DataLife Engine / Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………….……..

I тарау. Әлемдегі балалар журналистикасының қалыптасуы мен дамуы
1.1 Әлемдегі балалар журналистикасы….........................……………...
1.2 Қытайдағы балалар журналистикасы …………………………….

II тарау. 2. Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
2.1 Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдары және балаларға арналған телебағдарламалары ………………………………………………….
2.2 АҚШ балалар телехабарларының мазмұны мен тәрбиелік мәні....

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………….………...…

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ......................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..…………….……………….

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.
«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек.
Балаларды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу үшін алдымен ата-аналары, мектеп назар аударғаны жөн. Десек те, осы тұста телевидениенің рөлі зор. Кез-келген баладан кімге ұқсағың келеді деген сауал қойсаң, олар ең алдымен шетел фильмдерінің басты кейіпкерлерін атайтыны сөзсіз.
Балалар тәрбиесіндегі кемшілікті біз тек қоғамдық тәрбие беру орталықтарынан ғана емес, ертегі айтар әже тәрбиесінің азайғанынан да байқауға болады.
Осыған орай, «Біздің балаларымыз – еліміздің және әлем азаматтарының ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды. Біздің балаларымыз – болашақ аналар мен әкелер. Олар да өздерінің балаларын тәрбиелейтін болады. Балаларымыздың тамаша азамат болып өсулері қажет. Алайда, әңгіме мұнымен бітпейді, балаларымыз – бұл біздің ертеңгі қарттығымыз. Дұрыс тәрбие – бұл біздің бақытты кәрілігіміз, нашар тәрбие – бұл біздің болашақ қайғымыз, көз жасымыз: басқа адамдар алдындағы, ел алдындағы кінамыз болып табылады» / 1/, - деген пікірмен келісуге болады.
Бұл еңбекте шетелдік БАҚ-тың балалар тәрбиесіндегі рөлін сарапқа сала отырып, өз еліміздегі балалар бағдарламаларының жетістігі мен кемшіліктері анықталады. Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні зор.
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


I тарау. Әлемдегі балалар журналистикасының қалыптасуы мен дамуы
1.1 Әлемдегі балалар журналистикасы

XVII ғасырдың ортасына дейін Ресей балалар әдебиеті қалыптасқан жоқ. Ең алғашқы балаларға арналып жазылған кітап Ян Амос Коменскийдің «Мир в картинках» кітабы болғаны тарихтан белгілі. Ян Амос Коменский ұлы педагог және мектеп ашудың реформаторы балалар түсінігіне арналған әдебиеттің негізін қалаушы.
Әлемдегі тұңғыш балалар журналы Германияда шыққан «Лепциг апталық листогы» («Лепцигский еженедельный листок») (1772-1774) болды. Осыдан кейін үш жыл өткенде Ресейде Мәскеу қаласында балаларға арналған арнайы мерзімдік басылым – «Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары» («Детское чтение для сердца и разума») шықты.
Орыс ағартушысы Н. Новиковтың «Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары» журналы жас оқырмандарға арналған отандық басылымдардың негізін қалады. Ол 1785-1789 жылдар аралығында «Мәскеу хабаршысының» апталық қосымшасы ретінде жарияланып тұрды. Журналды шығару барысында Н.Новиков ең алдымен өзінің ұстаздық және ағартушылық ой-толғауларын жарыққа шығару мүмкіндігіне ие болды. Редактордың пікірінше балалар журналы «жүрек пен ақыл-ойға» қызмет етуі керек, отанның болашақ азаматтарын бала кезінен бастап мейірімділікке тәрбиелеу арқылы жас оқырмандарға өмір заңдылықтарын үйретуді қолға алғаны дұрыс деп есептейді. Балалар басылымында адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық пен шыншылдыққа тәрбиелеу идеясы басты назарға алынуы тиіс. Бұл басылымға энциклопедиялық сипат тән болды, атап айтқанда: оның беттерінде ғылыми мақалалар, табиғат туралы әңгімелелер, әр түрлі тақырыптағы мақалалар мен әзіл-сықақтар жарияланып отырды. Журналдың басты қағидасы – «жүрек пен ақыл-ойға қызмет ету арқылы отанның мейірімді азаматтарын тәрбиелеу» болды. Сондай-ақ, И. И. Новиков «балалар тәрбиесі өзінің мүмкін болған деңгейіне жеткенде» мемлекетке пайдасын тигізеді деп санады. Бұл мақсатты ол өзінің журналында да қолданды. Басылымның ең маңызды сипаты ағартушылық қызметі деп танылды.
«Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары» журналының басты ерекшеліктерінің бірі ретінде қызметкерлерінің аударма әдебиеттерді таңдауы кезіндегі дұрыс талап қоя білуі мен әдеби таланты еді. Бұл журналдың редакторларының бірі көрнекті жазушы Н. Карамзин болды, ол өзінің алғашқы «Евгений және Юлия» повестін осы басылымда жариялаған. Сонымен қатар, журнал оқырмандарына Вольтер, Лесинг, Томсон және басқа да жазушылардың шығармаларын аударып басып отырды. Новиковтың журналы уақыт талабынан шыға білді. 1849 жылы журнал жайлы «Өз уақытына сай қарапайым тілмен берілген таза, рухани тәрбие ережелері оқырман санасына әсер етіп, жалпы қоғам үшін аса пайдалы болды» деп жазды оқырмандар. С.Аксаков өзінің естеліктерінде Новиковтың журналы жайлы: «Менің балалық санамда осы журналмен танысқаннан кейін ерекше өзгерістер болды, мен үшін жаңа әлем бейнесі ашылды… Мен бұрын назар аудармаған көптеген табиғат құбылыстарына жаңаша көзқараспен қарай бастадым, тіптен мені олар қызықтыра түсті» деп жазды. «Балалар оқулары» пайда болғанына 60 жыл өткеннен кейін В.Белинский: «Балалар! Новиковтың «Балалар оқуларын» оқып өскен біз сіздерден бақыттырақ едік» деп еске алды.
Журналға деген сұраныстың көптігі сонша, оны жапқаннан кейін де жекелеген номерлері кітапша түрінде қайта басылып шығып, сатылып кетті.
«Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары» журналынан кейін (1785—1789) осыған ұқсас басылымдар шыққанымен, олар айтарлықтай өзгерістерге төтеп бере алмады. Журнал «балалар оқуларының» міндетіне сәйкес келді. Ол ең алдымен жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттыру мақсатын көздеді.
Н. Новиковтың журналы балалар басылымының негізін қалап қойған жоқ, соның бастаушысы болды, XIX ғасыр басында балалар аудиториясына арналған балалар басылымдары бірінен соң бірі шыға бастады. Атап айтқанда 1807-1815 жылдары М.Невзоровтың «Жасөспірімдер мен барлық жастағылардың досы» («Друг юношества и всяких лет») және осыған мазмұндас Н.Ильиннің 1809 жылы «Балалар досы», С.Глинканың 1821-1824 жылдар аралығында «Жаңа балалар оқулары» шықты.
Алғашқы журналдарға тән ерекшеліктері: олар ешбір балалар әдебиеті жоқ кезде және қоғам алдында оны қалай қалыптастыру керек деген маңызды мәселе тұрған уақытта шықты. Сонымен қатар, халықтың сауаттылығына назар аудару қажет болды, себебі, ол кезде Ресей балаларының басым көпшілігі оқи алмайтын еді. «Сонымен, біз кімге арнап кітап шығаруымыз керек?» - деген сауал қойды, «Жаңа балалар оқулары» журналын шығарушы Сергей Глинка. Және өзі осы сауалға – біз мейірімді әкелер мен аналарға арнап шығарамыз деп жауап қатты. Біз балаларға арналған кітаптарда балалардың бірінші рет оқуында түсіне бермейтін, бірақ ақылмен түсіндіргенде олардың көкейіне қонатындай етіп жазамыз. Оны жеткізу аналар мен әкелерге жүктеледі» деп жазды.
Сонымен, ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін шыққан балалар басылымдарының мазмұны мен құрылымы қоғамдағы өзгерістерге қарай анықталды. Олар айына бір рет шығатын альманах түрінде болды. 1859 жылы мұндай басылым санының көптігіне байланысты Н. А. Добролюбов: «қазіргі кезде балалар оқуларында әдебиетімізге тән өзгерістер: яғни журналдар кітаптарды алмастыруда» деп жазды. /2/.
Сондай-ақ, 1807 жылдан бастап шыққан «Жасөспірімдер досы» журналының балалар басылымының дамуына қосқан үлесі зор. Ол 1813 жылдан бастан «Жасөспірімдер мен кез-келген жастағылардың досы» деп атауын өзгертті. Журналдың шығарушысы Н.И. Невзоров Н.И.Новиковтың ағартушылық идеясын жалғастырушы болды. Н.И. Невзоров «балалардың физиологиялық дене қабілетін сақтай отырып, олардың рухани дамуын жетілдіруге» баса назар аударды. Журналда сол кездегі танымал авторлардың әңгіме, өлеңдері, повестері мен тарих, география және басқа да салалардағы ғылыми-танымдылық мақалаларды жариялады. Десек те, журналда жарияланған материалдардың мазмұны мен стилі әрқашан педагогикалық талаптарға сай болған жоқ. Кей кездері шығармаларда оқырманды жалықтыратын материалдар да кездесіп отырды.
Келесі бір танымал журнал 1843-1846 жылдар аралығында жарық көрген «Тәрбиеге арналған кітапхана» деп аталады. Оның негізін қалаушы және редакторы әдебиетші Д. А. Валуев; қызметкелері жазушылар, оқымыстылар мен ағартушылар: Т. Н. Грановский, Ф. И. Буслаев, И. В. Киреевский және басқалары еді. Журналдың негізгі материалдары Ресей мемлекетінің тарихы, өткен ғасыр ескерткіштері және славян халқының тұрмыс-тіршілігіне арналды. Журналда ешбір суреттер немесе көңіл-көтеретін материалдар болған жоқ, себебі, редактор жас оқырмандар үшін ең маңыздысы – «журналдағы мақаланың сапалы болуы» деп есептеді.
1847 жылы журналға профессор П. Г. Редкий редактор болып тағайындалды. 1847 — 1849 жылдары журнал «Жаңа балалар кітапханасы» деген атпен шықты. Журналдағы материалдардың сипатына қарай ол ғылыми-танымдық мақалалар жинағына ұқсайтын еді. Бұл Белинскийге өте қатты ұнады және ол «Жаңа балалар кітапханасы» балаларды қоғамдағы болмысқа шынайы қабылдауды үйретеді деген баға берді.
П. Г. Редкий балалар тәрбиесіндегі ғылыми ағартушылықтың негізін қалады. Ол авторлар мен аудармашылар жұмысына жоғары талап қойды және ғылыми мақалаларды өзі таңдады. Аз уақыт шықса да журнал балаларға арналған орыс журналистикасында айтарлықтай үлес қосты. Ғылымды таныту идеясын П. Г. Редкий кең ауқымды деп санады. Мәселен, «Ай туралы», «Атлант мұхиты жайлы», «Машиналар туралы» танымдық очерктермен қатар, Андерсен ертегілерін, «Илиада» мен «Одиссеи», Нестеровтың «Уақытша жылдар повесті» жылнамасын жариялады. Белинскийдің пікірінше Редкий журналы сол кездегі балаларға оқуға ұсынатын жалғыз басылым болды.
1858-1862 жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған «Подснежник» журналы шықты. Шығарушысы - танымал ақын В. Майков. Бұл басылым сол жылдардағы балалар басылымы үшін жаңа тыныс әкелді, себебі бұл кезде көптеген балалар журналдары шығуын тоқтатқан еді. «Подснежник» реализм бағытындағы орыс жазушыларының және Шекспир, Андерсен, Бичер Стоу, Гофман, ағайынды Гриммдердің шығармаларын аударып басты.
60-жылдары балалар журналистикасы аясын кеңейтіп, қалың бұқараға арнап жаза бастады. Бұған сол кезеңдегі сауаттандыру мен білім беру саласын жақсарту мәселелерінің қарқынды қолға алынуы себеп болды. Соның нәтижесінде балалар журналын шығарушылар озық тәжірибелер мен озат ұстаздардың талабынан шығуға және оқырман балалар санына арттыруға үлкен күш жұмсады. Жақсы журналдарда белгілі ақындар мен жазушылардың, ғалымдар мен ұстаздардың еңбектерімен қатар, шетел балалар әдебиетінен аудармалар беріп отырды.
XIX ғасырдың басында балаларға арнап жазатын кәсіби жазушылар қатары көбейді. Атап айтсақ: С. Глинка, А.О. Ишимова, А. Зонтаг, В. Бурьянов, П. Фурман, Б. Федоров және басқалары. Бұл жазушылардың шығармашылығы жас оқырмандарды әдебиет арқылы жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу құралына айналды. Сол арқылы олар балалардың білім көкжиегін кеңейтуге ғана емес, оларды рухани тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Балалар жазушылары жағымды кейіпкерлерін еңбекқор, ізденімпаз, білімге құштар етіп көрсетсе, жағымсыз кейіпкерлерін өтірікші, жалқау етіп көрсетеді. Осы мазмұндас шығармаларды оқыған бала жақсы мен жаманды айыруға үйренеді.
Көптеген балалар жазушылары балаларға арнап журнал шығарды. Ақын, прозаик, драматург, публицист Сергей Глинка (1776 — 1847) 1819-1824 жылдары аралығында «Жаңа балалар оқулары» журналын шығарғанын жоғарыда айтып өттік.
Глинка балаларға арнап он томдық «Орыс тарихын», «Орыстың тарихи және ақыл үйретуші повесті», «Махабат үлгісін» жазып шықты.
С. Н. Глинка балалармен қатар ересектерге арнап «Орыс хабаршысы» журналын жариялады. Бірақ біз оның бұл қырын қарастырмаймыз.
Виктор Бурьянов (жазушы Владимир Бурнашевтің бүркеме аты, 1812 — 1888) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында балаларға арнап патриархалдық тәрбиені ұстанды. Сонымен қатар, көптеген «серуендеу» жанрындағы шығармаларды жазды.
Жазушы, аудармашы Борис Федоров (1798 — 1895) балаларға арнап «жаңа балалар кітапханасы» журналын шығарды. Федоров осы журналы арқылы балаларды діни сенімге, адамгершілікке, жақынын қадірлеуге, мәдениет пен тұрмыс тіршілікке назар аударуға үйретті. Федоров журналында балаларға арнап көптеген суреттер беріп отырды. Ол балаларға кітаптағы суреттердің маңызы зор екенін алғашқылардың бірі болып бағалады.
Б. Федоров балаларға арнап «Балалар гүлзары» және «Балалар павильоны» альманахын шығарып, әр түрлі жастағы балалардың жас ерекшелігін ескерді. Ол негізінен үлкендермен бірге отырып «отбасылық оқуға» арналған.
20 жыл бойы шығып тұрған алғашқы жекеменшік журнал А.О. Ишимованың «Жұлдызшасы» (1842—1863) болды.
Александра Осиповна Ишимова (1805 — 1881) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы балалар әдебиетін дамытуда ерекше рөлге ие болды.
Жазушының жастық шағы өте қиын өтті. Әкесі жер аударылғаннан кейін ол білім ала алмады, барлығын кітаптан өзі оқып үйренді. Сонымен қатар, француз, ағылшын және неміс тілдерін үйреніп, аударма жасап, табыс тапты. Табиғаттан берілген жазушылық талантының арқасында А.О. Ишимова «Балаларға арналған әңгімелердегі Ресей тарихын» жазып шығару үшін алты жыл өмірін жұмсады. Нәтижесінде ол ең танымал жазушы атағына ие болып, 1842 жылдан бастап Санкт-Петербургте «Жұлдызша» журналын, ...
12.12.2018
Вернуться назад