DataLife Engine / Қазақ тілі | Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау

Қазақ тілі | Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау

Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................... 6

1. НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАЛАУ: ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
1.1 Нейролингвистика тіл ғылымының бағыты ретінде.......................8
1.2 Жарнама дискурсы және тілдік сана ..............................................20

2. НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ ЖАРНАМА САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Көптілді жарнама мәтіндерінің құрылымы ............................33
2.2 Жарнама мәтіндерінің салыстырмлы талдауы...............................37


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................43

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................44


КІРІСПЕ
Нейролингвистика – тіл ғылымының жаңа саласы ретінде танылып жүр. Ал нейролингвистикалық бағдарламалау – адам санасына сөйлеу арқылы ықпал ету нейролингвистиканың бір бөлігі болып табылады. Нейролингвистикалық бағдарламалауды жарнама саласында тілді қажеттілігне қарай тиімді қолдануға, норманы сақтауға,т.б үшін қолдануға болады.
Баспасөз құралдары, газет – журнал, радио, теледидар, тіпті ғаламтордың өзінде көптеген жарнама мәтіндерін кездестіруге болады. Ал, осы жарнамалар адам санасына қалай әсер етеді? Сондай-ақ, жарнама мәтінінің әсерлі, көпшілікке түсінікті, терең мағыналы болуы үшін оған нақты құралдарды пайдаланған жөн. Бұл тұрғыдан алғанда нейролингвистикалық бағдарламалаудың жарнама үшін таптырмас құрал екені айқын.

Зерттеу жұмысының нысаны: Нейролингвистикалық бағдарламалау мен оның ерекшеліктері, тіл біліміндегі алар орны.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі Қазақстандағы жарнама тіліндегі нейролингвистикалық бағдарламалаудың тілдік ерекшеліктерін қарастыру, бірнеше тілде қатар беріліп жүрген жарнама мәтіндерінің құрылымына талдау жасау.


Зерттеу міндеттері:
 тілдік сана, сөйлеу әсері, жарнама дискурсы ұғымдарына түсініктеме беру;
 қазіргі тіл білімінің негізгі бағыттарының бірі болып саналатын нейролингвистиканың негізгі даму кезеңдерін көрсету;
 нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізгі түрлері мен тәсілдерін анықтау;
 нейролингвистикалық бағдарламалаудың көптілді қоғамдағы жарнама мәтіндеріндегі көрісін айқындау


Зерттеу жұмысының әдіс – тәсілдері: Зерттеу жұмысында материалдарды жинақтау, сұрыптау, байқау, интросппекция, жүйелеу, талдау, т,б әдіс – тәсілдер қолданылды. Көрсетілген әр бір әдіс көзделген мақсаттарға жету үшін зерттеудің белгілі бір кезеңдерінде қолданылды.


Зерттеудің дереккөздері: Бітіру жұмысында әр түрлі телеарна, радио, газет – журналдарда беріліп жүрген жарнамалар, әр түрлі сөздіктер, интернет – сайттар пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАЛАУ: ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ

1.1 Нейролингвистика тіл ғылымының бағыты ретінде

Қазіргі таңда тіл білімі интегративті ғылым ретінде сипатталып жүр, бұған дәлел оның көптеген бағыттарының болуы, соның бірі – нейролингвистика. Нейролингвистика - неврология мен лингвистиканың түйіскен жерінде п.б. ғылыми пән. Нейролингвистика тіл жүйесі мен мидың қарым-қатынасын зерттейді. Ми жарақатынан пайда болатын сөйлеудің бұзылуы орта ғасырлық медицинада да белгілі болатын. Оларды жүйелі түрде зерттеу  ғасырдың екінші жартысында басталды. Тілдік патологиямен айналысқан лингвистер И.А Бодуэн де Куртенэ, В.А Богородицкий, Л.Лурия, Л.С.Выготский афазияда байқалатын фонологиялық жүйенің құрылысын зерттеген. Нейролингвистика пәніне афазия түрлері кіреді (фонологиялық, грамматикалық, лексикалық, семантикалық).
Сөйлеу - бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеудің дыбыстық және жазба түрлері бар.
Нейролингвистикалық бағдарламалау НЛП (англ. Neuro-linguistic programming.)— жеке тұлға дамуына байланысты оған әсерлі стратегиялар , принциптер көмегімен ықпал ету (іс - әрекет және ойлау тұрғысынан).
Моделдеу - НЛБ - дың жалғыз әрі алғашқы қызметінің бірі. Ал, қалған қызметтерінің барлығы (НЛБ – терапиясы, НЛБ – коучингі, шығармашылық, коммуникативтік және сөйлесу технологиялары) жасанды, уақыт өте келе пайда болған моделдену.Бұл нейролингвистика бағытының өкілдерінің тұжырымдалған пікірі [3, 25].
Нейролингвистикалық бағдарламау (НЛБ) - адам басындағы барлық мәселелерді бірнеше күнде шешуге уәде беретін жұмбақ аббревиатура. Бұл не? Алдымен, НЛБ-ға берілген бірнеше анықтамаларға тоқталып өтсек:
1. Нейролингвистикалық бағдарламалау - бұл адам миында тез өзгерісті жүзеге асыратын, адамды психологиялық сырқаттан айықтыруды, толып жатқан мәселелерден арылтуды және олардың дамуын мақсат ете отырып, оларға саналы түрде емес әсер ететін (оларды манипулияциялайтын) техникаларды жинау.
2. Нейролингвистикалық бағдарламалау - бұл эпистемология, яғни «біз қалай білеміз және қалай танимыз», сондай-ақ, біздің ойлауымыз қалай құрылған, оның формасы өзгергенде, оның мазмұны да өзгереді, демек, барлық әлем өзгереді дегендерді қарастыратын ғылым.
3.Нейролингвистикалық бағдарламалау - адамның жеке тәжірибесінің құрылымын қарастыратын, тіл мен оның сипаттамасын саралаумен айналысатын, тәжірибені моделдеуді және модельденген тәжірибені басқа адамдар мүддесіне пайдаланудың тәсілдері мен механизмдерін айқындайтын білім.
Нейролингвистикалық бағдарламаудың тарихына қысқаша шолу жасайтын болсақ, ол ең жас ғылымдардың бірі болып саналады (техника жинау, эпистемологияның саласы), дегенмен, НЛБ гуманистикалық психологиядан бар болғаны он жылға жас (НЛБ термин 1976 жылы көктемде пайда болды). Оның негізін қалаушылар — Ричард Бэндлер және Джон Гриндер — «бунтарей-шестидесятников» өкілдері. Қандай жағдайда болмасын, Бэндлермен сөйлескендер оның өзіндік дүниені тануы туралы тұрақтылық, норма мен принцип дегенді ашық айтпайтын адам дегенді айтатын болған. Бұнымен қатар, ол өте талантты,әр нәрсені тез үйренетін және өте пайдалы қасиет– айналасындағы адамдардың іс-әрекетін бақылауға шебер жас жігіт болды. Бэндлердің бұл қызығушылығы ол университетке түскен соң, оның негізгі мамандығы нақты ғылымдар мен философия болғанына қарамастан, ғылымилыққа ұштасты. Бэндлер университет қабырғасында және ғылыми еңбек жолында түрлі психотерапиялық ағым өкілдерімен жиі араласты. Осы тұлғалардың бірі Перлзаның басшылығымен Бэндлер гештальт-терапия тобын бастады. Оның ең мықты әріптесі Джон Гриндер болды. Дәл осы әріптестік кезеңі болашақ НЛБ үшін өнімді кезең болғандығын өздері де мойындайды. Бэндлер мен Гриндер тек топ жетекшісі бола қоймай, олардың бірі екіншісінің әрекетін үнемі бақылаумен болды. Осылайша жеке тұлғаның санасына әсер ететін әрекеттердің тізімі жинақтала бастады. Дәл осы тізім НЛБ-ны қабылдаудың негізі болып табылды. НЛБ бағдарламасына үлкен ықпал еткен эриксон терапиясы болды. Ол адамның транс күйіне батуының лингвистикалық және коммуникативтік қабылдау негіздерін болжайды. Гипноздың аталған бағытының негізін салған Милтон Эриксонмен таныспас бұрын, Бэндлер сол кезеңдегі танымал отбасылық терапевт Вирджини Сатирмен бірге еңбек етті.
Қазіргі тіл білімінде нейролингвистикалық бағдарламалауды адамдардың жеке субъективті тәжірибесінің құрылымын, олардың ойлау және іс-әрекет стратегияларын, табысты стратегиялардың модельденуі мен оларды үйретуді қарастыратын жеке білім аясы деп санайды.
Бұл практикалық психологияның заманауи бағыты болып табылады. Ол жиырмасыншы ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та пайда болды. Бұның негізінде сол кезеңдегі ұлы психотерапевттер Фрица Перлз, Вирджинии Сатир және Милтон Эриксонның мінез-құлық моделі жатты. Сондай-ақ НЛБ-ның негізін қалаушылар (және олардың алғашқы шәкірттері мен ізбасарлары) ретінде танымал болғандар: Джон Гриндер, Ричард Бендлер,Грегори Бейтсон, Альфред Коржикский, Милтон Эриксон, Вирджиния Сатир, Фриц Перлз, Стив Андреас, Конни Андреас, Френк Бьюселик, Энн Энтус, Энтони Роббинс, Лэсли Камерон, Джудит Делозье, Роберт Дилтс и Дэвид Гордон.

Алғашқы қадамнан-ақ НЛБ-ны жасаушылар нәтижелерге қол жеткізе бастады, аталған ғалымдардың шәкірттері де өз кезегінде айтулы таңданарлық нәтижелерге ие болды. НЛБ-көмегімен жасалған кемеңгер психотерапиялық модельдер олардың өз таланттарын біліммен ұштастыруға көмектесті.
Әрбір модельді жасау НЛБ-ны жасаушылар үшін бірте-бірте жеңілдей түсті. Бұл қалай болғаны?! Бір модельде табылған заңдылық екінші модель үшін де қызмет етті. Бір модельдің негізгі аспабын тауып алса, оны келесі модельдерде де пайдаға асыруға болатын болды. Қорытындысында НЛБ-ны одан әрі дамыту және жетілдіру керек болды.
Әдістің өзегі, сондай-ақ НЛБ-ның ғылыми түбірі оның атынан көрініп тұрғандай – Нейролингвистикалық бағдарламалау. Бұл неврология, лингвистика (трансформациялық грамматика) және кибернетика (жүйе теориясы). Атаудың нейрологиялық бөлігі бізде болып жататын психологиялық процестердің біздің жүйке жүйемізбен байланысын көрсетеді. Лингвистикалық – біздің тәжірибеміздің реттілігі мен құрылымы үшін сөйлеудің маңызын айқындайды. Ал «бағдарламалау» сөзі біздің тәжірибемізде, сондай-ақ барлық өмірлік жағдайлардағы нерология мен лингвистиканың арасындағы өзара қарым-қатынасты және өзара байланысты құбылыс екендігін көрсетеді.
Дегенмен, НЛБ деген не? Бұл сұраққа берілетін жауап өте көп. НЛБ-ны меңгерген адамдардың көпшілігі, әдетте, бұл сұраққа жауапты қызықты етіп беруге тырысады. Адамдар қызығады, сұрайды… Оларға жоғарыда аталған анықтамаларды айтуға болмайды, олар оны түсінбейді. Бірнеше сөзге барлық әлемді қалай сыйдырмақпыз? Осыдан келіп мәңгілік өмір сүретін: Түсінбесең де – байқап көр деген нақыл шыққан болса керек.
Ал көп анықтама көбейген үстіне көбейе түседі… НЛБ – бұл ойдағы прцестердің тілі және адамзат баласының кемеңгерлігін модельдеу туралы ғылым. Бұл тұрғыда НЛБ-ны нотамен салыстыруға болады. Себебі нотаның көмегімен ғана музыканың таңғажайып сыры қағаз бетіне түсірілді емес пе?! Енді кез келген жақсы музыкант оны қағаз бетіне қарап ойнай береді. Нотадағы әуенге қызыққан сияқты, НЛБ-ны жасаушылар адамзат баласының кемегерлігін бөліп алуды және олардың маңызды элементтерін жазып алуды үйренді.
Психологтар НЛБ-ні жетістікке жетудің психотехнологиясы деп береді. Иә! Бізді бәрінен бұрын жетістікке жету қызықтырады. Ал жетістікке жеткен адамдар мен жетістікке жете алмағандардың арасында қандай айырмашылық бар? Біріншілердің қатарына қалай қосылуға болады? Бұл сұрақтарға жауап әлдеқаган беріліп қойған және бұны үйренуге де болады.
Жалпы, осы бағдарламалау түрі қараңғы дүниеге жарықтың сәулесін беретін психологиялық практиканың классикалық әдісі. Әрине, бұл НЛБ атауының астарында басты назар аудартатын жай: қолайлылық.
Қазіргі ғылымда НЛБ-ды қоршаған әлем модельдерімен және оларды қоршаған әлеммен байланыстыра жұмыс істейтін өнер деп көрсетеді. Тіпті НЛБ технологиясы дамыған кездің өзінде де өнерге орын бар. «Равно как и в музыке, танцах, живописи… ученики развивают свои технические навыки, а уж на их основе строится настоящее искусство».
Бұл шынымен де маңызды өмірлік философия қалыптастырады. Тек қана философиялық деңгейде емес, шынайы өмірлік қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. НЛБ-ның философиялық қырынан саралайтын болсақ, ол біздің жақсы болуымыз үшін және кемеңгерлікке қол жеткізуіміз үшін назарымызды өзімізді қоршаған әлемдегі барлық жақсылық атаулыға аудартады.
Біз қалай ойлаймыз? Біздің ішімізде не болып жатыр? Біздің іс-әрекетіміздің астарында қандай уәж бар? Біздің тұлғалық қабілетімізді қалыптастыратын және айқындайтын не нәрсе? Және өзіміздегі біздің қалауымыздай болмай жатқан қабілеттерді қалай өзгертуімізге болады? Әрине сұрақтар көп, ал ең бастысы оларға жауап табуға болатындығында, ал бізге көмектесетін НЛБ-ның өзі.
Психологиялық кеңес беруде НЛБ-ға баға жетпейді. Ол іс жүзінде кез келген психологиялық мәселелерді шешеді (тіпті психотерапеялық). Сондай-ақ жай шешіп қана қоймай, бәрін тиянақты әрі технологиялық тұрғыда шешеді. Тіпті маңызды қадамдарын да белгілеп береді.
Медицинада НЛБ-ды адам миын эксплуатациялаудың нұсқауы деп береді. Бұрын біздің миымызды эксплуатациялаудың нұсқауын енгізуді ұмытып кеткен компьютермен салыстырған болатын. Қалай жабайы адам микроскоппен күрек сияқты жұмыс істей алады? Жаман және сынғыщ - тастан әлдеқайда қолайсыз. Себебі, онымен қалай жұмыс істеу керектігін білмейді. Демек, бұл мәселенің орнын толықтыратын НЛБ.
НЛБ – бұл ақиқатталмаған мүмкіндіктер хаусынан энтроияны азайтудың ошағы. Біз таңғажайып мүмкіндіктердің әлемінде өмір сүреміз. Олар тіл жетпес өте көп. Тек оларды таба білу және ақиқатпен ұштастыра білу ғана керек. Олай болса, біз немен айналысамыз. Неге тек қана ошақ? Себебі, НЛБ әлі өте жас, енді ғана күш жыюда.
Бір қызығы, НЛБ –психологтарға жабысуды бастаймыз дегенге саяды дейді. Демек, адам тіпті фундаменталды психологиялық білімге ие болмаса да, ол НЛБ-дың алдында тұрып, өзін белгілі бір дәрежеде психолог ретінде сезінуі мүмкін.
Ал, енді НЛБ-ның пайда болуына не түрткі болғандығын. НЛБ-ны жасаушыларды қызықтырған ең қарапайым сұрақ еді, ол: «Қалай?». Біз қалай ойлаймыз? Қалайша данышпан адамдар өз істерін қалай жасайды? Бұны қалай үйренуге болады? Дәл осы «Қалай?» деген сұрақ арқылы түрлі жұмбақтардың шешімін табуға талпынды. Оларды ең қатты қызықтырғаны әрбір құбылыстың құрылымы. Белгілі бір нақты мәселе қалай құрылған? Оны қалай шешуге болады, ол үшін не істеу керек?
Дәл осы «қалай?» деген сұрақ НЛБ-ны жасаушылардың басты назарын жеке тәжірибенің маңызды элементтеріне аудартты. Егер бұрын психологтарды «не үшін?» деген сұрақ және оның себептері қызықтырса, енді НЛБ-ны жасаушылар «қалай?» деген сұраққа және оның құрылымына қызығушылық танытты.
Неге көпшілік психологтар кез келген проблеманың себебін табуға аса қызықты? Мәселе мынада еді, олар проблеманы шешудің бір ғана тәсілін білді: проблеманың себебін табу және оны жою. Алайда Баланы жазуға үйрету үшін ол неге әлі оны үйренбегендігінің себебін іздеуге бола ма? бұл қалай жүзеге асатындығын білу ғана жеткілікті. Және оны жүзеге асыра білу керек. «не үшін?» деген сұрақ «кім кінәлі?» деген сұраққа жауап табуға көмектеседі. Ал «не істеу керек?» деген сұраққа жауап табу үшін «Қалай?» деген сұрақ көмектеседі.
Шынтуайтқа келгенде, НЛБ-ны жасаушыларда «неге?» деген сұрақ та қойылады. Бұл сұрақ мақсатқа жетудің сұрағы. «Қалай?» деген сұрақты қою арқылы қазіргі жетістікке жетіп жүрген адам пайдаланатын стратегияны анықтады. Ал «неге?» деген сұрақ тек қандай қадамға бару керектігін қамтамасыз етеді.
Айталық, көз алдымызға шамды дұрыс жаққан адамды елестетейік, ол бұны қалай жасады деген сұрақты қойсақ, біз мынадай қадамдарды көреміз:
Бұл стратегияны мақсатына сай «неге?» деген сұрақ қою арқылы бағамдасақ, біз «барды – қосты – алыстады» деген схемалық жауап аламыз. Талап етілгені осы ғана.
Күлкілі? Дәстүрлі психотерапевттердің жасайтыны да осы іспетті. Олай болса, НЛБ-ны жсаушылардың бір сағатта жасайтынын психотерапевттердің бірнеше жылда жүзеге асыруын қалай түсінеміз?
«Неге?» деген қарапайым сұрақ көптеген және алғашқы проседураның мақсатқа жетуінде күмән туғызады. Сіз неге қиналасыз? Дәл «не үшін?» емес, «неге?» деген сұрақ! Бұған саналы түрде жауап беретіндер шамалы. Неге теледидар қараймыз? «Әлемде не болып жатқанынан хабардар болу үшін». – ал бұл неге? Шынай жауап беру қиын ба? Жоқ қиын емес, тек неге? Сол сияқты жалғаса береді…
Ең қызығы, «неге?» деген сұрақ пайдалы іс пен ойын сауықтың арасын ғана ажыратып бермейді, сондай-ақ, тіпті біз бұрын ойламаған нәрселерімізді көрсетеді.
Сіз не үшін кітап оқисыз? Онда жазылғандарға сену үшін бе? Нені үйренесіз? Сіздің қазір басқа іспен емес, кітап оқумен айналысып жатқаныңыздан не пайда? Сіз бұл кітап арқылы өз өміріңізге қандай пайда таба аласыз?
Әрине, сұрақ қызық? Сол сұрақтарға ойланып көрініз… Адам одан не алғысы келеді, соны алады одан. Егер сіз «уақыт өлтіргіңіз» келсе, сіз онда сол мақсатыңызға жетесіз. Көңіл көтергіңіз келді ме? – Оңай! Ал НЛБ туралы кітап бұл ең қажеттісі…
Олай болса, біз НЛБ-ның ең басты сұрағы – бұл «қалай?». бұл сұрақты қою арқылы адамдардың не істеп жүргендігі, оның механизмі мен құрылымына қызығамыз. Біз белгілі бір істегі жетістік қалай болғанына көз жеткізген бойда, оны өзіміз жүзеге асыруға тырысамыз. Неғұрлым жақсы схемаларды таба білсек, біз үшін соғұрлым жетістікке жетуге жол ашылады.
Дегенмен, НЛБ-ны жасаушылар «қалай?» деген сұрақты қою арқылы, басқа да сұрақтар өз пайдасын тигізетіндігіне көз жеткізді. Мысалы, «не үшін?» деген сұрақ проблеманың себебін, негізін түсінуге, «неге?» деген сұрақ мақсат пен ниетті анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы НЛБ-ның даму үдерісінде көптеген қызықты әрі пайдалы сұрақтар табылды, дегенмен «Қалай?» деген сұрақ негізгі сұрақ болып қала берді. Себебі, бұл қозғалтқыш, ал қозғалтқышсыз қайда?!

Картадағы өмір
Ақиқаттың картасы (әлем моделі) – әрбір адамның әлем туралы бірегей түсінігі және олардың индивидуалды қабылдау мен тәжірибеден құрылуы. Индивидуум әрекеттерінің жекелеген принциптерінің тұтастылығы.

НЛБ сөздігі
Жалпы, адамдар өздерінің әлем туралы түсініктеріне жауапкершілікпен қарайды. Солай! Себебі, әрбір түсінік, пікір тікелей жекелеген индивидумның тәжірибесінен (кейде сырқатты) алынады. Онда бірнеше жыл бұрынғы немесе бірнеше жылдан кейінгі таңбаланған. Онда, яғни түсінікте олардың әбден қалыптасқан бағалары мен жеке құндылықтары өмір сүреді. Бұл олардың әлеммен қарым-қатынасы. әлемді түсіну тәсілі. Оларды белгілі бір тәртіпке сала отырып ұяшықтар мен кестелерге орналастыру мүмкіндігі.
Адамдардың әлем туралы түсінігі – ең дұрыс түсінік. Олар өздерінің дұрыстығын өлімге бас тігуі, жеңгенше таласуы, басқаша ойлайтындарды кемітуі де мүмкін. әрине олардікі дұрыс! Өздерінің карталары бойынша. Басқаша қалай болуы мүмкін?

Карта бізге белгілі – бұл территорияның картасы емес, біздін әлем туралы қарапайым түсінігіміз.Бұл шынымен де алдыға бір қадам жасау. Демек біз білеміз, әлем моделі өте көп. Әрбір жеке адамда ол өзіне ғана тән. сондай-ақ оны қалағанымызша өзгерте аламыз.
Ойымызды қай бағытта өзгертуіміз керек, бұны қалай анықтаймыз? Жалпы сендегі модельдің жақсы немес жаман екендігін қалай бағалауға болады? Негізгі ұстанымдары қандай? Оны немен салыстыруға болады?
Бұл жайлы не айтуға болады? Бірінші, шынай карта ешқашан болмайтынынан бастайық. Карта ешқашан дұп-дұрыс немесе дұрыстау болмайды. Карталар тиімді, онда да онша емес болады. Бай карталар болады, онда үлкен түрлі түрлі мүмкіндіктер орналасады. Карталар кедей (тар, шектеулі) болуы мүмкін – біртекті пікір және механикалық реакциялы. Түрлі түсті ашық карталар болады, сондай-ақ карталар ақ түсті немесе ақ-қара түсті болуы мүмкін.
Олар әртүрлі болады. Олардағы дамудың жалпы бағыты – кеңею. Жаңа мүмкіндіктерді қосу, күтпеген жерден тың пікір-көзқарастар, іс-әрекеттердің варианттарының қосылуы. Неғұрлым иілгіш, неғұрлым еркіндік, неғұрлым мөлдір! Егер сіздің картаңызға әріптесіңіздің көзқарасы енсе, оның картасын қабылдасаңыз, егер жағдаяттың шеңберінен шығып оны сырттай бақыласаңыз, егер сіз оған жаңа өзгерістерді енгізсеңіз – бұл карта сіздің өміріңізді тиімді етуге көмектеседі. Дегенмен, шынайы болмайды.
Х.Л. Менкина Гроссманомның сөзімен айтсақ:
"күрделі проблемалар әрқашан түсінуге қарапайым, жеңіл дұрыс емес шешімдерге ие болады".
Әлем моделі не үшін керек?
Ал, не үшін гоеграфиялық карта, қалалардың планы, метроның схемалары қажет? Адаспас үшін. Басың ауған жаққа емес, нақты белгіленген жерге жету үшін. Бұл әрине тыңдауға мүмкіндік береді. Танымайтын жерге келіп, жергілікті жердің картасын немесе схемасын сатып алып, бірнеше мүмкіндіктерді көруге және ең жақсы варианты таңдай аламыз. Ең қызық жерлерге баруға болады. өзіміздін қалаған жерімізге баруға болады.
Бұл ғажайып мүмкіндікдікті пайдаланып қоршаған әлем туралы ақпаратты жеткізу болады. Бәрін болмаса да, ең қажеттісін. Казір дәл осы сәтте керегін. Мүмкін осындай мақсаттар үшін көптеген карталар мен атластың түрлері жасалатын да шығар. Бұндай карталарда түрлі ақпараттар болады – түрлі ресурстарға нұсқаудан бастап, қауіп туралы ескертулерге дейін. Бұл ең қажетті ақпараттардың бірі болып табылатынына еш күмән жоқ.
Карта белгілі бір жүйені толықтай бақылауға мүмкіндік береді. Жердегі адамдарың бәрі оны ғарыштан көрмесе де, оны глобустан көргені анық. Бізде содан өз әлеміміз туралы қандай болмасын белгілі бір түсінік елес бар. Біз оны ойлай аламыз.
Ақиқат туралы біздің түсінігіміз де сондай. Бізді қоршаған бай әрі сан түрлі әлемді тануға, оларды айыруға жақсы тәсіл. Ұрыстың, тартыстың қалай құлырлғанын біле тұра, оны өз пайдамызға тиімді етіп шешуге болады. Жетістіктік механизмін, бақыттың көзін, қызықушылығымыздың кілтін оны елестету арқылы оңай табуға болады. НЛБ жеке тұлғаның санасы, жаны мен тәні оның әлемді қабылдауын көрсетеді.

Біздің бітіру жұмысымыздың мақсатының бірі – НЛБ – дың жарнама саласында қолданылуы. Оған Қазақстанның жарнама мәтіндері зерттеу негізі етіліп алынып отыр. Ең алдымен , жарнамаға, жарнама мәтінінің құрылымына, оның түрлеріне тоқталып өткен дұрыс........
30.11.2018
Вернуться назад