DataLife Engine / Биология | Бентосжегіш балықтардың қоректенуі

Биология | Бентосжегіш балықтардың қоректенуі

Мазмұны

КІРІСПЕ .........................................................................................4
I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ..............................................................5
1.1 Әлемдік балықтардың қорегін зерттеуге шолу ...................................5
1.2 Балықтардың қоректік қарым-қатынасына шолу ................................7
II ЗЕРТТЕУ ОБЬЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ..............10
2.1 Балықтардың қоректенуі туралы материал жинау..............................10
2.2 Стационарлы орында материал жинау және өңдеу ............................11
2.3 Материалды лабороториялық жағыдайда өңдеу ................................12
2.4 Жинау әдісі және пробаларды өңдеу ...................................................14
2.5 Балықтардың тәуліктік қоректенуі барысындағы материал
жинау және өңдеу ..................................................................................15
2.6 Балықтардың биологиялық көрсеткіштерін анықтау .......................16
III ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ...................................................................18
3.1 Қорегін зерттеген балықтардың систематикасы.................................18
3.2 Сазан балығының қоретену спектрі.....................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................28


1.1 Әлемдік балықтардың қоректенуін зерттеуге шолу

Азов теңізінің шабақтарының тәуліктік рационы, құралдары мен әдістері және әдеби мәліметтері туралы жұмыстар 1956 – 1958 жылдарының мамыр және маусым айларында, Ақсай экспериментальды базасында жасалынған. Ақсай базасының тоғандарындағы тыранның шабағының қоректенуі, тыран балықтарының қоректену сипаты және қарқындылығы аквариумдық жағдайда, әр түрлі қоректі алу қарқындылығы аш және тоқ тыранның толықсу индексінің жылдамдығы және толықсу индексінің ауқымдылығы аз уақыттық және ұзық уақыт бойы қоректендіргенде. Тыран шабағын жарық және температураның қарқындық қоректенуге әсері. Тәуліктік тоғанда қоректенуі, тәуліктік рационның ауқымдылығы, табиғи және аквариумдық жағдайда тыранның қоректену ерекшелігін қарастырған Жетенкова М.В. [1].
Ибнеев Н. И жұмысында 2000 экз снекта балығының қоректенуі туралы материал жиналған, 0+ және 1+ жас аралықтарындағы балықтар алынған. Материал жиану 1977 – 1978 жылдары Псковск – Чудский көлінің әр түрлі аймақтарынан жиналған. 1977 жылы планктонды шаянтәрізділер өнімі 1978 жылға қарағанда жоғары болған. Бұл жқмыстың қорытындысы: Псковск – Чудский көліндегі снекта 0+ және 1+ жастағылардың сіңірген энергиясы алмасуға кетеді [2, 3].
Баренцев теңізіндегі пикшаның қорегі және қоректік бейімделуі туралы Цееб Р. Я. Сандық және сапалық, материал және әдістемесін, қоректік құрамын зерттеген. Пикшаның Шығыс Мурмандағы, Солтүстік Атлантикадағы, жастық өзгерістері, қорек құрамына, қорек ұстау әдістері туралы зерттемелер жасалған [4].
Қоректік құрамына блайланысты балықтардың таралу заңдылықтары: Азов теңізінде, Қара теңізінде, Каспий және Балтық теңіздерінде, Баренцев қиыр шығыс теңіздерінде [5].
Гурорва Л.А. және Пастухов Б.Д. авторлары пелагиальды балықтардың қоректік базасын материал және әдісін қарастырған. Омульдың маусымдық қоректенумен, экологиялық топтарының қоректену мінезднмнсін, қоректік базаның қолданылуын қарастырған. Омуль балығының жайылым кезеңіндегі пелогиальдың маңызы және қоректік базаның гидрологиялық жағдайларының әсері жазылған. Материал және әдісін херттеу, сапалық қорегінің характеристикасын, жастық, тәуліктік және жылдық қорегінің өзгеруі нерпа балығының мәселелерін қарастырған [6].
Линберг Г.У. Орта Азияның балықпен қоректенетін балықтарды зерттеген, ол майшабақтар, тұқылар, торта, елец, ақмарқа, пескарь, храмули, усач, османдар, тыран, ақкөз, мөңке т.б туыстарын анықтайтын кесте құрды [7].
Теңіз мөңкесі Sargus Annularis жаңа Россиядағы бухталардың массалық түрінің бірі болып саналады. Сол жердің балық шаруашылығында белгілі орын алады. Теңіз мөңкесінің қоректенуі туралы әдеби мәліметтер аз болып саналады. Арнольди Л. В., Андряешева А. П., Фартунатов К. П., Винаградов К. А. Жұмыстарында теңіз мөңкесінің жалыпы қоректену мінезі туралы мәліметтер бар және ол диатомды балдырлармен, кейбір омыртқасыздармен қоректенетіні туралы жазылған.
Теңіз мөңкесінің қорегін зерттеген Миловидова, балдырлар қүрамы, жануарларын, мөңкенің қарнындағы макрофиттер құрамы, қоректік құрамын қарастырған [8].
Псков көлінің Кулей құйылмасының қоректік базасының және оны балық шабақтарының қоректенуі туралы Антипова Л. Ф., Концевая Н. Я жұмыстарында қарастырылған. Кулей құйылымынан 5 стационарлы станциядан әр түрлі аймағынан, әр түрлі тереңдіктен топырақ және өсімдіктер аймағынан материалдар 1978 жылы мамыр айынан қазан айына дейін жиналған. 250 гидрохимиялық және гидробиологиялық пробалар жиналған [9].
Ақсаха балықтарының Чудиский көліндегі қорегі және рационы туралы жұмыс Антипова жасаған, бұл сол жердің бағалы балықтарының бірі. Материал 1979 жылы Чудиский көлінің Оңтүстік Шығыс бөлігінде 522 экз жиналған,0+ - 9+ жастағы балықтар арасында.
Лабораториялық өңдеу Мельничук әдісімен жүргізілді. Чудиский ақсаханың қоректік рационынан 68 компонент табылған. (36 түрі бентос, 27 - зоопланктон). Негізгісі хирономид личинкасы, қуыршағы және имагасы болып табылды. Тағы бір негізгі түрі ол жоғары сатыдағы шаянтәрізділер – гаммариттер және изопода, моллюскалардан қоректік күйінде эуглена және писидиум туысынан кездесті. жылғалықтар, қоңыздар личинкалары аз мөлшерде кездесті. Жаз айларында шаяндардың ішінен көп кездескен кладоцералар барлық балық қарнында кездесті. Копеподплпр кездескен, олардан басқа қоректік түрінде макрофиттер, балдырлар және балықтар кездесті [10,11,12].
Отряд көліне жерсіндірілген гаммаритті балықтарлың қоректік базасын жақсарту үшін әкелінген. Балық қорегін білу үшін 1977 жылы жазда екі рет балық ауланды. Ауланған балық ішінде жыныстық жетілмеген балықтар болды. Олар 4 түрге жататын; торта, ерш, тыран және алабұға. Тыран қорегі: неводпен 40 экз 1+ жастағы балықтар ауланды, орташа ұзындығы 13,6 см, орташа салмағы 24,6г. Тыранның қоректену спектрі алуан түрлі, ең көбі хирономидтер, детрит және құм қоректік түйінде 38% болған. Одан басқа шаянтәрізділер, коловраиткалар. Торта қорегі 35 экз алынған, 12 экз қармақпен қалғаны неводпен ауланған. Орташа ұзындығы 12,4 см, орташа салмағы 31,6г, жасы 1+ - 3+ дейінгі балықтар ауланған. Негізігі қорегі хирономид личинкасы және жылғалықтар, ескек аяқтылардан қоректе аз мөлшерде кездесті, балдырлар , өсімдіктер, қоңыздар т.б кездесті [13].




1.2 Балықтардың қоректік қарым-қатынасына шолу

Дернәсілдердің қоректенуіне қарағанда ересек балықтардың қоректенуі жақсы зерттелген, әсіресе теңіз дернәсілдерінің қоректенуі. Бұл еңбектерді орыс ихтиологтары Казанов В.И. ( 1925 жылы ), Казакова И.И. ( 1958 жылы ). Крыжанов С.Г, Дислер М.Н. Смирнов Е.Н. ( 1953 жылы ) және тағы басқалары балықтың дернәсілін анықтау туралы жұмыс жасады.
Кублицкас А.К балықтың қоректенуінің материал және өңдеу методикасын зерттеді [14].
Дауітбаева К.А. ( 1979 жылы), торта балығының қоректік тізбегін жазды. Торта балығының қоректенуі туралы материал 1976-1979 жылдары жиналған. Ең көп балық қорегінде макрофиттер, балдырлар, дафниялар кездесен.
Тортаның қоректенуі, Қапшағай су қоймасында. Тортаның қоректенуі туралы материал 1976-1979 жылдары жиналған: 379 экз. балықтың қоректенуін ұзындығын 12,0-28,0 см жасы 2+ - 6+ ( 79,3% ) және 7+ - 8+ (20,2% ) ,балық арасында қарастырылған. Қорек тізбегіне 42 түр кірді оның 14 зоопланктондар, бококлавтар, моллюскалар, насикомдар, омытқасыздардың жұмыртқалары, тағы макрофиттер, балдырлар, детриттер кездесті. Ең көп кездескен тортаның қорегінде макрофиттер, балдырлар, мезидалар дафниялар, бокоплавтар [15].
Садуакасова Р.С. Балқаш көлінің Орал өзенінің зоопланктонын және кәсіптік балықтардың шабағының қорегін зерттеді.
Табан балықтарының қоректенуі, жыныстық жетілмеген табан балығының, 40 қоректік компоненті анықталған олар: олигохеттер, бұтақмұрттылар және ескекаяқты шаянтәрізділер, мизидалар бокоплавтар, кенелер, балықтар, микрофиттер, детриттер және минералды заттар. әр түрлі насекомдар оның ішінде хирономиттерден (17 түр), бұтақмұрттылардан(6 түр) және мизидалардан (3 түр) кездеседі. Қоректі пайдалану индексі төмен, 1978 жылдың тамызына қарағанда, жыныстық жетілген табан қоректік компоненті 87-ге жетті, жыл сайын 43-тен 56 арасында өзгеріп отырады. Көп болып ішек-қарында D .longispina, Cyc lopoidal ,C .Intermedia және хирономид дернәсілі- Chplumosys және Ch.Behringi, 1978 жылы Р. ехgr. Conoictum , р.exgr nubeclasum және тағы басқалар. Жыныстық жетілген және жыныстық жетілмеген балықтарды қоректері әр түрлі, өзгерісте болып тұрады [16].
Лысков А.Н. Гусинное көліне жерсіндірілген балықтың қорегін және қоректік қарым – қатынасын зерттеді.
Табан су қойманың солтүстік жағалауынан ауланған, 20 экз. анализге қолданған, ПО экз. Каркул өзенінен көлемі 7,5-тен 14 мм арасында әкелінген, қоректік спектрдің шабақтың коловрадкалар, зоопланктондар кездесті. Коловрадканың ішінен Kerateiia tesfudo және су түбінен отряд Bdelloidae,бұтақмүрттылардан – Ciсlops vicinus vejanin.
Қоректенуі және қоректік байланыстары балықтардың, орын ауыстыруы Гусинное көлінде, әкелінген балықтардың қоректенуі туралы жұмыс жасаған, Шығыс Сібір су қоймаларында балықтардың сол судағы балықтармен қоректік қарым-қатынасын анықтады. Жұмыстар Гусинное, Баин-Гол және тағы басқа өзендерде жүргізілді. Гусинное көлінен 200 ішек-қарын алып, 26-60 см ұзындықта, ал Цайдан көлінен 32 экз. көлемі 35-50 см, жайын балығын алды. Жайын балығының негізгі қорегі құмдауыт бұзаубасты балығының 69,8 % және сүліктер-Herpobdella octoculata 26,1 % гамаритер, ручейниктердің дернәсілі, маллюскалар және жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері. 200 қарынның ішінен тек 3 жайын қарнында табан және алабұға қалдығы болған [17].
К.Р. Фортунатов және тағы басқа көп авторлар балықтардың қорегіне нақты түсініктеме беру үшін күнделікті рационына сүйенген дұрыс деді. Неміс ғалымдары жыртқыш балықтардың қоректенуін зерттеп жыртқыш балықтардың асқорыту жүйесінде, асты тез қорытатын көп ферменттер кездеседі деді. Қыста жайын балығы кездеспейді деп айтуға болады. амур жайыны қыста қоректенбейді [18].
Табан және сазан балығының қоректенуін зерттеу үшін 150 ішек-қарын зерттелді. 14-36 см көлемінде және 105 сазан ішек-қарнында, 26-60 көлемінде балық зерттелді.Ең негізгі қорегі хирономидтер дернәсңілдері (20%), хиромомидтердің имагасы (17,3%) ручейниктердің дернәсілі (19%) тағы моллюска, веснянка дернәсілі және тағы басқа қоректі компонентер кездесті. Гусинное көліндегі балықтарына планктондық қорек өте көп үйткені, көлдің түбінде(10м төмен) тек бентостық қорекпен қоректенетін табан мен сазан кездеседі.Торта балығының қорегі зерттелді, 100 экз. (11-24 см) және 260 (12,5-29 см) арасында балықтар алынды. Гусинное көлінде 20 торта, Цайдам көлінен 25 алабұға алынды. Торта тек макрофидтермен қоректенген. Алабұға планктонмен қоректенеді, ал ересек алабұға жылдықтарының қорегінде 75%,торта ішегі және 77% алабұға ішегі бос болып шықты. Ал қорек бар жерде алабұға ішегінде дафния және ручейниктің дернәсілі кездесті [19].
Планктон жегіш балықтар ең негізгі обьект майшабақтар болып саналады, әлемнің балық шаруашылығында басқа балықтарға қарағанда ауланатын балықтардың арасында ең негізгі орынның біреуін алады. Жалпы аулау майшабақтардың 37% құрайды. әлемдік ауланатын балықтарда (Никольский,1950-1954). Осы себептен осы балықтардың қоректеріне үлкен зер қойылады.
Богоров айтқандай (1934 жылы) планктон жегіш балақтардың қорегімен бұрын айналысқан (H. Strome 1984 ж.) жұмысында көрсетілген, бірақ қазіргі кезде бұл әдіс екі бағытқа бағытталған. Біріншісі- бөлек түрлердің ролі және топтардың экземпляр саны бойынша орнын анықтау, ал екіншісі- кездесу жиілігін анықтау.
Богоров Б.Г. цитандалған жұмыстарында көрсетілген «кездесу жиілік немесе экзмплярдың сандық әдісін топтардың ара қатынасын өте қатты бұрмалайды. Қоректік материал ретінде планктонның биомассасын қолдануынан және осыдан планктон жегіш балықтарын зерттеу туралы» өлшеу әдісін қолдану керек деген нәтижеге немесе тұжырымға келді.
Зианкевия А.А. және Бротский Б.А. (1931 ж.) бойынша жасалынған осының нәтижесінде арнайы инстурукция жасалынды материалдарын жинау және өңдеу туралы планктон жегіш балықтардың қоректенуін зерттеген (Богоров 1934) [20].
Теңіз және тұщы су қоймаларындағы планктон жегіш балықтардың қоректенуі туралы негізгі әдебиеттер: Богоров әдістемесімен жүргізілген Кун 1955 ж. әдісімен. Атлант және муран майшабақтарының қоректенуіне (Clupea harengus harengus L.) Болдавстың, Мантенфеля (1941 жыл) жұмыстары арналған, ал Ақтеңіз майшабақтарын (Clupea harengus marisalbi Berg) Чаянов Л.А. 1939 ж. анықталған; Николаев И.П.(1950 ж. ) және басқаавтор Салакийдің және Балтика шпротының қоректенуі туралы жұмыс жасаған (Clupea harengus membras L ) (Sprattus sprattus balticus Schn), көп жұмыстар Каспий- Қаратеңіз майшабағының қамысы және килкийдің қоректенуіне арналған (Чаянова, 1940,1951,1954,1958 ж. Окул, 1941,Екатеринниская және Изосимов, 1945 ж.) алые шығыста алыс шығыс майшабағының қоректенуі анықталған C .Larengus pallasi Val.) және тынық мұхит сардиналары немесе иваси-Sardinops sagax (jerkibs) (Бротский және Янковская, 1935;Янковская 1937 жылы; Кун 1949-1955 ж. және тағы басқалары). Үлкен жұмыстар планктонжегіш сиктордың қоректенуіне арналған: ряпушкин (Борисов, 1924 ж; Есипов 1941 ж; Грандилевская дексбах және Тройская, 1951 ж; Покровский, 1953 ж.) омуля (Кожов, 1934 ж.Шапошникова 1940 ж.) муксуна (Есипов,1941ж.) пеляди (Бурмакин, 1941 жыл; Сычева, 1955 жыл),және басқа түрлері сигтәрізділнрдің (Алишин, 1939 жыл; Пирожников, 1950 жыл; Герд, 1951 жыл; сальдау, 1953 жыл; Трезе, 1953 жыл;Ерандилевская дексбах, 1957 жыл және тағы басқалар). Кейбір мәліметтер корюшканың қоректенуі туралы В.К. Есипов (1941 жыл), Никольский Е.В; Мантийфеля В.П. және А.П. 1939 жыл, мойве және сайра деген Румянцев А.И. (1946 жыл, 1947 жыл), сайкалар Клумов С.К. (1937 жыл) және Мантейфеля (1943 жыл) Синца Еейнрих А.К. (1950 жыл) және Анохиня Л.Е. (1960 жыл) жүргізілген [21].
Сазанның 49 экз. алынған 18-46 мм көлеміндегілер зерттелген, зоопланктондардан шаяндар және уақытша планктондармен (хиромида дернәсілдері) қоректенген. Урал өзенінің зоопланктондары балық шабақтарының өмірінде үлкен орын алады [22].
Ыстық көліне әкелінген ақмарқаның қоректенуі. Ақмарқаның қоректенуі түралы мәліметтер 1962-1963 жылдары Ыстық көл өзенінің бөліктерінде – Тюп, Кутурга, Покровка, Чолпан-Ата, Ақ-терек және тағы басқа құйылымдарда жиналған. 402 қарын анықталды, соның 342-сі бос болып шыққан. Зерттелген балықтардың көбі жыныстық жетілген болды [23].
27.11.2018
Вернуться назад