DataLife Engine / География | Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру

География | Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯСЫ............4

1.1 Республиканың экономикалық-географиялық жағдайы...............................4
1.2 Қазақстанда түсті металлургияның алатын орны..........................................4
1.3 Түсті металлургияның ерекшеліктері мен топтарға жіктелуі.......................7
1.4 Қазақстанның әр аймағында кездесетін түсті металдар кен орындары.....14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯСЫ...........20

2.1 Қара металдарға жеке түсінік........................................................................20
2.2 Қара металлургияның ірі кәсіпорындары.....................................................21
2.3 Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы..................................................................................................................25

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮСТІ ЖӘНЕ ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ КАРТАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ.....................................................................................31

3.1 Карталарды құрастыруда ГАЖ-дың рөлі......................................................31
3.2 ArcGIS бағдарламасында карталарды құрастырудың жалпы әдістері.......33
3.3 Қазақстанның түсті және қара металлургия карталарын ArcGIS бағдарламасында құрастыру................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................56

Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары болып табылатын түсті және қара металлургияның мемлекетаралық зор маңызы бар. Берілген "Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)" атты жұмыс еліміздің экономикасына зор үлесін қосады. Қазақстанда бұл саланың айтарлықтай орны ерекше.
Жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасының металлургиясын жаңа ГАЖ-функцияларды, картографиялық бегілерді пайдаланып картографиялау.
Зерттеліп отырған аймақтың физикалық-географиялық орны айтарлықтай республика өнеркәсібінің дамуына әсер етеді.
Алғашқы тарауда жалпы металлургияға, Қазақстанда дамыған кен орындарына басты назар аударылады. Қазақстанның түсті металлургиясының әр саласына жеке тоқталып, орналасу ерекшеліктеріне, түсті металдардың түпкілікті қай жерден табылғандығы, олардың құрамы және қазіргі таңда дамып келе жатқан, сонымен қатар шет ел компанияларымен бірігіп жұмыс істеп жатқан кен орындары туралы сөз етіледі.
Негізгі бөлімнің екінші тарауында қара металлургияға байланысты толық мағлұмат алуға болады. Оларға жеке тоқталу, Қазақстанда кездесетін ірі кәсіпорындарды баяндау. Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндірілетіндігіне тоқталып өту.
Жұмыстың келесі тарауы - карталарды құрастыруда әр түрлі картографиялық белгілер мен картографиялық бейнелену әдістерін жүйелі талдау, картодиаграмма және шкалаларды таңдау, экономикалық карталарды құрастырудағы типологиялық материалдарды анализдеу, картографиялаудың жаңа бағдарламалары, әдістемелері, ГАЖ-дың қазіргі карта құрудағы жаңаша ерекшеліктері, қажеттілігі, картографиялаудағы жаңа технологияның ролі туралы сипатталады.
Соңғы тарау осы жұмысты толықтай ашатын Қазақстан Республикасының металлургиясын картаға түсіру, олардың орналасу ерекшеліктері, қосымша мәлімет бойынша диаграммалар құрастыру, түсті және қара металдар өндірісін кестеде толтыру .


1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯСЫ

1.1 Республиканың экономикалық-географиялық жағдайы

Қазақстан Республикасы-егеменді, демократиялық және біртұтас мемлекет. Еліміздің аумағы-2724,9 мың млн. шаршы шақырым. Дүниежүзі бойынша жерінің кең байтақтығы жөнінен 9- орында.Мемлекет Ресей, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан жерлерімен шектесіп жатыр.Республика шаруашылығының көптеген салаларының мамандануы мен дамуына, ең алдымен, оның физикалық-географиялық орны айтарлықтай әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан өте тиімді жағдайда деп айтуға болмайды. Ол батысында Каспий теңізі мен Еділ өзені және шығысында Алтай таулары аралығында, солтүстігінде Батыс Сібір жазығы мен оңтүстігінде Орта Азияның биік таулары мен шөлдері аралығында, Еуразия материгінің түкпірінде орналасқан. Сондықтан табиғат зоналарынан Қазақстанда климаты аса құрғақ "континеттік зоналар"- дала, шөл және шөлейттер басым.
Республиканың экономикалық-географиялық жағдайы, яғни экономикалық даму факторларына қатысты жағдайы, экономикалық немесе саяси өзгерістерге байланысты-әр кезде тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болып келеді. Қазіргі Қазақстан - экономикалық бірқатар салалары жөнінен зор халықаралық маңызы бар индустриялы - аграрлы республика.
Қазіргі Қазақстан өнеркәсібінің құрамында кен байлықтарды өндіруге байланысты дамыған салалар баршылық. Соның бірі, шаруашылық салаларының дамыған түрі-Қазақстан Республикасының түсті металлургиясы /6/.


1.2 Қазақстанда түсті металлургияның алатын орны

Металлургия - кен өндіру, қара және түсті металдарды қорыту - ауыр өнеркәсіптің аса маңызды саласы. Ол бүкіл өнеркәсіптің өзегі - машина жасауды дамытудың іргетасы болып табылады. Металсыз машиналар болмайды, ал машиналар мен тиісті құрал - жабдықтар болмайынша, шаруашылықтың бірде-бір саласы дами алмайды. Металлургия кешені бұл- байытуға және өңдеуге кен шығатын пайдалы қазып алынатын кәсіпорындармен қоса, өнеркәсіп салаларының жиынтығы.
Металлургия (грек тілінен аударғанда metallurgea - руда өндіремін, металл өңдеймін, metallon- металл және ergon - жұмыс) ғылым мен техниканың және өндірістің рудадан әртүрлі металдар т.б. материалдар өндіру, металл қорытпалардың химиялық құрамы мен құрылымын, яғни қасиеттерін өзгерту мәселелерімен шұғылданатын саласы.
Металлургиялық процестерге жер қойнауынан қазылып алынған руданы алдын - ала өңдеу, бұлардан металдар мен қорытпалар өндіру және оларды бөгде қоспалардан арылту, яғни тазарту, металдар мен қорытпаларға қажетті пішіндер мен қасиеттер беру жұмыстары жатады.Металлургия темір негізді қорытпалар өндіру мәселесімен шұғылданатын қара және түсті металлургия деген екі салаға бөлінеді.
Енді түсті металлургияға тоқталатын болсақ, республика аумағында түсті металлургия кен орындары 3 металлогенді ауданда орналасқан, олардың ең ірілері – Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан. Оңтүстік Қазақстанда түсті металл кен орындары Жоңғар Алатауы (Текелі ) мен Қаратау жотасында жайғасқан. Қостанай мен Торғай облыстарындағы алюминий кен орындары пайдалануда. Едәуір көп мөлшердегі алтын кен орындары Солтүстік және Шығыс Қазақстан аудандарында орналасқан. Сирек металдар кен орындары Орталық және Шығыс Қазақстанда шоғырланған /1/.
Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан.Олардың ішінде жетекші орынды мырыш , қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады.Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары ) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты - цеолидті, мысты - никелді т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыскентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман - Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған ( Самара ) т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының ( Жезқазған мыс кені, Жаманайбат мыскені ) мыс қоры 10млн т-дан асады. Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны- боксид. Қазақстанда боксид қоры көп. Анықталған 200 кен орындарының және кен өніммдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай боксидті аудандарын құрайды. Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орынды алады.Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан.Солтүстік Қазақстанда Ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қароба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары /9/.
Түсті металлургия металдар мен олардың қорытпаларын кеннен өндіру, байыту және қорытып алуды іске асырады. Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарында Менделеев кестесіндегі 74 элемент өндіріледі, олардың 50-і таза металл және химиялық қосылыстар түрінде тауарлы өнім құрамына енеді. 1-суреттен көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасындағы түсті металл өндірудіңң негізгі көрсеткіштер серпіні 2003-2006 жылдар аралығында өзгеріп отырған



Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өнімдері нақты көлемінің индекстері, алдындағы жылға пайызбен

Түсті металл өндірудегі нақты көлемнің индекстері, алдындағы жылға пайызбен

1-сурет. Қазақстан Республикасындағы түсті металл өндірудің негізгі көрсеткіштер серпіні.



1.3 Түсті металлургияның ерекшеліктері мен топтарға жіктелуі

Түсті металдар мынадай топтарға бөлінеді:
1) ауыр металдар (мыс,қорғасын, мырыш, никель, қалайы);
2) жеңіл металдар (алюминий, титан, магний);
3) асыл металдар (алтын, күміс, платина);
4) сирек және шашыранды металдар (вольфрам, молибден, бериллий, ванадий).
Түсті металдардың бір ерекшелігі – кенде пайдалы құрам бөліктерінің өте аз мөлшерде кездесуі, негізінен металл бірнеше проценттен : оның жүздік, тіпті мыңдық үлестеріне дейін ғана болады.
Түсті металлургияның екінші ерекшелігі – олардың кешендігі, яғни кенде бірнеше пайдалы құрам бөліктерінің қатар кездесуі. Сондықтан түсті металлургияда шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылып, әрбір элемент (металл) кеннен жеке цехта бөлініп алынады.
Түсті металдар алу көп энергия шығынын керек етеді. Олар энергияны көп қажет ететінін өндірістер деп аталады, оның үстіне олар материалды көп қажет етеді. Сондықтан түсті металлургия кәсіпорындары арзан электр энергиясы көздеріне жақын жерге салынады.
Түсті металлургия кендерінің кешенді сипаты негізінен металдармен қоса 10-15 өнім түрін алуға мүмкіндік береді /4/.
Түсті металдардың бағалы қасиеттері: тотығуға төзімді, электр өткізгіш, берік, қиын балқиды. Осындай бағалы қасиеттердің арқасында түсті металлургия Қазақстан халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. Халық шаруашылығының түсті металдарды пайдаланбайтын бірде-бір саласы жоқ: мыс пен алюминий – электр техникасы мен кабель өнеркәсібінің негізгі металдары, мырыш, никель, вольфрам, молибден- қара металлургияда сапалы болат өндірудің негізі; титан, кремний, германий және басқа сирек металдар ғарыш техникасында, радиоэлектртехникада, прибор жасауда, есептегіш машина, теледидар жасауда, алюминий- авиация, автомобиль және машина жасау өнеркәсібінің басқа да салаларында; қорғасын, күміс, сурьма, қалайы- аккумулятор, кабель өндірісінде, атом өнеркәсібінде қолданылады. Көріп отырғанымыздай, түсті металдардың қолданылу аясы өте кең.
Қазақстанда түсті металлургия қара металлургияға қарағанда көбірек дамыған. Ол Алтайда 18 ғасырдың 20- жылдарында-ақ құрылған, ал бұдан 100 жыл өткен соң түсті металлургия Орталық Қазақстанда да пайда болды. Бірақ бұл сала тек 1928 жылдан бастап, республикада алғашқы ірі кәсіпорындар – Лениногор полиметалл комбинаты және Қарсақпай мыс қорыту зауыты салынғаннан кейін ғана қарыштап дами бастады. Сол кезден былай Қазақстанда алуан түрлі-түсті металдарды өндіретін көптеген кеніштер мен карьерлер жасалған, осы заманғы кен байыту фабрикалары, металлургия зауыттары мен тұтас комбинаттар салынған. Қазір Қазақстан түсті металдарды 30-ға жуық елдерге шығарады /3/.
Мыс,қорғасын-мырыш және таяуда пайда болған алюминий мен титан-магний өндірісі – Қазақстан металлургиясының басты салалары. Бұл салалардың әрқайсысының халықаралық зор маңызы бар және олардың кейде ірі комбинаттар түзетін кеніштері мен карьерлері, кен байыту комбинаттары мен зауыттары болады. Қазақстанда түсті металдар өндірісін ұйымдастырудың мұндай формасы олардың кендерінің ерекшеліктеріне байланысты, бұл кендерде таза металл аз- 1-ден 5-6 %-ға дейін, ал шашыранды металдар кендері әлденеше рет байыталған соң ғана, құрамында металы көп концентрат алынады. Оның үстіне, әдетте кенде бірнеше пайдалы элементтер кездеседі және олардың әрқайсысы әртүрлі цехтарда шикізаттарды кешенді өңдеу принципі бойынша жекелеп алынады.
1) Ауыр металдар
Түсті металдардың ішінде мыс кені халық шаруашылығындағы салаларда өте кең қолданылады. Қазақстанда мыс кендерінің қоры өте мол. Ірі мыс кен орындарына Бозшакөл, Шатыркөл, Жыланды, Орлов, Николаев жатады. Олардың қоры көпке жетеді /9/
Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының өндірілетін мыстың едәуір бөлігін береді және осы металды өндіру жөнінен ол тек Оралдан кейінгі орынды алады. Мысты өндіру және қорыту республиканың орталық және шығыс бөліктеріне шоғырланған. Балқаш және Жезқазған кен – металлургия комбинаттары –мыс өнеркәсібінің аса ірі кәсіпорындары.Олар Қоңырат,Саяқ және Жезқазған мыс кендерімен жұмыс істейді. Өскеменге жақын орналасқан Глубокое елді мекеніндегі Ертіс зауыты және Жезқазған маңындағы Қарсақпай зауыты қуатты шағын мыс қорыту зауыттары. 1990 жылдарға дейінгі Қазақстан 400 мың тонна мыс өндіретін, қазір оның көлемі 300-340 мың тонна шамасында.
Аса ірі мыс кен орындары Жезқазған ауданында орналасқан. Жезқазған маңайынан тобы табылды. Ондағы мыс кенінің аса мол қоры жер бетіне жақын орналасқан. Жезқазған ауданындағы мыс кен орындары дүниежүзі бойынша ең ірілерінен бірінен саналады. Осы кен орындары базасында Жезқазған комбинаты- тазартылмаған және тазартылған мыс пен түсті прокат шығаратын аса ірі кәсіпорын бой көтерді. Үлкен Жезқазған қазіргі кезде Оралдың барлық мыс қорытатын зауыттары шығарғаннан артық мыс өндіреді. Мыс балқыту комбинаты, кеніштер, алып шахталар ең жаңа автоматтандырылған және механикаландырылған техникамен жарақталған. Жезқазған комбинатында мыс кеніндегі барлық серіктес элементтер ( олар-21) айырып алынады. Бұл айырып алынатын элементтердің құны негізгі өнім- мыстың құнынан асып кетеді.
Қоңырат және Саяқ мыс кен орындары базасында аса ірі Балқаш кен-металлургия комбинаты салынды.
Балқаш кен- металлургия комбинаты бұрынғы Кеңес Одағындағы ең озық кәсіпорын болды. Бұл комбинатта кен өндіріп, байытудан бастап металл қорытуға дейінгі барлық өндіріс циклі толық іске асырылады. Ол елімізге ең арзан мыс береді /3/.
Қорғасын алғашқы кезде күміс галамитінен ажыратылып алынады. Бұл процесс руданы күйдіруден көрікпен немесе ликвациялық балқытулардан тұрады. Қазіргі кезде қорғасын полиметалл рудаларын фиотациялық байыту , ...
10.12.2018
Вернуться назад