Дипломдық жұмыс: Биология | Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары

Дипломдық жұмыс: Биология | Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары казакша Дипломдық жұмыс: Биология | Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1 ҚАННЫҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
1.1 Қанның физика және химиялық қасиеті.............................................................
1.2 Сыртқы факторлардың қанның морфофизиологиясына әсері.......................
1.3 Қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен темір тапшылығының туындауы...................................................................................................................

2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу материалдары мен орындары...............................................................
2.2 Қанның формалық элементтерін зерттеу......................................................

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ
3.1 Анемия..............................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ә.Н. Қазақстан халқына ұсынған «Қазақстан-2030» атты болашаққа бағытталған даму бағдарламасында, ең маңызды мәселенің бірі ретінде отанымыздың саяси, қорғаныс, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету деп атап өткен. Осы бағдарламаны жүзеге асырудың бірден-бір жолы Республика тұрғындарының денсаулығы мықты, физикалық белсенділігі жоғары жастардың санын арттыру болды.[1]
Қазақстан республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттік саясат халық денсаулығын басты назарда ұстап келді. Көп ұлтты, көп дінді зиялы қоғам құруға бағыт ұстанған Қазақстан Тәуелсіздікке ие болғаннан бастап өзінің өміршең мемлекеттік саясатын халық денсаулығы деп жариялап келеді.[2]
Халықтың денсаулығы – қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылды. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның, ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ-балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту–қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттердің бірі болып табылады. [3]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша экологиялық зардаптар бүкіл адамзат ауруларының 33%, уыттанудың, 68%, астманың 44 %, онкологиялық аурулардың 19% және 1,3 млн. қатерлі ісіктен қайтыс болудың себептері болып табылады. [4]
Жер жүзінде экологиялық апатты аймақтардың пайда болуы, жаңа технологияларды қолданысқа кеңінен енгізу, урбанизация факторлары иммундық жүйе қызметінің бұзылуынан бастап иммундық тапшылық ауруларына дейін әкеледі.
Әлемде, 2002 жылдан бастап ауа ластануынан қайтыс болғандар саны автокатастрофадан мерт болғандардан асып түсті. [5]
Иммундық жүйенің сезімталдығы антропогендік факторлардың тірі ағзаларға әсерлерін ерте басын анықтайтын бірден – бір индикаторлық көрсеткіш болып табылады. [6]
Иммундық жүйенің қызметіне әсер ететін бірден- бір фактор қанның- морфофизиологиялық көрсеткіштерінің ауытқуы қазіргі заманғы денсаулық саласының өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің аз зерттелуінен жоғары мүгедектіктің және еңбекке қабілетсіз адамдардың көбеюіне себеп болып отыр.
Иммунды жүйе ағзаның ішкі орталығындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын және рециркуляция жолымен байланысатын жасушалардың мүшелерден қан айналымына ауысумен кері қайтуына арнайы лимфоидты мүшелермен тіндердің өзара жиынтығы.[7]
Иммунды жүйе-қозғалмалы және үздіксіз жаңарып отыратын жүйе. Сонымен қатар, оның құрамының тұрақтылығы ағзаның не жеке құрылымның сақталуына зор ықпал етеді. Иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін иммунитетті құрайды. Адам денесіндегі иммунды жүйені құрайтын мүшелердің жалпы салмағы шамамен 1,5-2 кг (1012 лимфоидты жасушалар). Анатомиялық тұрғыдан иммунды жүйенің қарым қатынасы бөлек болып көрінеді. Оның мүшелері мен жасушалары бүкіл денеге шашырап тарағанмен, олар тұтас бір жүйе қан және лимфа тамырлары мен байланысқан.[8]
Қан – тіршілік ету үшін өте қажет сұйықтық. Қанның негізгі қызметтері тіршілікке қажет заттарды тіндерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады, оттегін өкпеден тіндерге, жасушалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді, ішек – қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды тіндерге жеткізеді. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Қан жасушалары плазмадағы антитәндер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғаты жат улы заттарды бейтараптайды. Адам денесіндегі көптеген әрекеттерді, үрдістерді реттеуге қатысады. Қандағы биологиялық әсері күшті заттар – гормондар, медиаторлар, метоболиттер ағзалар мен тіндерге өтеді.[9]
Өзге жүйелер секілді иммундық жүйенің қызметі де бұзылуы мүмкін. Жалпы қызметінің бұзылуын 3 түрге бөліп қарастырсақ болады.
- иммундық жүйенің деффектісі немесе жетіспеушілігі (туа пайда болған және жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік);
- аутоагрессия дененің қалыпты компоненттеріне қарсы (аутоиммундық аурулар) және антиген-антидене (иммундық комплексттік аурулар) комплексінде артық өнім жиналуы;
- иммундық жүйенің осы немесе басқа буынында, басқа буындардың қызметіне зиян келтіретін гипертрофия белгілерінің (гипергаммаглобулинемия, буынның ауыр аурулары және т.б.) дисфункциясы.
Иммундық жүйенің толық құндылығын және оның жұмыс жасауының патологиялық бұзылуларын бағалау үшін арнайы клиникалық және лабораториялық әдістер қажет. Фундаметальды иммунологияның жетістіктері негізінде оларды өңдеу және клиникалық практиға ендіру клиникалық иммунологияның бірден бір басты мақсаты. Иммундық жүйенің қызметі бұзылса, көптеген қауіпті ауруларға (инфекциялық үрдістер, аутоиммундық бұзылулар, ісіктер, аллергия және т.б.) әкеліп соғады, сондықтан да клиникалық иммунологияның маңызы зор. Органдарды ауыстыратын донорларды іріктеу, трансплантациялау және аутоиммундық ауруларды емдеуде иммунодепрессивті терапия жүргізу, жас сәбиді - ана мен сәбидің резус-сәкессіздігінен туындайтын гемолитикалық ауруларға шалдығатынын ескерту, ракты емдеуде иммунотерапиялық және диагностикалық әдістерді өңдеу сияқты клиникалық иммунологияның маңызды тапсырмаларын қосқанда, клиникалық иммунология сөзсіз керек болады. [10]
Жұмыстың өзектілігі:
Бұл мәселе бойынша зерттелу жұмыстары өте сирек және оның барлығы дерлік клиникалық негізде орындалған болып шықты, ғылыми негіздерін жасау, бұл мәселені шешудің жаңа сапалық тұрғыдан қарастырудың бір бағыты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты:
Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын-алу шаралары
Зерттеудің негізгі міндеттері:
1. Темір тапшылығы анемиясының белгілері мен туындау себептерін анықтау.
2. Темір тапшылығы анемиясының алдын-алу шараларын қарастыру.


1 ҚАННЫҢ МОРФОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
1. 1 Қанның физика және химиялық қасиеті

Қан, лимфа және тінаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Сұйық зат ретінде қанға физикалық және химиялық қасиеттер тән. Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен, басқа да химиялық заттар мен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанының ашық қызыл түсі қанда оксигемоглобиннің, вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин түзеді де, қанның түсі қызыл күрең тартады. [11]
Қанның келесі физикалық қазметі-оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршікрері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұрақтылығы қанның қоюлануына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұрақтылығы әдетте судың тұрақтылығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұрақтылығы 1,7-2,2. [12]
Қан сарғылттау келген сұйық зат-плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жазушаларынан, яғни пішінді элеметтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8 процентіне тең (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер. (лейкоциттер), қан пластинкалары-тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58 процентіне, қан жасушалары 42-48 процентіне тең. Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48 процент, ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады. [13]
Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең (5-6литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ түйіршіктер(лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер.Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары -42-48%-не тең
Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48%,ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр.Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.
Плазманың құрамы 90-92 %-і судан, қалғаны (8-10%) құрғақ заттардан тұрады.Соңғыларының 8-9 %-i органикалық заттар, оның ішінде белок 6-8%; 0,9%-0,1% бейорганикалық (минерал) заттар. Бұлардың көбі ас тұзы (90%).Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (α,β,γ) фибриноген. Альбуминдер мен фибринтген бауырда, глобулиндер бауырда және кемігінде, көкбауырда,лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липидтер, сүт, қышқылы, пировиноград қышқылы және.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биология дипломдық жұмыстар, Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары, дипломдык Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на каза, Дипломдық жұмыс: Биология | Білімгерлерде теміртапшылығы анемиясының таралуы және оның алдын алу шаралары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін