DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Жүсіп Қыдыров лирикасының тақырыптық ерекшелігі

Қазақ әдебиеті | Жүсіп Қыдыров лирикасының тақырыптық ерекшелігі

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………...................................4
1. ЖҮСІП ҚЫДЫРОВ ЛИРИКАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ......8
2. ЖҮСІП ҚЫДЫРОВ ЛИРИКАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ..................................24
Қорытынды.....................................................................................................47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................45

Кіріспе
Әр дәуірдің өз ақыны болады. Ал, әр дәуір өз ақынын туғызады десек, біз сөз еткелі отырған ғаламат ақын Жүсіп Қыдыров шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі секілді; көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, асқақтаған өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені қарсы алдыңа жайып салады.
Иә, сонау 1960 – жылдары ұланғайыр қазақ поэзиясына еркіндей кірген бір топ дарынды ақындардың ішінде ақын Жүсіп Қыдыров та өзіне тән қолтаңбасымен, форма жағынан өзінше ізденісімен, көркемдеуші құралдардың жаңа да, тың бір түрлерін тапсам деген талпынысымен көзге түскен еді. Оның небәрі қамшының қысқа сабындай ғана ғұмырында поэзия әлеміне жасаған қарымды қадамы өте сәтті болды деп айтуға толық негіз бар. Яғни поэзия - өмірдің сән берер әрі, сөл берер нәрі. Абай сөзімен айтсақ:
! Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.»
Міне, осы өнерді өрге сүйреп, уақыт өзгерісін сергектікпен қабылдап, ақын деген ардақты атты қадір тұтқан көрнекті өкілдерінің бірі де, ақын Жүсіп Қыдыров еді.
Демек, парасатты ақынның артына қалдырған мұралары қазақ әдебиетінің үлкен бір тарихы, ол әлі жан-жақты зерттеуді керек ететін аса ірі рухани байлық. Жүсіп өзі өлгенмен, ақынның артына қалдырған отты жырлары өлген жоқ, өлуге тиісті де емес. Данышпан ақын Абайдың сөзімен айтсақ:
! Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»
Иә, бұл нағыз шындық!
Ерсіз елдің өсіп-өнуі жоқ дегендей, халқының аяулысы, поэзия заңғарындағы жарық жұлдыз, ақын Жүсіп Қыдыров сүйікті халқын қандай да қиын-қыстау заманда өзінің сан қырлы шығармаларымен сүйсіндіре білді. Бірақ, Жүсіп жырларының сырлы құпиясы өз кезінде талай тағдырлы сын мен мінді, бағалау мен даттауды бастан кешірді. Алайда, ақын ешбір тайсалмады, берілмеді, ол қазақтың бай сөз өнерін өз бойына толық сіңіре қабылдай отырып, қажырлы ізденісті еңбегінің арқасында поэзияда қалыптасып орныққан өлшем - өрнекті керекті жерінде қырлап - өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан асқан шеберлік қырын таныта алды. Осы негізде жаңа өлшем, тың тақырып, ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, формалық, көркемдік бояу, әуезділік байлығын молықтыра түсті.
Демек, біздің қарастыратынымыз, Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдік ерекшелігі болмақ.
Сөз жоқ, Жүсіп Қыдыров шығармашылық қырлары сан алуан дарын. Ол – драматург, ол – зерттеуші, ол – аудармашы. Десе де Жүсіп талантының басты белгісі – ақындығы болып есептелсе керек. Алайда бір өкініштісі, Жүсіп Қыдыровтың лирикасы, шығармашылығы туралы бұрын да, тіпті бүгінде де зерттеу еңбектер жазылған жоқ, ал мақалалар жазылмады деп айта алмаймыз. Оның поэзиясы туралы: М. Қаратаев, Ә. Кекілбаев, Д. Досжан, Қ. Ергөбек, Қ. Мырзалиев, Б. Алдамжаров, Ф. Сахиев, Б. Айнабеков сынды әдебиеттанушы ғалымдар мен жазушы-сыншылар өз пікірлерін білдірген еді.
Жүсіп қаламының қуаты, құдіреті – желмен жарысып жаңалық ашуында емес, топырақпен табысып, дәстүр тілін дамытуында, қазақтың қара өлеңінің кем - кетігін түгендесіп, келісім кестесінде өзінің қасиетті қолтаңбасын қалдыруында, бүтін ғұмырын қазақ өлеңінің ұлттық үні мен сырын естіртуге бағыштауында, қатардағы қарабайыр құбылыстан шырайлы шындық туғызуында, сөйтіп қазақ халқының көркемдік тұлғасын біртұтас көркемдік жүйе арқылы бейнелеуінде. Сөзінде кездесетін әдемі әуез, сыршыл ырғақ кейде жүректі тебірентіп, кейде мұңға батырып, алыс арманға құлаш ұрғызады, кейде мына әлемнен басқа әлемді ұғындыратын, тылсым дүниенің қаттылығы мен тәттілігіне тәнті етеді, көркем ойды сұлу суретпен өзіне тән айшықпен өрнектей отырып, сөз құдіреті арқылы құлаққа жылы үн, көңілге әдемі әсер қалдырады.
Міне, осындай мол мұра қалдырған ақын поэзиясынан ұлттық ұғымға негізделген тұтас көркемдік ойлау жүйесін аңғарамыз. Өлеңдеріндегі мазмұн, мағынаның ондағы ой-сезім байлығының көркемділік қуаттылығын алуан түрлі суреттеу тәсілдерінің біріккен жүйелік тұтастығымен арттыра білді. Н.А. Гуляевтің сөзімен айтқанда! Әлемді жан - тәнімен игерудегі өзіндік мазмұнды құрылысы, ерекше көркемдік формасы бар көркемдіктің дамуына өзіндік сапалылығымен әсер беретін ерекше кезеңді айқындап берді.»[1, 17]
Поэзия тек суретті сөзбен өріліп, көрікті, айшықты сөзбен бейнеленетін сөз өнері. Ал, поэтикалық тілдің көркемдік, образдылық сыр - сипаттарын, әдемі айшықтарын, тіл өрнектерінің эстетикалық қызметін де айқындау оңай мәселе емес. Сондықтан біз Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдік ерекшелігін қарастырғанда, ақын өлеңдерінің тілдік бояуларына, өлең сөзді өрнектеу, көріктеу, ажарландыру, құбылту амал - тәсілдерін де айқындап, шығармаларында сомдаған өзіне тән тың, соны образдарына тоқталмақпыз.
Ақын лирикасының көркемдік ерекшелігін талдау арқылы, стильдік даралығын анықтау – оның көркемдік тілінің сан - салалы ерекшеліктерінің табиғатын тану болып табылады.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігі – бұл уақытқа дейін қазақ әдебиеттану ілімінде күн тәртібіне қойылып, әлі күнге шейін арнайы зерттелмеген тақырыптың бірі – Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдік ерекшелігін арнайы зерттеу нысанасы ретінде алып, теориялық тұрғыдан талдау.
Демек, жоғарыда аталған мәселелерді кең ауқымда қарастыру, Жүсіп Қыдыров шығармашылығының көркемдік ерекшелігі мен елеулі қырларын ашуға мол мүмкіндік береді. Бітіру жұмысының зәрулігі де осы проблеманың шешілуімен анықталады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты зерттеу барысында мынандай өзекті мәселелерді айқындауды мақсат тұттық:
- Жүсіп Қыдыровтың азаматтық, гуманистік, махаббат сарынындағы лирикасының тақырыптық, идеялық, эстетикалық мән - мағынасын ашып көрсету.
- Ақынның өмір, қоғам, адам, махаббат туралы философиялық ой- толғаныстарын және көңіл - күй лирикасының әр түрлі сыр - сипаттарын ашу.
- Жүсіп Қыдыров лирикасындағы оқырманның ой - санасына, эмоциялық ой - сезіміне әсер ететін астарлы балама, бейнелі сөздер – теңеу, эпитет, метафора, метонимия, символ, кейіптеу және т. б. көріктеу құралдарының ақын қолданысындағы әр түрлі ерекшелігін анықтау.
- Ақынның өлең өлшемдеріне, ұйқасы мен ырғағына, өзі тапқан жаңа пішін мен өрнектерге талдау жасау.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Біздің бітіру жұмысымызда көрнекті ақын Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдік ерекшелігі алғаш рет жүйелі түрде қарастырылып отыр.
Жүсіп Қыдыровтың ақындық, адамдық көзқарасын аңғартатын азаматтық, философиялық, көңіл - күй, махаббат, табиғат және т.б. лирикасы тақырыптық, идеялық тұрғыда топтастырылып, сараланды.
Ақынның ана тілінің тұнық мөлдірінен, суретті өрнектерінен терең сусындап, халық поэзиясының тіл кестесін өз шығармашылығында жаңғырта, жаңаша пайдалануы әр түрлі мысалдармен дәлелденді.
Жүсіп Қыдыровтың поэзияда өлең сөздің өрнекті, нақышты оралымдарын, сонымен бірге метафора, теңеу, эпитет,
кейіптеу, символ, және т.б. бейнелеу құралдарын орайын тауып қолдану арқылы өлең өрімін, жыр кестесін құлпырту, ажарландыру әдіс - тәсілдері анықталды.
Бітіру жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Зерттеу жұмысымызды жазу барысында А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, Б. Майтанов т.б. ғалымдардың теориялық ұстанымдарын негізгі бағыт-бағдар ретінде ұстандық. Сонымен қатар еңбекте Жүсіп Қыдыровтың жарық көрген барлық кітаптарын, ол туралы жазылған ғалымдардың, сыншылардың мақалаларын, ғылыми пікірлерін, өзге де іргелі оқымыстылардың еңбектеріндегі жүйелі ой - пікірлерді басшылыққа алдық, теориялық және методологиялық тұрғыдан таяныш еттік.
Бітіру жұмысының теориялық және практикалық мәні. Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты ана тілімізге және сол туған тіліміздің сөздік қорын байытатын, ілгері дамытатын көркем әдебиетке деген көзқарас та түбегейлі өзгеруде. Ал, қазақ әдебиетін, оның ішінде поэзия жанрының тіл кестесін, өлең өрімін, саздылығы мен әуезділігін, яғни, көркемдік, сапалық қасиетін, ерекшелігін қарастыратын да - әдебиет теориясы. Сол себепті ! Жүсіп Қыдыров поэзиясының көркемдік ерекшелігі! деп аталатын бітіру жұмысының түйіндері мен тұжырымдары барша әдебиет сүйер қауым мен жыр сүйер қауым үшін пайдалы деп ойлаймыз.
Бітіру жұмысының құрылымы.
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жалпы қорытындыдан басқа, әр тараудың соңында да дәйекті ой -тұжырымдар жасалып отырады. Сонымен қатар, сілтеме жасалған және пайдаланылған әдебиеттердің тізімі бітіру жұмысының аяғында орын алады.

І–тарау
Жүсіп Қыдыров лирикасының тақырыптық ерекшелігі

Қазақ әдебиетінде ерте кезден халық игілігіне айналған, ерекше орынға ие! Сөз патшасы, сөз сарасы! - поэзия екені белгілі. Поэзия туралы белгілі ғалым З. Ахметов:! Поэзия деген сөздің өлең, жыр деген мағынасынан басқа, ретіне қарай көркемдік, әсемдік деген мағынаны да беретіні тегін емес. Поэзия терең, нәзік сезімнен туады. Ол көңілдің толқынын, жүректің лүпілін білдіреді! [2, 1] – десе, атаулы ғалымдарымыздың бірі С. Негимов поэзия туралы:! Поэзия – қоғам, табиғат, адам арасындағы қатынастардың тұтастығын мұқияттайтын өнер саласы, оның үстіне музыкалық әуен мен поэтикалық тіл, дыбыс пен интонация, қайталаушы түр мен ұйқас, көркем кеңістік пен көркем шындық т.б. қабаттаса, астарласа өрілетін, қисынын тапса әлем қиысатын, алуан түрлі бояулармен сәулеленетін, әрі сәулеттенетін көркемөнердің өзгеше бір тарауы! [3, 39] – деп ерекше атап көрсетеді.
Ал, поэзияның ең бір керемет, тамаша түрі – лирика. Лирика табиғатына тән ерекшелік – ол адам баласын толғантып, тебірентіп қана қоймай, өзімен бірге мұңайтып, һәм қуантып, әр түрлі күйге салып отырады. Нәтижесінде, біз дүниеге, өмір құбылыстарына ақын көзімен қараймыз, ақын сезімімен толқып, ойланамыз. Демек, оқырман жарық дүниеге ақын көзімен қараса, сұлулық пен әдемілікті терең түйсініп, жақсы түсінеді. Өйткені, лирика тіршіліктің сан алуан құбылыстарын, өмір шындығын, көңіл толқыныстарын да мәнді де әсерлі етіп жеткізеді. Орыстың ұлы сыншысы В. Белинский:! Поэзия – это светлое торжество бытия, это блаженство жизни, нежданно посещаюшие нас в редкие минуты; это упоение, трепет, мление, нега страсти, волнение и буря чувств, полнота любви, восторг наслаждения, сладость грусти, блаженство страданий, не насытимая жажда слез; это страстное, томительное, тоскливое порывание куда-то, в полную всегда обольстительную и никогда недостигаемую сторону...»[4, 10] – деп жазған еді.
Ал, белорус зерттеушісі М. А. Палкин:! Лирикалық поэзияның нысанасы ақынның өзіндік! мені! ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесіне көзқарасы және тұлғаның ішкі әлемі арқылы сыртқы әлемді де бейнелеуі! [5, 46] – деп ой түйіндейді.
Демек, бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: ақынның жан дүниесін толқытып, толғандырған ішкі сыр ғайыптан пайда болмайды. Ол сырлар мен ой- толғаныстар, өмір мен қоғамның құбылыстарынан, әр түрлі мінез-құлқы, ойы, арманы бар адамдармен, табиғат әлемімен қарым-қатынастардан, көзқарастардан пайда болады, ой елегінен өтіп барып, ақ қағазға түседі, оқырманның рухани кәдесіне асады. Сондықтан айналаны қоршаған ортада, адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерістер мен құбылыстар ой адамы – ақынның назарынан тыс қалмайды. Бұл орайда академик З. Қабдолов:! Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезімін астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі! [6, 34] – деп дұрыс пайымдаған.
Міне, көптеген пікірлер келтірдік, ал, біздің бітіру жұмысымыздың арқауы болып отырған қазақ поэзиясының ірі өкілі, ғажап та, көрнекті ақын Жүсіп Қыдыров өлеңнің, оның ішінде лириканың табиғатын терең түсінген адам. Ақынның өз ойынша:! Поэзия жанрының бірнеше түрге бөлінетінін жақсы білесіздер. Соның ішінде лирика оқушысымен әсіресе мұңдас, сырлас. Көбінесе! мен! арқылы баяндалатын мұндағы сезім де, сурет те, ой да, әуен де – бәр- бәрі нақты сезімнен туған нақты поэзия, әманда жүрек пен жүректің оңаша тілдесуі, үндесуі, ұғысуы іспеттес. Оның эстетикалық мәнінің құдіреті де осы қасиетінде! [7, 88] – деген болатын.
Мінеки, осы пікірлердің өзі-ақ лирика табиғатынан мол хабар беріп тұрған сияқты. Ал, біздің бұл тарауда қарастыратынымыз – ақын
Жүсіп Қыдыров лирикасының тақырыптық ерекшелігі.
Ақиық ақын Жүсіп Қыдыров өзінің лирикалық шығармаларында әр алуан тақырыптарды қамтыған. Адам баласы ақыл-ойымен танып, сезіміне әсер еткеннің бәрін де өзінше топшылап жырға арқау еткен. Соның бірі – табиғат лирикасы. Демек, ақынның лирикалық сарындарының қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған арналар: біріншісі – туған жер табиғаты, екіншісі – дала көрінісінің тылсымдары, ал үшіншісі – солардың тыныс-тіршілігі. Ақынның:
- Тек қана туған жерде шөлі қанған,
Аруанамын алыста елі қалған,
Мен қайда, сен қайдасың қайран далам,
Келетін көк майсасы белуардан – [8, 86] –
деген жолдарынан -ақ ақынның туған жері табиғатының сұлу көрінісі көзіңе елестейді.
Демек, ақын таңдаған тақырыптардан, көз алдыңа сонадайдан жарқырап тұратыны, ол – ең бірінші, туған жер табиғаты.
«Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары ” – дейді халық даналығы. Әйтсе де, адам баласында туған жер біреу болғанымен, дарынды ақындар оны шабыттың қызулы, отты сезіміне бөлеп, әрқалай жырлап келеді. Ақындар бірде туған жерді! сүйемін!! қасиет тұтамын! деп жалпылама жырласа, енді бірде сол жердің бір бөлшегіндей тауын, тоғайын, мөлдір бұлағын мадақтайды, енді бірде туған жердің тұрпат-тұлғасынан оймақтай етіп ойып алынған көркем деталь арқылы өз махаббатын білдіріп
жатады. Жүсіпті де осындай дарабоз ақын деуге қисын келіп тұр:
- Бозторғай көкте шырқады,
Төгілді көктен үн жаңа,
Құлпырып кетті қыр тағы,
Құлпырып кетті бұл дала [сонда] –
Ақын бұнда дала тағысын құлпыртуда бір ғана бозторғай бейнесін алып, оның қасиетін көктегі үнге теңейді. Тағы бірде:
- Сыбдырласып Қаратаудың желіне,
Ақ жапырақтар ән айтады еліне,
Еккенде әкем туған жерін перзентім,
Саған қарап мәңгі сүйсін деді ме [сонда].
Ал бұнда туған жеріне деген ерекше ыстық сезімі көрініп тұр.
Иә, далаға ерекше нұр беріп тұрған жаңа үн, бозторғайдың көкте кербез шырқауы, солай да құлпырып бара жатқан қыр тағы. Енді бірде, “ Ақ терек ” деген өлеңіндегі әкесінің еккен терегіне жан бітіріп, оның Қаратаудың майда желімен сыбдырласып жатып, ақ жапырақтарының туған еліне ән айтуы, соған қарап туған жерге деген мәңгілік махаббатының бейнесі не деген көркем, сырлы образ, сұлу сурет десеңші.
Ақиық ақын жырларында табиғат лирикасы мен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады. Оның басты тақырыбы – дала, қаһарманы – туған жер, кейіпкері – сол ғаламат көріністердің образы. Сол себепті де Жүсіп - сыршыл ақын болған.
Иә, Жүсіп лирикасында ерекше орынды иелейтін тақырыптардың бірі – табиғат лирикасы дедік. Ақын өзі туып өскен ауасы тамаша туған жерін, бусанған бозаң даласын, тау қойнауындағы айдын да, тұнық көлін, жасыл желекті кең жайлауларын, қысқасы, бал иісті бұлағын, бір тал шидің шыбығына дейін шабыттана жан сезімімен жырға қосады:
- Есіктің алды бау қандай,
Айнала әсем гүл бағы,
Төселіп өзі қалғандай,
Қазақтың кілем сырмағы [9, 81]
Ақын көркемдеуіш тәсілі – теңеу арқылы туған жерінің бір бөлшегі, есігінің алдындағы бауының айналасын гүл бағымен көмкеріп, оны қазақтың кілем сырмағымен өрнектейді. Қарап отырсаң, көз алдыңа ақынның есік алдындағы бауы, айналасындағы әсем гүл бағы, мөлдір аспаны, тың ауасы, даланың кербездігін қазақтың кілем сырмағына теңеуі, бәр-бәрі керемет, көркем болып елестейді.
- Шүйінші!
Тас түйілген түн қабағы серпіліп,
Таң келеді жап -жарық боп тағы да,
Шүйінші!
Оянды әне бір дір етіп, көл тұнық,
Жаңа із түсті тіршіліктің жолына [сонда]
Бұл өлеңді оқып отырып бір тамсанасың, сосын жалғасын іздейсің:
- Күйге толы, нұрға толы тыныштық,
Мөлдір аспан, мөлдір көңіл, тың ауа,
Дүниеде осы маған шын ыстық,
Күнде ертемен қарсы аламын қуана [сонда]
Туған жеріне ақын жанының ғашықтығы күй секілді, ал сол күйге құлағыңды тоссаң, қуанышқа толы тыныштық, бейнебір тұнық көлдің дір етіп оянуы, ақынның ұлы сезімге мастанып, жас балаша! сүйіншілеуі! не деген құдырет, тәкаппар сезім десеңізші. Одан әрі оқисың:
-Мөлдіреп өзен ағады,
Рахаттан жүрек шым етер,
Даланың жібек самалы,
Тазартар ішті, түлетер [8, 86]
Бұнда да ақын жүрегінің толқынысы сол, табиғаттың тылсым кереметтеріне табынады, табынады да өзінің жырына арқау етеді.
Ақынның осындай өлеңдерін оқып отырсаң бір тақырыпты әрқалай жырлағанын көруге болады. Өлеңдері бірінен бірі сабақтастық тауып жатқандай. Меніңше, нағыз шабытты ақынның жырлары осындай болмақ керек.
Міне, ақын туған жер табиғатын, боз даласының көрінісін жырлағанда, оны жалаң алмай, өмір құбылыстарымен, адамзат тіршілігімен байланыстыра шеберлікпен суреттейді. Оның өскен жер табиғатына деген талпынысы ерекше ықыласпен, ақындық шабытпен жырланады.
Хас ақын тау туралы толғансын, не дархан боз даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл, немесе жазғы таңды, күзгі кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінімі – ішкі жан дүниесі тұрады, ал жан дүниесінің түсінімі, ол – туған жерге деген айрықша сағыныш. Сонысымен ақын дала әлемін толғандырып, онымен бірге өзі де тебіренеді:
- Көктемнің күні қайда әлгі әсем жайнаған,
Қайда әлгі жасыл шетсіз де, шексіз тау, далам,
Өзендер қайда тобықты қаққан толқыны,
Бұлдырап кетті, бұлдырап кетті айналам.[9, 81]
- Қап - қара жерге көкпеңбек болып төселді жібек майса да,
Айнала толған қызыл да жасыл, ақ, ала, сары гүлдер мың,
Тірі жан біткен сағынып қапты-ау соншама,
Көктемнің шексіз кеулімжай, бостан күндерін [сонда,-196]
- Терезеден туған жерді көреді,
Жүрегінде сағыныштың өлеңі [сонда,]
- Көктемде қызғалдаққа оранған,
Сәмі желі самал желмен таранған,
Жаз келгенде кең жайлауым жайнаған,
Егінменен тебіренген бай далам [сонда,] – деп боз даласын аңсайды, торығады, сағынады, алайда оған кейде жете алмай, ақын өміріне налиды:
- Далама жете алмадым сағынсам да,
Ауасын жұта алмадым сарылсам да,
Шаршадым, шаршағанға тірлік мәнсіз,
Ажал кеп алмай жатыр жалынсам да [8, 86] – деп ағынан жарылады. Осылай жалғасқан жырларында ақынның кіндік қаны тамған даласына, үнсіз ғана жаңғырығып өткен тылсымына деген сүйіспеншілігі – табиғат лирикасының негізгі әуені болып табылады. Оны ақынның қалаған жыр жинақтарынан оқып, туған жердің сұлу табиғатын көркемдікпен суреттеген өлеңдерін көптеп ұшыратуға болады. Бұндағы қарапайым ғана зат, көріністер мен мол сырға не болып жол, дала, көк аспан, бұлт, су, тау – бәріне де жан бітіп, адамның өзімен тілдескендей әсер қалдырады.
Иә, даланы өзінің жырына қоспайтын ақын жоқ, ал, қай ақынның болмасын даланың дархандығын танытар тау образы қаламының ұшынан бір қалмайды. Мұны Жүсіп жырлары да дәлелдегендей. Ақынның “ Көңілім туа менің тау болыпты ” [8, 86] – деп ең алғаш өмірге қадам аттағанынан бастап, тау туралы жырлайды:
-Ақ бұлттар қалқып аспанда,
Қарасаң көзің шағылар,
Күн нұрын қайта шашқанда,
Тауларым зерге малынар [сонда]
Ақын айшықтаған тау образы бір өзі жеке алынбайды, ол табиғатпен тамырласып, дала образымен бір фонда өрнектеледі.
- Күн төбеде нұр шашып,
Жер төменде гүл шашып,
Тау далаға ұласып,
Дала тауға сыр ашып,
Күй тебірентті көк белді [11, 77]
Ал, бұнда ше, ақын бұл жерде күн мен жерді, тау мен даланы сабақтастырып, бірінен кейін бірін байланыстыра суреттеп, оларды ғажайып күйге ұластырады.
- Естілмейді алдан құстың дауысы,
Тынып қалған тым - тырыс боп бау іші,
Аспаннан бір хабар күткен сияқты,
Елеңдейді таудың үркек тағысы [8, 86]
Иә, ақынның ақындығы дегеніміз осы шығар. Бұны нақтылықтан гөрі философиялық тұжырым ба деп қаласың. Өйткені, мұзбалақ ақын М. Мақатаев та тау туралы жеріне жеткізе жырлаған ақындардың бірі. Мұқағалидікіне үңілейікші:
- Өлмесін деп берген ғой тауды маған,
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған,
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран. [12, 89]
Қарап отырсаң, екі ақынның екеуінде тау образы екі түрліше жырланған, бірақ, біріне-бірі мағынасы ұқсас секілді. Мұқағалидың тауы да, Жүсіптің тауы да адамның жаны іспеттес. Мұқағали күрсінсе ақынның тауы күңіренеді, жылайды. Ал, Жүсіптің тауы аспаннан бір хабар күтіп елеңдейді, себебі Жүсіптің айтып отырған үркек тағысы ақынның өзі, ал аспаннан бір хабар күтуі оның үміті болып есептелсе керек. Тағы бірде ақын Мұқағали былайша жырлайды:
- Мен таулықпын,
Таудан мен жаратылғам,
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам. [сонда] – деп таудан жаратылып, тауда туғанын ерекше әсірелейді. Ал, Жүсіп ақынға үңілейік:
- Жаралмаппын тау болып, дала болып,
Бұлақ болып, шөп болып, ара болып [сонда] - деп сырын шағады.Бұнда мақтаныштан гөрі налу көп. Бұл ақынның шындықты мойындауы, өзге ақындардың таудай талабын мойындауы, ал өзін сол таудың тағысына ғана балап, арманын асқақтатуы тамаша жалғастық тапқан........
30.11.2018
Вернуться назад