Асқорыту және Секреция бездері тақырыптарын модульдеп оқыту


ЖОСПАР

 

Кіріспе

 

  1. I. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім берудің

ұлттық     үлгісі.....................................................................................

1.1. Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық

    аспектілері........................................................................................

1.2. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары..

1.3. Жаңа үлгімен оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуге

    ғылымдардың қосқан үлестері...................................................

1.4. Технологиялық оқытудың бір түрі-модульді оқыту.............

 

  1. II. Модульдеп оқытудың жалпы сипаттамасы

2.1. Оқу модулін құрудың ерекшеліктері......................................

2.2. Модульдік оқытудың құрылымы............................................

2.3. Оқу модульін даярлау технологиясы......................................

2.4. Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды және олардың

      білім деңгейін дамытуға ықпалы.............................................

2.5. Модульдік оқыту-оқушылардың білім сапасын арттыруда

 

III. "Асқорту" және "Секреция бездері" тақырыптарын модульдеп

оқыту

3.1. "Асқорыту жүйесі" тақырыбына арналған модульді жүйе...

3.2. Осы тақырыпқа арналған бес сабақтың әдістемелері...........

3.3. "Секреция бездері" тақырыбын модульді жүйелеу және оны

       жоспарлау.................................................................................

 

Қорытынды.................................................................................

Әдебиеттер...................................................................................

Қосымша..........................................................................................

 

К і р і с п е

 

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде.

Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын оқып үйренуге деген үлкен ынтамен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп айтуға болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру ғана деп түсінбеуі керек. Ол ертең ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыруға көмектесіп, танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты.

Жұмыстың мақсаты:

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі тәнтану пәнінің "Секреция бездері" және "Асқорыту" тақырыптарын модульдеп оқыту. Оқушыларға осы жаңа технологияны пайдаланып, биологиялық білім беруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға маңызы өте зор екендігін және модульдеп оқытудың жолдарымен, бағыттарымен оқушыларды таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, сабақты толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Модульдеп оқытуға және оның әртүрлі бөлімдеріне жалпы түсінік беру.
  2. "Секреция бездері" тақырыбы бойынша жоспар түзу, кесте құру.
  3. "Асқорыту" тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспар түзу.
  4. Оқыту барысында екі тақырып бойынша ғылыми көзқарасты қалыптастыру мақсатында жаңа технологияны қолдану және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.

Зерттеу обьектісі:

Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушыларға аталған тақырыптар бойынша биологиялық білім мен ғылыми көзқарасты қалыптастыру үшін модульдеп оқытуды іс-жүзінде қолдану және оның тәрбиелік білімдік деңгейін анықтау.

Жұмыстың жаңашылдығы:

  1. Әр оқу модулінде оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты 7-12 сағаттан тиеді. Аталған екі тақырыпты зерттеу бойынша 5 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді екені көрінді.
  2. Тақырыптар бойынша барлық сабақтың методикалық өңдеулерінің жаңаша формалары жасалынды: деңгей бойынша тапсырма беру, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану.
  3. Оқу модулінің қорытынды бөлімі сынақ сабағы түрінде берілді.

Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері:

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің болымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалар мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мүнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. М.Поташниктің пікірінше, бұл жағдайларда-технолог-ғалымдар жасаған "индустриалдың" нұсқасы, оның мәні бекітілген ережелер мен тәсілдерді қатаң сақтау болып табылады, ал басқа жағдайларда құрылымның "жусан" нұсқасы, ал өзгерістер мен түзетулерді қажеттілігіне қарай енгізуді ұсынады.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында оқыту формасын, әдістерін , технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс оны орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде, институттарда және т.б. қолдануға болатынын көрсетті.

Оқыту технологиясында зерттеулер көрсеткендей, оқу процесін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайларда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да сөйлеу бөліміндегі бағалар және бағалау ынталандырушы сипатта болады.

Бұл технологияның маңызды шарты-оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес алатындығы.

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.

Қазақстан Республикасыңың ұзақ мерзімді дамуының басты бағыттарының бірі - білім беру - қоғаммен мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени алға басуының негізі. Егеменді Қазақстанның қалыптасу жағдайында ұлттық білім беру жүйесін демократиялық принциптер мен жеке тұлғаның құқықтары және әлемдік тәжірибе мен отандық дәстүрлер негізінде реформалау елеулі маңызға ие болып отыр.

Қазақстан Республикасының білім саясаты білім берудің мемлекеттік стандартын жасау және енгізу арқылы жүзеге асады. Педагогикадағы стандарттау көп типті мектеп жағдайында білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуге ықпал ететін білім беру процесін жобалаудың жаңа тәсілі.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 30-бабының 4-параграфында: "Мемлекет жалпы білім беру стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес болуы тиіс" деп көрсетілген.

Стандартты енгізудің негізгі мақсаты қоғам сұраныстары мен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес азаматтар білімділігінің орнықты деңгейін қолдау, барлық оқу-тәрбие орындарында білім алуға тең жағдайларды қамтамасыз ету, мектеп түлектерінің білімі мен біліктеріне бірдей талаптар тағайындау.

Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды: мектеп түлектерінің дайындық деңгейі. Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойылған мақсаттарға жетуінің куәлі болып табылады.

Мемлекеттік стандарттың негізгі компоненттерінің бірі - базистік оқу жоспары (БОЖ), ал оқыту тілдері әр түрлі мектептердің барлық сатылары үшін типтік жоспарлар жасауға негіз болатын нормативтер кешенін анықтайды. БОЖ мектеп құрылымы туралы, оқу пәндерінің минимал жиынтығы, мазмұндық толымдылық және оқыту жылдары бойынша білім салаларының өзара қатынасы туралы түсінік береді, әрбір пән бойынша минимум оқу жүктемелерін көрсетеді. Онда инвариантты (өзгермейтін) және вариативті (жылжымалы) бөлімдер ерекшелінеді. БОЖ-ның инвариантты өзегі жеті білім саласынан тұратын мемлекеттік компонентті құрайды. "Филология", "Математика", "Жаратылыстану", "Қоғамтану", "Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру". Пәндер бойынша оқу жүктемелерінің көлемін анықтау барысында бұл стандартта әрбір білім саласы ұсынуының орташа элемдік мәні ескеріледі. Вариативті бөлік арқылы мектеп компоненті жүзеге асырылады. Ол білім беруде демократияландыру ұстанымдарын жүзеге асыруға ықпал етеді, педагогтардың шығармашылық әлеуметтерінің көрінуіне мүмкіндіктерін туғызады, оқушыларға қосымша білім беру бағдарламаларын таңдауға құқық береді. БОЖ-ң оқушы компоненті білім алу процесін даралауға, оқуды мотивациялауды дамытуға мүмкіндік туғызады.

Білім стандарты білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кепілдіктер бере отырып, оқытудың әдістері мен түрлерінің мазмұнын рәсімдемейді, оқу материалының құрамы мен көлеміне қатаң талап қоймайды. Ол өз ішінде сан алуан білім беру стандарты 1998 жылы дайындалды. Оны жетілдіру білім беру сапасын көтеру қажеттігінен, өзгермелі әлеуметтік жағдайларға білім мазмұнын сәйкестендіруден туындап отыр. Стандарты қайта өңдеп, жетілдіру қажеттілігінің басты негіздемесі-демократияландыру, ізгілендіру және интеграциялау негізінде Қазақстандағы білім беру сапасын әлемдік деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады.

Білім беру стандарты әлеуметтік - педагогикалық ерен құбылыс ретінде болашаққа бағдарланған білім моделі болып табылады. Ол күтілетін (жоспарланатын) білімдік жетістіктерді, атап айтқанда: меңгерілген білім мен біліқтіліктерді таныс емес жағдайларға өз бетінше қолдануды, оларды шешуді; обьектілердің жаңа қызметін көре алуды; таныс іс-әрекет тәсілдерін өз бетінше белгісіз жаңа жағдайға қисындастыра қолдануды; өмірге қажетті дағдыларды (компетенция), альтернативті ойлауды қалыптастыруды және т.б. көрсетеді. Стандарттау обьектілері ретінде базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейі, оқу жүктемесінің көлемі, мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар таңдалып алынды. Мектеп курсының 34 оқу пәні бойынша жалпыға міндетті стандарттары осы саладағы жұмыстың нәтижесі болып табылады. Олар қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі, жоғарғы сатыларына арналған бес жинақта баяндалған.

Білім мазмұнын жетілдіру білім беру процесіне айқын жеке тұлғалық мән беруді, білімдік тұжырымдарға қарағанда әрекетшілдіктің басым болуын көздейді, оның нәтижесінде компоненттік деп оқушылардың күнделікті өмірдегі нақты, ақиқат мәселелерді шешу мүмкіндігі, практикалық іс-әрекетке дайын болуы түсініледі. Мұндай жағдайда оқытудың сыртқы мазмұны жеке тұлға меңгеретін ішкі білім мазмұнына айналуы тиіс. Стандарт оқушылардың өз бетінше шығармашылық әрекеттеріне арналған тұжырымдарды, мектептен тыс шаралардың бағыттарын анықтайды. Стандарт негізінде жалпыға ортақ білімділікті тексеру жүзеге асады, ал болашақта, жалпы орта білім беретін оқу орындарының мекшіктік және бағыну түріне тәуелсіз олардың барлық түлектері үшін қорытынды тестілеу жүзеге асатын болады.

Білім беру деңгейіне қойылатын талаптарды дайындау - үздіксіз процесс: алдағы уақытта әлеуметтік жағдайлар ескеріле отырып, мектеп сұранысына сәйкес стандарттар өңделіп отырылады.

Стандарттар оқу пәндері бойынша:

- базалық білім мазмұнына,

- білім беру бағдарламаларының түрлеріне,

- оқу жүктемесінің көлеміне,

- мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне,

- оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Аталған стандарт оқу процесіне қатысушылардың (оқушылар, мұғалімдер, мектеп басшылары, білім беруді басқару орындары, ата-аналар, көпшілік) білім мазмұнына, оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне, білім сапасын мемлекеттік бақылаудың рәсімдері мен ережелеріне, оқушылардың белгілі бір білім бағдарламаларын меңгергендігін куәландыратын құжат нұсқаларына қойылатын талаптарды бірмәнді түсінуін қамтамасыз етуі тиіс.

Қолданылу саласы.

Бұл стандарт ҚРБМЖМС (білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) 02.003-2002 негізінде дайындалды және білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқу пәні "биология" бойынша және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

Стандарт ережелері:

- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз "Биология" пәнін оқытуды жүзеге асыру кезінде;

- бастауыш және орта кэсіптік білім ұйымдарында қабылдау емтихандарының материалдарын дайындау кезінде;

- жоғары оқу орындарында "Биология" пәні боынша педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде;

- білім беру санасындағы ғылыми-зерттеу институттарында "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында;

- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында "Биология" пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында;

- білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында "Биология" пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолдануға және сақталуы міндетті.

Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау, жұмыстың оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

"Биология" пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, жұмыстың оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.

Жалпы ережелер.

  1. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзара үйлесімді мүддесін және мүмкіндігін білдіреді.
  2. Мемлекет мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт ауқымында азаматтардың бәріне бірдей тегін жалпы орта білім беруге кепілдік береді.
  3. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жалпы орта білім беретін орындары түлектерінің дайындық деңгейін бағалауға негіз болып табылады.
  4. Құрылтайшылар жалпы білім беретін оқу орындарын жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін деңгейден төмен болмайтындай етіп қаржыландырады.
  5. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқытуды:

- берілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа және сол негізде жасалып, оның құрамдас бөліктері болып есептелетін оқу пәндерінің стандарттарына;

- оқу-нормативтік құжаттар жиынтығына базистік, типтік және жұмыстың оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына, ал қажет болғанда-жеке білім беру бағдарламаларына;

- Қазақстан Республикасы білім саласындағы орталық атқару органдары берілген тәртіп бойынша бекіткен басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады;

  1. Осы стандартты қолдану келесі мақсаттарды;

- білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді;

- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті талаптар ұсыну есебінен және жалпы білім беретін оқу орындары жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру арқылы оқытудың сапасын арттыруды;

- жалпы орта білім беру саласының білім беру процесіндегі барлық субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеуді;

- балалардың денсаулығын қорғауды және жеке тұлғаның (жеке-жеке) жан-жақты дамуына қолайлы жағдайларды, соның ішінде оқушылардың қосымша білім алуға сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді;

- жалпы білім беретін оқу орындарының әр түрлі типтері мен түрлері жағдайында жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім берудің эквиваленттілігін қамтамасыз етуді;

- білім беруге бөлінген мемлекеттік бюджет қаржыларын орынды пайдалануды көздейді.

  1. Аталған мақсаттарға жету үшін жалпы білім беретін оқу орындары оқытудың әртүрлі технологияларын қолдана алады. Осы стандартта белгіленген талаптарды нақты жағдайларда мүмкіндігінше сапалы жүзеге асыру үшін олар оқытудың, тәрбиелеудің, оқу процесін бақылаудың түрлерін, құралдарын және әдістерін өздері таңдауға құқылы.
  2. Жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды меңгеру күндізгі оқу, күндізгі-сырттай (кешкі) оқу және экстернат түрінде жүзеге асуы мүмкін.
  3. Осы стандарттың ережелері оқу пәндерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартары ауқымында ашылып көрсетіледі және нақтыланды.
  4. Оқу пәндерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары:

- оқу пәндерінің жалпы сипаттамасы (оқытудың мақсаттарын, міндеттерін);

- оқу пәні бойынша оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін;

- оқу пәнінің базалық мазмұнын;

- оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды;

- оқу пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды анықтауы тиіс.

Осы стандарттар балалардың денсаулығын қорғау ісіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және оқу процесінің сапасын көтеруге

қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенеміз.

Жаңа үлгімен оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуге ғалымдардың қосқан үлестері.

Ғылымға мықтап енген "педагогикалық технология" ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген (В.П.Беспалько, В.М.Шепель, И.П.Волков, М.Чошанов, М.В.Кларин, Г.К.Селевко және т.б.) К.Д.Ушинский былай деген: "Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады"

Г.К.Селевко жаңа білім парадигмасында бірінші орында тұрған "жеке тұлға" туралы былай деп анықтама береді: "Жеке тұлға - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

- өзіне және өзі мен өзінің дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

- іс жүзінде жығылып жүрген әлеуметтік рольдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;

- айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;

- қажеттілік жүйесі;

- шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.

Бүгінгі таңда П.М.Әрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (JДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Довыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.И.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технолргиялары кеңнен танымал.

Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

С.И.Ожегов модульге анықтама берді: "Модуль дегеніміз -қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі".

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа ілім парадигмасына сүйене отырып, М.М.Жанпейісова оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын жасады, мұның бірқатар ерекшеліктері бар. Осы технологияның идеяларына тәжірибелік негіздеме беру мақсатында тоғыз жыл бойына (1992-2001 ж.ж) оның ғылыми-теориялық әзірлемесі Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы білім мекемелерінде сынақтан өтті.

"Оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын әзірлегенде біз оның жалпы құрылу қағидаларына (Дж.Блок, Л.Андерсен, Дж.Керрол, Б.Блум, т.б.), сондай-ақ тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, оның мүдделеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне (Ж.Плаже, Э.Әриксон, А.Маслоу, М.И.Божович, Л.С.Выготский, Л.М.Фридман және т.б.) сүйендік", дейді М.М.Жанпейісова.

Оқу модулінің оқу еңбегінің нәтижесін бағалауда "тәтті маман" (оқушы атқарған әрекеттің құндылығын жыра көрсету) және "көк жүзім" (оның теріс нәтижесін құнсыздандыру) қағидаларын кеңінен қолданған ғалымдар - Р.М.Грановская, Ю.С.Крижанская болды.

Психолог Л.М.Фридманның пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе-қызықтырушылық, операционалдық - танымдық және рефлекциялық -бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс.

Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шеленевтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған "орамаға" салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай "орама" қызметін белгі (термин), белгілік жүйе атқарады.

С.Ф.Занько, В.С.Тюнкикова, т.б. көптеген ғалымдар модульдеп оқытуға өз үлестерін қосты.

Технологиялық оқытудыц бір түрі - модульді оқыту

Мектепте білім беру ісіндегі басты приоритет - оқушылардың қалып жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін жаңа заман талаптарына сай сабақ түрі өзгеріп, жаңа технологияларды пайдаланып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны анық. Ақыл-парасаттан гөрі сезім-түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс, сабақ түрін жаңартып тұруы керек. Осындай жаңа технологияларды пайдаланып оқытудың бір түрі - модульді оқыту.

Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және оны жаңа жағдайға іс-жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасуын білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Осы орайда оқыту үрдісінің жаңа технологияларының бірі - пәндерді модульді жүйе бойынша оқыту.

Модульді оқыту - блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқышылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульді сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе, оқушылар сабақ үстінде мұғаліммен тең дәрежеде еркін сөйлеуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады, сабақ олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айырылып, көңілді, қызықты іс-әрекетке айналады, үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды.

Сонымен, модульді оқыту, модульді технология, модульді бағдарлама деген не ?

Ол үшін алдымен, "модуль" сөзінің мағынасы қандай екенін анықтайық.

Модуль - белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын, құрылымның өз бетінше бола алатын, бөліне алатын бөлшегі:

Оқу модулі дегеніміз - оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бірі мақсаттағы түйіні.

Модуль - оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу-таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлеу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Біздің зерттеулеріміз 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Оқу модулін құрудың ерекшеліктері.

Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Бырлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқытушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат - міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) "өсу" бағытымен қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалын жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. (Адамның екі сигналдық жүйесін қолдану тұлғаның танымдық қабілеттерін де, танымдық процестерді де дамытуға мүмкіндік береді).

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен -алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.

3,4- сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. (III және II деңгейлер).

I деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне-интелектуалдық және креактивтік дарынды балаларға арналған.

Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткендей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кезеңін қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте - 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. (Оқу материалын оған 7 мәрте қайта оралып, пысықтағанда ғана жүзеге асатынын психологтар дәлелдеп отыр).

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде біз оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес баллдың (шын мәнінде, үш баллдық) жүйесін емес, тоғыз баллдық жүйені қолдандық, бұл оқушыға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында "өте жақсы", "жақсы" немесе "қанағаттанарлық" баға алуға болады.

Үшінші, "жеңілдетілген" деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модульінің орта кезеңінде-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңсшілер, жүргізушілер, т.б. рольдерді атқара алады.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оңытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.

Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастыру формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шүғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Оқу модулніің сөйлеу (даярлық) бөлімін құрудағы мүндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен экспериментік жұмыс көз жеткізіп отыр.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлеу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды бөлімінде алған бағалары қойылады. :

Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі ("жеңілдетілген" стандарт, "стандартты", "стандарттан жоғары") тапсырмалар ұсынса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.

Оқу модулінің тағы бір ерекшелігі - оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульді сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпаратын беретін; оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызбанұсқалар, суретті иллюстрациялар, техникалық жабдықтар, ауызша құралдар пайдалануға болады. Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әр түрлі бақылауларды қолданады. Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. Осылар арқылы игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз мүмкіндігінше білім алады.

Модульді оқытудың дәстүрге айналған сынып – сабақ жүйесіндегі түсіндіру - иллюстративтік әдіспен қандай артықшылықтары бар?

Ең алдымен, оқушы өзінің жеке интеллектін саналы түрде дамыта отырып, оқу мазмүнын жіктеп меңгереді, ал мұғалім тек ұйымдастырушы, координатор (үйлестіруші), көмек беруші, бақылаушы міндетін атқарады.

Модульді оқытудың кептеген идеялары бағдарламалап оқытудан алынған. Ол дәстүрлі оқытудың жоғары дәрежеде ұйымдастырылған баламалы түрі. Сабақ үрдісіне модульдерді біртіндеп енгізген дұрыс. Мысалы, жоғары сыныптарда модульді оқытуды дәрістік әдіспен ұштастырған ете тиімді. Модульге оқушының оқу-таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады. Мысалы, жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу, оқытудың қай жүйесінде де модульді пайдаланып, оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады.

Модульді сабақтың жай сабақтан айырмашылығы неде және модульді сабақты өткізу үшін мұғалім не істеу керек?

Модульді сабақты әзіллеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап, модульдер (ақпараттар блоктарынан тұратын) жиынтығынан тұратын модульді бағдарламаны құрастыру керек.

Модульдер шартты түрде үш типке жіктеледі: танымдық (ғылым негіздерін оқығанда қолданылады), операциялық немесе іс-әрекеттік (іс-әрекеттердің әдістерін қалыптастыру және дамыту үшін), аралас. Осы соңғы түрі жиі қолданылады. Содан соң, мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, келемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін сабақтың соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін кірістірілген мақсаттарды айқындайды. Қосымша материалдар көрнекі құралдар, тапсырмалар іріктеледі. Ең соңында, мұғалім осы атылғандарды нұсқау - жоспар, кітапша түрінде әзірлеп, барлық оқушыларға таратады. Сабақ кезінде оқушылар нұсқау-жоспармен өз бетінше жұмыс істейді. Ал мұғалім бақылай жүріп, әлсіздерге көмектесіп, күштілерді мадақтап, әр оқушымен жеке байланыс жасайды. Мүмкіндігінше әр модульдің алдында оқушылар білімнің деңгейін анықтап, дәл уақытында түзету жасауға тырысқан жөн. Әрбір оқу элементін аяқтаған соң ағымдағы және аралық бақылауларын жүргізу қажет. Осы кезде оқушының біліміндегі олқылықтары анықталып, қайталап оқуына, қосымша материалдарды тыңдауға нұсқаулар беріледі. Мұғалімнің рөлі оқу материалы жөніндегі ақпаратты тасушыдан үйлестіруші, көмек беруші, кеңес берушіге ауысады. Модульмен жұмыс істегенде алдымен бір топпен жұмыс істеп және материалдың аса көп болмауын құрастырған жөн.

Модульдік оқытудың құрылымы

Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.

Оның мазмұнына:

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
  3. Оқушылардың білім деңгейін алдын ала ( диагностикалық) бағалау;
  4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
  5. Нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында оқу процесі "модульдік" сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік балаларды оқытуға емес, тұлғалық-бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б. ұмтылдық.

Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
  3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде).
  4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
  5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
  6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
  7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.

Зерттеуге біршама өзгерістер енгізілді:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  2. Сыныпты мазмүны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру.
  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі - сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).
  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру жэйе әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға ("өсу" бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
  6. Тұтас тақырып бойынша кестелеу.
  7. Тақырып бойынша қалыпты немесе "релелік" сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т.с.с.) жүргізу.

Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен; кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады:

Кіріспе бөлімі

(модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі

(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу

негізінде ұйымдастыру)

Қорытынды бөлім

(бақылау)

 

Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Неғұрлым тиімдісі - 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі. Алайда эксперимент жүргізген мұғалімдерде модульге бөлінген сағат саны 4 сағаттан 22 сағатқа дейін ауытқыды.

Алдында айтып өткеніміздей, оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге - 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17-сағатқа дейінгі уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады.

Мысалыға, "Асқорту" және "Секреция бездері" тақырыбында оқу модулін 5 сағатқа жоспарлағанда, оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі - кіріспеге, бір сағаты - қалған үш сағаты - сөйлесу бөліміне беріледі.

Оқу мазмұнына "өсу" бағытымен - қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске (кей жағдайларда - зерттеушілік қызмет элементтеріне) қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен "білімді бағалау" деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға (4-7 адамнан) болу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге түрлі ойын технологияларын енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ретінде болады.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - мұғалімнің даярлық жүйесі.

Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

Мұгалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет қадамдардан тұрады:

1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.

2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-зерттеу.

3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен "кодтар" негізінде).

5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмүны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).

6-қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болаы).

7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.

Оқу модулінің кіріспе бөлімі

Психологтардың дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы) аса маңызды. Ол үшін, психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені үйрену), оның мағынасы белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.

Обьектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр.

Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.

Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған "орама" қызметін белгі (термин), белгілік жүйе атқарады.

Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:

а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;

ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының "қабылдауына", түсінуіне ерекше көңіл бөледі;

б) тірек сызбаларға ("орамаларға", белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып-үйренудің екінші - операционалдық - танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін - жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
  2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
  4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
  5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс. (Л.Фридман)

Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.

Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.

Бұның бір маңызы - күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.

Мұнда оқу материалының мазмұны оқушыларды өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.

Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет -қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады.

  1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу.
  2. Оқу материалын бірттас, жинақы, "өсу" бағытымен беру.
  3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
  4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.
  5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.

Сөйлесу бөлімін құру қағидалары.

Алғашқы үш әрекет - қадам мұғалімнің оқу материалының тұтас мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.

Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:

  1. Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
  2. "Өсу" бағытымен оқып-үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан - мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау бойынша пысықтауын білдіреді.
  3. Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына "қайта оралып отыру" қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да "өсу" бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекіту үшін қажет.

Зерттеулер көрсеткендей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал-жабдығы ретінде пайдалану. Сондықтан модульдің осы бөлімінде оқу материалын меңгеру - тек қажетті құрал ғана, оның негізгі мақсаттарға жету: қиынды ойлауды, түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту; ұғымдар қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйрену; интеллектіні және креативтілікті (шығармашылық қабілетті) дамыту мүмкін емес. Оқу модуліндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа және оқушылардың білімі мен білігінің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар қол жеткізіледі (олардың сай немесе сай еместігін салыстыру оқу модулінің үшінші - қорытынды бөлігінде жүргізіледі).

Мұғалім тұлғаны дамытатын кез-келген қызмет емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл-ой жұмысынан қанағаттануы тиіс. Бұл мүмкін, мұғалім жұмысының неғұрлым проблемалы міндеті шығар. Әрбір оқушының оқуға ниеттенуі, танымдық процеске жағымды көзқараста болуы үшін және оларда жағымды эмоциялар туғызу үшін не істеу керек ? Бұл сауалға бір жақты жауап бола қоймас, өйткені бұл психологиялық сипаттағы көптеген факторлармен байланысты. Дегенмен, оның шешімін іздеу мүмкіндігі бар.

Бұл үшін:

- оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына қойған міндеттерін тек түсінік қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс, яғни, оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс (Рубинштейн 1946, 599-604);

- таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір күшті ықпал етеді (Бодалев 1983,65)

- бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда);

а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін емес деген сенімін жоюға;

ә) қорғану механизмдерінің шғармашылық процеске әсерін төмендетуге ықпал етеді. (Грановская, Крижанская 1994, 127)

- қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамытуға қол жеткізу неғұрлым демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады;

- кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне - өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.

Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы, дамытушы болып есептелді.

Міне, сондықтан да ұсынылған оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім, әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. I деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. II және III деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін кездейді.

Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірлеген тапсырмалары солардың біреуін оқушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.

Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды карточкаларға, яғни өзінше бір "бағыттаушы парақтарға" жазуға болады, мунда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны (дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі тексеру арқылы) нақты керсетіледі.

Егер сабқа жеке топтық формада өтетін болса, онда оқушылардың әрқайсысы үш нұсқадағы тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған және көшірме аппараттарында көбейтілген болуы тиіс. Мұғалім бір сабаққа әртурлі күрделілік деңгейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан оқушыларға олардың кез-келгенін таңдау мүмкіндігін беру мақсатында сыныптағы оқушылар санына сай көбейтеді.

Егер сабақ формасы - ойын (кез келген түрі) болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін. Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің бірнеше ерекшеліктері бар, оларға назар аудару керек:

  1. Бұл бөлімде оқыту және оқу:

а) дамытушы болады, соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны оқу процесін әрбір оқушының қиынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу дегеніміз, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін, психологиялық өзара сиымдылығын, жағымды психологиялық (жылы ниеттегі, ашық, т.б.) ортаны қамтамасыз ету;

ә) даярлаушы болады, яғни, модульдің қорытынды (бақылау) бөліміне шығуға даярлайды.

Сондықтан да әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағалар мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болады. Бағалар мен бағалауларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір-біріне, командаға, топқа) береді.

Көріп отырсыздар, оқу модулінің бұл бөлімінде неғұрлым қолданыстағы - бірін-бірі тексеру әдісі. Бұл жерде кейбір оқушы тексеру үшін өзіне қиын, күрделі деңгейдегі жұмысты алып қалуы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда ол жұмыстың орындауының дұрыстығын немесе бұрыстығын бағалай алмайды. Міне, сондықтан мұғалімге дұрыс жауап немес есептің шешу барысы жазылған парақтар дайындап қою қажет. Оларды оқушылар бір-бірінің еңбек нәтижелерін тексергенде және бағалағанда пайдаланды (I деңгей тапсырмаларының жауабын, егер олар қалыптан тыс жауап болса, мұғалім өзі тексереді).

  1. Репродуктивті (қайта жаңғырту) сипатындағы оқыту проблемалық, ізденушілік, зерттеушілік оқытушымен ұштастыры лады.
  2. Негізінен оқушылардың бір-бірінен қатынасына, өзара сөйлесуіне құрылған оқытудың белсенді формалары қолданылады.

Оқыту және дамыту - өзара күрделі қатынастағы процестер. Жоғарыда атап өткеніміздей, баланың көптеген тулғалық психикалық қасиеттері, психологтардың пікірінше, жеке өзіндік өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуінен және ең бастысы, танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға жетелеп енгізбек болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді (яғни, тұлғаны дамытпайды).

Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетуі, психологиялық жайлы (ыңғайлы) орта туғызуы қажет.

К.Роджерстің пікірінше, мұғалім ондай жағдайды жасай алады, тек ол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:

  1. Балаларға әрқашан сенім көрсетуі;
  2. Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектеседі;
  3. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығына мән беруі;
  4. Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
  5. Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рольде болуы;
  6. Өзінде топтың көңіл-күйін сезіну және оны қабылдау қабілетін дамытуы;
  7. Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қатысуы;
  8. Топта өз сезімін ашық білдіруі;
  9. Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылуы;

10.Өз-өзін жақсы білуі тиіс.

В.А.Вялых сабақтарындағы жағымды психологиялық ортаны "жайлы-жайсыз" өлшемімен бағалауды ұсынады (Вялых 1995,113).

Оқудың нәтижелілігі оқу процесінің мына нүктелерінің қайсысында ұйымдастырылғандығына байланысты екені дәлелденген. Солға бағыттаушы, біздің зертеуіміз көрсеткендей, тек осы бағыт қана ізденушілік, зерттеушілік оқытуды қамтамасыз етеді, өйткені іздеу де, зерттеу де тек қана жылы пейілді, ашық ортада; тұлғаның ішкі толық ашылуы мен оқушылардың өзара қатынасы, сөйлесуі негізінде болуы мүмкін.

Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын дамытудың маңызды факторы болып табылады, сондықтан оқу қызметін өзара қатынас жасату арқылы ұйымдастыру оны тек жандандырып қана қоймайды, оқушы тұлғасын дамытуға елеулі ықпал етеді.

Өзара қатынасқа және сөйлеуге құрылған оқыту оқу процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар:

- топтық немесе жеке топтық;

- жұптық;

- ұжымдық;

Оқытудың бұл формалары жалпы немесе құрылымдық деп аталады.

Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары да бар:

- семнар;

- оқу конференциялары;

- топтық пікірталас және т.б.

Оқу процесін жандандыру құралдарының ішінде ойын, ойын арқылы оқыту ерекше орын алады.

Қазіргі уақытта педагогикада оқыту мен ойынды топтастыруға қадам жасалынуда, тіпті бұл жерде сөз еңбек негізінде оларды қосу туралы болып отыр.

С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М.Тюнниковалардың пікірінше, оқу және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада: оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша -оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрі тек толықтыру болып табылады.

Оқу ойыны - бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей 4-11 сынып оқушыларын оқыту процесінде оқу ойындарын қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.

"Біз"ойындарды оқу модулінің сөйлеу бөлімінде қолдануға баса назар аудардық, мұнда негізінен оқыту үйрету ойындары пайдаланылады, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады" деп көрсетеді М.М.Жанпейісова.

Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады.

Ескерту:

Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны бала үйінде, сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған оқушыға өзін өзі тексеруі үшін жауап үлгілерін беруге немесе мұғалімнің өзінің, не болмаса осы сынып оқушыларының ішінен кеңесші оқушының тексеруіне болады. Тек содан кейін ғана оқу модулінің қорытынды бөлімінің тапсырмалары беріледі, оның орындалуын мұғалім өз бақылауын алады.

Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі.

Бұл бөлім тарауды жнемесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі (рефлекциялық - бағалау кезеңі).

Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.

Нақ осы бөлімде оқушылар өз қызметін талдайды, яғни баға алады, бұл соңында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды.

Оқу биодулінің қорытынды бөлімінде бақылаудың түрлері бар.

Біріншісі - міндетті - тестілеу

Екіншісі - мұғалімнің өз таңдауы бойынша (пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшелігіне орай) - сынақ, бақылау жұмысы, диктант.

Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес.

Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестілеу оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады, бұл аса маңызды. Сонымен қатар тестілеу тулғаның психологиялық қорғануын қамтамасыз етеді, ішкі кедергілерін жояды, әйткені бақылаушымен (мұғаліммен) қатынас жанама түрде жүреді. Бұл осындай бақылау түрінің жағымды жағы. Алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ берілу мүмкіндігі бар.

Қорыта келе, біз тестілеуді бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп есептейміз. Оның мақсаты:

а) білім деңгейін әділ бағалау;

э) бағасын жақсартуға (жоғарырақ балл алуға) мүмкіндік беру.

Қалай айтқанмен, егер бақылаудың бір түрінен нашар баға алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді.

Тестілеуден жақсы өткен оқушы келесі бақылаудан (немесе керісінше) нашар баға алса да, оның қорытынды бағасының нашар болмауына мүмкіндік бар екенін атап өткен жөн.

Пәннің өзіндік ерекшелігіне орай тапсырмалар жазбаша немесе ауызша сипатта (болмаса, олардың қосылған түрінде) болуы мүмкін. Бақылаудың бұл негізгі екі түрінен басқа:

- бақылау жұмысын;

- диктант;

- семинар;

- оқу (пән) конференциясын жүргізуге болады. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тұтас модуль бойынша бағалағанда, нақты осы бағалар есептеледі. Солардан оқушыға жалпы тақырып (тарау, блок) бойынша ортақ баға қойылады.

Зерттеушілік сипаттағы тасырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушылардың ғылыми қоғамына (ОҒҚ), конкурстарға және т.с.с. (оқушы жүргізген зертеудің құндылық және мәнділік дәрежесіне қарай) ұсынылуы мүмкін.

Тоқсандық қорытынды баға әрбір оқу модулінің бағалары нәтижесінде қойылады. (әдетте оқу тоқсанында 2-3 модуль болады).

Оқу моділін даярлау технологиясы.

I кезең - мұғалімнің модульді даярлауы

  1. Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне (тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптар блогіне) бөлу.
  2. Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы ' нені біліп, үйренуі тиіс).
  3. Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыру.
  4. Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба -конспект құрастыр.
  5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер -диагностикалық (тексеру) және бақылау (қорытынды) жұмыстарын әзірлеу.
  6. Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.

Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары.

Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай). Олар:

  • визуалдық лекция, мұнда тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде - сурет, сулба, сызбалармен берілген;
  • лекция - консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып беріледі;
  • лекция - өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
  • проблемалық лекция, мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалар ұсынылады.

Лекция нақты ойластырылып, қисынды түрде және бірізділікпен, түйінін және қорытындысын шығара отырып, түсінікті және айқын тілмен баяндалғанда; әртүрлі көрнекілік және техникалық құралдар пайдаланылғанда; міндетті түрде жызылып, соңында негізгі ұғымдары мен сәттерін айқындайтын қорытынды әңгімелесу жүрізілгенде ғана неғұрлым нәтижелі болады.

II кезең - мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы.

  1. Сәйлесу белімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу.
  2. Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу материалын оқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу.
  3. Әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар (Блум таксономисына сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін (есептер мен мысалдардың шешімін және т.б.) дайындау.
  4. Әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар бастыру (көбейту)

Үш деңгейлік тапсырмалар дайындағанда сөйлесу бөлімінде оқу материалын пысықтап, жұмыс істеу үшін біз мұғалімдерге Б.Блумның таксономиясын ұсындық.

III кезең - ("жеңілдетілген") деңгей тапсырмалары тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді.

Олар шамамен мынадай түрде беріледі.

Білу

Түсіну

... атаңыз

Сөйлемді аяқтаңыз ...

... қай жылы болды

Не білдіңіз ...

... қайда болды

Неге ...

... формуласын жазыңыз

Толықтырыңыз ...

... атап көрсетіңіз

өзара байланысын түсіндіріңыз ...

 

әз сөздеріңізбен айтыңыз

II деңгей (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай) тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді де, төмендегідей құрылады:

Қолдану

Таңдау

қолдану мақсатында түсіндіріңіздер ... үй есебін бірнеше тәсілмен шешіңіз ... осы құбылысты қандай теория түсіндіреді ...

...құрылымы қандай

... топтастырыңыз

 ... салдары не

берілген гипотезаны тексеріңіз ...

 қорытындылар ...

...салыстырыңыз

...себебін талдаңыз

I деңгейдегі жоғары күрделілік дәрежесіндегі ("стандарттан жоғары") тапсырмалар алған білімді топтау бағалау деңгейіне бағытталған:

Топтау

Бағалау

өз шешіміңізді табыңыз ...

қисынды ойды бағалаңыз ...

Алгоритмді ұсыныңыз ...

жетістіктерін айтыңыз ...

баламасын табыңыз ...

критерийлерін көрсетіңіз ...

бөліктерден құраңыз ...

... сәйкес келе ме

Түсініктемесі қандай ...

... туралы не ойлайсыз

жүйелестіріңіз ...

... қаншалықты дүрыс

зерттеңіз ...

қорытынды жасаңыз ...

 

III кезең - қорытынды (бағалау) бөлімі

Оқушылар бөлімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болуы үшін бақылаудың 2-3 түрін даярлау.

Бақылау формалары

Тестілеу

Мұғалімнің таңдауына

• толықтыруды қажет

ететін тестілер

• еске салушы тест

• сынақ

• релелік сынақ

• бақылау жұмысы

• балама жауаптары бар

Тестілер

• таңдамалы тест

• сәйкестілік тесті

• реттік бірізділікке

берілген тест

• құрама тест

• диктант, шығарма,

мазмұндама

• оқу пәні бойынша

конференция

• семинар

Модуль бойынша қорытынды баға шығару

 

Модульдік оқыту технологиясыныц оқушыларды және олардың білім деңгейін дамытуга ьқпалы.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқыту технологиясының ұсынылып отырған нұсқасын құруда біз оқушыларды дамытуға баса көңіл аудардық.

Біздің ойымызша, бұл технология:

  • оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
  • танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытуға;
  • оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
  • белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға;
  • тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Ұсынылып отырған технологияны түрлі үлгідегі мектептерде (жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде), қалалық және ауылдық жерлерде қолдану бағдарламалық материалды "жақсы" және "өте жақсыға" меңгерген оқушылардың саны едәуір артқанын көрсетті.

Алайда бұған мұғалімдердің осы технологияны қолданғанынан бергі үшінші жылдың соңына қарай ғана қол жеткенін атап өткіміз келеді.

Зерттеулер мұндай феноменнің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл технологиямен жұмыс бастаған алғашқы жылы мұғалім сабақтардың құрылымын, формасын және мазмұнын өзгертеді. Көп жағдайда мұғалім оқу процесін басқарып қана, оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастырады. Мұғалімге оқушылардың белсенді оқу қызметін ұйымдастыру формаларын мұқият ойлап, әзірлеуге тура келеді. Ұйымдастырушы, кеңесші, "фасилитатор" роліне көшу мұғалімнен өзінің сана-сезімін, оқушыларға қатынасын, эмоциялық және ақыл ой қуатын қайта құруды талап етеді.

Сөйтіп, алғашқы жыл жаңа тәсілдерді сынауға арналған; оны жаңа бастаған мұғалім ойға алғанының бәрі іске аспағандықтан, көбінесе ыңғайсыз, қанағаттанбаушылық сезімде болады. Кейде мұғалімнің сасып-салбырауы, шарасыздығы байқалады, ал бұл оқушылар назарынан тыс қалмайды. Сабақтағы мұғалімнің мазасыз жай-күйі, балалардың өздеріне тосын жаңа ойындарды сынақтан өткізу барысындағы айқай-шуы, соның салдарынан біздің уақытты өткізіп алу осы кезеңде оқушылардың білім деңгейін біршама төмендетеді.

Технологияны қолданудың екінші жылы оқу процесі біршама тұрақтыландырылады. Мұғалім мен оқушы өздерін нық сезініп, өз күштеріне сене бастайды. Ендігі таныс болып алған оқыта үйрету ойындары (сабақтарда олардың тек мазмұны ғана өзгереді) мұғалімнің оларды жүргізу ережесін түсіндіруге кететін уақытын үнемдейді. Оқушылар үнемі өзара сөйлесіп, өзара қатынаста болуға әбден төселеді, бұл олардың өз ойларын дұрыс қиыстырып, сыртқа еркін шығарып айтуына мүмкіндік береді.

Үшінші жыл көптеген оқушыларда пәнге тұрақты қызығушылық пайда болуынан сипатталады. Бұл кезеңде оқушылар оқу процесін осылайша ұйымдастырудың артықшылықтарын түйсіне бастайды, өйткені үй тапсырмасының көлемі азаяды, оқу материалы есте жақсы сақталады, оқушының сөйлеу тілі, қисынды ойлауы дамиды, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады, өзін таныту мүмкіндігі пайда болады және т.с.с.

Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының (олардың негізгі мазмұны - оқу материалы) артықшылығын көреді. Оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралу, бір күрделілік деңгейінен екіншісіне қиындықсыз өту оқу модулінің соңында біршама жоғары және оларда оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді.

Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, бұл олардың интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Көсемдік (лидерлік) қабілеттері бар оқушылар "кеңесшілер" немесе "жүргізушілер" рольдері арқылы өздерін танытады. Бұл тек олардың бағдарламалық материалды басқа оқушыларға қарағанда тезірек орындағанында ғана мүмкін болады. Үшінші жылдың соңына қарай біз бағдарламалық материалды "жақсы" және "өте жақсы" меңгерген оқушылар санының тұрақты түрде артқанын байқадық. Оның үстіне мұғалім оларға қойылатын талаптар деңгейін төмендетпейді.

Жоғарғы орындар тарапынан жүргізілген әртүрлі бақылау сынақтары, тестілік тексерулер біздің эксперимент барысында алған мәліметтерімізді қуаттады.

Эксперимент көрсеткендей, үш жыл бойына осы технологияны игерген мұғалімдер кез келген даярлық деңгейіндегі оқушылардан тұратын сыныптарда оқу процесін нәтижелі, тиімді ұйымдастыра алады.

Бұл технологияның жан-жақтылығы - оны жоғары, орташа, төмен білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істеуде гимназиялық, лицей сыныптарында да. Жалпы білім беретін мектептерде де (қалалық немесе ауылдық) қолдануға болатындығы.

Айырмашылығы тек бағдарламалық материалды меңгерудің түрлі деңгейлерін жұмыс істейтін оқушылар санының әртүрлі болатындығында. Зерттеулер көрсеткендей, гимназиялық және лицей сыныптарында оқушылардың көпшілігі II және I деңгей тапсырмаларын таңдап, оны жақсы орындайды. Білім деңгейі орташа сыныптарда - III, II, тек кейде ғана I деңгей тапсырмалары таңдалады.

Білім деңгейі төмен оқушылар әдетте III деңгей ("жеңілдетілген" стандарт) тапсырмалармен жұмыс істеуден бастайды.

Алайда тәжірибелік - сынақ жұмысы осы технология бойынша бір сыныпта төрт жыл бойына жұмыс істегенде, оны неғұрлым жоғарырақ білім деңгейіне ауыстыруға мүмкіндік беретінін айқындайды. Технологияны қолдану аудандық және облыстық олимпиада жүлдегерлері және Қазастан Республикасының Кіші ғылым академиясы ұйымдастырған конкурстардың, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздары болған оқушылар санын арттыруға мүмкіндік береді.

Әсіресе тарихты, географияны, биологияны, әдебиетті, химияны, азаматтануды, "Дүниетану" курсын (3-4 сыныптарда), орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін басқа бірқатар пәндерді оқытуда модульдік технологияны қолдану неғұрлым нәтижелі болды.


Модулъдік оқыту – оқушылардың  білім сапасын арттыруда

Оқыту әдістерінің біреулері оқушыны белсенді ақыл-ой ізденістеріне ынталандырып, ойлау қабілетінің дамуына әкелсе, кейбіреуі жаттанды жаттығуларды талап етеді және есте сақтау қабілеті мен дағдының дамуына ықпал ете алмайды. Сондықтан модульдің әр бөлігін тиімді ұйымдастыратын, оларды дидактикалық мақсаттар мен оқу материалының мазмұнына сай ететін, сабақ үстінде оқушының белсенділігін арттырып, ақыл-ойын дамытатын әдістер кеңінен қолданылады.

Педагогика теориясы мен әдістемесі ғылымның негізгі мәселесінің бірі - оқушылардың танымдық деңгейлерін көтеру және оған жету жолын тиімді ұйымдастыру.

Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және оны жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Осы орайда оқыту үрдісінің жаңа технологияларының бірі - пәндерді модульді жүйе бойынша оқыту, ол өзінің тиімділігін көрсетуде. Модульді жүйемен оқытудың тиімділігі:

- тақырып ішіндегі оқу материалының дұрыс және жүйелі бөлінуі;

- білім алу тәсілдерін үздіксіз және жүйелі үйрету;

- оқу материалының игерілу сапасын, тереңдігін бірнеше рет бақылау мен негіздеу.

Модульді оқыту оқушының өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульді сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпаратын беретін: оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызбанұсқалар, суретті иллюстрациялар, техникалық жабдықтар, ауызша құралдар пайдалуға болады. Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әртүрлі бақылауларды қолданады. Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. Осылар арқылы білім олқылықтары, модульді игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз мүмкіндігінше білім алады.

Модульді жүйемен оқыту нәтижесі сабақта әр түрлі әдістерді шебер (пайдалануға) байланыстыруға және қажетті әдісті керек уақытында қолдана білуге тәуелді. Бұл үшін тек жалықпай іздену керек, сонда ғана жұмыс өз нәтижесін берері анық. Осы тұрғыда 9-сыныпта биологиядан "Асқорту" және "Секреция бездері" тарауына модульді жүйемен оқытудың жоспарын ұсынып отырмын.

"Асқорту" тарауына арналған модулъді жүйе

Білімі

Сабақтың

саны

Сабақтың мазмұны

Уақыт

Кіріспе

1-сабақ

1. Азық-түлік және кенеулі заттар.

2. Асқорыту мүшелері

3. Мүшелерде астың қорытылуы

4. Тамақтану гигиенасы

5. Ішек-қарын аурудың алдын алу.

6. Ұлттық тағамдардың маңызы

7. Қорытындылау

5 мин

5 мин

5 мин

5 мин

10 мин

10 мин

5 мин

Диалог

2-сабақ

"Семинарлық сабақ" оқыта үйрету

ойыны

45 мин

3-сабақ

"Сиқырлы сандықша" оқыта үйрету

ойыны

45 мин

Қорытынды

4-сабақ

Тест

45 мин

5-сабақ

Сынақ-ашық сабақ

45 мин

 

Асқорыту жүйесіне арналған модульдеу сабағына мынандай мақсат қойылды.

Танымдық. Оқушыларға асқорыту мүшелерінің, тістің құрылысы, мүшелерде астың қортылуы, ішек-қарын аурулары. Олардан сақтану, ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалы әсерін оқып-үйрету.

Дамыту. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік. Тісті күту, тіс, ішек-қарын ауруларының алдын алу және тамақтану шегі, реті туралы гигиеналық тәрбие беру.

Асқорыту жүйесінің І-кіріспе бөлімі оқушыларға сызба-нұсқаулар, т.б. көрнекіліктер бойынша сабақты түсіндірумен өтеді.

І. Кіріспе бөлімінде

Асқорыту жүйесі

  1. Азық - түлік тағамдық заттар

Тағам - энергия, құрылыс материалы

Ас - адамның арқауы.

Темекінің асқорыту жүйелеріпе тигізетін зияны:

  1. Темекі тәбетті қайтарады.
  2. Асқорытуды қиындатады.
  3. Тісті сарғайтады, ауызды сасытады.
  4. Асқазанда жара пайда болады.
  5. Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
  6. Асқазанда қышқыл сұйығын арттырады, қабыну мен жараға себеп болады.

 

Арақтың асқорыту жүйелеріне тигізетін зияны:

  1. Асқорыту жүйесіндегі қалыпсыздық;
  2. Ауыз рагы;
  3. Өңеш қабынуы;
  4. Өңеш рагы;

 

 

Бұдан соң модульді жүйе бойынша негізгі бөлімі және қорытынды бөлімі бойынша сабақтар жүйелі түрде жалғаса береді.

 

ІІ. Негізгі бөлімі немесе диалог

Бұл бөлімге де 45 минут берілді. Осы сабақты ойын түрінде өткізу өте тиімді. Бұған мысал ретінде мен "семинарлық сабақ" пен "Сиқырлы сандықша" оқыта үйрету ойынын ұсынып отырмын.

 

"Семинарлық сабақ"

Даярлық бөлімі.

Жүргізуші - мұғалім оқушыларға семинарлық сабақ туралы бірнеше күн бұрын айтып, тақырыбын, яғни осы "Асқорыту" тарауындағы кез-келген тақырыбын, сұрақтарын береді. Оқушылар тақырып бойынша қосымша материалдар дайындайды, мерзімді баспасөзді оқиды, алынған ақпаратты талдайды.

Ойын бөлімі.

Жүргізуші тақырыпты жариялайды, кіріспе сөз сөйлейді, рет-ретімен сұрақтарды жариялайды. Оқушылар баяндама жасап, өз орындарынан баяндамашылардың жауабын толықтырып отырады. Семинар барысында әрбір оқушының қанша балл жинағанын жүргізуші анықтайды.

Семинарлық сабақтың соңында жүргізуші ақырғы сөзбен шығып, қорытынды жасайды. Әрбір оқушының ұпай санын есептейді. Алғыс айтады.

Бұл ойын түрде өтілген сабақ тек диалог бөліміндегі 1-сабағы ғана. Келесі сабаққа да 45 минут беріліп, "Сиқырлы сандықша" деп аталатын оқыта үйрету ойыны өтеді. Бұл ойынның жалпы мазмұны төмендегідей.

 

"Сиқырлы сандықша"

Мұғалім үлестірме материалдарын даярлайды: 5 балл, 4 балл және 1 балл көрсетілген карточкалар.

"Сиқырлы сандықша" сұрақтармен (билеттермен) толтырылады, олардың саны оқушылар санынан артық болады. Сұрақтар алдында өтілген тақырыпқа құрылуы, бірнеше тақырыпты, әртүрлі талдау тақырыбын қамтуы мүмкін.

Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, 1-5 баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады (берілген ақпараттың мәнділігіне қарай).

Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес I, II, III орындарды анықтайды.

Ойын барлық оқушылардың тақырып бойынша алған білімін айқындауға, оқушыларды жандандыруға мүмкіндік береді, алдағы сөйлеген балалардың жауабын тыңдауға мәжбүр етеді. "4", "5", "3" және "2" бағалары қойылу үшін қанша балл жиналуы тиіс екенін мұғалімнің алдын-ала айтып қоюына болады. Ең бастысы - осы теориялық материал бойынша "білгірлерді" айқындау, тек сонда ғана сандықша "сиқырлы" бола алады.

Бұдан соң қорытынды бөліміне кезек беріледі, яғни 4-сабақ "Тест" түрінде өтеді.

Т е с т

  1. Тоқ ішектің бастапқы бөлігі қайсысы:

а) соқыр ішек; б) ащы ішек; г) өңеш ?

ә) тік ішек; в) ұйқы безі;

  1. Липаза ферменті қай ортада әсерлі:

а) сілтілі; б) әлсіз қышқыл; г) күшті сілті ?

ә) бейтарап; в) әлсіз сілті;

  1. Асқорыту жүйесінде өт бөлініп шығатын қай мүше:

а) бауыр; б) тік ішек; г) өңеш ?

ә) тоқ ішек; в) ұлтабар ұшы;

  1. Асқорыту жүйесі ұрықтың қай қабатынан дамыған

а) эктодерма; б) мезрдерма?

ә) эндодерма;

  1. Қарынға тамақ әкелетін қай мүше?

а) бауыр; б) өңеш; г) тік ішек ?

ә) тоқ ішек; в) ұйқы безі;

  1. Ішектің жиырылу маңызы;

а) асты жылжыту; б) асты тоқтату;

ә) асты өткізу; в) асты қорыту ?

  1. Липаза қандай затты ыдыратады?

а) ақуызды; б) майды; г) қышқылды ?

ә) көмірсуды; в) өттегені;

  1. Ауыз қуысындағы бездер:

а) жас безі; б) сілекей бездері;

ә) асқорыту бездері; в) ұйқы безі?

  1. Ішекте түзіліп, лимфа жүйесіне сіңетін органикалық зат:

а) глицерин; б) аминқышқылдар; г) майлар ?

ә) глюкоза; в) майлы қышқылдар;

10.Жасушаның (клетчатка) қай мүшеде ыдырайды:

а) асқазан; б) тоқ ішекте; г) бауырда ?

ә) аш ішекте; в) ұйқы безінде;

11.Асқорыту физиологиясын зерттеген ғалым:

а) И.М.Сеченов; б) И.П.Павлов; г) К.Линей.

ә) С.П.Боткин; в) Ч.Дарвин;

  1. Асқорыту мүшелерінің кеңейтілген бөлігі:

а) жұтқыншақ; б) өңеш; г) аш ішек ?

ә) қарын; в) тоқ ішек;

  1. Су қай мүшеде сіңеді:

а) асқазанда; б) тоқ ішекте; г) ұлтабар ұшында ?

ә) аш ішекте; в) қарында;

  1. 14. Бауырдың салмағы:

а) 2000г; б) 1500г; г) 3000 г ?

ә) 2500г; в) 1000г;

  1. Кенеулі заттар бүкіл денеге не арқылы таралады:

а) аш ішек; б) тоқ ішек; г) лимфа мен қан ?

ә) соқыр ішек; в) тамыр;

Дұрыс жауаптары.

1.а                9. г

  1. а 10. б

3.а                11. б

4.б                12. ә

5.б                13. б

  1. а, ә, б 14. б
  2. б 15 г
  3. б

Қорытынды бөлімнің 5-сабағы "сынақ-ашық сабақ" түрінде өтеді. Бұл ашық сабақ оқушылардың бұл жалпы тарауды қалай меңгергендігін көрсетеді.

Ашық сабақтың тақырыбы:

"Ас тұрған жерде ауру тұрмайды"

"Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір сүрейік!"

Бұл сабақ оқушыларға жұмбақ жасырумен басталады.

Қос шауып келі бар,                         Қорек қорабы бар,

Екі алып келі бар,                             Тағы, тағы

Қос жол көргіші бар                        Тоқсан жол торабы бар,

Екі үн сезгіші бар,                            Шешеді бұл жұмбақты

Жалғыз мол асары бар,                    Талпынған талабы бар

Күнде қағары бар,                            Бұл кім?

Ауа соғары бар,                                (Адам)

 

Қазіргі кезде біздің елде адам өмірінің орташа ұзақтығы - 65 жыл. Кейінгі жылдары одан да қысқарып келеді. Оған себеп - спирт ішімдіктері, темекі, есірткілерді пайдалану. Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: "Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысқанымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған".

Мына өлеңдегі шыныққан бала барлығымызға үлгі боларлықтай.

Аяз ба әлде аптап па,                        Гимнастика жасаймын

Мен үшін мұның бәрі бір                 Таңертең тастай суменен

Ауырып сірә көргем жоқ                 Рахаттанып шомылу

Шынықтырып денемді                     Әдетімді қоймаймын.

 

Осылай шынығу әркімнің ақ қолынан келеді. Денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруге әрқайсымыздың мүмкіндігіміз де, еркіндігіміз де жетеді.

Практикалық тапсырма.

Суретті қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Ұлтабар ұшы қай ішектің бөлімі?
  2. Өт жолы қайда ашылады?
  3. Бауырдың негізгі қызметі қандай?
  4. Мына заттар қайда жасақталады?

Инсульт, ет, глюкен, билирубин, секретин

Эксперименттік тапсырма

Пробиркаға жартылай қыздырылған тауық жұмыртқасының ақуызын салып, үстіне қарын сөлін құйыңыз. Оны температурасы 38-39°С жылы суға орналастырыңыз.

20-30 минуттан кейін ақуыз іркілдегі жойылады. Осы құбылысты түсіндіріңіз.

Рольдік ойын "Дәрігерлер сөйлейді"

Стоматолог тіс аурулары туралы айтты. Қанжал (парадонтоз), тісжегі (кариес) және периодонтит. Қанжал қызылиектің қабынуы, тіс гигиенасын сақтамағанда, суық тигенде болады. Тісжегі - тістің кіреуке қабатының бүлінуі. Периодондит - тіс түбірінің қабынуы. Мұндайда ауызда жағымсыз иіс сезіледі, қызылиектен ірің шығады, асқынған жағдайда жақ сүйегі шіруі мүмкін. Онда қан уланып, адамның өліп кетуі де мүмкін. Бұл аурудан сақтану жолы - тіс гигиенасын сақтау.

Эндокринолог өт жолының сырқатын әңгімеледі. Өт қабынуының жедел және созылмалы 2 түрі кездеседі. Жедел түрінде кенеттен оң жақ қабырғаның асты шаншып, сыздап, аурудың белгісі асқазан тұсынан оң иық, оң жауырыннан білінеді. Ал созылмалы түрінде бауырдың тұсы сыздап, ауызға қышқыл дәм келіп, тіл құрғап, әлсіздік білінеді, дене қызады, ұйқы бұзылады. Бұл ауруда дұрыс тамақтану маңызды. Жеміс-жидек, есімдік тағамдарын, ұлттық тағамдарды пайдаланған жөн.

Терапевт ішек-қарын аурулары туралы айтты. Бұл ауруды кір қолдың ауруы деп атайды. Қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған жеміс, көкөністен, шала піскен ет, балықтан, лас ыдыстан микробтар арқылы жұғады. Микроб ішке көбейіп, у бөледі, ағзаны уландырады. Тышқақ, іш сүзегі, тырысқақ - өте қауіпті ішек аурулары. Белгілері: адам жылдам шаршайды, басы аурып, жүрегі айнып құсады, қаны азаяды. Алдын алу шаралары: жеке бас гигиенасын сақтау, ас ішерде қолды сабындап жуу, ас бөлмені, төсек орынды, киім кешекті таза ұстап, қайнаған су ішіп, жемісті үнемі жуып, шала піскен ет, балықты қолданбау.

Онколог асқазанның ішек жарасына тоқталады. Бұл аурудың белгісі - іштің ауыруы. Іш тамақ ішкеннен кейін не түнде ауырады. Ойық жара жүйкеге тіке байланысты. Шамадан артық тітіркену, ашуланғанда, ренжігенде, қайғыланғанда, жәбірленгенде жиі кездеседі. Асқазанында жарасы бар адамдарға рұқсат етілетін тағамдар: нан, сүт, сүткөже, кеспе, шала пісірілген жұмыртқа, қаймақ, жас ірімшік, асылған немесе буға бұқтырылған майсыз сыр, тауық еттері, бауыр, тіл.

Нарколог. Шылым-асқазан жарасының себепшісі. Әр тартылған темекіден кейін асқазанда гастриттің белгілері пайда болады. Қарын сөлінің қышқылдығы өзгереді. Осыған қарай шылым шегетіндер шылым шегуден қарын ашпайды деп есептейді. Асқазанға никотинмен бірге енген канцерогендік заттар қатерлі ісік пайда болуына әкеледі. Асқазанның кілегей қабықшасы мен аш ішекте жара пайда болады. Бауырдың цирроз (қыртыстану), өт жолдарының қозғалысы бұзылады, өт тарамай тұрып қалады. Алкоголь - өте жылдам әсер ететін улы зат. Ол қанға өтіп, онымен бүкіл ағзаға тарап, уландырады. Спиртті ішімдік қарынның сілекей қабықшасын және басқа асқорыту мүшелерін тітіркендіреді. Үнемі тітіркенуден асқорыту мүшелері қабынады, жара және рак ауруына шалдықтырады. Бауырдың жұмысына әсер етеді. Оның әсерінен бауырдың жасушалары май жасушаларымен орын алмасады. Сөйтіп бауырды серозит ауруына шылдықтырады.

Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтудан биологиялық эстафета ұйымдастырылады.

"Шайнап берген ас - ас болмайды", "Тазалық - денсаулық, денсаулық - байлық", "Өлмеген адам алтын ыдыстан ас ішеді", "Ауру астан, дау қарындастан", "Ішің ауырса, аузыңды тый, көзің ауырса, қолыңды тый", "Өзі тоймастың көзі тоймас", "Таңғы асты өзің іш, түскіні досыңмен бөліп іш, кешкі асты жауыңа бер", "Дені сау адам -табиғаттың ең қымбат жемісі", "Ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл", "Денсаулықты ақсатқаның, өзіңді-өзің қақсатқаның", "Отыз тістің қадірін қақсағанда білерсің", "Тату үйдің тамағы тәтті", "Сыйласқанның суын іш", "Дастарқанда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ", "Өле жегенше, бөле же", "Жаманнан жарты қасық ас қонар", "Ет етке, сорпа бетке", "Досыңның асын қасыңдай іш", "Жылқының еті жасақ, тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді", "Қуыс үйден құр шықпа", "Кісі кірмеген үй көрмен тең, ішілмеген ас умен тең".

Жұмбақтар

  1. Аппақ су-дәмі тәтті, 3. Аппақ сұйық

Ішсең сусын қандырады                   Қалса ұйып

Шөлдегенде қатты (қымыз)             шөлің қанады

Ішсең құйып (айран).

  1. Ең мықты дәрі 4. Әжем уыстап сығып,

Жұрттың бәрі                                   Далаға кептірген

Аңсап ішер                                        Қатты әрі тәтті дәмін

Ненің нәрі? (шұбат)                          Кім бар жеп көрген (құрт)

  1. Мал төлдеп,

Әр ауыл

Пісірді ақ бауыр (уыз)

 

Қазақ ырымдарының қастерлі қасиеттері

  1. Қазақ асқан еттің көбігін екі рет алады. Алдыңғысы қанды көбік, екіншісі ашты көбік деп аталады. Көбігін алмай жеген ет мәкүрік болады, ауру жабысады деп жориды.
  2. Асқа, тойға, мереке - мейрамға бағышталып сойылған малдың еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, басқаларға берілмейді. Қанын итке иіскетпей көміп тастайды. Бұл жақсы тілеу басқаға "оң тілек ит - құсқа жем болмасын" дегені. Сондықтан мұндай кезде ылғи да нысаналы мал сойылады. Дені сау көк қасқа тай, ақ-сары бас қой, атан түйе, атан өгіз, ту бие секілді. Сондай мал сойылған соң қасиеті кетпесін дегені.
  3. Дастархан басында, ас алдында, тамақтанып отырғанда сырттан сәлем беріп кірген кісінің қолын алмайды. Бас изеп, асқа кел деп шақырады жуылмаған қолды сілікпейді. Бұлай істегенде ас сілкінеді, дәм-тұз атады деп қайғырылады.
  4. Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі мұндай ас бұзылады, айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.
  5. Құмыраның, торсықтың аузынан су ішпейді. Қалған суға дем тиеді. Егер ауру адамның демі тисі, кейінгі су ішкен адам ауру болады деп жориды.
  6. Өзен суын төніп, етбетінен жатып ішпейді. Суға кетесің, не су мақұлығы жұтады, не асқазан ауруынан, өңеш қабынуына жолығады деп жориды.
  7. Қазан - ошақты теппейді. Ондай істегенде аяқ дертке шалдығады, кем болады. Қазанның қарасы, ошақтың киесі атады деп есептейді.
  8. Жуған қолды сілікпейді. Қайта сорғалатып барып, орамалмен сүртеді. Жуған қолды сілку-жаман ырым.

Бүйткенде су атасы - Сүлейменнің киесі атады, соның салдарынан бастау көздері бітеді деп жарылады.

  1. Қазақта "жарыс қазан" деген бар. Бір әйел толғатып жатқанда басқа үйдің әйелдері қазанға жеңіл-желпі тамақ салып, оны босанатын әйел бала тапқанша пісіріп үлгеру үшін жарысады. Қазақ ұйғарымында туатын бала "жарыс қазанға" қатысып, піскен тамақтан бұрын жарық дүниеге келуге ұмтылады.
  2. Ас - тамақтан, жел - құздан, иіс - қоқыстан ұшатын адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жазылған адамның бір жері ауырып қалса да сол жерде: "Кет, пәлекет, кет! Ұшық, ұшық" деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып ұшықтап, үйге әкеліп, жылы жауып тастайды.

 

Ұлы ойшылдар не дейді?

- "Ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл"

Мұхаммед пайғамбардың 148 хадисінен

- Артық тамақ шашты ағартып қинайды,

Ал, қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды

Шекспир

- Шақтап жесең, рахат көресің,

Көп құнықсаң кіріптар боп өлесің

Низами

Нан туралы өлең оқылады.

Валеология, химия, ауыз әдебиеті, халықтың педагогикамен байланыстырыла түсіндірілген асқорыту жүйесінің қорытынды бөлімінің ашық сабағында оқушылар жалпы мағлұмат алды.

 

Сыртқы және ішкі секреция бездерінің маңызы. Гормондар.

Бұл тараудың кіріспе бөлімі ауызша баяндау әдісімен блокты сызба - кесте, сызбанұсқалар, биологиялық диктант, т.б. көрнекіліктер бойынша түсіндіріледі.

 

"Секреция бездері" тарауына модульді жүйе

Білімі

Сабақтың

саны

Сабақтың мазмұны

Уақыт

Кіріспе

1-сабақ

Модульдің құрылысымен

таныстыру.

Оқушыларға сабақтың

мақсатын айту, түсіндіру

Сызба - кестелер, сызбанұсқа

бойынша түсіндіру

Ағза - біртұтас құрылым,

"Тәні саудың - жаны сау"

Қорытындылау

"Биологиялық

диктант"

5 мин

 

5 мин

 

 

15 мин

 

10 мин

 

10 мин

Диалог

2 сабақ

"Бас қатырғылар базары" оқыта

үйрету ойыны

45 мин

 

3 сабақ

"Тірек белгілер" оқыта үйрету

ойыны

45 мин

 

4 сабақ

Өзіндік жұмыс

45 мин

Қоры

тынды

5 сабақ

Сынақ сабақ

45 мин

 

Кіріспе біліміндегі сабаққа оқушыларды а) ішкі және сыртқы секреция бездерінің маңызы, гормондар және олардың атқаратын қызметі, олардың әсерінен болатын аурулар түрлерімен таныстыру; ә) оқушылардың биологиялық сөздік қорын байыту, олардың түрлерімен атқаратын қызметі туралы білімдерін дамыту; б) биологиялық дүниетанымын кеңейту, "Тәні саудың - жаны сау" екеніне түсінік беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты қойылды.

 

Сабақтың барысы.

Сабақ үй тапсырмасына қысқаша шолумен басталады. Оқушылар 3 топқа бөлініп, бір біріне сұрақтар қойды.

Жаңа сабақ.

Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің жұмысы. Денедегі физиологиялық құбылыстарды жүйке арқылы және гуморальды жолмен реттейді. Жүйке жүйесі рецепторлар арқылы жұмыс әрекетіне дер кезінде үйлесімділік әсерін тигізеді. Гуморальды реттелу қан құрамындағы заттардың биологиялық пәрменділігі жоғары қосылыстар әсерінен болады.

Денедегі физиологиялық құбылыстарды реттеу (эндокринология)

 

Ағзадағы бездер негізінен сыртқы, ішкі, аралас болып бөлінеді.

 

Секреция бездері

 

  1. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Оған сілекей, қарын, ұйқы безі, ішек бездері, бауыр жатады.
  2. Ішкі скереция бездері деп сөл бөлетін өзектері болмайтын, сөлді тікелей қанға бөлетін бездерді айтады. Оған гипофиз, эпифиз, қалқанша без, тимус, бүйрек безі жатады.
  3. Аралас бездерге ұйқы және жыныс бездері жатады. Гормон ішкі секреция безінен қанға бөлініп шығады және дененің түрлі әрекетін реттейді. Ішкі секреция бездері жүйке арқылы және гуморальды жолмен реттеледі. Гормондар күніне миллиграм мөлшерінде бөлінеді. Олар қозуға және тежелуге әсер етеді. Ішкі секреция бездерінің қызметін жүйке жүйесі басқарады. Бездердің адам өмірінде алатын орны ерекше.

 

Сыртқы және ішкі секреция бездерініц маңызы.

Гормондар

Бездер

Бөлінетін

гормон

Атқаратын қызметі

Олардың эсерінен

болатын аурулар

Ұйқы безі

Инсулин

Көмірсуды сіңіреді (қант,

нан, жарма) қант глюкозаға

айналады.

Аз бөлінсе, қант

диабеті ауруы пайда болады:

а) жебір;

ә) сусамыр

Бүйрек үсті безі:

а) сыртқы

қабат;

ә) ішкі қабат

Адреналин

Жүрек жұмысын

жандандырылады.

а) қоздырады;

ә) зат алмасуды реттейді;

б) энергия, күш, т.б. пайда

болады;

в) көмірсу, ақуыз, май

алмасуын реттейді.

г) сақтамалы энергия түзеді.

Көп бөлінсе, қан

тамырларының

қабырғасы тарылып,

қан қысымын

арттырады.

Қалқанша

без

Тироксин

Судың құрамындағы

тамақтағы йодты сіңіреді.

1. Өсу.

2. Даму.

3. Зат

алмасуды реттейді.

4.

Жүйке жүйесінің қозуына

әсер етеді

1. Аз бөлінсе, йод

жетпесе, өсу, даму

баяулайды, ақыл-

есі кеміп,

кретинизм ауруы

пайда болады.

Таулы жерде көп

болады.

2. Аз бөлінсе,

микседема ауруы -

еске ұстау,

қозғалыс, көңіл-

күйі нашарлайды.

3. Көп бөлінсе,

бақшанкөз ауруы

пайда болады.

Жүрек қатты

соғады, ас бойға

сіңбей, дене қызуы

көбейеді.

Мидың

қосалқы

безі

(гипофиз):

а)алдыңғы;

ә) ортаңғы;

б) артқы

Самото-

тропты

гормон

немесе өсу

гормоны.

Меланофор

Вазопрес син

Зат алмасу, т.б.

Терінің пигмент

жасушаларына әсер етеді.

Ағзада су, натрий, калий

мөлшерін сақтайды.

Балада көп бөлінсе,

алыптық пайда

болады. (2-3 м).

Ересектерде көп

бөлінсе, акромегалия

(иегі, мұрны, саусағы

өсіп кетеді)

Аз бөлінсе

ергежейлі болып

қалады.

Қалқанша

маңы

бездері

Парат

гормон+Д

дәрумені

Денедегі кальций алмасуын

реттейді. Бұлшықет, жүйке

жүйесі қызметін реттейді.

Д дәрумені

жетіспегенде сүйектің

құрамында кальций

болмайтынды да,

оның қаттылық,

мықтылығы

жойылады. Газ

бөлінсе, кальций

ауытқуынан дене

дірілдеп, селкілдеп

ұстама пайда болады.

Көп бөлінсе, іш өтеді, құсады, әлсіздік, енжарлық пайда болады.

Айыршық

без (тимус)

немесе

құғақ безі

Тимозин

гормоны

Дененің өсуі, дамуы

кальцийдің сүйекте

жиналуына себепші

лимфоциттер дамып,

иммунитет пайда болады.

Жетілмей қалса, ақ

қан ауруына шалдығады, аз болса антифис бөлінеді, 2-5

жасқа дейін өмір

сүреді.

Эпифиз  (7,8 жасқа

дейін)

 

Жыныс бездерінің

жұмысын тежейді.

Жұмысы күшейсе,

семіздік ауруы пайда болады.

Жыныс

бездері

Тестосте-рон

Еркек, әйелдердің жыныс

мүшелерінің өсуін, дамуын

реттейді.

а) дауысы;

ә) сыртқы пішіні;

б) жетілуі.

Қыздарда 10-14 жас

Ұлдарда 13-17 жас

Адамдардың қарым-

қатынасы мәдениеті,

көру мүшесінен түскен ақпараттар жыныс безінің қалыпты жұмыс істеуіне әсер

етеді.

 

  1. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі.

Инсулин дене жасушаларының ас құрамындағы көмірсуды сіңіріп отыруын реттейтін гормон. Ас құрамындағы көмірсулар адам ағзасында глюкозаға айналып, денені қоректендіреді. Инсулин жеткіліксіз болса, глюкозаны сіңіре алмай, қант диабеті ауруы пайда болады. Оның екі түрі болады: жебір және сусамыр.

  1. Бүйрек үсті безі. Салмағы 12 г.

Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларға әсер етіп, мүшені қоздырады. Шаршауды, қозуды жояды. Көп бөлінсе, тежеу туғызады.

  1. Қалқанша безі мойынның алдыңғы жағына орналасады.

Ол екі бөліктен тұрады. Судың, тамақтың құрамындағы йодты сіңіріп жинақтайды. Ол дененің өсу, даму, зат алмасуын реттейтін тироксин гормонын бөледі. Қалқанша безінің қызметі бәсеңдеген жағдайда адамның бойы аласа, ақыл-ойы кем болады. Оны кретинизм ауруы дейді. Керісінше көп бөлініп, мөлшерден жоғары болса, бақшаңкөз ауруы пайда болады. Тез шаршайды, қажиды, дене жұмысымен айналыса алмайды.

  1. Мидың қосалқы безі - гипофиз. Салмағы 0,5 - 0,7 г. Алдыңғы бөлігінің бөлетін гормонын өсу немесе саототропты гормон деп атайды. Бұл гормон көп бөлінгенде алыптық (2-3) байқалады. Саусақтары, аяқтары мұрны, иегі, қабағы өсіп үлкейеді. Оны акромегалия деп атайды.

Ортаңғы бөлігі меланофор гормонын бөледі. Бұл пигмент жасушаларына әсер етеді.

Соңғы бөлігі ағзада су және натрий, калийдің мөлшерін сақтауға әсер ететін вазопрессин гормонын бөледі.

  1. Қалқанша маңы бездері паратгормон бөледі. Паратгормон Д дәруменінің қатысуымен денедегі кальций алмасуын реттейді. Д дәрумені жетіспесе, сүйектің құрамында кальций болмайды да, оның қаттылығы, мықтылығы жойылады. Ал кальций көбеюінен ми қыртысының қозуы нашарлайды. Солғындық, енжарлық пайда болады.
  2. Айыршық без (тимус). Дененің өсуіне, дамуына әсер тигізеді. Ол кальцийдің сүйекте жиналуына себепші болады. Айыршық без тимозин гормонын бөледі. Қанда лимфоциттер дамып, иммундық реакция жүреді. Лейкоциттер аз болса, антидене болмайды.
  3. Эпифиз ми аралығында орналасып, адамның 7-8 жасына дейін ғана қызмет етеді. Ішкі секреция қызметі нашарлағанда жыныс бездері мезгілсіз жетіліп, мұрт шығады. Жұмысы күшейгенде, семіздікке душар етеді.
  4. Жыныс бездері жыныс мүшелерінің өсіп дамуына, олардың қызметін реттейді. Жыныс белгілері екі түрлі болады.
  5. Ұл: XV хромосома. 2. Қыз: XX хромосома

Ол дененің өсуі мен дамуына әсер ететін тестостерон гормонын бөледі. Ұл балалар мен қыз балалар жыныстық жетілуіне қарай ерекшеленеді.

Жыныс бездерінің гормондары май алмасуын реттейді. Ішкі секреция бездері өзара тығыз байланысты. Медицина ғылымның ішкі секреция бездерінің ауруларын зертейтін, оны емдейтін саласын эндокринология дейді.

Адамның жетілген құралы - сөз. Сөзбен адамды қуантуға да, жылытуға да, жанын жаралап ашуландыруға да, тіпті ауруынан айықтыруға да болады.

Оған мына мәтелдер мысал бола алады: "Жақсы сөз жан азығы", "Бір жақсы сөз бітірер мың қайғының жарасын", "Сөз сүйектен өтеді", "Кей сөзден адам сауығыр, кей сөзден адам ауырар".

Сыпайы, биязы сөйлеп, дауыс көтермеу - мәдениеттіліктің бір белгісі. Жылы сөз, шат күлкі жанға жайлы тиеді, бойға қан жүгіртеді, денеге сергектік әкеледі, адамды ажарландыра түседі.

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімін бекіту мақсатында мынадай биологиялық диктант алынды.

Биологиялық диктант.

  1. Мүшелерінің және мүшелер жүйелерінің жұмысы ... арқылы және ... жолмен реттеледі.
  2. Бездер ... ге бөлінеді: а) ... бездері; ә) ... бездері.
  3. Гормон деп ішкі секреция бездерінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін.........атайды.
  4. Ұйқы безі ... гормонын бөледі.
  5. Бүйрек үсті безі ... гормонын бөледі.
  6. Қалқанша без ... гормонын бөледі.
  7. Қалқанша маңы бездері ... бөледі.
  8. Паратгормон денедегі ... алмасуын реттейді.

Жаңа тақырып мазмұнын кесте, сызбанұсқа түрінде көрсету тиімді. Сонда жаңа сабақ көру, салыстыру, қорытындылау арқылы оқушы жадында оңай сақталады.

Негізгі бөліміне берілген 2 - сабақта ойын түрінде өтеді. Диалог бөлімінің 1 - сабағы, яғни жоспар бойынша өтілетін 2 - сабақ "Бас қатырғылар базары" деп аталады.

Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хропологиялық лото, викториналар, құпия сөздер және т.с.с. құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жеке де, ұжыммен де жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықты, картаны, көмекші және құжаттық материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер, тапқырларды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды да атап өтеді.

Бұл оқыта үйрету ойындарына 45 минуттан беріледі. Келесі сабақтың тақырыбы: "Тірек белгілер".

Мәтінді оқимыз, неғұрлым жақсы түсінуге тырысамыз, мәтінді конспектілейміз. Конспектілерде сөздер мен сөйлемдер болмауы керек. Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен (сөздерді мүлдем қолданбауға тырысамыз) береміз. Мәтінді бөліктермен бейнелеуге болады.

Сызбаларды кезекпен көрсетіп, түсіндіреміз, ал басқалары оны бағалап, озық ойыншыны таңдайды. Бейнелеудің ерекше шешім тапқан бірегейлігін есептейміз.

Жүргізуші жеңімпазды құттықтайды. Ойын аяқталады.

Диалог бөлімінің 4 - сабағы өзіндік жұмыс, яғни тестпен жалғасады. Бұл сабаққа да 45 минут өтеді.

Секреция бездері

  1. Қай бездер ішкі секреция бездеріне жатпайды;

а) гипофиз; ә) қалқанша без; б) жыныс безі; в) асқазан бездері?

  1. Қандай гормонның әсерінен адамның бойы шамадан тыс ұзарады:

а) инсулин; ә) адреналин; б) гипофиз гормоны; в) қарын сөлі?

  1. Аралас секрециялық бездерге қандай без жатады:

а) бүйрек безі; ә) ұйқы және жыныс бездері;

б) қалқанша безі; в) төменгі және жоғарғы қосалқы без?

  1. Ер балалардың жыныстық белгілерінің дамуына қай гормон әсер етеді:

а) фолликулин; ә) тестерон;

б) тироксин; в) инсулин?

  1. Фолликулиннің негізгі әсері:

а) ағзаның өсуі; ә) ұрықтың жетілуі;

б) қан қысымын қалыпты жағдайда үстау;

в) электрометтердің алмасуын реттеу ?

  1. Ішкі секреция бездері қалай реттеледі?

а) жүйке және гуморальды жолмен;

ә) гормондармен; б) сыртқы секреция бездермен;

в) қан тамырлары және жүйкемен?

  1. Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатпайды:

а) сілекей; ә) бауыр;

б) бүйрек үсті безі; в) асқорыту бездері?

  1. Кретинизм ауруы қай бездің қызметіне байланысты:

а) қалқанша маңы безі; ә) үйқы безі;

б) бүйрек үсті безі; в) қалқанша безі?

  1. Терінің түсі және оның секпілденуі қай гормонға байланысты:

а) меланофор; ә) возопрессин;

б) тироксин; в) дұрыс жауабы жоқ ?

  1. 10. Сыртқа секреция безінің ішкі секреция безінен айырмашылығы:

а) оның өзектері жоқ; ә) сөлді өзектері арқылы қанға бөледі;

б) сөл бөліп шығаратын өзектері бар; в) сөл бөлмейді;

11.Айыршық без қандай гормон бөледі:

а) тимозин; ә) тироксин;

б) кортикотропты; в) тестерон?

12.Ағзадағы гормонның түзілуіне не әсер етеді?

а) тағам; ә) жарық; б) ауа; в) ағзаның өзі?

  1. 13. Акромегалия ауруы қай бездің қызметінің өзгеруіне байланысты:

а) қалқанша; ә) гипофиз; б) бүйрек үсті; в) эпифиз?

  1. Адреналин бүйрек үсті безінің қай қабатында бөлінеді:

а) қыртысты қабат; ә) ми қабат;

б) бұдырлы қабат; в) орталық қабат?

  1. Қай без ми аралығында орналасады:

а) эпифиз; ә) айыршық без;

б) қалқанша без; в) бүйрек үсті безі?

Жауаптары:

1.в                         9. а

  1. б 10. б
  2. ә 11. а
  3. ә 12. в
  4. ә 13. ә
  5. а 14 ә
  6. б 15. а
  7. в

Диалог бөлімінен соң қорытынды бөлімі ұштасады. Бұл сынақ сабақ түрінде өтеді. Сынақ сабақты бақылау жұмысын алу арқылы өткізсе де, ашық сабақ түрінде өткізсе де болады, осы кезде оқушының бүкіл тарауды қандай дәрежеде меңгергені байқалады. Мұғалім оқушыларды бағалау арқылы өзінің еңбегінің нәтижесін қай деңгейде екенін байқай алады.


Қорытынды бөлімі

 

Қорытындылай келе, теориялық білімді игерту мен жаңғырту және оны жаңа жағдайға іс-жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасуын білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Осы орайда оқыту үрдісінің жаңа технологияларының бірі-пәндерді модульді жүйе бойынша оқыту.

Бұл технологияның жан-жақтылығы-оны жоғары, орташа, төмен білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істеуде гимназиялық, лицей сыныптарында да, жалпы білім беретін мектептерде де қолдануға болады.

Әсіресе, биологияны, тарихты, географияны, әдебиетті, химияны, азаматтануды және басқа пәндерді оқытуда модульдік технологияны қолдану өте үлкен нәтижеге жетуге болатындығын көрсетеді.

Технологияны қолдану аудандық және облыстық олимпиада жүлдегерлері және Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясы ұйымдастырған конкурстардың, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздары болған оқушылар санын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл технологияның маңызды шарты-оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес алатындығы.

Модульді оқыту оқушының өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әртүрлі бақылауларды қолданады. Олар: өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. Осылар арқылы білім олқылықтары, модульді игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп әр оқушы өз мүмкіндігінше білім алады.

Модульді жүйемен оқыту нәтижесі сабақта әртүрлі әдістерді шебер байланыстыруға және қажетті әдісті керек уақытында қолдана білуге тәуелді. Бұл үшін тек жалықпай іздену керек, сонда ғана жұмыс өз нәтижесін берері анық.

Осы технологияны игерген мұғалімдер кез-келген даярлық деңгейіндегі оқушылардан тұратын сыныптарда оқу процесін нәтижелі, тиімді ұйымдастыра алады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. "Биология, география және химия" журналы 2002 ж; 2001ж; 2000 ж; 1999 ж; 1998 ж; 1997 ж.
  2. "Денсаулық" журналы 2000 ж.
  3. М.М.Жанпейісова "Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құрамы ретінде" Алматы, 2002 жыл.
  4. С.А.Куприй "Учебные модули к курсу биология" (методическое пособие) Алматы, 2002 г.
  5. А.М.Цузмер, О.Л.Петришина "Биология" 9-класс оқулық, "Рауан", 1991.
  6. З.Жөкебайқызы, С.Сейсенбекқызы. Тәнтану. Оқулық. Алматы. Рауан. 1992.
  7. С.Касиманов Қазақтың ұлттық тағамдары. Алматы. Қайнар. 1977.
  8. Богданов Т.Л. Биология: Задания и упражнения. Пособие для поступающих в вузы. М. Высшая школа, 1991.
  9. Беляев Д.К. и др. Общая биология. М: Просвящение 1973.
  10. 10. Бернал Дж. Возникновение жизни. М: Мир. 1969.
  11. 11. Боген Г. Современная биология. М: Мир. 1970.
  12. Воронцов Н.Н. Сухоруков Л.Н. Эволюция органического мира: Факультатив. Курс: учеб.пособие для 9-10 кл. Сред.шк. М: Просвещение, 1991.223 с.
  13. 13. Верзалин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологий. М: Просвещение, 1976.
  14. Винчестер А. Основы современной биологий. М: Мир. 1976

15.Дарвин Ч. Пройсхождение видов. М: Селхозгиз, 1952.

  1. 16. Грин Н., Стаут У., Тейлор Д., Биология. М: Мир. 1990.
  2. Заводский К.М. Вид и видообразования. Л: Наука. 1968
  3. Заводский К.М. Развитие эволюционной теорий после Дравина. Л: Наука. 1973.
  4. История эволюционных учений и биологий. Под ред. В.И.Полянского и Ю.И.Полянского. М: Наука. 1966.
  5. Касымбаева Н.Е., Аманжолова Тіршіліктану. Алматы. Рауан. 1997

21.Ковалев Н.Е., Шевчук Л.Д., Щуренко О.И. Биология. М: Высшая школа. 1986.

  1. Корсунская В.М. Жалпы биология сабақтары. Алматы. Мектеп. 1980.
  2. Кулев А.В. Общая биология. Санкт Петербург. Паритет. 2001
  3. Кемп П., Армс К. Введение в биологию. Пер с англ. М: 1988. 671 с.
  4. Комиссаров Б.Д. Методологические проблемы школьного биологического образования. М: Просвещение. 1991. 159 с.
  5. Мамонтов С.Г. Биология. М: Высшая школа. 1991.
  6. Мамонтов С.Г., Захаров В.Б., Козлова Т.А. Основы биологий: Курс для самообразования. М: Просвещение. 1992 414 с.
  7. Методика обучение разделу "Эволюция" в школьном курсе общей биологий. Ярославль: ЯГПИ им К.Д.Ушинского, 1992.
  8. Общая биология: Учебник для 10-11 кл. Средней школы/ под ред. Ю.И.Полянского М: Просвещение, 1991.
  9. 30. Общая биология: Учебник для 10-11 кл. Школ с углубленными изучением биологий /под ред. А.О.Рувинского. М: Просвещение, 1993.
  10. 31. Опарин А.И. Пройсхождение жизни на Земле. М: Медицина
  11. Под ред. Беляев К., Керкиса Ю.Я. Общая биология. М: Просвещение. 1973.
  12. 33. Полянский Ю.И. Жалпы биология. Алматы. Мектеп. 1988.
  13. Северцов А.Н. Главные направления эволюционного процесса. М: Издательство МГУ, 1967.
  14. Современные проблемы эволюционной теорий. Под ред. Полянского В.И. и Полянского Ю.И. Л:Наука 1967.
  15. 36. Тимофеев-Ресовский Н.В., Яблоков А.В. Микроэволюция. Серия "биология". М: Знание, 1974.
  16. Яблоков А.В., Юсуфов А.Г. Эволюционное учение. М: Высшая школа. 1976.
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу