DataLife Engine / Қазақ тілі | Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)

Қазақ тілі | Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)

Мазмұны

Кіріспе. ........................................................................................................

І тарау. Демеулік шылаулардың зерттелуі.
1.1. Демеулік шылаулардың зерттелуі. ........................................
1.2. Демеулік шылаулардың зерттеу принциптері. ...................
1.3. Демеуліктердің морфологиялық сипаты. .............................
1.4. Демеулік шылаулардың қызметтері. ....................................

ІІ тарау. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы демеуліктердің семантикалық сипаты. ...........................................................................
2.1. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы сұраулық
мәнді демеуліктер. .................................................................
2.2. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы күшейткіш
демеуліктер. ...........................................................................
2.3. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы нақтылық
демеуліктер. ...........................................................................
2.4. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы шектік
демеуліктер. ...........................................................................
2.5. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы болжалдық
демеуліктер. ..........................................................................
2.6. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы болымсыздық
демеулігі. .................................................................................

Қорытынды. .............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...........................................................

Кіріспе
Тіл тарихында көмекші сөздердің бар екендігі көне грек, үнді тіл білімінен бастау алып келеді. Қай тілдің сөздік құрамын алып қарасақ та, сөздердің белгілі бір қызмет атқаратындығы белгілі. Сондай сөздердің бірі – көмекші сөздер. Қазақ тіліндегі көмекші сөздерді мағынасына, тіркестік сөз табына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар көмекші етістіктер, көмекші есімдер, шылаулар.
Шылауларды мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай үшке бөлгеніміз мәлім. Септеулік шылаулар, демеулік шылаулар, жалғаулық шылаулар.
Біз жұмысымызда демеулік шылауларға, олардың зерттелуіне, морфологиялық, семантикалық сипатына, қызметіне тоқталмақпыз.
Зерттеудің өзектілігі: тіл білімінде соңғы кездері функциональды грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байлнысты демеулік шыларлардың тілдік жеріндегі, қазіргі тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттігі туып отыр.
Себебі демеулік шылаулардың қазіргі тіл біліміндегі қызметі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Демеулік шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеу зәрулікке әкеліп отыр.
Сондықтан қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-жақты зерттеу қажет.
Зерттеу жұмысының нысаны. Демеуліктер – көмекші сөздердің бірі болып табылатын шылаулардың түрі. Зерттеу жұмысымызға шылаулардың осы түрі негізгі тірек етіп алынды.
Зерттеу жұмысына нысаны етіп Д.Исабековтың «Қарғын» романы алынды.
Зерттеудің мақсаты – қазіргі тіл білімінің даму дәрежесіне лайықты демеуліктерді арнайы зерттеу арқылы оның теориялық сипаттамасын беру, оның басқа шылаулардан өзіндік ерекшеліктерін, қолданыстағы ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу материалдары – жұмысқа Д.Исабековтің «Қарғын» романынан жиналған 300-ден аса мысал, ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстары негізінен синхрондық әдіс қолданылды. Демеулік шылауларды зерттеуде дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі, морфемдік, талдау әдісі, салыстыру әдісі, салыстыру әдісі, кейде диахрондық әдіс те қолданылды.
Зерттеудің әдіс-танымдық негіздері. Жұмыста демеулік шылауларға қатысты бұрын айтылған ғылыми пікірлер негізге алынып, тіл біліміндегі ғылыми-теориялық жаңалықтар, тілдік нұсқалардың өзара байланысы, туралы ғылымдардың ой-тұжырымдары еңбектің әдіс танымдық негізі болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста демеулік шылаулардың нақтылы құрамы анықталып, олардың тілдегі қызметі, мағынасы, қолданылу ерекшелігі, толық мағыналы сөздерге тіркесу ерекшелігі, көмекші сөздердің ішінен грамматикалануы жағынан қосымшаға жақындығы, демеулік шылаулардың сөз таптарына тіркесі мен қолданылу орны нақтыланды.
Зерттелудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы көмекші сөздер, шылаулар теориясын ғана толықтырып қоймайды, морфологияның теориясына да өзіндік үлесін қосады.
Сондай-ақ қазақ тіл білімінің, түркі тіл білімінің көмекші сөздерге қатысты мәселелеріне қозғау салады. Осы мәселелер жұмыстың теориялық маңызын арттыра түседі.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу материалдарын грамматиканың морфология саласындағы ғылыми еңбектер мен оқу құралдарын, оқу құралдарын жазуда, лекцияларға пайдалануға болады. Арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткізуге көмекші құрал бола алады.
Мектеп мұғалімдері мен университеттердің филология факультеті студенттеріне пайдалануға тиімді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау бірнеше тақырыпшалардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І ТАРАУ. ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 Демеулік шылаулардың зерттелуі

Түркологтардың тілде бұрыннан қалыптасып, демеулік қызметіне ежелден еніп кеткен демеуліктерді табиғи деп көрсету жағынан және сол демеуліктерді аффикстік элемент деп қараумен байланысты пікірлері тоғысады. Мәселен, А.Кононов, А.Щербак және Ф.Зейналов демеуліктер мәселесінде бір көзқараста бола отырып, демеуліктердің көп мәнділік қызметін баса көрсетеді және оларды лексика-грамматикалық топтарға бөлу қиындау деп түсінік жасайды. Түркі тілдері ішінде толық талдауға түсіп, жан-жақты зерттелген якут тілі демеуліктері екені анықталды.
Осы орайда зерттеуші Н.Петров бұл тілдің демеуліктеріне арнайы монографиялық еңбек жазып, олардың жинақталған сипатын берді. Қырғыз тілін зерттеуші А.Қарымшақованың ғылыми зерттеуінде ДШ-лардың сипаты, тарихы сөз етіліп, семантика-грамматикалық қызметі баяндалды. Ғалым түркологтардың демеуліктерді аффикстік элмент деп көрсетуін қостап: «Түркі тілдеріндегі сөздердің көмекші сөзге, одан қосымшаға айналуы заңды» - дейді. Бұл ғалымда да демеуліктерге табиғи деп қарау бар, ғалым осы қатарға үнемі демеулік қызметінде болатын сөздерді қосады. Бұған қоса функциональді демеуліктер деп контекске орай демеуліктің де, толық мағыналы сөздің де ролін атқаратындарды атайды.
Қазақ тіл білімінде демеуліктер «Шылаулар» деп аталатын сөз табының құрамында қарастырылады. Алдымен қазақ тіліндегі демеуліктерге орыс миссионерлерінің еңбектерінен азды-көпті мәлісеттер берілді. Ал алғаш қазақ тілінде демеуліктер А.Байтұрсынов еңбегінен бастау алып, «демеу» деген терминмен аталды. Бұған дейін бұл термин қолданылған емес. Кейін Қ.Жұбанов үстеуіштер десе, С.Аманжолов еңбегінен бастап «демеуліктер» деген атау өз атын иемденді. С.Аманжолов: «Демеулік дегеніміз жеке сөзді ғана демейтін шылаулар,…. өздерінің алдындағы сөздің мағынасын демейді» - деп, оның басты белгісін айту арқылы «демеулік» деген атаудың мәнін ашады. Ғалым қазіргі танылып жүрген демеуліктерді «мәнсіз шылаулар» деп те атайды. Бұлай атау олардың түпкі мәнінен айырылуына байланысты айтылса керек. М.Балақаев жалпы шылаулардың тарихын сөз етумен бірге ДШ-ларды түрлі мағыналық топқа бөледі.
ДШ-ларды септеуліктермен қатар зерттеген Ф.Кенжебаева олардың қалыптасуын көрсетіп, мағыналық жағынан өз жүйелеуін береді. Онда демеуліктердің негізгі мағыналары мен контекске байланысты қолданыстағы мәндері араласып берілген. Сонымен қатар ғалым өзі көрсеткен сегіз мағыналық жүйелеудің шартты екендігін ескеретді. Қ.Әмірәлиев зерттеуінде қарақалпақ, өзбек, қазақ тіліндегі ДШ-лардың қызметі, грамматикалық белгісі, ұқсастық-ерекшеліктері салыстырылады. Ғалым өзбек, қарақалпақ, тілдерінде демеуліктер жеке сөз табы ретінде берілетіндігін айта келе: «Демеуліктер түркі тілдерінде сөзді, сөйлемді мағынасы жағынан толықтыру үшін, мағыналық реңктер үстеу үшін, грамматикалық көрсеткіштердің функциясын атқару үшін қолданылады», - деп анықтайды. ДШ-ларды белгілі бір тәртіппен жүйелеудің жоқтығы осы еңбекте де баян етіледі. Аталған екі ғалым еңбектерінен басқа тақырыбымызға қатысты кейбір мәселелерді Ғ.Иманлиева зерттейінен кездестірдік. Ғалым демеуліктердің сөйлемді тиянақтаудағы қызметіне көңіл бөліп: «Демеуліктер тек сөйлемді тиянақтауға қатысты» - дейді. Ал сұраулық демеуліктердің ерекшеліктері туралы Ш.Джусакинова да арнайы тоқталады. Аталған ғалымдардың зерттеулеріне М.Балақаев, А.Ысқақов, Р.Әміров сияқты ірі зерттеушілердің еңбектері, әсіресе, ДШ-лар жайындағы көзқарастары ғылыми негіз болғанын байқаймыз.

1.2 Демеулік шылауларды зерттеу принциптері

Қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктер жазылып жатқан оқулықтар көлемінде де, жеке монографиялық зерттеу объектісі ретінде де зерттеліп жүр. Дегенмен демеулік шылаулардың табиғатын аша түсу әлі де көптеген зерттеу жұмыстарын қажет ететіндігі даусыз. Біздіңше қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылауларды қарастыруда үш принципке сүйенуді жөн:
1) Семантикалық;
2) Морфологиялық;
3) Синтаксистік-функционалдық
Бұл принциптерге сүйенуіміздің негізгі себебі демеулік шылауларды бір ғана мағынасы жағынан немесе бір ғана формасы жағынан қарастыру жеткіліксіз болары анық. Ең алдымен, демеулік шылауларды түсіндіруде оның семантикалық сипатын негізге алғанымыз дұрыс. Өйткені бүгінге дейін түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі демеуліктердің топтастырылуы көбінесе олардың осы семантикалық сипатына сүйенеді. Бірақ түркі тілдеріндегі демеуліктердің семантикасы көп қырлы екендігі және осы көп қырлылық демеуліктердің өзінің санының молаюы сияқты өсіп келе жатқаны белгілі [4, 504]. Бір ғана якут тілінің өзінде басқа түркі тілдерінде қайталанбайтын 160 демеулік тіркелген. Әлі де демеуліктердің барлығы түгел айқындала қоймаған [4, 504]. Біз тек қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктерге ғана тоқталамыз.

1.3 Демеуліктердің морфологиялық сипаты

"Морфология" дегенде сөздердің сыртқы формалары, құрылысы, құрамы еске алынатыны белгілі. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулар - сыртқы формасы жағынан да ерекшеленетін тілдік категория. Түркологиялық еңбектерде "демеуліктердің бір қатары аффикстер сияқты толық мағыналы сөздерге тірксскенде дауысты дыбыстардың үндесу заңының, ассимиляцияның әсеріне ұшырап, фонетикалық дербестігінен айырылатыны" айтылып жүр [4, 504].
Демеуліктер түрленбейтін, өзгермейтін көмекші сөздер болып табылады. Мұның өзі — олардың морфологиялық белгісі. Мысалы: - Түу, Ғұмар, кісінің әңкі-тәңкісін шығардың-ау /*Жұлдыз*/. Мұнда — ау демеулігі жіктелген етістікке қарамай-ақ, өзінің тұлғасын сақтаған. Дегенмен бірлі-жарым демеуліктер жіктелу жүйесіне түсе алады. Мәселен ма/ ме демеулігі, негізінен, баяндауыш болатын сөздермен жиі келеді, яғни жіктік жалғаулы сөздерге тіркеседі: Сен дс тиімсіз істі жоспарлайсың ба? (Ш. Мұртазаев). Ма/ме жіктік жалғауынан бұрын келгенде, мы/мі болып өзгереді, сонан соң жіктік жалғауын қабылдайды. Бұл құбылыс барлық жағдайда бола бермейді. Егер ма/ме жалпы осы шақта айтылған сөздермен, осы шақ, келер шақ етістіктерімен, "бар", "жоқ" сөздерімен келгенде және бұлар II жаққа қаратылып айтылғанда, аффикстік элементке айналады: Ой, Әділмісің? (Ш.Мұртазаев). Туған, өскен ұяңнан безіп кетпекпісің? (Н. Ғабдуллин). Басқа демеуліктердің де өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар екендігі даусыз.
"Демеуліктердің қолданылуының тым жиілігі олардың грамматикалық формаларға айналуына жағдай жасайды" (Бұл да сонда, 5046.). Соған орай кейбір демеуліктердің бірнеше фонетикалық варианты болады. Мысалы: Шопандықты менсінбеу еңбекті менсінбеу емес пе? (С. Алдабергенов).
Соны ұғындырып бере алатындарың бар ма?
Енді өстіп Жамалды сүймеген кісісіне береміз бе? (М.Дулатов) деген сөйлемдердегі демеуліктерді салыстырайық. Алғашқы сөйлемдегі демеуліктің қатаң дауыссыздан басталуы оның жалғанған сөзінің қатаң дауыссызға аяқталуымен байланысты (емес пе). Бұдан ассимиляцияның қатаң дауыссыздан кейін қатаң дауыссыз келуі керек деген заңдылығын байқаймыз. Екінші мысалымызда (бар ма) үнді дауыссыздан кейін үнді дауыссыз, үшінші мысалымызда (береміз бе) ұяң дауыссыздан кейін ұяң дауыссыздан басталатын демеулік тіркесіп тұр. Бұл демеуліктердің құрамындағы дауыссыздарға байланысты заңдылық. Ал олардың құрамындағы дауыстылар да қазақ тіліндегі сингормонизм заңдылығынан алшақ кете алмайды. Салыстырыңыз:... бір күніме керегі болар деді ме?..
... халқыңа арнаған басқа ойың, мұратың, жәрдемің бар ма?.. (М.Әуезов). Мұнда сұрау демеулігінің бірде жіңішке вариантта, бірде жуан вариантта қолданылуы үндестік заңдылығына бағынудың көрсеткіші. Бұл айтылғандарды талдап қарағанда, демеулік шылаулардың құрылымына қарай: демеулік - сөздер, демеулік аффикстер деп топтастыру әбден орынды екенін көреміз. Қазіргі қазақ тіліндс тек постпозициялық демеуліктер ғана қолданылады. Препозициялық демеуліктер жоқ. "Тек" сөзін демеулік деп қараймыз ба, әлде басқа модаль сөздердің қатарына жатқызамыз ба деген сұрақтың басы ашылмаған. Ы.Шақаманова оны демеулік шылау деп санайды.
Қолымыздағы материалдар қазақ тіліндегі демеуліктердің құрылымы жағынан, формасы жағынан тым аз зерттелгендігін көрсетеді. 1954 жылы шыққан академиялық жинақта да демеулік шылаулардың морфологиялық сипаты толық айқындалмаған. Бұл еңбекте демеуліктерді сыртқы формасына байланысты бір ғана сөйлем берілген: "... демеуліктер жұрнақтарға жақын, бірақ жұрнақтар сияқты белгілі бір сөз табының грамматикалық тұлғасы ретінде, сөзден сөз тудырушы, сөз мағынасын түрлендіруші морфема емес — олар сөз таптарын талғамай, олардың бәріне болмағанмен, көпшілігіне бірдей қатысты бола береді". [5, 355] А.Ысқақовтың оқулығында да демеуліктердің морфологиялық сипаты сөз болмаған. Әрине бұл еңбектердің авторлары демеуліктерді жеке бөліп алып, арнайы зерттеу объектісі етіп қарастыруды мақсат етпеген. Ал казіргі қазақ тілінің бүгінгі жағдайы, түркология мен жалпы тіл білімінің материалдарына сүйене отырып, белгілі бір дәрежеде бұл мәселені де шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда, қазақ тіл білімінде еңбек етіп жүрген ғалымдардың көпшілігі демеуліктердің қосымша аффикстерге ең жақын категория екендігін мойындайтынын айта кеткен жөн. Осыған орай қазақ тіліндегі демеуліктерді құрылымына қарай, ең алдымен, демеулік -аффикстер және демеулік — сөздер деген екі топқа бөлуге болады. Бұлай топтастырудың негізгі себебі, біздіңше, кейбір демеуліктер өздерінің жеке ерекшеліктеріне қарай аффикстерге жақын болса, екінші бір тобының сөздерге тән белгілері басым болады. Мысалы, ма, ме сұрау демеулігі, қай жағынан алғанда да, қосымшаларға ұқсас болып келеді. Біріншіден, оның бойында сұраулы сөйлем категориясына негіз болатын "сұрау" грамматикалық мағынасы бар: \ ... Ителгінің сабан тыққан пгулыбы аз ба?\ (Ж. Арыстанов). Бұл сөйлемді синтаксистік тұрғыдан талдағанда, айтылу мақсаты мен интонациясына қарай сұраулы сөйлем дейміз. Ал бұл сөйлемдегі сұрау мағынасы қай формада берілген дегенде, әрине, ма формасы арқылы деп жауап береріміз даусыз. Олай болса, ма демеулігі сөзден гөрі аффикске жақын грамматикалық форма деген қорытынды шығарамыз. Екіншіден, "... жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады" [36,8] деген пікірді кейбір демеуліктерге байланысты да айтуға да болады.
Салыстырыңыз: балалар, қыздар, есіктер;
...болды ма, ...келді ме, ... білдің бе, емес пе, т.б;
Үшіншіден, демеуліктер де қосымша морфемалар сияқты жеке тұрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағынасы болмайтындықтан, олар түбірдің (атауыш сөздің) қатысынсыз жеке дара қолданылмайды. Төртіншіден, аффикстер "түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетіні" [5, 283] сияқты демеуліктер де өзі жалғанған сөзді немесе сөйлемді мағынасы жағынан нақтылап толықтырып отырады. Мысалы: "көлшік" сөзінің құрамындағы —шік аффиксі "көл" сөзіне кішірейту мәнін үстеп тұр. Ал "Сен соны ойладың ба?" дегенде "ба" демеулігі сөйлемге сұрау мәнін үстеп тұр. Осындай ерекшеліктерді жинақтай келе, қазіргі қазақ тіліндегі ма\ме және соған ұқсас бірнеше демеулікті демеулік-аффикстер деген бір топқа біріктіруге болады. Қазақ тіліндегі демеуліктерді осы демеулік-аффикстердің қатарына жатқызамыз. Дегенмен қолымыздағы материалдар қазақ тіліндегі "түгіл", "тұрсын", "тұрмақ", "екеш", "тек" сөздерінің де демеуліктердің қатарына жатқызылып жүргендігін көрсетіп отыр. (Бұл тізімге "ең" сөзін де қосуға болады - А.Н.). Бұл сөздерді демеулік деп мойындағанмен, олардың дербес ерекшеліктері жағынан аффикстерге жақын дегенмен келіскіміз келмейді. Өйткені бұлар жоғарыда аталған сипаттарға ие емес. Сондықтан демеуліктердің бұл тобын демеулік — сөздер деп атауды жақтаймыз. Мұндай демеулік сөздердің саны бірте - бірте көбейе түсуі мүмкін. Өйткені сездердің ішкі табиғи даму заңдылығы соны талап етеді. Ал демеулік аффикстер біраз уақыт өтісімен, толығымен аффикстер қатарына көшіп кетуі әбден ықтимал. Кейбір демеуліктердің алдынан қойылатын дефис бізге соны аңғартады. Бұл мәселе бойынша М.Оразов: "Кейбір шылау сөздердің, әсіресе демеуліктердің жетекші сөздермен бірге айтылып, жазылуда сызықша арқылы жазылатындығын да мойындағанымыз жөн. Демеулік шылаулардың бұл қасиетін оның сөз белгісінен ажырай бастағандығынан, қосымшаларға жақындай бастағандығынан деп түсінген дұрыс". [7, 26] Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытындылағанда, қазақ тіліндегі демеуліктерді сыртқы формалары жағынан қосымша аффикстерге жақын болып келетінін еске алуымыз керек. Тек аффикстерден негізгі айырмашылығы демеуліктер өзі жалғанған сөздерден бөлек (кейде дефис арқылы) жазылады, ал қосымшалар бірге жазылады.

1.4 Демеулік шылаулардың қызметтері

Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулар, соның ішінде демеулік шылаулардың синтаксистік қызметі туралы бірнеше ғалымдар өз пікірлерін білдірген. Айталық, Т.Жөкеев, Ж.Жақыповтар бұл туралы төмендегідей пікірлерін білдіреді: "Шылаулар морфологияның да, синтаксистің де объектісі ретінде қаралып жүр. Шылаулардың үш түрі бар екендігі белгілі. Солардың септеулігінен бастайтын болсақ, бұлардың морфологияда нысан мен нысанның, не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылатыны айтылады да, шын мәнінде, қандай синтаксистік байланыстар жасайтыны көп сөз болмайды. Тек олардың қандай септіктерді меңгеретіні ғана айтылады. 1967 жылы шыққан Академиялық грамматикада (526 етінде) "шылаулар" сөз тіркесінің грамматикалық мағыналарын толықтырып, есім мен етістікті өзара байланыстырушы аралық дәнекер болады. Етістіктің сөз тіркестерін құрауға қатысатын шылаулар — демеулер мен көмекші есімдер. Бұл жерде демеулер деп отырғаны - септеуліктер. Мен бұл жерде морфология зерттеушілері мен синтаксис зерттеушілеріне бір кінә тағайын деп отырған жоқпын. Шылаулар морфосинтаксистік санатқа жататынын айтатын болсақ, бұдан былайғы еңбектерде шылаулар морфологияда қаралғанда, синтаксистік сипаты ескеріліп, бірлікте, біртұтас ретінде қаралса, зерттеуге тиімді болар еді.
Жалғаулыққа келетін болсақ, бұл морфологиялық және синтаксистік категория екендігінде дау жоқ. Атынан-ақ көріп отырғанымыздай, жалғаулық - сөз бен сөзді байланыстырушы ретінде пайда болған единица. Морфологиядағы қарсылықты жалғаулық қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді жасайды, талғаулықты жалғаулық талғаулықты салалас құрмалас сөйлемеді жасайды, себеп - салдарлық жалғаулық себеп — салдар құрмалас сөйлемді жасайды, т.б. Морфология мен синтаксистің арасында жалғаулықтың бірдей қаралатынын, бірдей қатысы бар екенін осыдан көреміз". [Қазақ тілі мен әдебиеті. 3. 2003ж. [14 бет].....
30.11.2018
Вернуться назад