аударма ісі | Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы

Аударма ісі | Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы

Мазмұны

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУЫ

II ТАРАУ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ НҰСҚАУЛЫҚТАР АУДАРМАСЫ
ІІІ ТАРАУ. МЕДИЦИНАЛЫҚ АУДАРМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Аударма – қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Аударма – сан қырлы, дүние, ол – өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К.Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны актерге теңеу бекер емес. Аударма – шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс). Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы – құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан.
Аудармашыға қажет қасиеттер – терең, жан-жақты білім, ақындық-жазушылық қабілет, үлкен шеберлік, талант, мол тәжірибе, екі немесе көптеген тілдерді жетік меңгеру, кәсіби мамандану және үздіксіз іздену, шығармашылық машықтану, шабыттану, елестету кеңдігі, түйсіну тереңдігі, сезімталдық даралығы, тіл байлығы. Аудармаға құштарлық, қызығушылық, ұлт әдебиеті мен автор шығармасының жауапкершілігін жете түсіну, т.б.
Келесі кезекте, қазіргі таңдағы ең ауқымды аудармалардың бірі медициналық нұсқаулықтардың аудармасына тоқталайын деп едім. Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды, аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну керек. Бұл шарт ағылшын тіліне, орыс,қазақ тілдеріне де қатысты. Баяндау стилінің өзгешелігінде, қабылданған жазба нысанында, қолданылмалы терминологияда, ауруларды жіктеуде, дерт белгілерін атауда және тағы басқа ерекшеліктерде қолданылған сөзбе-сөз аударма мәнсіз болады. Ұтымды аударма жасау үшін, әр сөз орамының мағынасын түсіну, баяндаманың ішкі логикасын бақылау қажетті, түпнұсқамен ықтимал айырмашылықтарды және аудармалы мәтіндегі қателіктер мен жаңыңылыс басылған сөздерді байқай алу керек.
Медицина – терең және бәрін қамтитын, сан түрлі тармақтар мен салалардан тұратын ғылым. Бұл фармокология да, педиатрия да, стомотология да, - ұзақ айта беруге болады. Медициналық аударма кәсіби деңгейде болу үшін, сала бойынша терең ғылыми білімді игеру керек. Туған тілде не жайлы айтылғанын білмей тұрсақ, өзге тіл диалектіне қалай аудармақшымыз?
Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды, аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну керек. Бұл шарт ағылшын тіліне, орыс,қазақ тілдеріне де қатысты. Баяндау стилінің өзгешелігінде, қабылданған жазба нысанында, қолданылмалы терминологияда, ауруларды жіктеуде, дерт белгілерін атауда және тағы басқа ерекшеліктерде қолданылған сөзбе-сөз аударма мәнсіз болады. Ұтымды аударма жасау үшін, әр сөз орамының мағынасын түсіну, баяндаманың ішкі логикасын бақылау қажетті, түпнұсқамен ықтимал айырмашылықтарды және аудармалы мәтіндегі қателіктер мен жаңыңылыс басылған сөздерді байқай алу керек.
Егер де сіз асқан аудармашы болу үшін тек қана ағылшын тілін білу қажет деп ойласаңыз, терең қателесіз. Өйткені аударма әлемі мүлдем әрқилы болады: өнеркәсіп, саясат пен шоубизнестен бастап, физика, комонавтикаға дейін және т.б. Осы салалардың әрқайсысында өзіндік ерешеліктері бар, ал ең өзектісі - медициналық аударма нұсқаулықтарының ерекшеліртері
Медициналық аударманың ерекшеліктері ең алдымен қай сферасын алмасақ та – кез келген жағдайда аударма ғылыми сипатқа ие болатынымен айрықшаланады. Өткені медицина – терең және бәрін қамтитын, сан түрлі тармақтар мен салалардан тұратын ғылым. Бұл фармокология да, педиатрия да, стомотология да, - ұзақ айта беруге болады. Медициналық аударма кәсіби деңгейде болу үшін, сала бойынша терең ғылыми білімді игеру керек. Туған тілде не жайлы айтылғанын білмей тұрсақ, өзге тіл диалектіне қалай аудармақшымыз?
Медициналық аударманың ерекшеліктері тағы осыда: аударма саласы соншалықты өзгеше, тіпті аудармашыдан кәсіби терминологияны, көпшілік мақұлдаған қысқартуларды, аббревиатураларды түбегейлі білуді талап етеді. Әсіресе бұл, өте сирек кездесетін мыңдаған препараттар атауларын, олардың сыңарларын шыдамдылықпен тәржімелеуді талап ететін фармакология сферасындағы медициналық аудармаға қатысты.
Келесі ерекшелігіне медициналық аударма жасайтын тілмаштың мойнына жүктелетін терең жауапкершілік те жатады. Шынында, медицина адамдарды емдеу үшін, тіпті өлімнен құтқару үшін арналған. Кез келген қате аударылған сөйлем дертті анықтауда немесе дәрі дәрмек жазып беруде ақпараттың бүлінуіне әкеп соқтыруы ықтимал, бұның салдарынан науқастың жағдайы нашарлауы, ал одан әрі өлімге ұшырауы мүмкін.
Ендігі кезекте,медициналық аударманың ең маңызды ерекшеліетерінің бірі шапшандылық болып саналады әсіресе, хирургиялық операциялар жүргізу кезіндегі ауызша аударма туралы сөз қозғалғанда. Бұл жерде аудармашыға дәл дәрігерге секілді жауапкершілік жүктеледі. Тілшінің де реакциясы мен тиянақтылығы операцияның нәтижесіне тура әсер ететін факторлар. Ертеңгі күні біреудің жүрегі соға ма, әлде жоқ па екені медициналық аударма маманына тәуелді деп сенімділікпен айтуымызға болады.
Медициналық нұсқаулықтар аудармасы ғылыми түрде мазмұндауға арналған қалыпты сөздер жиынтығы, ережелер және қосымша белгілер жүйесінің бай қорымен ерекшеленеді (бұған техникалық мәтін, түрлі схемалар мен сызулар қосылады). Медицинлық нұсқаулықтардың аударма мәтінін жазудың қатал заңдылығы бар. Белгілі бір синтаксистік, морфологиялық құрылымдары, бірыңғай орамдағы сөздер, бірыңғай стиль қалыптасқан. Мұнда басы артық сөз жоқ. Әрқайсысы қаланған кірпіштей өз орнында тұрады. Әр сөз медициналық мәтінді сипаттау, талдау түсіндіруге бағытталады. Медициналық мәтін когнитивтігі (танымдылығы) ақпаратты жеткізуге арналған. Мұндағы сөйлемдер құрылымы күрделі және олар сөз жасау моделі бойынша құрылады. Әр сөздің деректілігі, ақпараттық мағынасы бар. Ең бастысы терминдер жиі кездеседі. Терминдерді сәйкес баламалармен аудару керек. Мағыналық жақындықтағы сөздер термин қызметін ауыстыра алмайды. Мұнда терминологияның жалпы ғылыми қабатын құрайтын лексикалық бірліктер қолданылады. Ол кейде жалпығылымдық сипаттау лексикасы деп те аталады. Мысалы “маңызды рөл атқарады”, “маңызды мәнге ие”, “маңызды сипат алады” т.б. синонимдік орамдар. Мұнда когнитивті ақпараттың тығыздық деңгейін арттыратын құралдар ретінде қысқартулар қолданылады. ЭКГ – электрокардиограмма, ҒТҚ – ғылыми-техникалық құрал т.б. Мәтіндегі синтаксистің күрделілігі аудармада ұқыптылықты талап етеді. Ең бастысы аудармада олардың логикалық құрылымы жағынан тұтастығын, байланысын бұзбау. Сондықтан аударма логикалық жағынан қисынды, тұжырымды, дәлелді болуы тиіс. Ғылыми мәтін түсінікті, айқын, нақты сипатымен тез меңгеріледі. Ойға тез қонады.
Медициналық нұсқаулық мәтінді логикалық ұйымдастырудың қосымша құралы – безендіру, көрнекілеу құралдарын тиімді пайдалану, шрифтік жағынан айқындап көрсету маңызды. Тақырыптың үлкен әрі көлемді әріптермен теріліп берілуі, тақырыпшаларды даралап көрсету, ереже, анықтамалардың, негізі ойлардың аражігін ажыратып, айқындау, кейде басқа түспен белгілеу. Бұл мәнді де, бағыныңқы ақпаратты компрессиялық (қысқарту, сығу) құралмен көрнекілеу саналады.
Медициналық аудармаға төмендегілер жатады:
- Медициналық құжаттардың аударылуы (емделушілердің амбулаториялық карталары, сараптама қорытындылары, эпикриздер, мамандардың тұжырымдары, ауру-сырқау тарихынан көшірмелер, анықтамалар, ауруханалық қағаздар, емделушілерге арналған ескертпелер, операциялар хаттамасы)
- Фармацевтикалық құжаттардың аудармасы (Дәрі-дәрмектердің сапалылығын бақылау және оларды тіркеу жайындағы нормативті құжаттар, медикаменттердің аннотациялары, дәрілік затты қолдану жөніндегі м нұсқаулықтар, фармацевтикалық өнімдердің сертификаттары, клиникалық зерттеу мен дәрілік препараттарды сынақтан өткізу қүжаттары)
- Медициналық машина жабдықтары мен саймандарды, құралдарды, аппаратураларды қолдану нұсқаулықтарының аудармасы (қолдану жөніндегі нұсқаулықтар, сертификаттар, каталогтар, патенттер (иеқұжат), лицензиялар т.с.с.)
- Медициналық сайттар
- Медицина жайындағы ғылыми жұмыстардың аудармасы (денсаулық сақтау саласындағы соңғы жетістіктер туралы медициналық мәтіндер, медициналық мақалалар журналдардары, конференция материалдарын қоса алғандағы медициналық әдебиеттер, ағылшын тіліндегі медициналық анықтама кітабына енгізілген терминдер сонымен қатар ғылыми сипаты бар басқа да медициналық құжаттар аудармасы)
- Медициналық сақтандыру полистер, дерттік-анатомиялық тұжырымдар.
Медициналық аударма дегеніміз бұл шет тілінде мінсіз сөйлеп, кәсіби медициналық терминологияны керемет білгеннен басқа, ең алдымен аудармашыдан байсалдылық пен үлкен жауапкершілікті , барынша көп назар мен зейін салуды талап ететін жұмыс. Бұл аударма саласында еш қтелікке жол берілмейді. Өйткені аудармашының тіпті бір ғана терминді дәлдіксіз және бір мәнсіз тәржімалауы тікелей адам денсаулығына өте қайғылы зардап әкелуі мүмкін. Осы кәсіппен айналысқан аудармашы адам денсаулығы жұмысының сапалылығына тәуелді екенін ұғынуы тиіс. Осыдан басқа, медициналық аударма жасап жатқан аудармашыға, еліміздің және шет елдің медициналық құжаттарын рәсімдеу стандарттарының арасындағы айырмашылықтарына қатысты белгілі бір ерекшеліктер жақсы мәлім болу керек.
Медициналық аударма жасағанда, бұл жұмысты біртіндеп орындаған жөн. Яғни, бүкіл текстіні оқып шығып, одан қиын және сирек кездесетін сөздерді белгіленіп алынады. Содан кейін, мәтіннен белгіленіп алынған терминдерге сараптау жүргізіледі. Сонда ғана медициналық құжаттыр кәсіби сиптта аударылуы мүмкін.

I ТАРАУ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУЫ

Термин сөзінің шығу тегі терең. Ежелгі Римде термин сөзі шекараның тәңірлік иесі, территориялар мен учаскелерді бөліп тұратын шекаралық бағаналар мен тастардың қорғаушысы, күзетушісі ұғымында қолданылды. Бұл тастар қасиетті саналды. Егер кімде-кім бұл тастарға қол тигізсе және тиіссе онда ол қарғысқа ұшырайды деп саналды. «Ғылыми терминдер осыған ұқсас тастар болып межеленіп бөлінген, қайта танымға қызмет етті», – дейді Б.С. Мейлах.
«Термин – слово или словосочетание, являющиеся названием определенного понятия какой-нибудь специальной области науки, техники, искусств». С.И.Ожегов сөздігінде осылай сипатталған.
Кәсіби аудармаларда техникалық көп баламалар термин рөлінде көрінеді (ғылыми, экономикалық,медициналық т.б.). Термин - ойды дәл жеткізуге, аса мағыналық дәлдікке ең бастысы сол саладағы дәл білімге негізделеді. Ана тілі негізінде жасалған терминдарді әріптік және терминологиялық мәнде ажыратуға болады. Терминнің әріптік мәні термин жасау үшін пайдаланылатын тілдік элементтік мәнінде құралады. Терминологиялық мән терминді жеткізудегі ұғым мазмұнында айқындалады. Терминдер әріптік және терминологиялық мәнде сәйкеспесе, бөгде семантикалыққа жатқызылады. Екеуі бір-бірімен сәйкескен жағдайда ұғымдар арқылы нысаналы негіздегі байланысты дұрыс бағдарлайды. Дұрыс аударылған термин ұғынуға, қабылдауға жеңіл. Мағынасы жағынан айқын. Сөйлеммен сәтті қабысады.
Зерттеушілердің ортақ тұжырымына тиянақталсақ, термин – арнайы (ғылыми, техникалық, әскери, медициналық, географиялық, т.б) мамандық саласына қатысты туындаған сөздер мен сөз тіркестері. Ғылыми техника, өнер, қоғамдық өмір саласындағы белгілі түсінікті дәл белгілейтін сөздер мен сөз тіркесі. Ешқандай түсіндіруге келмейтін қалыпты, мағыналық қолданысы шектеулі сөздер. Аудармаға арналған мәтінде термин әрқашан аудармада жеке шешіміді талап етеді, сондай-ақ аударма бірлігі болып табылады. Терминология – өндіріс қызмет саласындағы терминдер туралы білім жиынтығы. Терминдерді аудару – ең қиын аударма түрі. (Сондықтан Медицина ғылымы толығымен терминдерден тұрғандықтан, қиын аудармалардың бірі болады). Терминдерге балама табу да үлкен білімділікті талап етеді. Әдетте терминдер арнайы ғылыми, техникалық, өндірістік т.б. салалар түрлерінде қолданылады. Арнайы заттарды белгілеуге және арнайы ұғымдарды дәл жеткізуге қолданылатын немесе басқа тілден кіріккен сөздер. Олар негізінен ақпаратты барынша дәл және мейілінше нақты жеткізудегі тілдегі ізденіс нәтижесі. Терминология аудармашыдан тек қана шетел терминологиясын жақсы білумен бірге, соған баламалы ұлттық, терминология іздестіріп, оны тілде орынды, дұрыс пайдалануға дағдыландырады. Ұлттық тілдің бай сөздік қорын жете меңгеру термин аудармасының сапалы дәрежеде жасалуына жәрдемдеседі. Термин аудармасының қиындығы сан-салалы ғылым мен техниканың арнайы материалдарынан тұрады. Негізгі аудармашылық мақсат терминге дәл, дұрыс балама табу немесе қалыптасқан халықаралық термин болса, сол күйінде қарастыра отырып, оның мағыналық сипатын түсіндіру. Термин ереже бойынша, басқа тілде де соған сәйкес терминмен аударылады. Сондықтан да ұқсастық, синонимдік ауыстыру, сипаттамалы аударма тек қана аудармаға арналған сәйкес терминдер тілде жоқ жағдайда жасалады. Дәл және анық семантикалық сипаттағы бір мағыналы терминдермен бірге көпмағыналы терминдер де болады. Бір сыңарлы терминдердің көпмағыналылығы оларды түсіну және аудару қиындығын тудырады, ал оған балама табу толығымен алғанда контекст жағдайына байланысты.
Мысалы:
Дистопия – дистопия (жеке клетканың немесе бір мүшенің дұрыс орналаспауы)
Дистросия – дистросия (созылу)
Дистросия голеностопного сустава – балтыр−табан буынының дистросиясы
Чума – оба
Артериальная ладонная глубокая – алақанның терең артериялық доғасы.
Васкуляризация – тамырлану, тамырлар пайда болу.
Еюнорафия – еюнорафия (ас ішекті тігу)
Дуоденохолангит – дуоденохолангит (ұлтабар мен ет өзегінің қабынуы)
Профилактическая доза – профилактикалық доза
Терминдерді түсіну және аудару қиындығына байланысты көзқарас тұрғысынан оларды 3 топқа бөлуге болады:
1. Шетелдік өмірдегі реалийді белгілейтін терминдер. Бұл топтағы терминдерді түсіну қиындық тудырмайды, дегенмен мынадай жағдайлар болуы мүмкін: ағылшын термині (интернационалдық термин) түріне байланысты қазақша баламалық түр табу оңай емес.
2. Шетелдік тұрмыс-тіршілік реалийін белгілейтін қазақ өміріне қатыссыз немесе жалпыға бірдей қазақ (орыс) терминологиясында баламасы бар терминдер.
3. Шетелдік болмыс реалийін белгілейтін қазақ болмысында қолданылмайтын, жалпыға бірдей қазақ терминологиялық баламасы жоқ терминдер. Мұндай терминдерді аудару мынадай жолдармен жүргізіледі.
а) ағылшындық терминді сипаттау;
б) сөзбе-сөз аудару;
в) жекелеген немесе толық түрдегі транслитерациясын беру (транслитерация – шетелдік сөздің графикалық үлгіде, яғни әріптік қабылдау түрінде жеткізуге арналған аудармашылық тәсіл);
г) бір алфавиттік жүйеде (негізгі тілде) жазылған мәтінде басқа алфавиттік жүйедегі (аударма тіліндегі) құралдармен беру.
4. Шетелдік сөздің әріптерін қазақ алфавиті негізінде беру. Транслитерациясы және сөзбе-сөз аудармасы. д) Мәтінді жеткізу тәсілінде дыбысталуын анағұрлым дәл жеткізуге ұмтылу үшін аударма тілі алфавитінің көмегіне сүйену.
Шетелдік сөздің дыбысталуын (жекелеген есімдерді, георграфиялық атауларды, ғылыми терминдерді) орыс алфавитінің көмегімен беру. е) транскрибиробания және аударма. Осындай терминдерді аудару кезіндегі негізгі қателік мынада, аудармашылар кейде шетел терминдеріне орыс материалдарынан әріптік сәйкестік табуға ұмтылады. Мұндай тәсіл мүлдем дұрыс емес, бірішіден, шетелдік болмыс реалиінің қызметі жойылып кетеді, екіншіден қателерінің орын алу себебі, бұл терминдер тек қана шетелдік болмысты сипаттайтын ұғымды беруі мүмкін, сондықтан орыстың арнайы қабылданған реалилерімен сәйкестендіруге болмайды. Тағы бір қате аудармаға сәйкес емес тәсіл таңдаудан, жоғарыда аталған топтардың біріне терминді қате күйінде енгізу.
Аудармашының тағы бір қатесі сөзбе-сөздік, яғни шет елдік термин немесе оның орыс терминіне ұқсас сыңарлары басқа мағынаны білдірген жағдайда сөзбе-сөз аударма жасау.
Аударма кезіндегі бір жай аталған контексте терминнің шынайы мағынасын үнемі ескеріп отыру қажеттілігі. Сондықтан терминді дұрыс түсіну мен аудару тілді жақсы білумен бірге, шетелдік және орыс, қазақ болмысының реалилерін жақсы білуге қатысты.
Терминдерді қазақшалау жөні осы екен деп, оның бәрін аудару қажеттілігі де шамалы. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Құрманбайұлы «тіл термин сөздер арқылы көбірек жаңарады», – деген ой айтады. Термин баламалары – ғылыми тілдің дамып, жетілуін айқындап отырады. Терминді қажетті жерінде ғана қолдану пайдалы. Бұл жөнінде А.Байтұрсыновтың тұжырымы – бұлжымас қағида. «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауызы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздердің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек». Сондықтан да ағылшын, орыс тіліндегі терминдерге ғылыми сипаттама жасап, оның мағынасын ашып, айқындап, ұлттық ұғымға сай қолдану – мұқият ізденіспен шешілетін мәселе. Термин – жалпыға бірдей баршаға ортақ, түсінікті сипатта жасалуы тиіс. Өкінішке орай, бәрімізге түсінікті, дағдылы қолданысқа енген орыс терминдерін жаңалау желеуімен жасалған, бір-біріне ұқсаған, мағыналық жағынан жақындап кеткен, қарапайым халықты шатыстыратын баламалар да жоқ емес. Бұл жөнінде әркез белгілі тіл мамандары Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Ө. Айтбаев, Ш. Құрманбайұлы т.б. белсене атсалысып жүр. Терминді аударуда да дәлдік, қысқалық, жүйелілік сақталуы шарт. Ең бастысы баламасы түсініксіз, ұғымға ауыр болмауы тиіс. ...
16.12.2018
Вернуться назад