DataLife Engine / Қазақ тілі | Ауызекі сөйлеу стилі

Қазақ тілі | Ауызекі сөйлеу стилі

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………... 4

1 Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы …………………… 6

2 Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық белгілері ……………. 12
2.1 Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі ………………………………. 12
2.2 Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы ……… 15
2.3 Ауызекі сөйлеу стилінің морфологиясы ………………………. 27
2.4 Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксисі …………………………… 34

Қорытынды ………………………………………………………….. 42
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………... 44

Кіріспе
Ауызекі сөйлеу – адамдар арасындағы коммуникативтік қатынастың басты әрі жиі көрінетін формасы. Осыған байланысты лингвистикада тіл-тілдің ауызекі сөйлеу ерекшеліктері арнайы зерттеу обьектісі болып келеді. Сонымен бірге ауызекі сөйлеу тілін зерттеудің бағыт-бағдары, әдіс-тәсілдері де алуан түрлі. Бірқыдыру еңбектерде лексикология, грамматикалық тұрғыдан ауызекі тілдің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін тану мақсат етілсе, басқа, мәселен, психолингвистикалық зерттеулерде ауызекі сөйлеудегі сөзді құрау, түсіну процесстерінің психикалық астарын ашу мақсат етіледі.
Қазақ тіл білімі о баста ауызекі сөйлеу тілінің фактілерін зерттеуден басталған. Бұлай болуы, бір жағынан, ол кездегі жазбаша әдебиеттің шама-шарқына байланысты болса, екінші жағынан, ғалымдардың қазақ тілінің таза халықтың көзін, негізін тауып, сол фактілерге сүйеніп, зерттеуге талпынуына да байланысты еді. Қазақ тілін алғаш зерттеушілердің бірі – белгілі ғалым Н.И.Ильминскийде осы бағытты ұстады. Ол қазақ тілін осы тілде сөйлеушілердің өз аузынан жазып алынған фактілер негізінде зерттеу қажет, қазіргі кітаби материалдарда қазақ тілінің өз заңдылықтарына сай келе бермейтін шағатай тілінің элементтері көп деп үнемі ескертіп отырды. Н.И.Ильминский қазақтардың сөзді өнерге балап, оған ерекше талап қойып, мән беруін жоғары бағалады. Ол: «Қазақтың шешен кісілерін тыңдау бір рақат нәрсе: олардың сөзі ұйқасты, сымбатты, анық, көркем» деп жазды. Қазақ тілі жөнінде алғаш толық, жүйелі лингвистикалық еңбек жазған П.М. Мелиоранский де өзі, негізінен, ауызекі сөйлеу тілінің фактілеріне сүйенетінін ерекше атап отырады. Алайда революцияға дейінгі зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін арнайы қарастыра да, жан-жақты қамти да алмады.
Қазақ тіліне арналған алғашқы бұл зерттеулерде оның басты фонетикалық, грамматикалық жүйесін анықтауға ғана баса мән беріліп, стильдік тармақтарын даралап тану міндет етілді.
Революциядан кейін қазақ тілін зерттеудің бағыт, мазмұны мүлде өзгерді, ол тарихи ұлы міндетке – қазақ халқының социалистік жаңа мәдениетін жасау, соған жол ашу мүдделеріне қызмет ету мақсатын көздеді. Сондықтан да бұл кездегі қазақ тіл білімі баса көңіл бөлген мәселелер - әдеби тілдің қалыптасуы, дамуы, жазуды жетілдіру, әдеби тіліміздің фонетикалық, грамматикалық жүйесін тану болды. Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба әдеби тілдің арасындағы өзара қатынастың сыры ашылмады. Ауызекі сөйлеу тілі – қазақ тілінің қайнар көзі, негізі дегеннен аса алмады.
Қоғам мүшелерінің білім, мәдениет дәрежесінің өсуі, олардың қоғамдық өрісінің ұлғаюы, творчестволық белсенділігінің артуы ауызекі сөйлеу тілінің рөлін көтерді. Ауызекі сөйлеу тілінің жұмсалу аясы да орасан кеңіді, тақырыбы кеңейіп, мазмұны да күрделенді. Сондықтан жұртшылықтың ауызекі сөзге қоятын талабы да өсті. Тіл білімі саласында ауызекі сөйлеу тіліне ден қою осы қоғамдық, әлеуметтік талапқа байланысты. Ауызекі сөйлеу тілін зерттеу оның коммуникативтік (пікір алысу) сипатын анықтап, фонетикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану, пайдалану ерекшеліктерін ашуды көздейді, мұның өзі қоғамдық коммуникацияны жетілдіру, мәдени дәрежесін өсіруге көмектеседі.
Жұмыстың өзектілігі. Функционалдық стильдердің ішінде ауызекі сөйлеу стилі қазақ әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ коммуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситуацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады. Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стилдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Осы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін көрсету бұл жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты табиғаты күрделі саналатын ауызекі стилінің функционалдық стильдердің ішіндегі өзіне ғана тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерін көрсету мүддесі алға қойылады.

1 Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы

Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айырықша орын алады.
Тұрмыстық қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілі қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік еркшеліктері бар. Ол тұрмыстың күнделікті қарым-қатынас тілі болса да, функционалдық стильдердің негізгі жүйесін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі алдын ала дайындықты қажет етпейтіндіктен, еркін қолданысқа түседі, сондықтан ауызекі сөйлеу тілімен тығыз байланысты жұмсалады.
Ауызекі сөйлеу стилін Е.А.Заемская және т.б зерттеушілердің бірқатары ауызекі сөйлеу стилі ерекше тіл деп санайды [4; 7]. Ал басқа ғалымдар тобы, мысалы, О.А. Лаптева ауызекі сөйлеу стилінің жалпы ерекшеліктері функционалдық стильдердің ауызша түрінің бәрінде ұшырасатындығын айтады [5; 7].
Қазақ ғалымдарының ішінде Р.Сыздықова ауызекі әдеби тіл, ауызша әдеби тіл деп екіге бөледі. Ауызекі әдеби тілге қазіргі функционалдық стильдердің ресми, ғылыми, публицистикалық стильдердің ауызша формасын жатқызуға болады, себебі, ауызекі әдеби тілге Р.Сыздықова былайша анықтама береді: “Ұлттық әдеби тілдің жазу өнері шыққанға дейінгі үлгісі, сөз өнері хатқа түспей тұрған ерте дәуірдегі қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік реттеу үшін тұтынылған бейнелі, асқақ стильге құрылған сөз саптау үлгісі” [6; 10]. Олай болса, ұлттық әдеби тілдің жазбаша түрі шыққанға дейін дамыған түрі бүгінгі ауызекі сөйлеу стилінің негізі болып табылады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөйлеу объектісі – адресант және қабылдаушы, адресат. Адресат пен адресант прагматикалық факторға жатады, ерекше стиль түзуші тәсіл болғандықтан прагматикалық орталық категориясына кіреді. Ауызекі сөйлеу стилінде адресант стилистикалық мүмкіндіктерді адресатқа ықпал етіп жеткізу үшін жаңа білім қорын игеру қажет, ол стильдік фон деп аталады.
Ауызекі сөйлеу стилінде прагматикалық фактордың қатарына жататын тыңдаушыға айырықша көңіл аударуды қажет етеді. Мысалы, айтушы ыстық десе, тыңдаушы шөлдедің бе деп, айтушының айтқысы келген сөзін айтып бере алады. Ауызекі сөйлеу стиліндегі прагматикалық фактор деректі ситуацияны білдірмейді, бірақ комуникативтік актінің маңызды бөлігі болып саналатын тілдік емес ситацияны өзара әрекеттестік үстінде толық есепке алып отырады. Олай болса, ауызекі сөйлеу стилі ерекше стиль түріне жатады.
Ауызекі сөйлеу силінде стилистикалық бейнелі лексика жиі қолданысқа түседі. Бейнелі лексика номинативті мағынасынан коннотативті мағынаға ауысуы тек қана эмоционалды-экспрессивтік тудыру соған қажетті тілдік бірлік ретінде алынбайды, эктролингвистикалық факторлармен қоса стиль жасайтын мәнерлі форма тудыратын қызметіне, тәсіліне де байланысты болып келеді. Қарым-қатынас ортасы, оның тақырыптық өзегі, жанрлары, сөйлеудің мазмұны мен мақсаты, сөйлеуші мен қабылдаушының өзара қарым-қатынасы, сөйлеушінің құбылыс пен затқа көзқарасы, пікірі т.б. тілдік қатынасына да байланысты.
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым-қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айырықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
- бейресмилік;
- сөйлеу еркінділігі;
- сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі;
- тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
- сөйлеудің автоматтығы;
- сөйлеудің мазмұны: диалогтық форма мен қарапайымдылық.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекше ықпал ететін ралды ситуация, сөйлеудің заттық психологиялық жағдайы. Ситуация сөйлеудің шегін қысқартып отырады. Сөйлемнің кейбір компоненттері қатыса алмайды, бірақ сөйлеушілердің коммуникативтік жағдай ондағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі жасамайды. Мысалы, Астанаға екі билет, бір адамға екі орын, бір кісілік т.б. (ауызекі сөйлеу тілінің материалдарынан).
Ауызекі сөйлеу стилінің күнделікті қарым-қатынасында сөйлеу сипатының экспрессивтілігі тікелей ассоциативтік деректі ойлау қабілетінен туындайды, сондықтан ауызекі сөйлеу стилі стилистикалық коннотацияның ерекше формасын беріп отырады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән стильдік белгілер оның композициялық жанрының түрлерімен қатар стилистикалық мүмкіндіктері мына мәселелерге тікелей қатысты болып келеді: сөйлеудің еркінділігі, бейресмилік, сенімділік, дауыс тоны оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық бағдар кітаби стильге қарағанда, стилистикалық мүмкіндіктердің ерекше тобын құрайды.
Ауызекі сөйлеу стилінде ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Ауызекі сөйлеу стилінде фониканың рөлі ерекше болады: дағды әрекеті, орфоэпиялық норманы бұзу, керісінше орфоэпиялық норманы сақтау, орфоэпиялық норманы безендіру немесе әсем дыбыстау т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы эмоционалды-экспрессивті сөздердің қатарын құрайтындығы М.Серғалиев еңбектерінде қарастырылып жүр [7]. Оккозионал сөздер, фамильярлық еркелету, ирониялық, эротикалық сөздер т.б. жиі ұшырасады. Ауызекі сөйлеу стилінде хабарлаудағы ең маңызды сөз бірінші орынға қойылып айтылады: Компьютер алдым, ақша керек, ақша ең бәлесі ақша болып тұр, ең сұмдығын айтпайын, немесе Сіз домбырада тамаша ойнадыңыз деген сөйлем ғажап, өте тамаша деген формада беріледі.
Ауызекі сөйлеу стилінде тілдік тәсілдерді үнемдеу заңы үстемдік етеді. Сондықтан сөз-сөйлем ретінде қолданылады: келдім, жарайды, ат, жақсы, әрине, мүмкін, келіс т.б.
Ауызекі сөйлеу стилі функционалдық стильдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебеп стиль түрі болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стилі лексикасында сөйлеушілердің ең басты көп қолданатыны – эмоционалды-эксперссивті лексика. Б.Қалиев: “Күнделікті ауызекі тілде, көркем әдебиет тілінде де сөйлеу тіліне тән сөздер мен қарапайым сөздер тобы жиі ұшырасады. Олар тілде экспрессивтік стильдік қызмет атқарады”- дейді.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөздік қордың барлық саласы түгел қатысады, фразеологизмдер де, метафора да ұшырасады. Шошақай үйде тұрмас; қаңғыбас қайда қаңғып жүр; ақымақ, өзі кінәлі; көк мылжыңды көргім келмейді; көз сорасын ағызып отыр; еңірегенде етегі толады; көрсем көзім шықсын; қалтасы қалың; несіне бұрқылдай береді; аш өзегіне түсуге айналды; қалтасы тесік; қалтасы көріну; қалтасы жұқа; жүйкесі жұқарып жүру; жүйкесі тозу; жүйке тамыры солқылдау; зықысы шықты; еті тірі; қойдан жуас; өлермен екен; өзіне-өзі істеп жүр; амал жоқ; қайтсем екен; барсам ба екен (ауызекі тілден жиналған материалдардан).
Р. Сыздық ауызша функционалды стиль деп әдеби тілдің құзырындағы құбылыс, яғни ол әдеби тілдің ауызша жұмсау түрі, айталық, көпшілік алдында ауызша ұсынылатын сөздерді айтады. Осы пікірлерді жинақтай келіп, ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдердің ауызша түрінің де стильдік қызметіне ортақ деп тануға болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөздердің қолдану ерекшелігі жағымды, жағымсыз эмоцияға тікелей қатысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әр түрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін айтатындықтан қарама-қарсы көңіл күй сөздері қолданылып, олардың қолдану үлес салмағы молынан ұшырасып отырады.
Ауызекі сөйлеу стилінің әдеби тіл формасына қайшы келетін тұстары жоқ емес. Мысалы, бір ғана жаңағы деген сөзді алайық, бұл сөз көп айтылатындықтан жауыр болған әрі көп адамдар өз ойын толық жеткізе алмаған уақытта жиі қолданылатын сөзі, мысалы, әр жерден ауызекі сөйлеуде жиналған мәліметтер бойынша орфоэпиялық қатемен айтылатын тұстары кездесіп қалады: жаңағы, жәнағы, жаңанеке, жаңеғы, жанеғы, жаңғы, жаңақы, жәнегі т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде кейбір грамматикалық тұлғаларының стильдік қатемен айтылатыны оқта-текте ұшырасып отырады. Кешкісін, кештетіп, кешкілік, кешкісін жолығармын, кештетіп келермін, кешкілік жолығармын немесе таң азанмен жолығармын, таң атысымен, таңертеңгісін, таңертеңгілік деген сияқты грамматикалық тұлғалардың әдеби тілдік нормадан ауытқыған түрлерін кездестіруге болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде қайталаулар да молынан ұшырасады. Қайталаулар – көркем әдебиет стилінде суреткердің стильдік ерекшелігі ретінде танылатын стилистикалық тәсіл, ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлілік қасиеті айтылған ойға паралельдік қатар түзу үшін пайдаланылады.
Қазір бәрі өзгерді, өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам да өзгерді, ниеті де өзгерді, пиғылы да өзгерді немесе заман жақсарды, өмір жақсарды, бәрі де жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау өзгерді сөзін сөйлеуші бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемді құбылыстың сырын баян етеді, ал екінші сөйлемде қайталау болып тұрған сөз жақсарды, ол бар-жоғы екі-ақ рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-құбылыстың жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу мәдениеті деп жалпы сөйлеушінің жалпы адами мәдениеттілік және тіл мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға болады. Адамның жалпы кісілік мәдениеті, ой-өрісі, эрудициясы, ақыл парасаты, киімі, жан-дүниесімен сөзді, сөйлемді мәдениетті түрде яғни мәдениетті тілмен жеткізуі болып табылады. Тіл мәдениеті сөз дұрыстығы, сөз дәлдігі, сөзді көркем, әсерлі, әсем етіп жеткізу ұстанымдары, яғни коммуникативтілік қажеттілік пен эстетикалық бағдар ауызекі сөйлеу стилінің прагматикасын қамтиды.
Ауызекі сөйлеу стилі тілдің лексикалық-семантикалық құрылысында еркіндікпен қолданылатын сөздер тобы, сөз тіркестері басым болып келеді. Сондықтан бір ғана амандасу сөзінің өзі әр түрлі орфоэпиялық немесе орфографиялық жақтан әр түрлі вариантпен жарыса қолданылады. Бұл ежелгі ауызша әдеби тілдің үлгісі, көркем үлгісі болып саналатын қазақтың қара өлеңдерінде көптеп ұшырасады. Қазақтың қара өлеңінде амандасудың өзі сан түрлі қолданыста айтылғанын көруге болады. Аманбысың, қалқатай, көрмесем де жүрмісің аман-есен бұраң белім, жүрмісің аман-есен, сау-саламат. Аман-саударсыздар ма, ағаларым, әріптес, алдыменен аманбысың? Жүрмісің аман-есен жайың қалай? Барсың ба аман-есен қарашығым! Аман ба, құрдас, сырлас құрбыларың? Аман-сау ма саңлақтары? Еліңнің есен-сау ма батырлары. Әріптес мал-жаныңыз тегіс аман, Халайық ел-жұртыңыз есен-сау ма? Сен аман болсаң болды ағатайым. Барсың ба, өзің аман, асыл затым? Аман-есен жүрсің бе сау-саламат т.б.
Қазіргі амандасудың түрі сәлеметсіз бе, әр түрлі орфоэпиялық нормадан ауытқыған: сәлематсыз ба, сәләмәтсіз бе, саламатсыз бе, сәлеметсыз ба т.б. түрлері ауызекі сөйлеу стилінде көптеп айтылып жатады. Амандасудың сәлеметсіз бе деп айтылу мәнерінде дауыс тонына қарай әр түрлі мағыналық мән аңғарылады. Сәлеметсіз бе? дауыс тонының айтылу мәнеріне қарай әр түрлі көңілді, сезім-күйді аңғартады, бірде асқақ көңілдің шабытымен айтылады, бірде менменсінген көкіректікті білдіреді, сынау мәні де, қуанышты үнмен, бірде жарқын, шырайлы көңілмен айтылуы аңғарылса, бірде салқын көңілдің ажары, бірде ілтипатты көңілдің шынайы ниетін танытатын стильдік мәнер де айтылады.
Ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық-интонациялық ерекшеліктері адресат пен адресанттың арасында үлкен коммуникативтік-этикалық қызмет атқаратын эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс күші, дауыс жылдамдығының әр түрлі қызметінің арқасында стильдік ерекшелігі айқындалып тұрады.
Ауызекі сөйлеу стилінде эмоционалды-экспрессивті білдірудің ең көркем амалының бірі –интонация. Зерттеушілер эмоционалды сипаттың ең озық үлгілері (тіпті сөзбен айтып білдіре алмайтын түрлері) интонация арқылы жеткізілетінін айтады.
Ауызекі сөйлеу стилінде дауыс ырғағы, дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана сөздің өзінің астарында алуан түрлі прагматикалық-стилистикалық мағына жатқанын көруге болады. Бұл ерекшелік ауызекі сөйлеу стилінің еншісіне ғана тиетін қасиет болып саналады. Мысалы: әдемісін-ай – сұлулықты паш ету мағынасында; өткірін-ай – оның мінезіне сүйсіну үшін айтылады; әттеген-ай - өкіну мағынасын білдіреді; шіркін-ай – аңсау немесе дауыс тонына қарай кейде кекету мағынасына қарай айтылады; күлкісін-ай – сүйсіну; сұлуын-ай – дауыс тонына қарай сүйсіну, таң қалу, тамсану, қызығу, құмарту; толассыз жаууын-ай – реніш пен кейісті аңғартады; жазуын-ай – ұнатпау, жақтырмауды білдіреді. Ерекшелік тек оқшау сөздерде ғана емес, кез келген тілдік бірліктерде дауыс тонын дұрыс қою арқылы сөздің прагматикалық-стилистикалық қызметін жан-жақты тереңдетіп сөздің айтылу мәнеріндегі эстетикалық өріс кеңейтеді. Мысалы: өткір сөзін алайық. Өмір, өшір деп қайталап айтылғанда өмірдің бар тауқыметін түсіну, соны бағалау, түйіндеу, саралау тіпті соған мойынсұну, кейде шарасыздық мағынасын танытса, сол арқылы адресатты белгілі мақсатқа шақырады, өмір, еһ өмір, аһ өмір деген тіркестерді айтқанда дауыс тонына қарай әттең өмір өкінішін толық сезіну, өкіну, бармағын тістеу, өмірден жіберген қателіктерін түсіну сияқты мағыналық реңкін білдіреді, өмірде не болмайды көндігуі өмірге өкініші жоқ – ризалық, тоқмейілсу таныту мақсатында айтылады; өмір көрсетеді - тағдырына сену, өз тағдырын уақыт еншісіне тапсыру мағынасымен айтылады, өмір алда – үміттену, үмітін жоғалтпау мағынасын береді. Ауызекі сөйлеу тілінің дауыс тонының жылдамдығы, созылыңқылығы, үнділігі де айрықша бояу алады да тыңдаушыны стилистикалық әсерге бөлейді.
Ауызекі сөйлеу стилінің бір-біріне ұқсамайтын дауыс тоны, дауыс ырғағы болса, көркем әдебиет стилінде осы қызметті автор өзі пайымдауы арқылы жеткізеді: Қойшы, жаным. Жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз (Ш.Мұртаза). Бұл келтірілген мысалдағы автордың жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз деп автор пайымдау береді, кейіпкер тіліндегі қойшы, жаным сөздің айтылу стилі мәнері бойынша келші, жаным! Деген жасырын мағынасын беріп тұрғанын автор жүрегіңді балталасаң да өшпейтін сөз деген пайымдау арқылы түйіндейді.
Ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық құрылымдардың экспрессивтілік не стилистикалық қызметі жазба стильдермен салыстығанда елеулі өзгерістері мен өзіндік айрмашылықтары бар.
Ауызекі сөйлеу стилистикалық ерекшеліктері жазба әдеби тіл нормасынан өзгеше стильге құрылады. Мысалы жалғаулық шылаулар сирек қолданылады. Оның орнын интонация немесе басқа грамматикалық тұлғалармен қолдану жиі ұшырасады.
Ауызекі сөйлеу стилі синтаксисінің экспрессивтік және стилистикалық ерекшеліктерінің қызметі сан алуан. Синтаксис саласынан бұл ерекшелік айқын байқалады.
Ауызекі сөйлеу стилінде клише сөздер көп қолданылады. Адамдардың көпшілігі дайын формулалардың, клишелердің, сөйлеу стереотипінің көмегімен сөйлейді және жаза алады.
Клише ауызекі сөйлеу тіліне ғана тән емес, сондай-ақ әскери, ғылыми публицистикалық стильдерге де тән.
Ауызекі сөйлеу стилінде белгілі әлеуметтік топтардың арасында қолданылатын жаргон сөздер сөздер көп қолданылады.
Студенттердің жаргон сөздері: танкісі бар, балмұздақ, балқаймақ, крышасы бар.
Ұрылардың жаргондары: хирург, доцент, шапка.
Ауызекі сөйлеу стилінде дөрекі сөздер қарапайым, жергілікті сөздер мен диалект сөздер жиі ұшырасады. Бөгде тілдік элементтер орыс тілінен енген сөздер, табу мен эвфемизмдер жиі қолданылады.
Ал табу мен эвфемизмдер ауызекі сөйлеу стилінің сөздік қорынан орын алады. «Табу мен эвфемизмдер – сөздік құрамның лексикалық және семантикалық жағынан баюдың бір жолы». Ә.Болғанбаев эвфемизмдері синоним тудыратын тілдік қатарына жатқызады [8]. Ал «табу мен эвфемизмдерді қолдану ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшелік болып табылатындығын көруге болады» дейді Ә.Ахметов [9; 117].
Ауызекі сөйлеу стилі қоғамдық ортаның барлық саласында қолданылады. Екі адамның қарым-қатынас әңгімесінде, телеэкранда жүргізушінің сөзі, кейіпкер сөзі, радиода кез келген қоғамдық-әлеуметтік топ өкілі, дүкенде сатушы мен сатып алушы, көлікте жолаушы, сотта айыптаушы мен айыпталушы, қорғаушы мен куәгер, ғылыми ортада ғалым мен студент, ауруханада дәрігер мен науқас осының бәрі ауызекі сөйлеу стилі болып табылады.....
30.11.2018
Вернуться назад