DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | З.Шашкин мен Р. Сейсенбаевтың аудармашылық шығармашылығы

Қазақ әдебиеті | З.Шашкин мен Р. Сейсенбаевтың аудармашылық шығармашылығы

Мазмұны

КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. З. ШАШКИННІҢ АУДАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ШОЛУ.
1.1. “Теміртау” романының аудармасын талдап, салыстыру.
1.2. “Темірқазық” повесінің аударылу сапасы мен нұсқасы.
2- ТАРАУ. РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН АУДАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ.
2.1.”Майдан әндері” шығармасының аударылу тәжірибесі.
2.2. “Сағынып жеткен жаз еді” повесінің аударылу сапасы.
2.3. “Жалғыз ғана түн” әңгімесінің аудармасы хақында.
3- ТАРАУ. З. ШАШКИН МЕН Р.СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ
Көркем әдебиеттегі қостілділік, ең алдымен эстетикалық тәрбие беру мақсатымен танымдық жүйеде кең көлемде қызмет етеді.Бұл тікелей әдеби үрдіске қатысты болады. Көптеген белгілі ақын-жазушылар өз ана тілінде және қазақ тілдерінде жазады. Атап айтсақ, неміс Герольд Бельгер немісше және қазақша, Исмаил Саттаров пен Ш. Шабаевтар ұйғырша және қазақша жазған. Бұл ұлттардың жақындасуы мен тілдерінің табысуының басты желісі.Бір тілд жазатын жазушы мен екі тілде жазатын жазушылардың бір – бірінен айырамашылықтары айтарлықтай көп болады.
Қостілділікте ана тілінің толқымалы құбылмалы таралу әсері болады. Бір ғана тілде жазатын жазушылардың тіліндегі сөз саптау ерекшелігі қостілді жазатын жазушының тіліндегі сөйлеу мәнерінен өзгеше болады. Ал, екі тілде жазатын жазушы мен бір ғана тілде жазатын жазушының ауызша сөз сөйлеу үлгісінде артикуляциялық – интонациялық (сөз жасамдық және тыныс белгісін) ой кескіндемесінде өзгеріс алшақтық мол. Қос тілде жазатын жазушының сөз саптауындағы ерекшеліктер бір ғана тілде жазатын жазушыдан айрықша көзге түсіп тұрады. Екі тілде жазатын тұлғалардың бір тілден екінші тілге ауысып тұру механизмі ерекше қызығушылық туғызады. /19, 146/
Авторлық аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем шығармашылығының ма арқылы бастаған, мұның өзі қос тілде жазатын жазушылардың қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы үрдістің барысында аударма қызметінің атқаратын ролі орасан зор. Аударма арқылы қалың жұрт ақыл – ой иелерінің асыл қазынасымен танысады. Өткеннен мұра болып қалған және қазіргі заманымыздың мәдениетін игеруге үлесін тигізеді.
Аударма әдебиетінің маңызы мұнымен бітпейді. Ол ана тіліміздің толық қалыптасуына, дамуына әсерін тигізеді. Аударма жалпы әдебиеттің бір бөлімі ретінде тәжірибеде, яғни іс - әрекетте көрсетіледі. Аударма арқылы орыс, қазақ және шетел әдеби шығармаларының байланысы бір – біріне әсер етуі, типологиясы мен поэтикасы, әдеби әдіс – амалдары, аударма кезіндегі шығарма тілінің өзгеруі, қайта жаңғыруы аударма шеберлерінің іс – тәжірибелері отандық және шетелдік аударма мектептерінің жетістіктерін қарастырады.
Аударма жұмысы – бүгінгі таңда мақсат – мүддесі, тіршілік әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды шартты құбылыс.
Аударма – ұшан-теңіз өмір ағысының бүкіл үрдісін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі./1, 5/.
Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға, екінші тілде яғни, оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу.Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбекті аударма туынды деп атайды/2, 9/.
Адамзат тарихында әрбір ұлт, әрбір қоғам алмасу, ауысу, араласу нәтижесінде өмір ағымы алға жылжиды, өседі, өркендейді. Яғни, өзінде жоқты өзгеден алады, білмейтінін үйренеді, білгенін басқаға үйретеді. Осындай ауысудың тиянақты тірегі – аударма. А.Пушкин “аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары” деген /2, 23/. Осыған орай, М.О.Әуезов аударма бір жағынан шеберліктің де мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың шығармашылық сырына қанады.Оның көргенін көріп, білгенін біледі, сол арқылы өзінің ой - өрісін ұлғайтумен қатар, авторша машықтанып үйренеді. Бұл жағдай шын талант иесінің бойынан шығармашылық қайнардың жаңа көздерін ашуға себепші болады.
Аударма өнері - идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның ішінде елеулісі десек те қателеспес едік. Ендеше, М.Қаратаев ағамыз айтқандай, көркем аударма дегеніміз өзінше өнер, шығармашылық әдебиеттің құқықтағы түрі дейтін ұғымды іс жүзінде жеткізіп, бұл іспен суреткерлік қабілеті бар адам ғана айналысуы керек.
Аударма туынды – көркем әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз өнерінің рухани қазынасына айналады.
Аударма мәселелері соның ішінде көркем аударманың проблематикасы тамырын тереңге жайып жатыр. Ол бастауын Ежелгі Римнен алады. Сол дәуірде аударманың түпнұсқаға адалдығы туралы аса маңызды мәселе төңірегінде Цицерон аудару кезінде сөзді санамау керек, керісінше сөзді салмақтау керек деген /3,8/.
Ө.Күмісбаевтың пікірі бойынша – көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Аударма - әдебиеттің арналы, мол салаларының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларын басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Негізінен аударма саласы мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі.
Ұлттық әдебиет өз өмірімен тіршілік етеді. Әрине, ол сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланыста және басқа халықтар әдебиетімен қарым – қатынаста болады. Осы қарым – қатынастың арқасында біздің аудармамыздың орны айырықша. Сонымен қатар, аудармашының шығармашылық жолында дүниетанымдық қорының баға жетпес көзі ретінде белсенді роль атқарады /5, 8/. Аударма неғұрлым сәтті, маңызды болып шықса, біздің көркем әдебиетте жетік дамиды.
Көрнекті аудармашы С.Талжановтың айтуынша аудармашы қашан да жазушыны сыйлауға, оның шығармаларының өзіндік ерекшеліктеріне, ұлттық сипатына селқос қарамауға тиіс. Екі халық мәдениетінің арасындағы елші – аудармашының көтерер жүгі қашан да ауыр, ал оның мойнындағы жауапкершілік одан да зор.
Дүние, дүние болғалы, адамзат жер бетіне келгелі, халықаралық дәнекердің бірі аударма тәрізді. Бір елден екінші елге ой – сана ауысуға да осы аударма себепкер болады. “Тіл қатынас құралы, тіл арқылы бір халық өзінің азаматтарына тіпті жалпы адамзатқа, келешек үрім – бұтаққа ойын, пікірін жеткізеді. Бірақ тіл ой – сананың сапасына әсерін тигізбейді, тек сол ой – сананы материалдық формаға түсіреді – бір елдің ойын екінші елге түсінікті етіп жеткізудің ғана қаруы” – дейді Осетин ғалымы Нафи Джусайты.
Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетану өрісімізді ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана тілдің бүкіл қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі асыл сөз байлықтарын шебер пайдалануға тырысады. Аудармашының өркендей түсуі, барлық кеңес республикалардың көркем әдебиетінің бүкілодақтық аренаға шығуына кең жол ашты. Көркем аударма туысқан халықтардың көп ғасырлық тарихы бар ұлы орыс мәдениетіне жетілуін тездете түсті. Соның арқасында бұл халықтардың ұлттық әдебиеті де, тілдері де, өздері де қарыштап ілгері дамып келеді. Әр ұлттың көрнекті жазушылары мен ақындары, жас әдебиетшілері, ертедегі ұлы классиктері қалдырып кеткен асыл мұралары, қалыптасқан дәстүрлері бар орыс әдебиетінен өнеге алып, жазушылық шеберліктерін соның озат шығармаларын аудару арқылы шыңдай түсіп, зор табыстарға жетуде.
Аудармада аудармашының ең негізгі мақсаты автордың ойын ғана емес, оның өзіндік стилін, суретшілік ерекшелігін, барлық бояуын, шығарманың рухы мен тынысын жеткізіп бере білу. Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру ұлттық әдебиеттің өсуіне және оның өзіндік дәстүрлі сипатын жасауға мүмкіндігін тудырады.
Кеңес өкіметінің Қазақстанға әкелген пайда, зияны да болған. Өзіміздің ана тілімізді тереңірек үңіліп қарастырсақ, қазақ тіл біліміндегі ағаларымыз Қ.Жұбанов пен А.Байтұрсыновтың еңбектері мол. Тілдік құрылыстың табиғи жүйелері негізінде фонетика, лексика, грамматикалық категориялардың жұмсалу заңдылықтары қалыптасады. Тілдік тәсілдердің жұмсалу жүйелерін айқындап, оларға өзінше ат қойып, айдар таққан Ахмет Байтұрсынов болады да, олардың жұмсалу, даму, қалыптасу заңдылықтарын айқындауға ерекше күш жұмсаған – профессор Құдайберген Жұбанов болды. Осының бәрі – қазақ тілінің табысы. Бірақ оның қолданылуы шектеулі болды. Сондай – ақ халқымыз жаппай орыс тіліне бет бұрып, өз тілін ұмыта бастады. Халқымыздың 60 пайызы қос тілді бола бастады. Отандастарымыз сауатымызды ашамыз деп, көпшілік орыс тілінде білім аламыз деп тартынды.
Қазақ даласында орыс тілді мектептердің көбеюі ұлттың дамуына кедергі жасады, сол арқылы тілдің қызмет ету қабілеті азайып, екінші жағынан орыс тілінде өзінің ана тіліндей сөйлейтіндер көбейе бастады. Осы ретте көркем шеберлікті толық меңгерген қостілді ұлт өкілдерінің тарих сахнасына жазушы ретінде шығуына мүмкіндік туғызылды. Ана тіліміздің маңызын көтергіміз келсе, сан – салалы әдебиет жасайық, әдебиеттануды дамытайық, шетелдік постмодернист ойшылдарды қазақ тілінде сөйлетейік, сонда ғана болашақ ұрпаққа қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырамыз деген М.Қабанбаев. Ендеше осындай өнерде қос тілділіктің көрініс беруінің өзіндік ерекшелігі бар.
“Әдебиет кәсіп емес, өнер” - деген белгілі академик, жазушы Ғ.Мүсірепов. Көрнекті орыс ғалымы Г.Н.Потаниннің көргендікпен айтқан пікірі шындыққа айналды. Ол “… болашақта қырғыз /қазақ-Г.Қ/ халқы екі тілде жазатын, яғни қазақша және орысша жазатын жазушыларды тударады ” – деген еді.
Қазақтың бірінші билингв-жазушысы XIX ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл қазақ тілінде туындылар жазған жаңа қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушылардың бірі, фольклорист, этнограф, тілші және педагог Ы.Алтынсарин (1841-1883). Ол орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға аударды. Аудармаларында Л.Н.Толстой, К.У.Ушинский, И.И.Паульсон шығармаларын пайдаланды. Өз жанынан сюжеттер қосты.
Ы.Алтынсарин жай ғана аудармашы емес, ол – орыс педагогтарының шығармаларын шығармашылық өңдеп, өз халқына түсінікті етіп құрастырушы. Аударма барысында автордың екі тілді де еркін білуі басты шарт бола тұра, кейіпкерлерін сөйлете білу үшін қандай тілдік тәсілдерді қолдануы қажет екендігі төңірегінде тереңірек те, күрделі сөз еткен абзал болмақ. Сонымен қатар батыс классиктерінің де кейбір шығармалары аударылды. Қазір Пушкин мен Лермонтов, Толстой мен Чехов, Гоголь мен Горький және т.б. қазақ оқушысының үйіне ең жақындай еніп, құрметті жерден орын алды.
Біздің тәжірибелі аудармашыларымыздың, жазушыларымыздың жемісті еңбегі нәтижесінде дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына қосылған көптеген шығармалдар қазақ тілінде еркін сөйлеп кетті, тұрмысымызға етене болып еніп кетті. Қазақ халқының ұлы ойшылдары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар орыстың күрделі ойларын қазақшаға аударды, бұл XIX ғасырдың екінші жартысы еді.
Қашан болсын аударма - аударма үшін емес, халықтың игілігі үшін, әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық саяси жағдайларды дамыту үшін керек екені даусыз.
Екі тілде де бірдей жетістіктерге жете жазу арнайы білім мен белгілі бір жасқа толғанда ғана мүмкін деген болжамды ой бар. Әрқашанда қос тілде жазатын жазушылар интеллигенциясының, яғни зиялы қауымның өкілдері болған.
Жазушылық жұмыс жеке жүргізілсе де қоғамнан тыс өтпейді. Мұндай жағдайда қостілділік жай ғана миды, ойды жаттықтырудың тәсілдері ғана емес, ол қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы. Әдетте қостілділік шығармашылық саласында әлеуметтік жағдайлардың тура жолды себептерінің негізделуіне жол бермейді. Көркем қостілділіктің пайда болуының өзіндік социолингвистикалық негізі бар. Кемінде екі тілде қатар қолданылатын ортада пайда бола отырып, арнайы әлеуметтік тәрбие береді және бір тілді, бір ұлтты ортада қолданыла беруі мүмкін. Көп жағдайда көркем әдебиетте қолданылатын қостілділік көп тілді ортада қалыптасады немесе көп тілді әдебиеттің өкілдерінің озық үлгілерінің әсерінен туындайды, мұның көптеген себебі бар. Олардың қатарында мыналарды атау керек:
1) қостілді отбасында тәрбиеленуі;
2) өзге тілді мектепте оқуы;
3) өзінің ұлттық тілінен алшақтауы;
4) идеологиялық күресте жазушы шығармашылығының пайдаланылуы т.б.
Қазақтың көптеген ақын – жазушылары шығарма жазумен ғана шектелмей, әрі оны екінші тілге аударумен де айналысып жүргендер де баршылық.
Қостілді жазушыларға немесе қазақ және орыс тілдерінде еркін аударатын аудармашылар қатарына Ы.Алтынсарин, Мұқтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Ғабит Мүсірепов, Молданияз Бекімов, Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин, Сабыр Шәріпов, Саттар Ереубаев, Баубек Бұлқышев, Қасым Аманжолов, Асқар Нұртазин, Зейін Шашкин, Сәйділ Талжанов, Төлеу Шаханов, Евней Букетов, Ілияс Есенберлин, Роллан Сейсенбаев, Сатыбалды Нарымбетов, Тәкен Әлімқұлов, Сейфулла Құспанов, Аманғали Сұлтановтар жатады. Сол сияқты Герольд Бельгер үш тілде – қазақ, орыс, неміс тілдерінде бірдей, әрі бірлесе аударма жасайтын керемет тұлға.
бір көрнісі.
Көптеген жазушылар өзінің қостілділігі шығармашылығын аудар Авторлық аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем шығармашылығының ма арқылы бастаған, мұның өзі қос тілде жазатын жазушылардың қалыптасу жолдарын көрсетеді. Жоғарыда айтылып кеткендей белгілі Қазақстандық неміс – қазақ – орыс жазушысы, аудармашы Г.К.Бельгер қазақшадан және немісшеден орысшаға аударған. Көркем әдебиет ағымындағы қостілділіктің үш түрі байқалады:
1) әр түрлі тілде өз бетімен аудару;
2) ана тілінде еркін аудармашы, ал екінші тілге аударуда бөгде аудармашымен бірігіп аудару;
3) өзге тілге аударуда автор ретінде бірнеше жазушының бірігіп аударуы;
Мұның алғашқысы – таза қостілділіктің айқын көрінісі де, соңғылары топтық “аралас” қостілділік сипатта. Ана тілінде еркін аудармашы, ал екінші тілге аударуда бөгде аудармашымен бірігіп аударатын жазушыларға мыналар жатады: Ілияс Жансүгіров, Нәзипа Құлжанова, Тайыр Жароков, Темірғали Нұртазин, Әлкей Марғұлан, Мұхамеджан Қаратаев, Сәуірбек Бақбергенов, Оразбек Бодықов, Қажымұрат Сыздықовтар. Енді өзге тілге аударуда авторлар ретінде бірнеше жазушының бірігіп аударуына кіретін жазушылар: Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов Ивановпен бірлестікте, М. Әуезов Л. Соболевпен Г. Романмен және Ермолинскиймен бірлестікте, М. Қаратаев Алтайский және Брагиммен бірлестікте, Ә.Тәжібаев Н.Погодинмен және Женелекомен бірлесіп, Қ.Мұхамеджанов Шыңғыс Айтыматовпен бірлесіп аудармалар жасаған.
Белгілі кино режиссер, әрі жазушылық қызметпен айналысқан
Сатыбалды Нарымбетовты да ескере кетуімізге болады. Аудармашылық қызметпен де айналысып жүрген азаматтарымыздың бірі болып саналады. Бірнеше фильмдер түсіріп, бірнеше жинақ повесін шығарған. “Тентек” (1969), “Ассалаумағалейкум, Атлантида” (1981), “Боль моя Атлантида” (1984) орыс тілінде, “Фантомные боли” (1999) қазақ тілінде.
Сатыбалды Нарымбетов театрдан Абайды, кинодан Жан Виго, Феллини, әдебиеттен Фолкнер, Марк Твен, музыкадан Тәттімбет, Сүгірді ұнатады /8, 15/. С.Нарымбетов – совет дәуірінің адамы, романтик, үлкен әдебиетке бет бұрып және де оның барлық фильмдері кітаптардың арқасында дүниеге келген. Бастапқыда проза болып, кейіннен сценарийге ауысқан. Жас кезінде Хемингуэйді оқып, оны қазақшаға аударған. Кейіннен Кобо Абэ, Фолкнер, Маркес, Колдуэллге қызығып оқыған. Жазушының әдебиетке деген қызығушылығы зор болған, көбінесе шет ел әдебиетіне көп көңіл бөлген. Өзі кітап жазып, өзі соған сценарий жасап, кино шығарған тұлғалардың бірі. Өз кітаптарын қазақшадан орысшаға аударған. Өзі кинодәстүрмен айналысып жүріп, аудармашылық өнерді бірге алып жүрген. Ол аударма саласына өз ізін қалдырған қаламгер /7, 10/.
Авторлық аударма тек қана көркем әдебиет саласында ғана көрініс таппаған, ол азды – көпті күллі өмір саласында кездеседі. Сан салалы ғылымдарда авторлық аударма кеңінен тараған. Кез – келген мамандық иесі ғылыми әдеби көркем шығарма тағы басқа қандай да болмасын еңбек жазса, оны алдымен орысша жазуы мүмкін де, кейінен уақыт талабымен оны қазақшаға аударуы керек болады.
Міне, өзінің өзге тілдегі шығармасын қазақшаға аударса, бұл авторлық аударма болады. Аудармашының өз еңбегін авторлық аударуы шығарманың сәтті шығуына, әрі ғылымның дамуына көп үлес қосады. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көп ұлтты мемлекетіміздегі ел басқару ісінде екі тілді пайдаланады. Мысалы, халық алдында бастапқыда қазақ тілінде сөйлесе, содан соң орыс тілді ұлттар үшін орыс тіліне аударылады. Жазушылар Г.Бельгер, М.Шаханов, А.Жағанова көркем әдебиеттегі авторлық аударманы өз шығармашылықтарында қолданып жүрген азаматтардың бір тобы. Ғылымның әр саласындағы қостілді зерттеуші ғалымдарды, солардың ішінде механик Ө.М.Сұлтанғазинді, заңгерлер С.З.Зимановты, Ғ.Сапарғалиевты, әдебиетшілерден З.Ахметов, С.А.Қасқабасовты атап өткен жөн болар. Тілшілерден өзіміздің Қазақ Ұлттық университетіміздің өз лекциясын екі тілде де еркін оқитын ұстаздар бар. Олар: Э.Д.Сүлейменова, А.Аманжолов т.б.
Орыстың ұлы классик жазушысы И.Тургеневтің айтқан пікірі бойынша “аударма бізге неғұрлым аударма болып көрінбей, өзіндей төл тума шығарма болып көрінсе, онда оның соғұрлым тамаша болғандығы – десе, ал Белинский болса, “аудармада автордың өзі орысша жазған секілді болып көрінсін, көркем шығарманы ондай етіп аудару үшін керемет суреткер болып туылуы керек” – деп талап еткен. Журналист Нури Муфтах сияқты қостілді азаматтарымыз орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлейтін теледидар мен радиодикторы Рабиға Аманжолова, жүргізуші Ерлан Бекқожин, әртіс, әрі диктордың қызметін атқарушы Гүлнар Досматова секілді керемет тұлғаларымыз бар. Күнделікті тұрмыста өзін - өзі аудару бұқаралық сипат алған.
Әлем жұртшылығына көрнекті суретші, көркем сөздің асқан шебері, үлкен ғалым деп ардақтайтын М.О.Әуезов көркем аударма теориясының іргесін қалап кеткен. “Аударма теориясын жетелеп, жіктеп қарастырғанда кейінгі кезде екі түрлі өзгеше бейім барлығы анықталды, бірі аударма тілі зерттеу ғылымының ауқымына енетін сала болғандықтан, аударма ісінің мәнісін ұғына отырып, бұл мәселені лингвистикалық әдіспен зерттеу жағына қарай тартады, екіншісі – біздіңше, дұрыс бейім – аударманы сөз өнерінің бір түрі деп ұғынады да, эстетикалық принциптерді, көркемдік таразыны алғы талапқа қояды, сондықтан бұл бейім аударманы әдебиеттану теориясын зерттейтін объект деп қарайды”, - деген /2, 322/.
Бұл айтылған ойлардың маңызы өте зор. Сол себепті қазіргі күні осы қағидаларды, ой – пікірлерді ұстанатын аудармашыларымыз көп. Мысалы, аударма саласында ерекшелік танытып, даралығын дәлелдеген публицист, ақын және керемет аудармашы Ғалымжан Мұқанов француз тіліне Абайдың “Қара сөздерін”, “Ескендір” және “Масғұт” поэмаларын аударды. Бұл аудармашылардың құндылығында дау жоқ, себебі аудармашы төл тілінен тікелей француз тіліне аударған. Сонымен қатар Ғ.Мұқанов Клер Клермонттың /1836/ “Владимир және Зара” поэмасын аударып шыққан. Бұл қазақ даласының өмірі туралы француз тіліндегі шығарма. Осындай құндылықтардың барлығы аударманың арқасы /4, 73/.
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым – қатынастың алмасу, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың, тәжірибе - тағылым алмасудың дәнекері.
Аударма – сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Аудармашылықтың өзі – нағыз творчествалық өнер. Аудармашы екі тілді жетік білумен қатар ол әрі жазушы, әрі ақын, әрі ғалым болуға тиіс. Аудармашының жан – жақты болуы өзінің аудармасының сәтті шыққандығы.
Аудармашы қашан да жазушыны сыйлауға, оның шығармаларының өзіндік ерекшеліктеріне ұлттық сипатына сүлесоқ, селқос қарамауға тиіс. Екі халық мәдениетінің арасындағы дәнекер болуға тиіс.
Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетану өрісімізді ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы ана тілдің бүкіл қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі асыл сөз байлықтарын шебер пайдалануға тырысады. Аударма қызметі жаңа сөздерді тілімізге енгізіп қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп еңбектер олардың қолданылу аясын кеңейтіп, қолдану нәтижесінде тұрақтандыруға халықтың ойы мен тіл байлығын өсіруге, сол сөздің ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болады.
Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық – рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуіне, санамыздың өсуіне апаратын жол секілді.
Аударма арқылы басқа елдің даласымен, мәдениетімен, халқымен танысасың, оны өз тілінде немесе өзге тілге аударма жасап шығарасың, міне аударманың атқаратын ролі өте маңызды.......
30.11.2018
Вернуться назад