Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері

Дипломдық жұмыс: Агрономия  | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері казакша Дипломдық жұмыс: Агрономия  | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................
1 Әдебиетке шолу............................................................................
1.2 Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы..............
1.3 Күздік бидайдың қысқа төзімділігі..............................................
1.4 Күздік бидайдың биологиялық ерекшелігі..................................
2. Қаратал ауданының топырақ-климат жағдайы...................
2.1 «Бекагро» шаруа қожалығы туралы мәлімет, шаруашылықтың ауа райы жағдайы...........................................................................
2.2 Тәжірибе танабының топырағы...................................................
3 Негізгі бөлім..................................................................................
3.1 Зерттеу жұмысының бағдарламасы және әдістемелері.............
3.2 Зерттеу нәтижелері........................................................................
3.3 Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың биіктеп өсуі.....
3.4 Себу мөлшеріне байланысты арамшөптермен ластануы...........
3.5 Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың өнімділігі.........
3.6 Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың экономикалық тиімділігі..........................................................................................
Еңбек қорғау.................................................................................
Қорытынды...................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................


Қазақстан Республикасында астық өндірісі ауыл шаруашылығы ғылымы мен өндірісінің негізгі мақсатының бірі болып табылады, әсіресе ол нарық жағдайында аса маңызды болып отыр. Сондықтан бидай өндірісін ұлғайту экономиканы тұрақтандырудың маңызды резерві болып саналады.
Қосымша астық резервінің бірі –Солтүстік Қазақстандағы күздік дәнді дақылдар өндірісі. Барлық астық дақылдары ішінде күздік дәнді дақылдар өнімділігі барынша жоғары болып келеді. Олардың өнімі өзге дақылдардан гектарына 4-тен 12 центнерге дейін асып түседі. Сонымен қатар азықтық бағалылығы жаздық бидайдан еш кем түспейді. Топырақтан күзге-қысқы, ерте көктемгі ылғалды және сіңімді қоректік заттарды тиімді пайдаланады. Оны жел және су эрозиясынан жақсы қорғайды, арамшөптермен күресте де үлкен маңызы бар, ауруларға төзімді, ең қауіпті астық зиянкесі –астық сұр көбелегінен зақымданбайды. Сонымен қатар өсіп жетілуі 15-20 күн ерте аяқталады, ал ол егінді құрғақ және жылы кезеңде жинауға, ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалануға, көктемгі-күзгі ауыл шаруашылығы дақылдарын себудегі қауырттықты төмендетуге мүмкіндік береді. Егінді ерте жинау арқылы тамыз айында топырақты сүдігерге дайындауға мүмкіндік туады, соның нәтижесінде өсімдік қалдықтары жақсы минералданады, топырақта ылғал жинауға және арамшөптермен күресуге күздік дәнді дақылдар алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танап болып келеді әр кейінгі дақылдардың өнімділігі жоғарылайды.
Өсімдік технологиясы халық шаруашылығының ең басты салаларының бірі болып есептеледі. Сондықтан елімізде, әсіресе біздің республикада оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе бермек.
Қазақстан астық өндіру жқнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылығының өркендеуінде басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін 26,5-28,5 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ауа райы қолайлы жылдары ҚР-да астық өнімі 32-34 млн. тоннаға дейін жетеді.
Егін шаруашылығының көлемінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орынды (Ресей мен Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан 1-ші орынды алады.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астықты көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Оны төмендегі мәліметтер айқын айғақтайды.
Қазақстан астықөнімдері 1993 жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерден игеруден бастап тез өссе бастады. Қазір республикада 25,5 млн. гектардан астық егіс егіледі. Қолайлы температура түптену кезеңінде 15-16 градус, масақттануда 18-20 градус, гүлдену мен пісіп жетілу кезендерінде 20-25 градус.
Күздік бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор. Ф.Н.Прутцков пен И.П.Осиповтың (1990) деректері бойынша, себу қарсақында топырақтың 0-10 см. қабатындағы тиімді ылғал қоры 10 мм. артық болса, онда өсімдіктердің өсіп жетілу кезеңінің алғашқы кезеңі қолайлы жағдайда өтетінің сенімді көрсеткіштері, 10 мм аз болса –егін көгінің п.б. жауын шашынға байланысты, ал 5 мм төмен болса егін көгінің толықтығы төмендейді, дақылдарға қолайлы топырақ ылғалдылығы 60 см қабаты ТДЫ-тың 70-75% күздік бидайдың транспирациясы коэфиценті 460-500.
Күздік бидайдың тұқымы жаздық бидай тұқымы сияқты +1-2 градус жылылықта өне бостайды, бірақ жаппай өнуі +12-15 градус температурада жүреді. Бұл жағдайда егін көгі 6-9 сөткеде п.б. Мысалы, Целиноград АШИ өсімдік шаруашылығы каф-ның тәжірибесінде күздік бидай көгі орташа сөткелік ауаның 18,6 гр/с тем-да 5 сөткеде, ал 15,9 және 12,8 гр/с болғанда тиісінше 6-8 сөткеде п.б.
Күздік дәнді дақылдар ішінде бидайдың топыраққа қажетсінуі барынша жоғары ол мол өнімді арам шөптерден таза, құнарлы қара топырақтар мен әрі қызғылт топырақтарды қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік бидайға жарамайды. Оған көктемде су жиналып калмайтын және өсімдіктердің езіліп кетуін болдырмайтын тегіс танаптарды тандап алған жөн. Өсімдіктердің кетуіне қарсы барынша тиімді шараларға аязға төзімді сорттарды пайдалану, фосфор, калии, тыңайтқыштар жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
-тәжірибе жүргізілгенжердің ауа райына талдау жасау;
-тәжірибе жүргізілген жердің топырағы мен өсімдік жамылғысын анықтау;
-күздік бидайдың өсіру техънологиясын жеткілікті меңгеру;
-күздік бидайдың себу мөлшеріне байланысты зерттеулер жүргізіп, оның тиімділігін анықтау болып табылады.

















1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.2 Күздік бидайдың халықшаруашылығындағы маңызы

Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе нарықтық экономикаға көнуге байланысты өткір қойылып отыр. Астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай. Жаздық бидайға қарағанда азық-түліктік құндылығымен ерекшеленеді. Ол топырақтан күзгі, қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қоректік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғайды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан өтіп кетеді, сонымен қатар 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетациясын ерте аяқтайды. Күздік бидайдың ерте пісуі нәтижесінде егін жылы, құрғақ уақытта жиналады, ауыл шаруашылық техникалары тиімді пайдаланады, көктемгі-күзгі себу және жаздық дақылдарды жинау кезеңіндегі қаурыттылықты төмендетеді.Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде дүниежүзінде 230 млн гектаар егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35 пайызын құраайды, ал оның астық өнімі орта есеппен гектарына 25,4 центнерді құрайды. Күздік бидай алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танабы болып табылады да кейінгі дақылдардың өнімін арттырады.
Бидай жер шарындағы ең бағалы және аса маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның бағалылығы дәмділігімен, қоректілігімен, жақсы сіңімділігімен және бидай нанының жоғары сапасымен анықталады.
Күздік бидайдың жаздық бидаймен салыстырғанда айырмашылығы ол күздегі жауын-шашынды, сондай-ақ жаз, күз соңындағы және көктем басындағы жылуды тиімдірек пайдалануында.
Күздік бидай Қазақстаннның Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында аса маңызды азық-түлік дақылы болып табылады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда күздік бидай егістерінің 40%-ы орналасқан. Сонымен қатар күздік бидай тәлімі жерлерде өнімділігі жағынан жаздық бидайға қарағанда гектарынан 5,0 ц, арпаға қарағанда 2,1 ц. жоғары өнім түзеді [2].
Республиканың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысында күздік бидайдан жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі, күздік бидайдың өсіп -дамуының бастапқы кезеңдері оптималды гидротермиялық жағдайларда жүргізу қажеттігі. ¬Күздік бидайдың күз мезгіліндегі вегетация кезеңі оптималды жылу және ылғалды жағдайда өтуі, көгінің жаппай қаулап өсуін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді түптердің көбеюін, масақтың жоғары дәнділігін, күздік бидай өнімінің жоғарлауын қамтамасыз етеді [3].



1.3 Күздік бидайдың қысқа төзімділігі
Күздік бидайдың қыстап шығу кезінде ортаның қолайсыз факторларына, жеке алғанда, төменгі температураларға төзімділігін арттыру, күзгі вегетация кезеңіндегі өсіп -даму процесстерімен тығыз байланысты.Көп зерттеулерде Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс тау бөктеріндегі суарылмайтын тәлімі жерлердегі күздік бидайдың суыққа және қысқа төзімділігін арттыру үшін күздік егу мезгілінде егістікте қалыптасатын гидротермиялық жағдайларды толық пайдалану мәселелеріне көңіл бөлінбей келеді. Осыны ескере отырып, біз бейімдеу технологиясының негізгі элементтерін өзгерту арқылы (себу мерзімі және себу мөлшері) күздік бидайдың интенсивті сорттарын қажетті гидротермиялық жағдайлармен қамтамасыз ету жолдарын зерттеп, жоғары өнім алу мақсатын алға қойып отырмыз.
Күздік бидай да басқа дәнді дақылдар сияқты онтогенез процессінде көктеу, түптену, абақтану, масақтану және пісу даму сатыларынан өтеді. Алғашқы екі сатысы күзде, ал қалғандары келесі жылдың көктемі мен жазында жүреді.
Даму сатыларының әрбіріне, әсіресе қыстан шығуына күз мезгілінде күздік бидайдың шынығуы жүріп жатқан кездегі қалыптасқан гидротермиялық жағдайлар көп ықпал етеді.
Кез келген дақылдың өсуі тұқымының өнуінен басталады. Тұқымға белгілі бір температуралық жағдайлар қажет. Күздік бидай тұқымның өнуіне қажет ең төменгі температура +1+2°С . Өну процессінің басталуын Ресей ғалымдары 0-1°С , ал Ф.М.Куперман 0-2°С температура аралығында бақылаған.
Ылғал жеткілікті жағдайда тұқымның өнуіне қажет оптималды температура 15-20°С. Тұқымның өну жылдамдығы белгілі бір жоғары температураға дейін ғана артады. Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша [17] тұқымның өну жылдамдығы +30°С-қа дейін ғана артады, ал одан жоғары жағдайда тұқым өну қабілетін жоғалтады. Авторлар, бидай тұқымы жоғары температура жағдайында өнгенде, топырақ бетіне колеоптильден бұрын алғашқы жапырақ шығады деген пікір айтып жүр. Мұндай жағдай бидайдың жас өскінінің топырақ бетіндегі қабыршықпен күресу мүмкіншілігін және өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін едәуір төмендетеді.
Күздік бидайдың көктеуін қамтамасыз ететін ең маңызды фактор топырақтың ылғалдылығы. Өсімдік көктерінің пайда болуы үшін [18] топырақтың 10 сантиметрлік қабатында 3 мм-ге тең ылғал қоры болуы қажет. Топырақтың тұқым сіңіру қабатында 5 мм ылғал болған жағдайда да күздік бидай көктемейді [19]. Топырақтың 0-10 см қабатында 10 мм-ден жоғары ылғал қоры болған жағдайда ғана бидай тұқымы көктей бастайтынын белгілі [20] Бұл деректер [21,22] зерттеу нетижелеріне сәйкес келіп отыр. Авторлардың пікірінше, күздік бидай себілетін өлкелерде, көктеу кезеңінде қажет ылғал қоры, тек атмосфералық жауын-шашын есебінен ғана алынуы мүмкін.
Күздік бидай тұқымдарының өнгіштігі топырақта ылғал қоры 16-19% [23] аралығында болғанда жоғарылайды, ал 9-11% ылғал қоры, тұқымның өнуін қамтамасыз етпейді. Тұқымның топырақта ұзақ жатып қалуы, жаппай көктеуге қолайлы жағдай туғызбайды, ал олардан дамып жетілген өсімдіктердің қысқа төзімділгі төмен болады.
Тұқымдардың өну процессінің белсенділігі топырақ температурасы мен ылғалдығының ара қатынас мөлшерімен анықталады [24]. Демек, тұқымның өнуі мен көгінің пайда болуы күздегі жинақталатын гидротермиялық жағдайларға байланысты. Күздік бидайдың қыстан шығуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін және көктеуін жылу мен ылғалдың мөлшерін оптималды үйлестіру арқылы қамтамасыз етуге болады. Олардың күз мезгіліндегі ауытқуы, тәлімі жерлердегі күздік егістерде жиі байқалып, көктеуге кедергі келтіретіні мәлім. Бұл жағдай келешекте күздік бидайдың өсуіне, дамуына және қыстан шығуына кері әсерін тигізеді.
Күз мезгілінің қолайлы жағдайында егілген күздік бидай ойдағыдай дамып, тамырланып, түптеніп, жаңа өркендер түзіп, криоқорғаныштық қосылыстардың (қанттардың, бос амин қышқылдарының, оңай ерігіш ақуыздығы) жеткілікті мөлшерін жинақтайды, сөйтіп қысқа жақсы дайындықты қамтамасыз етеді.
Күзде жақсы түптенген күздік бидай, қысқа төзімділігімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді [25]. Солтүстік Тянь-Шаньнің тау бөктеріндегі тәлімі жерлерде тәжірибелер жүргізген ғалымдар [26, 27] осындай қорытынды жасады. Сол авторлардың мәліметтері бойынша, күздік бидай өнімінің негізгі бөлігі күзде пайда болған өскіндерде түзіледі. Ал көктемгі түптенудің нәтижесінде пайда болған өскіндердің барлығы өнімді сабақтар бере бермейді. Күзден бастап түзілген, регенерация органы болып табылатын түптену түйіні күздік бидайдың қыстан шығуы кезінде тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз етеді.
Көп зерттеушілердің пікірлері бойынша күздік бидайдың түптену сатысы белгілі бір гидротермиялық жағдайларда ғана өтеді. Күздік бидайдың түптенуі -2°С жағдайында қарқынды жүреді [28] ал кейбір зерттеушілердің пікірінше күздік бидайдың түптенуі 1...3°С кезінде өткені дұрыс [29].
Келтірілген мәліметтеріне сәйкес [30], күздік бидайдың күзгі дамуы үшін биологиялық минимум 3 - 4°С аралығында жатыр. Түптену процессі өте белсенді жүретін оптималды температура 12-18°С [31].
Күздік бидайдың жақсы түптенуі +30°С-тан жоғары температура жағдайында ойдағыдай өтуі мүмкін [32]. Сонымен қатар күздік бидайдың негізгі массасының өсу қарқыны төменгі температура жағдайында артады. Авторлар күздік бидайдың вегетативті массасының жинақталуы және түптенуі жоғарғы температурада қарқынды жүреді деген пікірге келді. Осы фактіге үлкен мән беріліп отыр, себебі күзгі температуралардың біртіндеп төмендеуі күздік бидайдың белсенді дамуына кедергі болып табылады, соның салдарынан олар қысқа қалыпты дамыған күйінде кетіп, ойдағыдай қыстап шығады.
Күздік бидайдың түптену қарқынына топырақтағы ылғал қоры шешуші ықпал етеді. Бұл әсіресе тәлімі жерлерде жақсы байқалады. Күздік бидай дақылының өсуін тежеу, өркендерінің баяу жетілуі, тамыр жүйесінің толық дамымауы, топырақтағы ылғал қорының жеткіліксіз болу салдарынан екендігі жалпыға мәлім.
Күздік бидайдың қалыпты түптенуін 0-20 см топырақ қабатындағы 30 мм-ге тең ылғал қоры қамтамасыз етеді [33]. Топырақтың 0-20 см қабатында ылғал қоры 10 мм-ден төмен болған кезінде, күздік бидайдың түптенуінің тоқтауын байқаған.
Түптену процесі ойдағыдай өту үшін оптималды белсенді температура жиынтығы қажет. Күздік бидайдың түптену сатысы 220 - 250°С оң температуралар жиынтығы әсерін қабылдағанда ғана басталады.
Көптеген зерттеулер нәтижелері бойынша, күздік бидайдың қыстан жақсы шығуы және өнімділігі жоғары болуы күзгі түптену процессі кезінде әр өсімдікте 3-4 өркеннен пайда болуына байланысты. Ол, күздік бидай өсімдігіне әсер ететін тиімді температуралар жиынтығы 20°С-тан және топырақтың себу қабатындағы ылғал мөлшері 20 мм-ден жоғары болған жағдайда ғана мүмкін[34].

1.4 Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері

Күздік бидай да басқа дәнді дақылдар сияқты онтогенез процессінде көктеу, түптену, сабақтану, масақтану және пісу даму сатыларынан өтеді. Алғашқы екі сатысы күзде, ал қалғандары келесі жылдың көктемі мен жазында жүреді.
Даму сатыларының әрбіріне, әсіресе қыстан шығуына күз мезгілінде күздік бидайдың шынығуы жүріп жатқан кездегі қалыптасқан гидротермиялық жағдайлар көп ықпал етеді [10].
Кез келген дақылдың өсуі тұқымының өнуінен басталады. Тұқымға белгілі бір температуралық жағдайлар қажет. Күздік бидай тұқымның өнуіне қажет ең төменгі температура +1...+2°С . Руденко А.В. өну процессінің басталуын 0... -1°С, ал [11] 0... -2°С температура аралығында бақылаған.
Ылғал жеткілікті жағдайда тұқымның өнуіне қажет оптималды температура 15-20°С [12]. Тұқымның өну жылдамдығы белгілі бір жоғары температураға дейін ғана артады. Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша тұқымның өну жылдамдығы +30°С-қа дейін ғана артады, ал одан жоғары жағдайда тұқым өну қабілетін жоғалтады. Авторлар, бидай тұқымы жоғары температура жағдайында өнгенде, топырақ бетіне колеоптильден бұрын алғашқы жапырақ шығады деген пікір айтып жүр. Мұндай жағдай бидайдың жас өскінінің топырақ бетіндегі қабыршықпен күресу мүмкіншілігін және өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін едәуір төмендетеді.
Күздік бидайдың көктеуін қамтамасыз ететін ең маңызды фактор топырақтың ылғалдылығы. Өсімдік көктерінің пайда болуы үшін топырақтың



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар Агрономия жобалар дипломдық жұмыстар, Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері, дипломдык Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные раб, Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін