DataLife Engine / Халықаралық қатынастар | Орталық Азияға ислам дінінің таралуы

Халықаралық қатынастар | Орталық Азияға ислам дінінің таралуы

Мазмұны

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

І. ИСЛАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ РЕСМИ ДІНГЕ АЙНАЛУЫ
1.1 Исламның шығуы және оның әлемде таралуы..............................................9
1.2 Исламның жеңісі және ХХ ғасырда дамуы....................................................18

ІІ. БӨЛІМ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Тарихи-әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-нанымдар........................... 25
2.2 Сопылық және Орталық Азияға исламның таралуы....................................33

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................52

І. БӨЛІМ ИСЛАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ РЕСМИ ДІНГЕ АЙНАЛУЫ

1.1 Исламның шығуы және оның әлемде таралуы

Құдай жер бетінде адамды жаратқаннан кейін оған еркіндік берді. Оның жіберген елшілері мен пайғамбарлары халықты дұрыс жолға салуға ұмтылды. Бұл елшілер бірінен кейін бірі халыққа әр түрлі заманда келіп, оларға түсінікті тілде сөйлеп, уағыз айтты. Елшілер мен пайғамбарлар бір біріне қайшы келген жоқ, керісінше, бірінен бірі шығып отырды. Пайғамбар деп құдайдың уакилерін халыққа қасиетті кітап ретінде жеткізіп отырған елшілерді атады. Ондай қасиетті кітаптар бірнеше - Мұса пайғамбар арқылы жіберілген Таурат (Ветхий Завет), Дәуіт пайғамбар арқылы жіберілген – Зәбүр (Псалтырь), Иса пайғамбарға жіберілген Інжіл (Новый Завет) және ең соңғы пайғамбар Мұхаммед арқылы жіберілген Құран. Ең алғашқы пайғамбар Адамнан ең соңғысы – Мұхамедке дейін көптеген басқа да пайғамбарлар болды, олар да халыққа Құдайдан уахи жеткізіп отырды.
Бұл пайғамбарлар мен елшілердің ғажайып мұғжизалар жасауы әркімге белгілі. Бұл істері жергілікті халықты сендіру үшін жасалынды. Осындай мұғжизалардың бірі Қасиетті Құран Кәрім болып табылады. Ол кітаптың өзінде де көрініс тапқан: «Бұрынғы пайғамбарлардан кейінгі адамдарға (пайғамбар келсе біз тәубе етер едік деп) сылтау айтпауы үшін (иланущыларға) жақсы хабар жеткізуші, (астамшылық еткендерді) ескертуші етіп, тағы да пайғамбарлар жіберіп тұрдық. Алла ұлы, ол хикмет иесі» (4, нисас, 165 а.).
Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен амалдары жайлы көптеген зерттеулер оның басқа пайғамбарлармен туыстық қатынаста болғанын көрсетеді. Қырық жасына дейін пайғамбар басқа халықпен бірдей өмір сүріп жүрді. Ол 570 жылы Мекке қаласындағы құрайш руынан шықты. Әкесі Абдалла ұлы анасының құрасағында болғанда қайтыс болып кетті. Пағамбар атасы Абдул –Мутталитің қолында өсті. 6 жасында анасы қайтыс болады. Екі жылдан кейін атасы қайтыс болып, Мұхаммед ағасы Абу Талибтің қолында өсті. 610 жылы ол өзіне бағытталған шақыруды естиді. Мұхаммедке түсіне біреу келіп, оқуға бұйрық береді. Мұхаммед бас тартады. Екінші рет бұйрық естілгенде Мұхаммед: нені оқу керек деп сұрайды. Ал ол үшінші кезекте он өлеңмен тіл қатты, бұл Құранның 96 сүресіне айналды.
622 жылы 16 маусымда Меккеде қысымшылық көрген Мұхаммед сенушілерімен бірге Ясриб (кейіннен Медина деп аталады) қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Хиджра жылы деп аталып, мұсылман күнтізбесі бастау алған жыл болды.
Ислам- Алла Тағала тарапынан жіберілген қасиетті дінге сену және осы дінде көрсетілген амалдарды жүзеге асыру деген сөз. Құдай осы дінді пайғамбар Мұхаммед бүкіл адамзатты ізгілік пен жақсылыққа баулысын, Алла Тағаланың ақ жолы - исламды насихаттасын деп жіберді. Ислам діні нағыз шыншылдығымен және әділеттілігімен бүкіл әлем таныған әйгілі дін болып табылады. Бүкіл дүние жүзіндегі 120-дан астам мемлекетте мұсылман қауымы өмір сүрсе, оның 35-де мұсылмандардың саны жартысынан асып, 90 пайыздан артық үлесін құрады. Қазіргі кезде ислам дінін ұстанатын адамдардың жалпы саны бір миллиард үш жүз миллионнан асты деп есептеледі.
Сондықтан да ислам әлемде ең кең тараған әрі беделді діндердің бірінен саналады. Рухани таза адам ғана өзін күллі жамандықтан, арам пиғылдан, біреуге қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. Ислам дінінде экстремизм, терроризм, біреуге себепсіз қастандық жасау уағыздалмақ түгілі, кез келген қиянатты әрекет пен жағымсыз, ғайбат сөздің өзі зор кінә екені ескертіледі. Демек, ислам дінінің негізін, оның адамсүгіштік қағидаларын түсініп, біліп алмай, оны қолдамау не оған қарсылық білдіру нағыз надандық. Белгілі жазушы Ғ.Мұстафин кеңес дәуірінде «біз бұған дейін діншілдікке қарсы тұрып келдік, енді дінсіздікке қарсы тұратын мезгіл жетті» деген екен. Ислам дінінің қағидалары, Құран Кәрімнің айғақтары, пайғамбарымыз Мұхаммед сүннәләрі, хадистері, адамды тек ізгілікке, адалдыққа, адамгершілікке, ізептілікке, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа, рухани тазалық пен имандылыққа баулиды, тәрбиелейді, шақырады.
Ислам дінінің басқа діндерге қарағанда көп ерекшеліктері бар:
- ислам діні, ең соңғы жаңа дін;
- ислам дінінде зорлау, мәжбүрлік ету жоқ;
- мұсылмандық парыздар мен діни рәсімдер тек дәрет алып, тазалық сақтау арқылы атқарылады;
- ораза ұстау арқылы адам жан дүниесінің, ағзаларының тазаруына қол жеткізеді;
- намаздағы жеке элементтер дене шынықтыратын қимылдармен атқарылатындықтан денсаулыққа пайдасы мол;
- ислам діні діни төзімділікті көздейді.
Американдық ғалым доктор А.В.Филипс ислам дінінің хақтығы туралы үш дәлел келтіреді:
1. Бірінші дәлелі исламның атында тұр. Ислам дінінің негізін – тек бір Аллаға сиынды Адамнан бастап барлық пайғамбарлар наисхаттаған, олардың өздерінің ешқайсысы өзін Құдай санамаған, қайта біз тек Алланың елшісіміз, үгіттеуші ғанамыз деп ұдайы ескертіп отырған.
2. Басқа діндердің атаулары кейін тағылған, бұрынғы түскен кітаптарда ол діндердің аты туралы бір де сөз жоқ. Бұл діндерде Алла мен қатар оның ұлы, не бір бөлшегі делініп, соларға табынуды талап етеді. Ислам дінінің негізі таухид – бір құдайға ғана табыну.
3. Ислам дінінің хақтығының үшінші дәлелі – оның жалпыға бірдейлігі, ал сенушілерін нәсілге, ұлтқа бөлмейді. Оның қағидалары тұрмысқа, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жайлы, денсаулыққа пайдалы, адамгершіліктің биік үлгілерін уағыздайды, талаптары бәріне бірдей әділ, топқа бөлу жоқ.
Алла Тағалаға сеніп, иман келтіруде тілмен айтып, жүрекпен бекіту әрі осыған байланысты амалдарды атқаруда, ғибадаттарды орындауда белгіленген тәртіп пен ережелер бар. Олар ислам тағылымдары деп аталады. Бұл амалдар парыз, уәжіб, сүннет, мұстахаб, мүбаһ, харам, мәкрүп болып бөлінеді.
Парыз – Алла Тағала тарапынан пайғамбарымыз Мұхаммед арқылы пенделеріне орындалуы міндет етілген амалдар мен ғибадаттар. Парыз түрлері: ислам дінінің ақиқаттығына, шындығына, хақтығына сеніп, иман келтіру; күн сайын белгілі уақытында бес рет намаз оқу; рамазан айында ауыз бекітіп, ораза тұту; жыл сайын ораза айында малынан және табысынан зекет беру; қаражаты мен басқа жағдайлары келіп тұрса өмірінде бір рет қажылыққа Меккеге бару. Бұл амалдар әрбір мұсылман үшін парыз болып белгіленген. Осы парыздарды орындауда шексіз сауап бар да, орындалмаса үлкен күнә бар. Парыз екі түрге бөлінеді: парыз ғайып және парыз кифәйә. Парыз ғайып - әр мұсылманның ислам дініндегі атқарылуға міндетті, өтелуге парыз болып бекітілген амалдары: иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару. Кифәйә парыз – кейбір мұсылмандардың атқарған істері немесе біреуден аманат болып қалған міндеттерді орындау, адамдардың бірі орындаса, басқаларға міндет болып жүктелмейді (жаназа, намазы, сәлем беру).
Сүннет – Мұхаммед пайғамбарымыз айтқан, өзі орындаған, мұсылмандарға орындауға міндет еткен әрі Құран Кәрімдегі қағидаларға негізделген діни-тәрбиелік маңыздағы нұсқаулар және адамдар арасындағы қарым-қатынастардан туындайтын даулы мәселелердің шешімдері.
Ислам дініне сенуші мұсылмандар төрт мектепке, яғни мазхабқа бөлініп кеткен (мазхаб – «жол»). Оларды белгілі ғұламалар құрған, кейіннен әрқайсысы солардың атымен аталып кеткен. Алғашқыда көптеген басқа да мазхабтар болды, бірақ осы негізгі төртеуі оларды ығыстырып тастады.
1. Ханафи мазхабы, негізін қалаушылар – Абу Ханиф (767 ж.қ.б.), оның шәкірттері Абу Юсуф пен Мұхаммед али- Шайбани. Бұл мектеп ең сабырлы, білімге бай, ең басынан логикалық, рационалды ойлаған мектеп болып табылады. ІХ-Х ғасырларда оның тірек бекеттері Хорасан мен Орталық Азия болды. Бұл мектепке Алтын Орда хандары мен Ұлы Моғолдар сенді; Осман сұлтанатында бұл мазхаб мемлекеттік дәрежеге ие болды. Қазіргі кезде оның сенушілері жер беті мұсылмандарының жартысына жуығын құрайды. Ол Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Қытай, Сирия, Балкан аралдарыда, Индонезияда жартылай таралған. Ресей мұсылмандарының көбісі және ТМД елдері (Орталық Азия мен Қазақстан, Поволжье, Орал, Сібір, Қырым, Солтүстік Кавказ – шешен, ингуш, аварларды қоспағанда, жартылай Әзірбайжан) де осы мазхабты ұстанады.
2. Маликит мазхабы, негізін қалаушы имам Малик ибн Анас. Мединеде пайда болып, кейіннен ғана Аравия, Мысыр, Солтүстік Африка мен Испанияға тарады. Бұл мазхаб пайғамбардың сахабалары – ансарларға, яғни мединеліктерге байланысты хадистерге өте көп мән берген. Маликит мектебі рационалистік сипатта болды. Онда «қоғамдық пайда үшін тәуелсіз ойлау» қағидасы ұстанылды. Маликиттердің айтуынша, «жамандыққа әкелетін нәрсенің бәріне тыйым салу қажет, ал жақсылыққа баулитынның бәріне рұқсат беру керек». Сонымен қатар «болып жатқан өзгерістер нақты айқындалмайынша, өзгеріс деп саналмайды» деп айтқан. Қазіргі кезде бұл мазхаб Солтүстік және Тропикалық Африка, Судан мен Мысырға тараған.
3. Шафиит мазхабы, негізін қалаушы Мұхаммед аш-Шафии. Бұл мектеп ханафит пен маликит мазхабтарының негізінде пайда болды, олардың арасындағы қайшылықтарды жайып, негізгі қағидаларын ұстанды. Онда Меинедегі пайғамбар сахабалары мен фаликтердің айтқан сөздеріне, діни білімге көп көңіл бөлінген. «Қоғам пайдасы үшін ойлау» қағидасы ұстанады. Қиын логикалық ой-толғаулар жоқ. Негізінен, бұл мектеп «еркін ойлаушылар» мен «дәстүрлілер» арасындағы орынды иеленді. Өзінің жеңілдігіне байланысты бұл мазхаб көптеген елдерге тараған: Мысыр, Шығыс Африка, Малайзия, Индонезия, Сирия, Ливия, Палестина, Иордания, Бахрейн, Шығыс Үндістан, жартылай Пәкістан, Түркия, Ирак пен Йеменде; Бұл мектепке сенушілер, сонымен қатар, Ресейдегі шешен, ингуш, аварларлар болып табылады.
4. Ханбалит мазхабы, негізін қалаушылар имам Ахмад ибн Ханбал, ибн Таймия. Басында бұл мектептің пайда болуы мутазилит- рационалистерге қарсы діни-саяси күреске негізделді. Кейіннен ғана төрт мазхабтың біреуіне айналды. Формальді жағынан бұл мектеп ханафиттердің барлық догматикалық шешімдерін қабылдағанымен, ішкі жағынан ол дәстүрлі идеология ретінде дамыды. Пайғамбар хадистеріне өте көп көңіл бөлінеді. Бұл мектептің дамуының бір нәтижесі ретінде ХУІІІ ғасырда вахабиттер қозғалысының пайда болды. Бұрын Ирак, Хорасан, Сирия, Хиджазда тараған ханбалиттік мектеп, енді тек Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы елдерінде бар.
Бұл мазхабтар бір бірінен бөлек «секталар» ретінде дамыған жоқ, керісінше, бір бірімен байланысып, толықтырып отырды. Оның айқын дәлелі – мазхабтардың негізін қалаушылар бір бірінен дәріс ұстаздық қатынаста болды. Мысалы, аш-Шайбани Абу Ханифа, Абу Юсуф пен Маликтің шәкірті болды, аш-Шафияның ұстазы болды; аш-Шафия, өз кезегінде Маликтен дәріс алып, Ахмад ибн Ханбалға ұстаздық етті. Әр мазхаб белгілі бір сұрақ төңірегінде жеке дара шешім шығарды. Мысалы, посткоммунистік кеңістікте кеңінен тараған сұрақ – «Парызды орындамайтын мұсылманға қалай қарау керек?». Ахмад ибн Ханбал ондай адамды сенімсіз (кәпір) деп санаған, аш-Шафии оны кәпір деп мойындаған жоқ, алайда оны өліммен қорқытып парызын орындатқызу керек деп санады, ал Абу Ханифа былай деп айтқан: «оны өлтірмейді, керісінше парызын орындасын деп оған ақыл береді».
Бұл төрт мектеп сунниттік болып табылады, ал шииттер өзіндік діни-құқықтық бағыттарын ұстанады.
Ислам қазіргі кезде дүние жүзі діни жүйелерінің ішінде ең күштілердің бірі болып табылады. Оның күші сенушілерінде емес (дүниедегі христиан немесе буддизм дін өкілдерінің саны мұсылмандар санымен салыстырарлық жағдайда), жер шары мұсылман қауымының идеялық институционалды құрылымдық біртектілігінде. Ислам үшін діннің интеграциялық қызметі аса маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде ислам - әлемінің саяси келбетінің өзгеруі жағдайында ислами мемлекеттердің дамушы мемлекеттер саясаты мен тактикасын анықтауда әлемдік діни жүйелердің алдыңғы қатарлы орындарын алып отыр.
Ислам діні бүгінгі күннің ғана емес, сондай-ақ келешектің де діні. Акирет күніне дейін адамзат баласын тура жолға жетелеп, өзінің жарық шуағымен жол көрсетіп тұратын ең әділетті, ең қасиетті дін. Ислам ақиқат пен әділеттіліктің діні болғандықтан ең сенімді жол нұсқаушы әрі жол бастаушы дін болып табылады.
«Дін» деген сөздің өзі латынның «байланыстыру», «қосу» деген етістігінен алынған. Аталмыш құбылыстың аты да діннің мазмұнына сәйкес келеді, яғни дін адамдарды өз сенімдерін көзге көрінбей өздерін құдаймен байланыстырып тұрады деп сенеді.
Дін ілімі және оған жақын объективті идеалистік пайымдаулар діни феноменді мәңгілікпен, құдайдың өзі берген мәңгілік нәрсе деген тезистер негізінде түсіндірді. Екеуі де дінді дүниедегі тылысым күшпен шығарады. Оны теология Құдай деп атаса, идеалистік философия трансцендттік «абсолюттік» ой деп атайды. Дін ілімнің объективті-идеалистік концепциясы да бар. Бұл концепция авторы американдық У.Джеймс болып табылады. Діннің шындықты бейнелеу ерекшелігі, қоршаған ортаны екі бөлікке – табиғи және табиғатпен тыс ойша жіктеуді, мұнда табиғаттан тыс күшті бірінші қатарға қойып, сонан соң негізгі бастауды мойындайды. Діннің әдебиетте діннің басты себебі, тылсым күшке сену деген көзқарас қалыптасты.
Ислам әлемдегі күшті дамыған діндердің үшіншісі және соңғысы. Ол Таяу Шығыста пайда болды. Ислам шығу тегі жағынан иудаизм мен христиандағыдай қағидалардан және сондай мәдени дәстүрлерден бастау алған. Соған қарамастан ислам өзгеше, өзіндік ерекшеліктері бар дін. Ерекшеліктің маңыздылығы сонша, мамандар «ислам әлемі» және араб ислам өркениеті жайлы жайдан жай айтпаса керек. Исламның орасан зор рөлін түсініп, бағалау үшін оның алғашқы әрі негізгі жақтаушысы болған арабтардың ғана емес, оған ғибадат ететін барлық халықтардың тарихы мен мәдениетіндегі оның шариғаты мен дініндегі ерекшеліктерін, адамгершілік қағидаларын, оның мұсылмандардың тұрмыс тіршілігіне әсер ету әдіс терін зерттеу керек. Тарихқа кішкене шолу жасай отырып, мынадай мәселелерді қарастырған жөн:
1. Исламның шығу тегі: оның пайда болуының әлеуметтік-экономикалық, идеялық алғы шарттары;
2. Мұхаммед және оның исламды құру мен оның эволюциясындағы рөлі.
3. Исламның Қазақстан аймағына таралуындағы өзіне тән ерекшеліктері.
Исламды мойындаушылар саны жағынан христиан дінін ұстанатындардан кейін екінші орынды алады. Ол Таяу Шығыс елдеріне, Солтүстік Африка мен Оңтүстік Шығыс Азияға кең тараған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына – Орта Азия мен Қазақстанға, Кауказға, Повольжеге, Сібірге кең тараған.
Ислам біздің дәуіріміздің УІІ ғасырының басында Батыс Аравиядағы жергілікті араб тұрғындарының арасында пайда болған. Ислам пайда бола бастаған тұста араб қоғамының әлеуметтік құрылымы күрделі де біртекті емес еді. Арабтардың арасында көшпелілерде, отырықшы тайпаларда болды. Біреулері малмен, екіншілері жермен, шеберлікпен, саудамен айналысты. Құлиеленушілер кең дамыған еді.
Араб тайпалары жеке жеке өмір сүрді. Олардың арасында қанды қақтығыстар жиі болып, нәтижесінден анағұрлым мықты тайпалар әлсіздерін өздеріне бағындырып, құл етті немесе тұтқында ұстады.
Арабияның барлық аймақтарында У, УІ ғасырларға дейінгі тайпалардың туыстық қатынастары билік етіп тұрады. Тек УІІ ғасырдың басына қарай таптық қатынастар түзеле бастады. Арабияның Солтүстік бөлігі мен Хиджаз арқылы ескі керуен жолы және Ұлы Жібек жолы өтетін. Осында сауда өрістеп, оның ішіндегі құлдарды сатуда өрши түсті. Мекке сауда орталығына айналды. Соынмен қатар, ол сол аймақта мекендейтін тайпалық одақтардың діни орталығы деп саналды. Зам-зам бұлағымен көптеген тайпалардың пұттарын сақтайтын Хааба да осы аймақта орналасқандықтан бұл қала беделі арта түсті. Әр тайпа өз құдайларына сиынғандықтан, бұл қаланың басқарушы тап өкілдеріне белгілі бір дәрежеде «сыйлық» беріп отыру арқылы сыйынды.
Көптеген арабтар әсіресе көшпелілер бұл уақытта пұтқа табынушы еді, олар күнге, айға, жұлдыздарға, отқа, ата баба рухына табыну арқылы өздерінің қай пұтқа табынатындығын білдіріп отырды. Арабияның Оңтүстігінде фетишизмнің өркендеуін бұл аймақтардағы археологиялық қазбалардың нәтижесінде табылған үлкен қабырғаларға қойылған тастардың беттеріндегі бірнеше ою-өрнек, табиғат мәселесіндегі салынған көріністерден байқауға болады. Сондай қасиетті тастардың бірі болып саналатын бірі қасиетті Мекке қаласындағы мекен Хаабаның шығу жағынан метеориттік болып табылатын қара тас. Туыстық және тайпалық құдайлардың пұттарымен қоршалған атақты қара тасты ежелгі арабтар жоғары құдай символы ретінде қабылдады.
Парсылар мен эфиопиялықтар оңтүстік арабияны басып алып, Арабия арқылы өтетін керуен жолын кесіп тастады. Бұл өз кезегінде осы аймақта шоғырланған сауда жолдарының және одан түсетін кіріс мөлшерінің азайып құлдырауына әкеп соқтырды. Бұл шығынның орнын тек қана сыртқы саясат негізінде, яғни басқа аймақтарды жаулап алу арқылы ғана толтыруға болатын еді. Ал ол үшін тайпалар тек саяси жағынан ғана емес, идеялық жағынан бірігіп, бірауыздан саясат жүргізу идеяларына алып келді.
Панасыз қалып, қуғын сүргінге ұшыраған күшті тайпалық, туысқандық, қандық жағынан ғана бірігіп қана қоймай көрші тайпалардың қорлығынан қашқан басқа да бұқара халықты бір ырыққа көндіретін араб көп құдайшылығынан басқа, анағұрлым рухани әсері мол тиімді шара қажет болды. Сондықтан бір жағынан, жапа шеккендердің әлеуметтік тенсіздігін бір ымыраға келтіріп, екінші жағынан, жеке дара жауласып жүрген тайпаларды күшті мемлекеттің қол астына біріктіретін идея қажет деді. Бұл қоғамдық қажеттілік бір ғана дін астына бірігуге шақырған уағыздаушылардың, халифтердің іс әрекеттерінен көрініс тапты.
УІІ ғасырдың басында Арабияда мұндай ішкі және сыртқы саясатты ұстанған халифтер саны күшейе бастады. Тіпті, әр тайпалық одақтың өз халифі болды. Олардың арасында келешек пайғамбар ислам теократиялық мемлекетінің ірге тасын қалаушы жас Мұхаммед ерекше көзге түсті. Мұхаммедтің өмірбаянының кейбір сәттері, оның уағыздарының арабтар арасында табысқа жетуіне үлес қосты.
Мұхаммед басқалардан өзгеше Алланы тек өзінің тайпасының құдайы деп қана дәріптеп, сондай-ақ әлемдік жалғыз құдай жөніндегі идеяның мәнін ...
15.12.2018
Вернуться назад