DataLife Engine / Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы
1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Ірі қара шаруашылығының еліміздегі маңызы
2.2 Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары
2.3 Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері
2.4 Дезинфекциялық шараларда қолданылатын препараттар
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
3.2 Шаруашылыққа сипаттама
3.3 Зерттеу нәтижелері
3.3.1 Шаруашылықтағы микроклимат параметрлері көрсеткіштерін зерттеу
3.3.2 Шаруашылықтағы нысандарды ылғалды тәсілмен дезинфекциялық препараттардың тиімділігін бағалау
3.3.3 Сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу нәтижелерін салыстырмалы бағалау
3.3.4 «Амиран» ЖШС шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекция шараларының экономикалық тиімділікті анықтау
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
8 ҚОСЫМШАЛАР

1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Iрі қара шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Сапалы жем-азық базасы, қазіргі заманғы озық технологиялар шошқа шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін алғышарттар дейді жергілікті ғалымдар.
Біздің өңірде шошқа шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол дейді мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Виктор Сиволап. Бірінші кезекте аграрлық өңір болғандықтан мол астық өсіру шошқа басын көбейтуге жағдай туғызады. Десек те, соңғы жылдары аталған саланың мейлінше кенжелеп қалғаны рас. Бүгінде облыста 280 мың шошқа өсіріледі. Бұл тоқсаныншы жылдардағы деңгейдің 60 пайызы.
Ғалымдардың пікірінше, шаруашылықтарда ресурс үнемдеу технологияларын пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде үздік әлем стандарттарына сай ет өндіруге мүмкіндік береді. Әдетте технологиялар үлкен шығынды қажет етеді. Дегенмен, осы күні олар шошқа өсіруде мүлде қолданылмайды деп айтуға болмас.
Мал шаруашылығының бұл саласын қалпына келтіру үшін қомақты қаражат пен уақыт керек. Институт ғалымдары алға қойып отырған мақсат-міндеттердің орындаларына үмітті [1, 2, 3].
Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді"... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі [16, 17].
Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем өзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (1994 ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80% және мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% ғана тиесілі (1990 жылы 39% жэне 61% болған) болды. Мысалы, 1 шартты мал басына есептелген шартты саны азайып кеткен 1990 жылы 16,6 млн. бас болса, 2003 жылы 7,5 млн. басқа дейін немесе 55%-ға кеміген), ал мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 77 %-ға азайған. Бұл жағдайда шаруашылық категориялары бойынша мал шаруашылығы саласында қайта бөлістіру өзгерді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі біраз азайып, ондағы мал басы саны және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де кеміген.


1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама
Шаруашылықта пайдаланылған дезинфекциялық заттардың ғимараттар мен сауын қондырғыларын санитариялық өңдеуде қауіп келтірмейтін етіп жасауға мүмкіндік туғызады. Дезинфекциялық заттардың қолдану нормасы және олардың ауадағы агрегаттық күйі объектті өңдеу тәсіліне тікелей байланысты мәліметтер нәтижелері келтірілген.
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы
Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 6 - кесте, 8 – суретпен көркемделген.
Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан «Амиран» ЖШС шаруа қожалығында өтті.
Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының мақсаты: «Амиран» ЖШС шаруашылығындағы мал қоралары мен сауын қондырғыларының санитариялық өңдеуге бағытталған профилактикалық дезинфекция шараларын жақсарту жолдарын зерттеу
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Шаруашылықтағы микроклимат параметрлері көрсеткіштерін зерттеу.
2. Шаруашылықтағы нысандарды ылғалды тәсілмен дезинфекциялық препараттардың тиімділігін бағалау.
3. Сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу нәтижелерін салыстырмалы бағалау.
4. «Амиран» ЖШС шаруашылығындағы профилактикалық дезинфекция шараларының экономикалық тиімділікті анықтау.
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Ірі қара шаруашылығының еліміздегі маңызы
Жалпы өнім көлемі бойынша ірі қара өсіру саласы елімізде үшінші орында.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика қалыптасқан жағдайда еліміздің егемендігін қамтамасыз етудің басты мәселелерінің бірі - жеткілікті азық -түлік қорын құру болып табылады. Осы аса маңызды бағытқа негізгі күш-жігерді шоғырландыру қазіргі кезеңнің бірінші дәрежелі міндеті болып саналады.
Республикада азық - түлік проблемасын шешуде ірі қара шаруашылығының алатын орны ерекше. Бұл еліміздің ет қорын жедел түрде толықтыруға мүмкіндік беретін мал шаруашылығының айрықша саласы.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда өндірілетін барлық еттің 13 пайызы шошқа етінің үлесіне тиеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында (ТМД) - 50 пайызға дейін жетеді.
Берілетін асықты алдын-ала өңдеуден откізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақ-тап, картопты буландырып, пісіреді. Ірі азықты булап немесе "ұнтақтап, ашытқылаған жөп. Көк азықтың өзін турап, араластырып берген дурыс.
Шаруашылықтағы азық қорына байлаиысты шошқаларды жемді, жемді -картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рацяондар құрамында қыста 75-80, жазда 85-90 (қоректілігі бойынша) процент жем болады. Рационының 20-30 проценті тамыртүйнек жемістілер, көк азық, құрама сурлем, шөп ұиы, қурғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандық-тан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.
Жақсы күйлеп дұрыс ұрықтануы үшін ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда азықтандыру деңгейін 25-30 процентке ұлғайтып, сақа мегежіндердің әр 100 кг тірілей салмағына 1,5-1,8 кг, екі жасқа дейінгілеріне 1,8-2,4 кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады. Жануар тектес азықтар жеткілікті болса рацион қоректілігінің 3-5 процентіндей) көк сүт, сары су, ет, сүйек немесе балық ұнын, т.б.) енгізеді [9, 10, 11, 12].
Қыстық рациондарда 180-200 кг салмақтағы 10 торай емізетін мегежіндерге 3,0-3,5 кг дән ұнтақтары) бұршақ, күнбағыс шроты, кебек т.б.) 1 к көк сүт, 0,2 кг балық ұны, 0,7 кг шөп ұны, 5 кг буландырылған картоп, 60 г прецититат, 30 г ас тұзы. 60 г премис қосындысын берсе, жазда шөп ұны мен тамыртүйнек жемістілерді 6-7 кг көк азықпен ауыстырады. Туатын уақыты жақындағанда олардың азықтандыру деңгейін 50 процентке азайтып, туатын күні жылы суға араластырған 0,5-0,6 кг жеңіл қорытылатын жемдер (сұлы, арпа, кебек т.б.) ұнтағын ішкізіп, толық нормамен азықтандыруға біртіндеп 56 күнде көшеді. Торайларын емізуді тоқтатқанда 2-3 күн бойы сүттілігін азайту үшін азық беруді шектейді [13, 14].
Демек, жыл сайын құрамында 24, 54 және 108 мың бас болатын кешен үшін мал басын толықтыратын жас төлдерді өндіру, дайындау туралы мәселені дұрыс зоотехникалық тұрғыдан шешу үшін кешеннің құрамында асылтұқымдық ферма болуы қажет. Ол негізгі құрылыстан 1,5-2 жыл бұрын салына бастауы тиіс, сонда алғашқы кешендерге әкелінетін жас төлдерге деген мұқтаждық кемиді [15].
Мал дәрігерлік тұрғыдан алғанда да, кешендік асылтұқымдық ферма болғаны жөн. Тек асылтұқымдық ферма арқылы ғана басқа шошқалар басын әкелуді шектеуге болады, ал мұның өзі өсіріліп - өндірілетін табынды инфекциялық, аурудың таралуынан сақтайды. Ол бұл тұрғыдан алғанда, мал дәрігеріне - санитарлык тосқауыл болып табылады. Асылтұқымық, ферманың негізгі атқаратын қызметі - белгілі қолтұқымды немесе линиялық, текті, мал басын толықтыратын жас төлдермен қамтамасыз ету, мүнда жас төлдер қыскы серуенге шығарылып, жазда лагерлік күтімде өсірілуі тиіс.
Кешендегі табынының өндірстік құрылымы аналықтардың екі тобынан - асылтұқымдық және пайдаланылатын топтан құралады, айналымы аяқталған өндірісі бар шаруашылықтарда - үшінші бордақылау тобы болады.


2.2 Қазақстандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының даму бағыттары
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары негізінен астық өндірісіне мамандандырылған. Бұған қалыптасқан егістік алқаптарының құрылымы да ықпал етеді, басқаша айтқанда азық дақылдарына арналған аумақтар мал шаруашылығы саласының дамуына сәйкес емес, олар бар болғаны орташа есеппен 550-600 шартты басты қамтамасыз ете алады. Мұндай фактор, шағын көлемдегі жер аумағы ретінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы шоғырландыру деңгейінің өте төмен екендігін анықтап отыр: 1 кәсіпорынға орташа МІҚ 300 басқа дейін және қой мен ешкі 1500 басқа дейін. Осы жағдайда оның жартысынан астамы 30-35 бас МІҚ және 100-250 қой мен ешкі келеді [18, 19, 20].
Жалпы өнімдер көлемдері бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі бөлігі шағын көлемді өндіріспен сипатталады: орташа республика бойынша бұл көрсеткіш 1 шаруашылыққа 34 млн. теңгені құрайды.
Шаруа қожалықтары бойынша жыртылған жер аумағы негізгі массада орташа 10 га келеді, сонымен қатар мал шаруашылығы да өте ұсақ көлемде көрініс тапқан: МІҚ 20 басқа дейін және 110-ға дейін қой мен ешкі. Бұл жағдайда мал шаруашылығымен 10% ғана шаруашылық айналысады. Қалыптасқан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұсақ көлемді болып келуі жер көлемі бойынша да және мал басы бойынша да үздіксіз технологиялық процесті қалыпты жағдайда қамтамасыз ете алмайды, ол ақырында өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне келіп жеткізеді. Бәсекеге қабілетті және экономикалық жағынан пайдалы шаруашылықты құру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлеміне айрықша талаптар қояды., оның өзі сол жергілікті аграрлық сектордың дамуына сәйкес болып келуі жөн.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары көлемдерінде, жер аумағы бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады, бір облыс ішіндегі өлкелерде ұтымды өндіріс ұйымдастыру барлық уақытта да дәлелденген болып саналмайды. Көп кездесе бермейтін ірі кәсіпорындармен қатар, онша көп болмаса да, өте шағын көлемдегілер де жиі кездеседі. Шағын кәсіпорындарға қарағанда ірі шаруашылықтардың басымдығы байқалады онда барлық өндіріс факторлары тиімді сәйкестік тапқан және көп пайдаланылады, және соның негізінде жақсы қорытындыларға жетуге мүмкіндік мол [21, 22].
Орташа және ірі тауарлы өндірістік қуаттары мен инфрақұрылымдары дамыған кәсіпорында қызмет етіп жатыр, ауыл шаруашылық өндірістік технологиясы жер көлемдері орташа және ірі және материалдық техникалық базалары ұтымды пайдалануға мүмкіндігі бар мал шаруашылығы объектілеріне ыңғайланған. Атап өтетін нәрсе, жақын болашақта орташа және ірі тауарлы өндірісі бар табиғи-экономикалық жағдайларға сәйкестілер тұрақты дами алады деуге болады.
Орташа және ірі шаруашылықтардың басымдылықтары, жоғары деңгейлі мамандандыру, өндірісті шоғырландыру, рынок бойынша интеграциялау мүмкіндіктері сияқты факторлармен анықталды. Ірі және орташа кәсіпорын, әсіресе өсімдік шаруашылығы салаларында, шағынмен салыстырғанда басымдықты иеленеді. Оларда күрделі қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік бар, олар ғылыми - техникалық прогресске барынша икемді. Астық өндіруші кәсіпорын, егер жыртылған жері 15-18 мың га шамасында иеленген жағдайда өте жоғары пайдалылық деңгейін көрсетеді.
Шаруашылық қызметінен алынатын таза табыстың негізгі массасын шағын кәсіпорындар тобы алады, мәселен ірінің үлесіне барлық кәсіпорынның 15,4 % құрайды, барлық ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алынған таза кірістің 72 %-не келеді.
Интенсификациялау деңгейінің көтерілу жағдайында ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемі, өндіріс күштерінің өсуі өзгермейтіндей болып қалмайды. Олар өздерінің өндіріс күштерінің әрбір нақты деңгейі шаруашылықтың интенсифтілік деңгейі және оны мамандандыру жағдайы үшін өздерінің оңтайлы шекараларын иеленеді.
Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы көлемдер шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемдері жалпылама емес, белгілі бір мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады. Мамандандыру өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты, оның өзі бір тектес өнімдер өндірісінің оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі - бұл барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді [23, 24, 25].
Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық жарақтандыру шаруашылықты оңтайлы жүргізуге ынталандырып, төмен болған жағдайда өндіріс үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ.
Болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыздық талаптарымен анықталады, жэне ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы жылқы шаруашылығын қайта дамытуды қарастырады [26].


2.3 Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың негіздері
Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен өндірістік қарым - қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Тиімділік - ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық - құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай - ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми - техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс - әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік « механизм », біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа «сандық және сапалық жағынан», екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін...
08.12.2018
Вернуться назад