Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері


 

Мазмұны

Кіріспе ........................................................................................................

5

1

Аналитикалық бөлім ........................................................................

7

1.1

Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері .................

7

1.2

Заманауи сауу аппараттарының құрылысы мен жұмысына шолу

жасау ..............................................................................................................

11

1.3

Шағын фермаларда қолданылатын сауын

қондырғыларын технологиялық талдау......................................................

16

1.4

«Амиран -Агро» ЖШС-нің өндірістік–экономикалық

қызметін талдау.............................................................................................

23

1.5

Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу.......................................................

26

2

Жобаның технологиялық есептеулері ..................................

29

2.1

Сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық сұлбасын дәйектеу...................

29

2.2

Сиыр саууға қажет қондырғыларды есептеу .............................................

32

2.3

Сүтті алғашқы өңдейтін қондырғыларды есептеу және таңдау...............

34

2.4

Сүт цехының ауданын есептеу ...................................................................

37

2.5

Су, бу және электрэнергия қажеттілігін анықтау .....................................

39

3

Жобаның конструкторлық жасалымы ..................................

43

3.1

Сүт салқындатқыштарға қойылатын зооинженерлік талаптар

және олардың жіктелімі ..............................................................................

43

3.2

Сүт салқындатқыштардың құрылысы мен жұмысын талдау...................

44

3.3

Конструкторлық өзгеріс енгізілетін сүт салқындатқыш

ыдыстың құрылысы мен жұмысы...............................................................

50

3.4

Сүт салқындатқыш ыдыстың параметрлерін есептеу ..............................

51

4

Еңбек қорғауды ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы және қоршаған

ортаны сақтау шаралары .............................................................

55

4.1

Еңбек қорғауды ұйымдастыру ....................................................................

55

4.2

Қауіпсіздік техникасы ережелері және өрт, электрден

сақтану шаралары ........................................................................................

56

4.3

Фермадағы машиналарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру ......................

60

4.4

Қоршаған ортаны сақтау шаралары............................................................

66

5

Жобаның техникалық–экономикалық көрсеткіштері ...........................

69

5.1

Сиыр сауу және сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық

картасын жасау .............................................................................................

69

5.2

Жобаның техникалық–экономикалық көрсеткіштерін есептеу...............

73

6

Қорытынды .............................................................................................

79

Пайдаланылған әдебиет тізімі ...............................................................

80

 Кіріспе

 

 Соңғы жылдары мемлекет басшылығы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен көңіл бөліп келеді. Өткен жылдардың Ауыл жылдары деп жариялануы, осы шараның аясында 2009 жылы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу» заңының қабылданып, бұл маңызды құжаттардың қомақты қаржымен қамтамасыз етілуі соның айқын куәсі.

 Осындай мемлекеттік қолдау мен ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформалар нәтижесінде ауыл экономикасы айтарлықтай алға басты. Соңғы төрт жылда аграрлық секторға 205 миллиард теңге бюджеттік қаржы және 805 миллиард теңге жеке инвестиция құйылды. Ауыл шаруашылығына салынған мемлекет қаржысының әр 1 теңгесі 4 теңгенің жеке инвестициясын тартып отыр. Осының негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнім өндіру көлемі он жылдың ішінде үш есеге өсті. 2007 жылы ол 6,3 пайызға артып, 1050 миллиард теңгені құрады.

 Соңғы бес жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде тұрақты өсу байқалады. Мысалы, 2012 жылы 20,1 млн. тонна астық, 459,4 мың тонна күнбағыс, 438,7 мың тонна шитті мақта, 2196,4 мың тонна көкөніс өндірілді.

 Осыған байланысты мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру басты өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл өсу мал басының көбеюі мен өнімділігінің артуынан көрініс тапты. Былтыр ірі қара саны 2012 жылға қарағанда 39,7 пайызға, қой мен ешкі – 57,3 пайызға, шошқа – 25,6 пайызға, құс – 49,1 пайызға көбейді. Дегенмен, малдың жалпы өнімділігі әлі де төмен, ол мал тұқымын асылдандыру ісінің және азықтандыру деңгейінің жеткіліксіз дамуына байланысты. Тәуелсіздік жылдары республика ауылшаруашылығының материалдық – техникалық базасы айтарлықтай нығая түсті. Соңғы жеті жылда алыс және жақын шетелден ауылшаруашылық техникасының 26,5 мыңнан астам негізгі түрі сатып алынды. Бұл ауылшаруашылық өндірісін энергиямен қамтамасыз етуді 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Республикамыздың ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында бүгінгі таңда 3 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істеуде. Соңғы 5 жылда сүт және сүт өнімдерін өңдеу 1,6 есе, өсімдік майы – 3 есе, қант 1,9 есеге өсіп отыр.

 Қазақстан Республикасы президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде – бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.

 Бұл орайда қазір республикамызда жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасының құрамдас бөлігінің бірі мал шаруашылығы саласында атқарылар істердің ауқымы зор. Ал бұл бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асырудың басты шарттарының бірі – мал шаруашылығын интенсивті дамыту. Батыс елдерден импортталатын сүт өнімдеріне бәсекеге қабілетті болу үшін отандық өндірушілерге сүттің сапасын жақсарту, оны өндірудің өзіндік құнын төмендету, малдың сүт бергіштігін жоғарылату қажет.

 Сүт – сапалы, қоректік қасиеті жоғары, адам өміріне қажетті барлық заттар мен витаминдер бар, бірақ тез бұзылатын өнім. Фермерлік және жанұялық фермаларда өндірілетін сүттің сапасы оның құрамына, физикалық–химиялық қасиеттеріне және санитарлық – гигиеналық параметрлеріне тікелей байланысты. Сүт сапасы МСТ 13264–88 «Сиыр сүті. Сатып алуға қойылатын талаптарға» сәйкес болуы тиіс. Осы стандартты орындау - әртүрлі меншіктік нысандағы шаруашылық жүргізетін субъектілердің, оның ішінде фермерлер мен қожалық иелерінің де міндеті.

 Орындалып отырған жоба тақырыбының жаңалығы және практикалық маңыздылығы жаңа сауылған сиыр сүтінің қасиеттерін сақтау үшін оны, міндетті түрде алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Сүтті алғашқы өңдеу мынадай технологиялық сұлбалар бойынша жүргізіледі: тазарту; тазарту және салқындату; тазарту және сүт айыру; пастерлеу және салқындату.

 Қазіргі кезде ТМД рыногында малды машинамен сауу және сүтті алғашқы өңдеуге арналған жабдықтарды жеткізіп, өндіріске енгізумен көптеген шетелдік компаниялар жұмыс істеуде. Ұсынылатын жабдықтардың номенклатурасы өте кең: қарапайым сауын модельдерінен малды идентифицирлейтін жүйесі бар автоматтандырылған қондырғыға дейін. Сондықтан сүтті алғашқы өңдейтін цех жабдықтарын таңдау кезінде, жұмсалатын күрделі қаржы мен алынатын табысты дұрыс бағалау, сондай– ақ бір мал басына есептегендегі шығындарды ескеру қажет. Бұл үшін мынадай критерийлер бойынша басымдықтарды дұрыс анықтай білу қажет: малды күтіп–бағу жағдайлары мен тәсілдері, табиғи – климаттық жағдайларға байланысты өндірісті шоғырландыру деңгейі, қызметкерлердің біліктілігі және т.б.

 Дипломдық жобаның мақсаты – отандық және шетелдік соңғы ғылыми жетістіктерді ескере отырып, заманауи озық технологиялар және машиналар мен жабдықтардың негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестікте сиыр сауу мен сүт өндіру процестерін механикаландыру және сүтті алғашқы өңдеу цехын жобалау болып табылады.

 Дипломалды іс-тәжрибесін Алматы облысындағы «Амиран-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте өткізілді.

 1 Әдеби шолу

 

    • Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері

 Сүт және сүт өнімдері – маңызы жағынан халықты тағаммен қамтамасыз етуде екінші орын алады. Сондықтан сүтті сиыр шаруашылығын дамыту, сүт өндіруді ұйымдастыру және оның сапасын жақсарту, шикізаттың алғашқы қасиеттерін сақтай отырып, әртүрлі сүт өнімдерін дайындау технологиясын игеру – қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі.

 Сүттің құрамындағы қоректік заттарды тиімді пайдалану, белгілі бір уақыт аралығында оның құрамындағы ақуыздарды сақтап қалу, қосымша өнімдер шығару жолдары, өндірістің және сүт өнімінің өзгергіштік мөлшерінің жыл мезгілдеріне тәуелділік мәселелері бір – бірімен байланысты.

 Қазіргі кезде сүттің ең құнды бөлігі – ақуыз, тек 45% - ға пайдаланылады. Қосымша өнімдердің басым бөлігі мал азықтандыруға жұмсалады немесе мүлде пайдаланылмайды. Өнімнің сапасы мен шығымы тек сүт құрамындағы компоненттер мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге физикалық – химиялық, технологиялық қасиеттерге де байланысты, ал олар әр түрлі жағдайлармен (мал тұқымы, жасы, азықтандыру деңгейі) анықталады. Қазіргі кезде сүт өнімдерін дайындау технологиясын жетілдіруде бұл өте маңызды мәселе, себебі бұл сұрақтардың шешімі дайындалған сүттен неғұрлым көп өнім дайындау үшін қай аймақта қандай мал тұқымын өсіру қажет, сауын табындағы малдың жасы нешеде болуы керек, қандай азықпен, қалай қоректендірілуі керек екенін анықтауға мүмкіндік береді.

 Сауын сиыр шаруашылығында сүт өнімінің мол және экономикалық жағынан нәтижелі болуы сиыр табынының құрамына да байланысты. Осыған байланысты сиыр табынын жас малмен толықтырып, кәрілерін уақытында шығарудың маңызы зор. Малдың өсуі, табынның сапасы және құрамы, сондай-ақ шаруашылықта ұйымдастыру жұмысын жүргізу сиыр табыннң дұрыс қалыптастыруға байланысты. Осы уақытқа дейін малдан өнімді көп алу үшін оның санын көбейту қажет болды, мұндай жағдайда әр сиыр табында 10- 12 жыл пайдаланылып, тек жылына 8%-ы ғана табыннан шығарылатын. Көптеген зерттеулер бойынша, сиырлар алты рет бұзаулағаннан кейін, бір кг сүт өндіруге 25% азық өлшемі артық жұмсалғаны байқалады. Сондықтан кәрі сиыр сүтінің өзіндік бағасы жас сиырларға қарағанда жоғарылау, әрине мұндай жағдайда оларды сиыр табынында ұстаудың қажеті шамалы. Сонымен мал табынындағы сиыр жасының шаруашылық экономикасына тигізетін әсері зор.

 Сиырларды азықтандыру сүтті түзу процесі мен құрамына әсер етеді. Сауу кезінде сүтпен бірге бөлінетін құрғақ заттар мөлшері әдетте сиырдың өз салмағынан едәуір көп болатыны белгілі. Мысалы, сиырдың жылдық өнімі 3000 кг болса, онда сиыр ағзасынан сүтпен бірге 390 кг, ал өнімі 4000 кг болса, 500 кг – нан артық құрғақ зат бөлінеді.

 Сиырларды көп мөлшерде, құрамында кальций тұздары аз азықтармен (сығынды, картоп) азықтандырғанда да сүттің сапасы төмендейді: ол ұлтабар ферментінің әсерінен нашар ұйып, құрамында май мен ақуыз мөлшері өте төмен болады. Қазіргі кезде өнім деңгейі әр түрлі сүтті сиырлар үшін қолайлы рацион құрылымы ұсынылып отыр. Жылдық өнімі 3000 кг сиырлар рационы жалпы қоректілігінің 40- 50%-ы шырынды азықтардан ( сүрлем, пішендеме, қызылша), 30 - 35%-ы ас–бұршақ тұқымдас пішенінен, 20 - 25%-ы құнарландырылған азықтан (құрамажемнен) тұруы қажет. Рационда әр азық өлшемінде кем дегенде 100-110г қорытылатын көмірсу болуы керек. Төмендегі суретте шаруашылықтан шағын көрініс, сиырлар серуен алаңында.

 

 

 Сурет 1. Амиран-Агро шаруашылығынан көрініс

Сиырлардан сауылған сүт өнімі мен оның құрамына жеткіліксіз азықтандыру көп әсер етеді. Жеткіліксіз азықтандырғанда сүттің технологиялық қасиеттері де төмендейді, сүттің өзіндік құны, жұмсалған азық шығыны артады. Мұндай сүттен жасалған сүт өнімнің сапасы төмен болады. Сауу санын әр табын үшін өнім деңгейі мен желін көлеміне сәйкес анықтау керек.

 Сиыр фермаларындағы жұмыс кешенінің ішінде сиыр сауу - еңбекті көп қажет ететін операциялардың бірі. Сиыр саууды механикаландыру – еңбек өнімділігін арттырудағы және сүттің өзіндік құнын кемітудегі басты резерв болып саналады.

 Сиыр фермаларында машинамен саууды енгізу сауыншылардың еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді, өнім өндіруді арттырады және фермадағы санитарлық – тазалық жұмыстарын жақсартады.

 Қазіргі кезеңде республикамыздың мал фермаларында ірі қара малды күтіп – бағудың 15 - ке жуық технологиясы қолданылады. Бұл технологиялардың әркелкі болып келуі – экономикалық жағынан тиімді келетін машиналар мен жабдықтар жинағын жасауды күрделендіреді, машиналар санын ұлғайтуға, оларды жасап – шығару және пайдалану шығындарының өсуіне әкеп соқтырады.

 Жинақталған тәжірибелер, өндірістік пен ғылыми зерттеулердің негізінде еліміздің әртүрлі табиғи – климаттық жағдайларына бейімделген және ірі қара мал фермаларын кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ете алатын негізгі бес технология дәйектелді.

  •  Мал басы 100 - ден 400 - ге дейінгі ірі фермалар мен мал басы 10-нан 100-ге дейінгі шаруа қожалықтарының фермаларында сиырды байлауда ұстап сүт өндіру технологиясы. Бұл технологияда сиыр сауудың екі техникалық жүйесін қолданады: сүтті тасымал шелегіне немесе басқа да ыдысқа жинау және сүтті тұрақты сүт түтігі арқылы жинау.

 2. Мал басы 200 - ден 400 - ге дейінгі фермаларда конвейер немесе автоматты бас-жіпті қолдану арқылы сиырларды сауын залының станоктарында сауу технологиясы. Сиырды жайылымда ұстағанда, оларды әмбебап сауын қондырғыларында сауады. Бұл технология бірінші технологиялық бір түрі болып табылады.

 3.Мал басы 100 - ден 400 - ге дейінгі ірі фермаларда және мал басы 10-нан 100-ге дейінгі шаруа қожалықтарында сиырды қалың төсеніште бос ұстап сүт өндіру технологиясы. Мұндай технологияда сиырды сауын залдарында сауады да, ал сүтті өңдеу, сақтау және салқындатуды арнайы техникамен жабдықталған цехтарда жүргізеді.

 4.Сиырды байлаусыз, бокста ұстап сүт өндіру технологиясы. Бұл технология сиыр саууды және азықтандыруды ұйымдастыру тәсілі бойынша үшінші технологиясы ұқсас, тек айырмашылығы – көңді тұрақты құрылғылармен жинап – шығарады (үшінші технологияда – жылжымалы құрылғыларды пайдаланады).

 5.Сүт өндіретін фермалардағы мал басын толықтыруға арналған жұмысшы және асыл тұқымды бұзаулар мен құнажындар өсіру технологиясы. Мұндай фермалардағы мал басы 200 - ге дейін, 200 - 1000, және 1000 - 2000 болып келеді.

 Аталған сүт өндіру технологиялары жүйесінде малдың биологиялық әлеуетін, олардың оптималдық өнімділігін қамтамасыз етудің үш деңгейі белгіленген.

 Бірінші деңгей – интенсивті (жоғары интенсивті) технологиялар (А) – мал тұқымының генетикалық мүмкіншіліктерін 85 - 95 % және одан жоғары пайдаланғандағы процестер жиынтығы.

 Мұндай технология негізінде малды азықтандыру, оларды ветеринарлық – санитарлық қорғау жайлы терең білім мен техника – жабдықтардың жаңаша жетістіктерін, энергия үнемдеуді қамтамасыз ете отырып, оның жаңа түрлерін пайдалану шетел және отандық озат шаруашылықтар жетістіктеріне сай болады.

 Технологиялардың қалған екі деңгейі – орта интенсивті және жай интенсивті (Б және В), тиісінше техника – экономикалық көрсеткіштері және малдың өнімділігі төменірек. Осы технологиялар бүгінгі таңда көптеген шаруашылықтардың шын мәніндегі мүмкіндіктеріне сай келеді.

 Сиырды байлап ұстаған жағдайда А, Б және В интенсивтік деңгейдегі технологиялар мен операциялар жиынтығы әр сиырдан жылына 5000, 4000 және 3000 литр сүт алуды қамтамасыз еткенде, еңбек шығыны 1 т сүтке 20, 30 және 40 адам – сағатқа тең. Сүт – тауарлы фермалар, шаруашылықтың материалдық және қаржы-лық мүмкінділіктеріне қарай, мал басының мөлшері үш топқа бөлінеді: 400 және онан көп сиырға дейін, 100 - ден 400 сиырға дейін және 100 бастан төмен малға арналған. Сонымен қатар Қазақстанда аталған тәсілмен - сиырды байлап ұстаудың кеңірек тарағандығын атап өткен жөн.

 Жоғарыда келтірілген технологиялар: А, Б және әртүрлі ұжымдық фермерлік, шаруа қожалық, өндірістік кооперативтер, т.б.) және жанұялық шаруашылықтарда кеңінен қолданылады.

 Атап өтетін жай, мал шаруашылығы үшін 600 - ден астам машиналар, құрал – жабдықтар және олардың түрөзгерістері пайдаланылса, оның 100- ден артығы сүт өндіретін фермаларда жұмыс істейді екен. Осындай әртүрлі техника бірыңғайландырылып жасалған элеметтік базаны пайдалану негізінде түзіледі.

Отандық және шетелдік тәжірибелерді жинақтап қорыту нәтижелері көрсет-кендей, мал шаруашылығын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру өнім өндіруге жұмсалатын еңбек шығынын 5-7 есе, сүтке 0,6-1,1 адам-сағ., тірі салмақ өсуіне 0,8-1,3 адам-сағ. жеткізеді. Мұндай жағдайда, бір жұмыскер 55 - 65 сиыр, 2 - 3 мың бас бордақыдағы ірі қараны күте алады.

 Ірі қара мал шаруашылығында, шағын фермаларда жұмыстарды механикаландыру және электрлендіру деңгейін көтеру үшін, фермерлік шаруашылықтар (шаруақожалықтар) үшін қажетті техниканың қалыптасқан түрқатары кеңейтілуі тиіс. Сүт өндіретін шаруашылықтардың даму үдерісі ескеріліп, олардың өз шикізатын өздері өңдеп, алынған сүт өнімдерін (кілегей, қаймақ, сүзбе, айран және т.б.) сауда нүктелерінде сатуға әрекеттенетіні ескеріліп, ауысымына 5 - 6 тонна сүт өңдейтін азтоннаждық цех жабдықтарын жасау қарастырылған.

 Сауын сиыр өсірудің осы таңдағы жағдайын талдай отырып, нарықтық экономика жағдайында сүт өндірушілердің барлық нысандары үшін қолданылатын технологиялар мен техниканың шоғырын кеңейту қажеттігі анық болып отыр.

 Оған қоса жаңа сауын қондырғыларын жасауға, пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар мөлшерін азайту үшін, олар өте жоғары деңгейде унификациялануы тиіс.

 Осы проблеманы шешудің бір жолы – модулдік сауын қондырғыларын шығару. Мұнда белгілі ғимарат жағдайында және мал ұстайтын басқа технологиялық жабдықтарға бейімдеу үшін топтама модульдер санын өзгерту арқылы іске асырылады да, тұтынушы қалыптасқан түрқатардан өзіне қажет сауын қондырғысын таңдап алады.

 Машина жасау өнімдерінің бәсекелестігі төмен болу себебінің негізі – технологиялық артта қалуы, тең жағдайда салыстырмалы көп шығындар келтіреді. Саланың осы заманғы қалыптасқан саяси - әлеуметтік жағдайларға және материалдық – техникалық базасына сәйкес еңбек өнімділігін арттырудың нақтылы және тиімді жолдарын қарастырған жөн. Кейбір Ресей ғалымдарының пікірінше, сауын техникасын оптималдау: сүт құбырына сауатын агрегаттар үлесі 65 – 70 %, сиырды арнайы залда сауатын сауын қондырғылары – 20 – 2 % және шелекке сауатын агрегаттар үлесі 5% - ке дейін болуы керек.

 Қазіргі уақытта республика шаруашылықтары үшін сауын қондырғыларының мына типтерін шығару қажет:

 - жеке меншік, қосалқы шаруашылықтарда (5 сиырға дейін) қолданылатын дара сауын аппараттары;

 -фермерлік және ұжымдық шаруашылықтарда 25, 50, 100 және 200 сиырды саууға арналған сүтқұбырлы тұрақты сауын қондырғылары;

 -«Тандем» және «Елочка» типтес 400 және одан көп сиыры бар сүт фермасы үшін автоматтандырылған арнайы сауын қондырғылары;

 -100 және 200 сиырды тұрақжайда ұстап, жылжымалы сауын аппараттарымен сүт құбырына сауатын автоматтандырылған сауын қондырғылары.

 Аталған қондырғылар ішінен 10-50 сиырға арналған, фермерлік типтес қондырғылар, өндірістен сериялы түрде шықпайды, ал құбырға сауатын қондырғылардың жекелеген түрлері соңғы жылдары шығарыла бастады.

 

 

 1.2 Заманауи сауу аппараттарының құрылысы мен жұмысына шолу жасау

 

 Сиырды машинамен сауу – көп еңбек сіңіруді қажет ететін күрделі процестердің бірі. Бұл процестің технологиясын сақтаамау сиыр желіні иіп кетуіне, малдың желінсаумен ауруына, ақыр аяғында сүтінің күрт кеміп кетуіне әкеліп соқтырады.

 Сиырды машинамен сауу – малды бағып, күтудің технологиясы мен әдістеріне байланысты, түрліше жүргізіледі. Қорада күтіп-баққан жағдайда машинамен сауу төмендегі технологиялық сұлбалардың біреуімен атқарылады: қорада сауу, әр сиырдан сауылған сүтті сауын шелегіне құю; қорада сауу, бір топ сиырдан алынған сүтті ортақ ыдысқа құю; қорада сауу, сауылған сүтті сүт құбырымен сүтханаға тасымалдау; арнайы алаңда сауу, сауылған сүтті құбырмен сүтханаға тасымалдау.

 Сауу аппараттарының жұмысы сүтті сауып, содан кейін оны ыдысқа құюға икемделген кейбір механизмдер көмегімен жұмыс атқаратын вакуум қызметіне негізделген. Әрбір сауу аппараты сауу стакандарынан, коллектордан, пульсатордан, қақпақты сауу шелегінен, резеңке түтік пен шлангалардан тұрады.

  «Волга» сауу аппараты қақпағы бар шелектен, пульсатордан, коллектордан, төрт сауу стакандарынан, ауа және сүт жүретін резеңке түтіктерден (2 сурет) тұрады.

 

 

1 – сауу шелегі, 2 – қақпақ, 3 – пульсатор, 4 – қысқыш, 5 – ауа шлангасы, 6 – сүт шлангасы,

7 – коллектор, 8 – вакуумды келтетүтік, 9 – сүт келтетүтігі,

10 – жалғағыш сақина, 11 – емшек резеңкесі, 12 – стакан гильзасы, 13 – сауу стакандары

Сурет 2. «Волга» сауу аппараты

 

 Аппараттың сауу стаканы сору резеңкесінен, сүт келтетүтігінен, жалғағыш сақинадан және корпустан тұрады. Корпустың келтетүтігі резеңке түтік арқылы коллекторға жалғанады. Сору резеңкесінің пішіні цилиндр тәріздес, сору саңылауының диаметрі – . Стаканның жоғарғы жағында диаметрі қосалқы сорғыш орналасқан. Осы сорғыштың ішкі қуысында демалыс тактысы кезінде стакандарды түсірмей ұстап тұратын вакуум болады. Сүтті сору стаканынан коллекторға жеткізу үшін корпусқа сүт келтетүтігін кигізеді.

 Екітактылы ДА – 2М «Майга» сауу аппараты жұмысты шапшаң атқаруға арналған. Ол екітактылы циклмен (коллектор камерасына ауа сору арқылы) минутына 80 соғудан 100 соғуға дейінгі жиілікте жұмыс істейді. ДА–2М «Майга» сауу аппаратының құрастыру бірліктері «Волга» сауу аппаратының құрастыру бірліктерімен бірдей болып келеді, бірақ олардың құрылысында бірқатар ерекшеліктері бар.

 Пульсатор корпустан (2), қақпақтан (1), төсемеден (5), клапаннан (6), мембранадан (7), қақпақтан (9), сомыннан (8), аралық төсемнен (4), реттегіш бұрамадан (3) және I ... IV камералардан тұрады.

 Бірыңғайландырылған АДУ-1 сауу аппараты (сурет 3) төрт сауу стаканынан, коллектордан, пульсатордан, резеңке шлангалардан және келтетүтіктерден, сауу шелегінен тұрады.

 АДУ–1 сауу аппараты екітактылы және үштактылы етіп шығарылады.

 Екі тактылы АДУ–1 сауу аппараты сүтті сүт құбырына жинайтын АДМ–8А типтес сауын қондырғыларында, сондай – ақ сүтті шелекке жинайтын ДАС -2Б сауын қондырғыларында қолданылады.

 Сүтті сүт құбырына жинағанда, оны вакуум және сүт түтіктеріне жалғау үшін шүмек – ұстағышты пайдаланады. (3, а сурет).

 

 а - сүт құбырына саууға арналған аппараттың жалпы көрінісі:

1 – пульсатор, 2 – ұстағыш, 3 – коллектор, 4 – сүт түтігі, 5 – түтік, 6 – стакан гильзасы,7 – сору резеңкесі, 8 – сақина, 9 – сүт шлангасы, 10 – айнымалы вакуум шлангасы, б – сауу стаканы:

1 – гильза, 2 – сору резеңкесі, в – коллектор бөлшектері: 1 – бұрама, 2 – таратқыш,

3, 6 - жоғарғы және төменгі корпустар, 4 – аралық төсем, 5 – клапан, 7 – тығырық, 8 – шплинт

Сурет 3. Бірыңғайландырылған АДУ - 1 сауу аппараты

 

 Төмен вакуумды АДУ–1–03 сауу аппараты АДМ-8 сауын қондырғысында пайдаланылады. АДН-1 сауу аппараты төрт сауу стаканынан, коллектордан, пульсатордан, резеңке шлангалардан, келте-түтіктерден және аппаратты бір уақытта вакуум және сүт түтіктеріне қосатын ұстағыш-шүмектен тұрады. АДН-1 аппаратының сауу стакандары АДУ-1 аппаратының стакандарымен бірдей, ал коллектор мен пульсатордың құрылыстарында айырмашылықтар бар.

 Стимулдаушы АДУ-1–04 сауу аппараты төрт сауу стаканынан, АДУ-1 аппаратындағыдай коллектордан және пульсатордан тұрады. Пульсатор бір корпуста орналастырылған екі блоктан тұрады: бір блок – минутына 60 пульсация жиілікпен (1 Гц) істейтін төмен жиіліктегі пульсатор, екінші блок – минутына 600...700 пульсация (10...12 Гц) жиілікпен істейтін жоғары жиіліктегі пульсатор. Төмен жиіліктегі пульсатор желіннен сүт шығаруды басқарады, ал жоғары жиіліктегі пульсатор – желіннен сүтті сиырды бұзау емгендегідей тиімділікпен бөліп шығаруды қамтамасыз етеді, бұл сирексудің емшекке зиянды әсерін азайтады.

 АДС–1 сауу аппаратының қалыпты жұмыс істеуі сүт түтігіндегі сирексу 50...52 кПа, ал вакуум – түтікте – 47...49 кПа болғанда қамтамасыз етіледі. АДС–1 аппаратының тактыларының қатынасы мынандай: сору – 72%, қысу - 28%.

 Жоғарыда қарастырылған сауу аппараттарының техникалық сипаттамалары 1 кестеде берілген.

Кесте 1-Заманауи сауу аппараттарының техникалық сипаттамасы

Көрсеткіш

Үштактылы

«Волга»

Екітактылы

АДУ -1

1

Жұмыс вакуумы, кПа

53

47,9

48...51

50,6

45

48

53

2

Тактылар қатынасы, циклды 4

жалпы ұзақтығына % - бен шаққанда:

сору

64

66

70

65...70

65

73

50

3

қысу

11

16

30

30...35

35

27

50

4

демалыс

25

18

-

-

-

-

-

5

Пульсация жиілігі, мин-1

60

66

80

55...75

60...70

60...72

45

 

 Қазіргі кезде ТМД және Балтия елдерінің ғалымдары мен конструкторлары бірқатар жаңа сауу аппараттарын жасап шығарды. «Камиль-Агро» ғылыми-өндірістік бірлестігі (Татарстан) 1999 жылдан бастап «Нурлат» сауу аппаратын шығара бастады. Бұл аппаратта сауу процесі табиғи процеске максимальды жақындатылған. Осының негізінде желін емшектерінің жарақаттануына, сиырлардың желінсаумен ауруына жол берілмейді, әрі сүт бөліп шығару 20...25% - ға артады. «Кургансельмаш» акционерлік қоғамы (Ресей) сиыр фермаларына, фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған үштактылы «Волга» СБ 42В, жаңа екітактылы аппарат және жетілдірілген АДУ-1М сауу аппаратын жасап, шығара бастады. Жаңа екітактылы сауу аппараты («Кургансельмаш» АҚ) сиырларды сауу шелегіне машинамен саууға арналған. Оның шелегі – тоттанбайтын болаттан және тағамдық маркалы алюминийден жасалған. Сауу аппаратының негізгі тетіктері – пульсатор, коллектор және сауу стакандары жетілдіріп, жаңадан жасалған. Қалыпты вакуумы – 48 кПа, пульсация жиілігі минутына 66 соғу, тактыларының қатынасы: сору 65% және қысу/демалыс – 35%, шелек сыйымдылығы – , тоттанбайтын болаттан жасалған аппараттың массасы – , алюминийден жасалған аппарат массасы – 8,9 кг.

 АДУ-1М жетілдірілген сауу аппараты бес нұсқада шығарылады: О - сүт түтігі бар сауын қондырғыларына арналған аппарат; 1 – вакуум- түтігі бар сауын қондырғыларына арналған тоттанбайтын болаттан жасалған шелегі бар аппарат; 2 – вакуум-түтігі бар сауын қондырғыларына арналған алюминий шелекті аппарат; 3 – шағын жылжымалы сауын қондырғыларына арналған тоттанбайтын болаттан жасалған шелегі бар аппарат; 4 – шағын жылжымалы сауын қондырғыларына арналған алюминий шелекті аппарат. Аппаратты синхронды немесе қосарланған пульсатормен жабдықтауға болады.

 Барлық аппараттың аспалы бөлігінің массасы – , жұмыс вакуум қысымы 47...49 кПа; пульсация жиілігі минутына 60...72 соғу, коллектор сыйымдылығы – 0,2 дм3, сауу шелегінің көлемі – .

 

 

    • Шағын фермаларда қолданылатын сауын қондырғыларын

технологиялық талдау

 

 Машинамен сиыр сауу үшін өнеркәсіп алуан түрлі сауын қондырғыларын шығарады. Олар өнімділігімен, операторлар жұмысын ұйымдастырумен және техника-экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді.

 Атқаратын қызметіне байланысты сауын қондырғылары мен агрегаттарын мынадай топтарға бөледі:

 -малды байлаулы тұрған орнында, сүтті шелекке құйып сауатын қондырғылар мен агрегаттар;

 - малды байлаулы тұрған орнында сүтті сүт түтігіне жинау арқылы сауатын қондырғылар мен агрегаттар;

 -малды сауын залдарында байламай, құрама және тасқынды - конвейерлі тәсілмен сауатын қондырғылар;

 -малды жайылымдарда және жазғы лагерлерде сауатын қондырғылар;

 -малды жеке қосалқы шаруашылықта және шаруа қожалықтарында саууға арналған дербес сауын агрегаттары.

 Бұл қондырғылар мен агрегаттардың технологиялық сұлбалары 3 суретте көрсетілген. Машинамен мал сауудың өндірістік процесін ұйымдастыру көбінесе төмендегі төрт тәсіл бойынша жүргізіледі:

 - әр сиырды фермадағы арнайы бөлінген орнында жыл бойы сауу. Сиырлар байлауда күтіп - бағылады. Бұл жағдайда мынадай сауын қондырғыларын пайдалану ұсынылады: аппараттарын тасымалдауға болатын және сауылған сүтті шелектерге жинайтын АД-100Б немесе ДАС-2В маркалы (5,а сурет), сауылған сүтті сүт түтіктері арқылы ортақ ыдысқа жинайтын АДМ-8А (5,б - сурет) маркалы, конвейерлік әдіспен сиырларды күтіп бағу жағдайында қолданылатын арнайы қондырғылар (3г сурет);

 -жыл бойы кешендерде, фермаларда, алаңдарда немесе жеке сауылатын бөлмелерде, арнаулы станоктарда сиырларды жыл бойы ұстап сауу. Сиырлар басжіпсіз бос күтіп бағылады. “Тандем”, “Елочка” немесе конвейерлік типтегі станоктары бар сауын қондырғылары (5,д...з сурет) қолданылады;

 -қыс айларында - фермада, жаз айларында - тұрақты лагерде сауу. Сиырларды күтіп-бағу жүйесіде солай аталады (қорада - жайылымда). Фермаларда - АД-100Б, ДАС-2В, АДМ-8А сауын қондырғылары, ал жайылымда (лагерьде) - мал атаулы станоктардың бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін әмбебап - жылжымалы УДС-3Б және қатарлас орналасқан немесе “Елочка” типтес станоктары бар қондырғылар қолданылады;

 -қыс айларында - фермада, жаз айларында - жайылымда сауу.

 Күтіп бағу жүйесі қорада - жайылымда принципіне негізделген. Жайылымда – УДС-3Б, фермада-АД-100Б, ДАС-2В, АДМ-8А сауын қондырғылары пайдаланылады. АД–100Б және ДАС-2В қондырғылары 100 басқа дейінгі табындағы сиырларды саууға арналған. АД-100Б қондырғысы үштактылы тоғыз “Волга”сауу аппаратымен, ДАС-2В қондырғысы - екітактылы тоғыз АДУ-1 сауу аппаратымен жабдықталған. Бұл қондырғылардың жалпы көрінісі (4 суретте) көрсетілген. Олар вакуум - сораптан (7), вакуум-түтіктерінің магистральды (2) және жұмысшы бөліктерінен тұрады. Сауу аппараттарын (1) сауу шелектерімен қосу үшін, соңғысын вакуум-шүмекке жалғастырады. Арнаулы құрылғы (5) сауу аппаратарының аспалы бөлігін (қақпақтарымен бірге) жууға арналған. Сонымен бірге қондырғының жинағына вакуумметр (3), вакуум-баллон (9) және қосалқы бөлшектер сақталатын шкаф (4) кіреді. Ал сауыншылар сүт құйылған флягаларды сүт сауылған жерден сүт жинайтын жерге тасымалдау үшін бірөсті екідоңғалақты қол арбаны пайдаланады. Сауын қондырғысының технологиялық жұмыс процесі негізінен екі циклдан: сауу және сауу аппараттарын жуудан (дезинфекциялау) тұрады.

 АДМ-8А сауын қондырғысы екі нұсқада: 100 және 200 сиырды саууға арналып шығарылады. Бұл қондырғы тұйықталған екі жүйеден тұрады: сиырларды машинамен сауу процесін жүзеге асырушы жүйеде вакуум жасауға арналған түтіктер және сауылған сүтті жинау мен тасымалдауға арналған сүт түтіктері.

 

1 - сауу аппараты, 2 - вакуум-түтік, 3 - вакуумметрлер, 4 - қосалқы бөлшектершкафы,5 - сауу аппараттарын жуатын құрылғы, 6 - флягаларды тасымалдайтын арба, 7 - вакуум-сорап, 8 – вакуум-реттегіш, 9 - вакуум-балкон

 Сурет 4. Сүтті шелекке жинайтын сауын қондырғысы

 200 сиырға арналған қондырғыда он алты АДС-1 сауу аппараты, баллондарымен қоса вакуум жасауға арналған екі УВУ-60/45 қондырғылары, екі вакуум-реттегіш және ауа түтіктер жүйесі бар (5- сурет).

 Сүт желісі диаметрі шыны түтікшелерден тұратын сүт тасымалдайтын түтіктерден, топтастырылған сүт есептегіштен (АДМ-52 типтес мөлшерлегіш), сүт жинағыштан (ауа бөлгіштен), НМУ-6 маркалы сүт сорабынан, тасқынды сүзгіден, екі пакеттен құралған пластиналы ОМ-1000 УЗ маркалы сүт салқындатқыштан, сүт түтіктері мен сауу аппараттарын циркуляциялық жолмен жууға арналған автоматты құрылғыдан және құрал-саймандарды сақтауға арналған шкафтан, сондай-ақ сауылған сүт мөлшерін дербес (зоотехникалық) есептеуге арналған УЗМ-1 құрылғысынан тұрады. Одан басқа, тұтынушылардың қалауы бойынша АДМ-8А қондырғысы ТОВ-І немесе ТО-2 маркалы сүт салқындатқыш танкпен, УАП-400/09 (ВЭТ-200-дің орнына) электр сужылытқышымен жабдықталады. Бірыңғайландырылған АДМ-8А сауу қондырғысының конструктивті-технологиялық сұлбасында ауа түтіктері диаметрі болат түтіктерден жасалған сегіз тұйық тармақтардан, ал сүт түтіктері сауу кезінде диаметрі 38 мм-лік шыны түтікшелерден, төрт тармақ етіп қайта жасалатын екі тұйық тараудан тұрады. Сауу аппараттары ауа және сүт түтіктерімен бірлестірілген сүт-ауа шүмегінің көмегімен жалғастырылады.

 Азықтаратқыштың жемшөп тарататын жолмен өтуін қамтамасыз ету үшін сауу жұмысы жүргізілмейтін кезде, сол жолдың шетінде сүт түтіктерін жоғары көтеретін құрылғы орналастырылады. Сүт жиналатын бөлмеде сүтті алғашқы өңдеуден өткізетін жабдықтар, сүт түтіктерін жуу жүйесі және электр сужылытқышы орнатылады. АДМ-8А қондырғысында машинамен сауудың технологиялық процесі бірінен соң бірі орындалатын төменгідей операциялардан тұрады: 1) қондырғыны сүт саууға дайындау; 2) сиырдың желінін саууға дайындау және емшектерге стакандарды кигізу; 3) сауу және соңғы операцияларды орындау; 4) бақылау кезінде әр сиырдан алынатын сүт мөлшерін анықтау; 5) сүт жиналатын бөлімге сүтті тасымалдау; 6) топтастырылған 50 сиырдан алынатын сүт мөлшерін анықтау; 7) сүтті сүзгіден өткізу; 8) сүтті салқындату; 9) сүт сақталатын ыдысқа сүтті құю; 10) сауу қондырғысын жуу және дезинфекциялау; 11) сүтті жиналатын ыдыстан тасымалдаушы құралдарға құю.

 УДС-3Б әмбебап сауын стансасы сиырды жайылымда, жазғы лагерьлерде саууға арналған. Оны сондай-ақ фермалардағы сауын залдарында пайдалануға болады. Қондырғы шана үстіне екі секция етіп жиналған, оған қатарлас - өтпелі тәріздес сегіз сауу станогы орнатылады (5 сурет).

 

  •  Вакуум-сорап, 2-сақтандырғыш клапаны, 3- су сорабы, 4- вакуум –баллон, 5-вакуум-реттегіш, 6-вакуумметр, 7-суыту жәшігі, 8- сұйықты жуу ваннасы, 9- сут жинау ыдысы, 10-сақтандырғыш камерасы, 12 –суытқыш фильтрі, 13 – желінді жуатын шашыратқыш, 14- сауу аппараты, 15 - Вакуум краны, 16-сүт өлшегін, 17- суық су багі, 18-жылытқыш котелы, 19-араластырғыш сорабы

 

Сурет 5. УДС – 3Б әмбебап сауын стансасы

 

 Құнарландырылған азық салынатын астауды бекіту үшін станоктар мал кіретін жағынан көтергіш иінмен, ал қарсы жағынан есікпен жабдықталған. Станоктардың арасына қолмен жұмыс істейтін шнекті мөлшерлегіші бар, сыйымдылығы 0,25 м3 шанақтар орнатылған. Бұл қондырғыда үштактылы сегіз «Волга» сауу аппараты бар. Олардың әрқайсысы жеке сиырдан алынатын сүттің мөлшерін анықтауға арналған УЗМ–1 есептегішімен жабдықталған.

 УДС–3Б қондырғысының сүт түтіктерімен ағып келген сүт жина-ғышқа құйылады, ал одан әрі сорап сүтті алғашқы өңдеуден өткізу жүйесіне, ең соңында флягаларға айдайды. УДС–3Б қондырғысының сүтті алғашқы өңдеуден өткізу жүйесі АДМ–8А қондырғысының жүйесімен бірыңғайландырылған. Тек қана оның бұл қондырғыдан айырмасы: оның жұмысына диафрагмалы СБ – 43А сүт сорабы пайдаланылады. УДС-3Б қондырғысының құрамына станоктардан, сауу аппараттарынан және сүт желілері мен жабдықтарды циркуляциялап жуатын құрылғылардан басқа күш беретін, сумен жабдықтайтын және жарық беретін электр жабдықтары кіреді. Күш беретін агрегат ротациялы УВУ-60/45 вакуум – сорабынан, қуаты 8,0 кВт УДС-2-5С карбюраторлы қозғалтқыштан, су айдайтын сораптан және жұмыс орындарына жарық беретін электр генераторынан тұрады. Агрегат сыртқы электр жүйесінен қоректенетін электр – қозғалтқышымен де жұмыс істей алады.

 Сумен жабдықтайтын агрегат жабдықтар мен сиырдың желінін жуып – шаюға қажетті ыстық немесе жылы суды жеткізіп тұруға арналған. Ол су жылытатын сыйымдылығы қазаннан және салқын суға арналған, сыйымдылығы ыдыстан тұрады. Ыстық су мен жылы суды әртүрлі қатынаста араластыратын диафрагмалы сорап – араластырғыш ауа жүйесіне қосылған пульсатордан жұмыс істейді. Желінді жылы сумен жуып – шаюға шашыратқыштар пайдаланылады. Сиыр сауылатын станоктарды жарым – жартылай бөлшектеп автокөлікпен тасымалдайды. Дербес сауын агрегаттары мен қондырғылары халықтың жеке шаруашылықтарында және шаруа қожалықтарының шағын мал фермаларында сиырды саууға арналған. Аталған шаруашылықтарда мал басының өсуіне байланысты бұл агрегаттар мен қондырғылар кеңінен қолданылуда. Өнеркәсіп жылжымалы және тұрақты дербес сауын агрегаттары мен қондырғыларының оннан астам түрін шығарады. Мысалы, АИД–1, АИД–1-01 дербес сауын агрегаттары, УДПС–1 “Сухиничинка” жылжымалы сауын қондырғысы және т.б. Олардың техникалық сипаттамасы 2 кестеде берілген.

 

 Кесте 2-Дербес сауын агрегаттарының техникалық сипаттамасы

 

Көрсеткіш

Дербес сауын агрегаты

АИД-1

АИДП-1

“Березка”

Сауын агрегаты

АИД-2

Дербес сауын қондырғысы

Жылжымалы УДПС-1 “Сухиничанка” қондырғысы

УДИ-1

1

Сауу аппаратының саны

1 (3)

2 (3)

1 (3)

1 (3)

2 (3)

1 (3)

2

Жұмыс вакуумы, кПА

47 + 1

48 + 1

47 + 1

48

47 + 1

48 + 1

3

Пульсация жиілігі, мин-1

64

65

70 + 8

66

65 + 5

65

4

Сору-қысу такты-ларының

ара қатынасы

6634

6535

6634

6535

6535

6535

5

Коллектор сүт камера-

сының көлемі, см3

100

100

180

100

100

100

6

Вакуум сорабының

өнімділігі, м3/сағ

4,8

10,2

6,0

13,2

12,8

8+1

7

Агрегаттың сағаттық

өнімділігі, бас

10 - 15

10 - 20

10 - 15

5 - 10

15 - 25

8 - 10

8

Қондырылған қуат, кВт

0,55

0,75

0,55

1,5

1,5

1,1

 

 УДСП-1 «Сухиничанка» жылжымалы сауын қондырғысы сауу аппаратын қолданып, сиырларды жекелеп саууға арналған. Қондырғы-ның құрамына сусақиналы ВВН-1-0,1 вакуум-сорабы, бірфазалы асинхронды ДАК 90А2У3 электрқозғалтқышы, АИД-1 сауу аппараты кіреді. Қондырғыға бір адам қызмет көрсетеді. Вакуум-баллонда вакуумметр мен сауу аппаратын іске қосатын вакуум-шүмек орнатылған (7- сурет). Сауу аппаратын алаңшаға орнатады да, резеңке түтікшелер кигізілген төрт тіректің көмегімен ұстатады. Вакуум - баллон шланга арқылы сору сорабымен жалғанған. Су резеңке түтік арқылы беріледі, ал ауа-су қоспасы сораппен құбыр арқылы су ыдысына айдалады. Ауа су ыдысынан сүзгі арқылы шығарылады. Қондырғыны ұстағыштың көмегімен жылжытады, ал ұстағышқа ашасы бар электр сымдары оралатын сырықтар пісірмеленген.

 

  •  Сүт цистернасы, 2- суытқыш,3-астау, 4-вакуум-баллон, 5-азыққа арналған бункер, 6- қорғауыш,7- су жылыту агрегаты, 8- сауу аппараттарын сақтайтын жәшік,9- сауу станоктардың секциялары, 10- сауу аппараттары,11- күш беру агрегаты. 12-мұз тұратын бак

Сурет 6- УДС-3 әмбебап сауу қондырғысы

 УДС-3Б дербес әмбебап сауын агрегаты шаруашылықтарында және шағын мал фермаларында сиыр саууға қолданылады. Агрегат (7- сурет) сауу шелегінен (1), сауу аппаратынан (2), вакуум – түтіктен (6), вакуум қондырғысынан (9), вакуум-реттегіштен (3), вакуумметрден (4), вакуум шүмегінен (5), вакуум шлангысынан, сөндіргіштен (10) және агрегатты желіге қосатын розеткадан (7) тұрады.

Сурет 7. УДС-3Б сауын агрегатының жалпы көрінісі

 

 

 1.3 Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу

 

 Мамандандырылған сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы – негізінен мал шаруашылығының фермерлік саласы, ол фермерлік жанұяның экономика-лық, жер және еңбек әлеуетін толығынан пайдалануды қамтамасыз етеді.

 Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте өндірістік сапасын арттыру және сүт өндіру саласын дамыту үшін, жоғарыда келтірілген фермаларда сүт өндіру технологияларының ішіндегі үшінші технологияны таңдап аламыз. Жоғарыда айтылғандай, бұл технология бойынша сиырлар қоражайда байлаусыз ұсталады да, сауын залында сауылады. Шаруашылықтағы мал басының өсу үдерісіне байланысты, сиырларды 50-70 басқа арналған қоражайда күтіп – бағуды қарастырамыз.

 560 бас сиырға арналған фермалар үшін технологиялық жобалау нормалары бойынша екі типтік жоба жасалған. Бірінші жоба бойынша фермада табындағы мал санын толықтырмай бокста күтіп – бағу, ал екінші жоба бойынша – табындағы мал санын толықтыру арқылы бокста күтіп – бағу жүргізіледі. Бірінші вариант бойынша фермада 50 сиыр, 10 тайынша және 20 күндік бұзаулар, ал екінші вариант бойынша – 50 сиыр, 36 тайынша және суалған сиырлар күтіп – бағылады. Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте сүт өндіруді бірінші вариант бойынша жобалаймыз.

 560 бас сиырға арналған ферма құрамына: сиырға арналған қоражай, сауын залы, сиыр бұзаулайтын және бұзаулар тұратын қоражай, азық қоймалары, ауылшаруашылық техника тұрағы, сүрлем және пішендеме траншеялары, дезинфекциялық тосқауыл, мал серуендейтін алаңшалар, көңқойма, трансформаторлық қосалқы станса кіреді. Фермада мал байламай бағу – жайылымдық жүйесі бойынша күтіп – бағылады. Сауылатын және суалған сиырлар, тайыншалар бокс, азық науасы және автосуаттармен жабдықталған секцияларда байлаусыз; буаз және жаңа туған сиырлар басқа қорада байлаусыз ұсталады. Бұзаулар алдымен жеке кішкене үйшіктерде, сосын топтық станоктарда күтіп – бағылады. Фермада малды қыс кезінде пішен, сүрлем, пішендеме, тамыртүйнектер және құрамажеммен; жаз кезінде – көк балауса және құрамажеммен азықтандырамыз. Сүрлем, пішендеме, тамыртүйнектерді – МЭС–0,6 «Фермер» энерго-модулімен таратамыз, ал құрамажемді – сауын сиырларға береміз. Пішен қоражайдың пішен тұратын үлкен шатырлы бункерлерде сақталады да, басқа азықтармен араластырып машинамен таратылады. Тамыр-түйнектер ИКМ–Т–0,8 ұсақтағышында, дәнді азықтар – МБУ–Т–4 ұсақтағышында ұнтақталады.

 Сиырларды сауын залында «тандем» типтес қондырғыда саууды, ал сүтті резервуар – салқындатқышта сақтауды қарастырамыз.

 Көң саңылаулы еден астынан УС–Ф–170 скреперлі қондырғысымен жина-лып, шнекті тасымалдағыштармен көңқоймаға тасымалданады.

 Өндірістік қоражайларды желдету – жылуалмасу арқылы, яғни механика-лық тарту – шығару және табиғи жүйемен жүргізіледі. Қоражайлар қыс кезінде ЭОКС типтес электрқыздырғыштармен жылытылады, бұл қыздырғыштар қора-жай ішіндегі температура 5...10 0С–қа төмендегенде автоматты түрде іске қосылады. Тамыртүйнек қоймасы мен ауылшаруашылық техника тұрағы жылыту үшін электрокалориферлер қолданылады

 

 

 Сурет 8. Сүт өндіруші кәсіпорын жоспары

 

 Дипломдық жобаның мақсаты – отандық және шетелдік соңғы ғылыми жетістіктерді ескере отырып, заманауи озық технологиялар және машиналар мен жабдықтардың негізінде шаруа қожалығы фермасында сиыр сауу мен сүт өндіру процестерін механикаландыру және сүтті алғашқы өңдеу цехын жобалау болып табылады.

 «Амиран -Агро» ЖШС жайлы қысқаша мәліметтер

 

 «Амиран -Агро» ЖШС Алматы облысы Талғар ауданының шығыс жағына орналасқан негізгі елді мекен болып табылады. «Амиран -Агро» ЖШС Алматы қаласынан 78км шақырымда орналасқан, аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл жерлер асфальталған жолдармен байланысады. «Амиран -Агро» ЖШС 2010 жылы 21 желтоқсанда құрылған. Қазіргі кезде бұл шаруашылық сүт өндірумен айналысады. Республикада, шаруа қожалықтарында соңғы жылдары жем шөп өндірісі саласында едәуір өнімді жұмыс атқарылуда. Оның құрамында сабан, ( бос күйінде, оралған, теңделген), пішендеме немесе сүрлем, тамыр-түйнек жемістілер, жем, меласса және карбамид ертіндісі бар ылғалды азық қоспаларын әзірлеуге арналған. Малдан әсіресе ірі қарадан алынған өнімді арттыру үшін малды толық рационды азықпен азықтандыру керек.

 

 

 Сурет 9. –Сүт өңдеу орны

 

 Бүгінгі күнде зауыттан бір күнде 12 тонна сүт өңделіп шығады. Олардың көбі балалар тамағы, сүт,иогурт. сүзбе т.б. Оның кепілі пішен түрлерінің мал жеміне жарайтынының барлығын өңдеп, нәрлендіріп беру. Зооинженерлік талаптар бойынша әр бір шартты малға 16...18 азықтық өлшемінен кем болмауы тиіс, ал кей обылыстарда бұл көрсеткіш 23...30 азық өлшеміне тең болуы тиіс. Тәжірбие мен ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай жем шөпті тек қарапайым өңдеуден өткізудің өзі ғана (ұсақтау, тұрау, бұлау, азықты жылыту т.б.) пішеннің сапасын жақсартып оны жалпы 20... 30% - ға үнемдеуге мүмкіндік береді.

 Дипломдық жобада Амиран -Агро жауапкерлігі шектеулі серіктестігі тауарлы– сүт фермасы қарастырылатын болғандықтан, оның өндірістік сипаттамаларындағы мәліметтерге сүйене отырып, фермадағы мал санын 3 – кесте түрінде, алынған өнімнің көлемін 4 – кесте түрінде көрсетеміз.

 Төмендегі кестеде 2015- 2017 жыл аралығында мал басы мен одан алынған өнімдер жайлы қысқаша мәліметтер келтірілген .

 

 Кесте 2- «Амиран -Агро» ЖШС фермасындағы мал саны

Жылдар

Мал саны, бас

сауын сиырлар

2015

500

110

110

100

13

2016

520

115

130

110

18

2017

560

120

150

130

50

 

 Кесте 3- Ферма өндірісінің көрсеткіштері

Жылдар

Бір сиырдан сауылған сүт, кг

Жалпы өндірілген сүт, кг

Алынған бұзаулар саны

2015

10500

516600

130

2016

11000

560500

140

2017

14000

580500

300

 

 Жалпы жер көлемі мына суретте көрсетілген.

 

 Сурет 10. «Амиран-Агро» ЖШС жер көлемі

 

 Негізгі жерлерге егін шаруашылығы мен көп жылдық шөптер егеді. Егін шаруашылығы бидай, арпа, сұлы және малды жеммен қамтамасыз ететін дақылдық егіндер егіледі. Жердің негізгі бөлігі жазықтықты құрайды. Шаруашылық климаттық белдеуде орналасқандықтан кей аймақтарда ыстық болып келеді. Жазықтық бөлігінің көп бөлігі қатаң континентальды белдеулікке жатады. Климаттың жылдық, айлық, күндік амплитудалық ауытқуы ылғалдықтың түсуі мен температураның ерекшеліктерін білдіреді.

 Жылдық температураның ауытқуы 100С мен 150 С аралығында, ал жылдық минимальды ауа райының ауытқу 150С мен 180С аралығында. Ауылшаруашылық дақылдарының өсуі, малды жаю, топырақтың құралу процесі, жылдың негізгі мерзімдерін оның ішінде ауа райы және климаттың ерекшеліктерін анықтайды. Қыс кезінде ауа райы суық, қар онша жаумайды немесе ызғырық соғып тұрады. Метиостансалардың анализдеуі бойынша ең суық ай қантар, ақпан айы, бұл айларда температура ауытқуы – 40 –тан 100 –қа дейінгі аралықта болады. Қыста жер бетінің қар жамылуы әр жылда әр түрлі болады негізгі қар жамылу 20 см –ден 40 см аралығында. Қар қалың түскен жылдары болады. Ал көктем шығысымен қар тез ериді, наурыз айының соңы мен сәуір айларында жерлерді жырта бастайды.

 Жаз айларында ылғал мүлде түпейді десе де болады, ең көп жаңбыр жауған кез сәуір- мамыр айларында онда ылғалдылық 30-40 мм болады, ал жазда ауа райы қуаңшылық өте ыстық температура көлеңкеде +40-450С болуы мүмкін.

 Топырағы. жазықтықта сарғылт топырақ. Жазық жерлерде топырақ сары топырақтан сарғыш құм топыраққа ұласады. Жер асты сулары жер бетінен 2,0-2,5 м қашықтықта орналасады. Жер асты сулары жер бетіне жақын жатса бұл жердердің топырағы тұзды болады.

 Өсімдігі. Жоғарыда айтылғандай кейбір жердердің аймақтары әртүрлі - климаттық белдеулікте болады. сондықтан олардың өсімдіктеріде сол белдеулікке сәйкес өседі. Мына суретте Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс кезіндегі көріністер (11- сурет).

 

 Сурет – 11. Амиран-Агродағы жұмыс кезіндегі көрініс

 

 

 Жауапкеершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан аймақтағы климаты сол өңірге сай, қысы аязды кей жылдары қар молынан жауады, үскірік аязы бар, жазы ыстық климатқа жатады. Жаңбыр жылдық есеппен 200...300мм өте аз жауады. Қоғам – климатологиялық жағдайына байланысты шаруашылықтың негізгі өдірісі – мал өнімі, ал егіншілік өнімдері тек малды жем шөппен қамтамасыз етеді.

Температурасы жазда 36-390С, қысы суық орташа температурасы – 33-360С

  2 Технологиялық бөлім

 2.1 Сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық сұлбасын дәйектеу

 

 

  Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте әр сиырдан сауылатын сүттің мөлшерін 12000 л-ге жеткізу үшін ферманы отандық және әлемдік селекция және биотехнология жетістіктерін пайдалану нәтижесінде алынған жоғары генетикалық әлеуетті малмен жасақтау қажет.

 Малдың генетикалық әлеуетін және азықтық қоректік мүмкіндіктерін максимал пайдалану және технологиялық процестерді оптималдау, малдың биологиялық қажеттілігін қамту үшін фермадағы технологиялық процестерді кешенді механикаландыру қажет. Шаруа қожалығында келешекте сиыр сүтінен алуан түрлі сүт өнімдерін өндіру үшін фермадағы технологиялық процестерді кешенді механикаландыру. Сүтті алғашқы өңдеу дегеніміз - сауылған сүттің бастапқы қасиеттерін өзгертпей, оның санитарлық-гигиеналық сапаларын арттыруға бағытталған операциялардың кешені. Сүтті алғашқы өңдеуге қабылдау (есепке алу), тазарту, салқындату, пастерлеу, стерилдеу, сақтау және тасымалдау сияқты операциялар кіреді. Жеке тұрған сиыр қораларында, жазғы лагерьлерде және жайылымдарда, әдетте, сүтті ферма жанындағы сүтханаға немесе сүт өнеркәсібі кәсіпорындары жүйесіне жөнелтерден бұрын, оны қабылдап, алдын-ала салқындататын, есепке алып, сақтайтын уақытша орындар салынады. Ал жеке орналасқан фермалар жанынан салынған сүтханада барлық сиыр қораларынан келіп түскен сүт қабылданып, алғашқы өңдеуден өткізіледі, бүкіл шаруашылықтағы сүт құятын ыдыстарды дезинфекциялау ұйымдастырылады. Тауарлы - сүт фермаларында сауылған сүтті қабылдағанда (есепке алу) өнімнің сапа көрсеткіштері еске алынады. Бұл көрсеткіштердің ең негізгілері - сауылған сүттің мөлшері мен оның майлылық дәрежесі болып табылады. Шаруашылықтарда сауылған сүтке жеке және жалпы (топтық) есеп жүргізіледі. Сауу қондырғылары жоқ жерлерде сүтті арнайы таразыға тартады немесе өлшейді. Машинамен сауғанда және сүтті арнайы ыдыстарда сақтаған кезде, соңғысында жалпы және топтық сүт мөлшерін анықтайтын белгі болады. Кейбір шаруашылықтар сүт автоцистерналарына орнатылған арнайы есептегіштерді де пайдаланады. Бұл есептегіштер қотарылған сүттің (литр есебімен) мөлшерін көрсетеді.

 Сүтті алғашқы өңдеуден өткізген соң, оны кілегей, қаймақ, ірімшік, сүзбе, қышқылсүт өнімдеріне ұқсатады. Бұл технологияның сұлбасы алынатын өнімнің түріне (пастерленген сүт, қаймақ, сүзбе, сары май және т.б.) және қаптама типіне (фляга, полиэтилен пакеттер, полистирол стакандар және т.б.) қарай анықталады.

 Сүтті ұқсату үшін технологиялық жабдықтардың әмбебап жиынтығы бар. Ол пастерленген сүт, әртүрлі тағамдық заттар (қаймақ, майонез, кетчуп, кремдер, пасталар және т.б.) алуға мүмкіндік береді. Сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық операциялары алынған өнімнің тұтынушыларға жеткізу жағдайына байланысты болады. Тұтынушыға сүтті жеткізудің екі түрі болады. Бірінші жағдайда сүт фермада алғашқы өңдеуден өткізіліп, арнайы сүт зауытына жіберіледі. Екінші жағдайда сүт фермада алғашқы өңдеуден толық өткізіліп, сүт өнімдері бірден тұтынушыларға жеткізіледі.

 Сүтті алғашқы өңдеу желісінің негізгі технологиялық сұлбалары 15 суретте көрсетілген. Фермалар сүт өңдеу зауыттарына жақын орналасқан жағдайда, сүтті салқындатпай бірден зауытқа жөнелтуге болады.

 Мал басы 25-тен 200-ге дейін шағын фермаларда резервуар-салқындатқыштарды қолданып, сүтті алғашқы өңдеуден өткізеді.

 Мал басы 200-ден 800-ге дейін фермаларда сүтті ортадан тепкіш тазартқышпен тазартып, пластиналы салқындатқышпен суытып, сақтайды. Сиырлар эпизоотиямен ауырғанда, сүтті пастерлеуден өткізеді. Негізінен ферманың нақты жағдайына байланысты сүтті алғашқы өңдеудің басқа да технологиялық сұлбалары қолданылады. Соңғы кезде автоматтандырылған сауын модулі кеңінен қолданылатындықтан, сүтті алғашқы өңдеу және ұқсату процесінде өнімді ыдысқа қаптап, қолдануға даяр ететін жабдықтар мен механизмдерді қарастырған нарық жағдайында тиімді болып келеді.

 сиырды сауын залында сауу → сүтті құбырдан сораппен ұзақ мерзімді пастер-леуіш ыдысқа жинау → сүтті пастерлеу → пастерленген сүтті резервуар – салқын-датқышта суыту → суыған сүтті резервуарда уақытша сақтау.

 

 

 2.2 Сиыр саууға қажет қондырғыларды есептеу

 

 Шаруа қожалығы фермасының даму перспективасын ескере отырып, сауылатын сиыр санын m = 560 бас, ал сиырдан сауылатын сүт мөлшерін М = 12000 кг деп аламыз. Сиырларды күніне 2 рет, таңғы және кешкі сағат алтыда сауамыз.

 Шаруашылықтағы сауын мал санына, сүттілігіне және сауыншылардың кәсіби біліктілігіне байланысты қажетті қондырғыны таңдап алады.

 Фермада алғашқы өңдеуден өткізілетін сүттің жалпы жылдық мөлшерін мына өрнекпен анықтаймыз:

 Мж = Морт m, (1)

 мұнда Морт – бір сиырдан жылына сауылатын сүттің орташа мөлшері, кг;

 m – фермадағы сауылатын сиыр саны.

 Мж = 3000 · 560 = 1680000 кг = 1680 т.

 Сауылатын сүттің максималды тәуліктік мөлшерін мына өрнекпен табамыз, кг:

 

 Ммакс. тәул. = Мж КбКс / 365, (2)

 мұнда Кб – сиыр сауудың жыл бойындағы бірқалыпсыздық коэффициенті, (Кб= 1,2...2,0); Кс – сиырдың суалғандығын ескеретін коэффициент, (Кс= 0,8...1,0).

 Ммакс. тәул. = 1680000 · 1,5 · 0,9 / 365 = 6213,6 кг.

 Сиырды бір рет сауғандағы максималды сүт мөлшері, кг

 Ммакс. бір = Ммакс. тәул. /2 . (3)

 Ммакс. бір = 6213,6 /2 = 3106,8 кг.

  Сиырды машинамен сауу және сүтті алғашқы өңдеу тасқынды – технологиялық желісінің өнімділігі, кг/сағ,

 Qс = Ммакс. бір / Т3 , (4)

 мұнда Т3 – табындағы барлық сиырды саууға белгіленген уақыт, сағ (Т3=1...3,0).

 Qс = 3106,6/3 = 1035,5 кг/сағ.

 Сиыр сауу желісінің өнімділігі, сиыр/сағат

 Qсж = m / Т3 = 560 / 3 = 187 сиыр/сағ.

n с.қ = Qсж / Qс.қ. ,

 мұнда Qс.қ. – сауын қондырғысының өнімділігі, сиыр/сағ.

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте типтік сауын қондырғыларының ішінен сүтті сауын залында сауатын автоматтандырылған УДА - 8А «Тандем» қондырғысын таңдап аламыз. Оның сағаттық өнімділігін, қондырғыға бір оператор қызмет көрсететіндікін ескере отырып (Nоп = 1), мына өрнек бойынша анықтаймыз, сиыр/сағ:

  Qс.қ.= 60 kст / (tс+ tқ), (5)

 мұнда kст – қондырғыдағы станоктар саны, (УДА–8А «Тандем» қондырғысы үшін kст= 8);

 tс – машинамен сауу уақыты, мин;

 tқ – қолмен атқарылатын операцияларға жұмсалатын уақыт шығындары, мин сауын залдарында – 0,8...1,083 мин).

 Сиырдың сүт бергіштігіне байланысты бір сиырды сауудың орташа ұзақтығы, мин,

 tс = 0,33 q + 2,78 ,

 мұнда q – бір сиырдан бір жолы сауылатын сүт, кг.

 q = M / 305φ , (6)

 мұнда М – лактация кезіндегі сиырдың сүт бергіштігі, кг;

 305 – лактация күндерінің ұзақтығы;

 φ – тәуліктегі сиыр сауу саны.

 q = 3000 / 305 · 2 = 4,92 кг.

 tс = 0,45 · 4,92 + 4,78 = 7 мин.

 Сонда УДА – 8А «Тандем» сауын қондырғысының өнімділігі

 Qс.қ.= 560 · 8 / (7 + 1) = 560 сиыр/сағ.

 Қажетті сауын қондырғысының саны

 n с.қ = 560 / 60 = 9,33 ≈ 10 қондырғы.

 Табындағы барлық сиырды саууға қажет дәл уақытты былай табамыз:

 Т13 = m / Qс.қ. , (7)

 Т13 = 560 / 560 = 1,0 сағат = 60 минут.

 2.3 Сүтті алғашқы өңдейтін цехтың жабдықтарын есептеу және таңдап алу

 Сүтті алғашқы өңдеу цехына жылына түсетін сүттің көлемі мынаған тең:

 Мж = Морт m = 560 · 3000 = 1680000 кг = 1680 т

 Сиырлардан тәулігіне және бір жолы сауылатын сүт мөлшерін жоғарыда анықтап алдық:

 Ммакс. тәул. = 6213,6 кг.

 Ммакс. бір = 3106,8 кг.

 Сиырды саууға таңдап алынған УДА – 8А «Тандем» қондырғысында мынадай операциялар атқарылады: сүт жабдығын сауу алдында жуып – шаю; сиырларды сауын залы мен станоктарға кіргізу; сиыр желінін жуу; сиырды машинамен сауу; сиырды машинамен автоматты түрде сарқа сауу; МД–Ф–1 сауу манипуляторымен сауу стакандарын автоматты түрде түсіру және сиыр желінінен шығару; сиырларды станоктар мен сауын залынан шығару; әрбір сиырдан сауылған сүтті есептеу; сауылған сүтті сүзгіден өткізу, салқындату және сүт сақтайтын ыдысқа тасымалдау; қатты құнарлы азықтарды тарату, сауын қондырғысын және сүт тасымалдау құбырларын жуып – шаю.

 УДА – 8А «Тандем» сауын қондырғысында сүтті алғашқы өңдеу былайша жүргізіледі: сауылған сүт сауын аппараттарынан сүт құбыртүтіктері арқылы сүтжинағыш ыдысқа жиналады. Бұл ыдыстан сүт НМУ–6 сорабымен сүзгі және пластиналы салқындатқыш арқылы резервуар – салқындатқышта сақтауға тасымалданады. Жоба бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестікте өндірілген сүтті жергілікті тұрғын халыққа сату қарастырылмағандықтан, оны сүзу, суыту, пастерлеу қажет. Сондықтан, сүтті алғашқы өңдеу желісіне пастерлеуіш ыдысты енгіземіз. Сүтті пастерлеуге ВДП типтес ұзақ мерзімді пастерлеуіш ыдыстар, ВПУ–500, ВПЭ–300 әмбебап ыдыстары, Г2–ОТ2–А әмбебап танкісі, т.б. қолданылады. Осылардың ішінде ВДП типтес пастерлеуіштер құрылысы жағынан қарапайым болып келеді, әрі сүттің аз мөлшерін қыздыра алады. Олардың сыйымдылығы 300, 600 және 1000 дм3 болып келеді. Сүтті алғашқы өңдеу желісінде бір жолы қыздырылатын сүт мөлшеріне (Ммакс. бір = 277 кг) байланысты ВДП–300 пастерлеуіш ыдысын таңдаймыз.Ұзақ мерзімді пастерлеуіш ыдыстың жылулық тексеру есептеуін жүргіземіз.

 Алдымен 1 және 2–қосымшалардан [23] сүт пен салқындатушы судың меншікті жылусыйымдылығы мәндерін табамыз:

 

 tсс1= 10 С болғанда Ссс = 4,235 кДж / ( кг · 0С);

 

tс = 35...40С болғанда Сс= 3,896 кДж ( кг · 0С).

 Салқындатушы судың ыдыстан шығардағы температурасын мына өрнек бойынша анықтаймыз:

  tсс2 = tcс1 + Cс ( tс - tс2) / Ссу · n , (8)

 

 tcс2 = 1 + 3,896 · (35 – 4) / 4,235 · 3 = 10,51 0С.

 Сүт пен cалқындатушы су температураларының орташа логарифмдік айырмасын былай табамыз:

 tmax = tс1 – tсс2 = 35 – 10,51 = 24,09 0С,

  tmin = tс2 – tсс1 = 4 – 1= 3 0С.

 tорт = (tmax –tmin) / 2,3 lg tmax / tmin , (9)

 

 tорт = (24,09 – 3) / 2,3 lg 24,09 /3 = 10,14 0С.

 Сүтті салқындату температурасына дейін (tс2 = 40С) бір циклда суытқандағы ыдыстың жылулық жүктемесін, ыдыстың сыйымдылығы 100% пайдаланылады деп анықтаймыз, яғни

 m = 1,0 Vж = 1,0 · 300 дм3 = 300 дм3,

 Qс = m cс ( tс1 – tс2) = 300 · 3,896 (35 – 4) = 36232,8 кДж .

 Ыдыстың сүтті салқындату режимінде жұмыс істегендегі орташа жылубергіштік коэффициентін мына өрнекпен табамыз:

 k c = Qс / F · tорт · T, (10)

 мұнда Т – сүтті tс1= 350 С – тан tс2= 40 С – қа дейін салқындату циклының ұзақтығы, Т = 3 сағат; F – ыдыстың жылу алмастырушы бетінің ауданы, F = 4 м2

 k c = 36232,8 / 4 ·10,14 · 10800 = 0,082714 кВт /(м2 · 0С) = 82,714 Вт /(м2 · 0С).

 Сүттің пастерлеу температурасына жету ұзақтығын есептейміз. Ол үшін алдымен 1 және 2–қосымшалардан қыздырушы су мен сүттің меншікті жылусыйымдылығы мәндерін табамыз:

 tқс1= 950 С болғанда Сқс = 4,225 кДж / ( кг · 0С);

 tс = 35...630С болғанда Сс= 3,8876 кДж ( кг · 0С).

 Қыздырушы судың ыдыстан шығардағы температурасын мына өрнек бойынша анықтаймыз:

 tқс2 = tқс1 - Cс ( tс3 - tс1) / Ссу · n , (11)

 tқс2 = 95 – 3,8876 · (63 – 35) / 4,225 · 3 = 86,38 0С.

 Сүт пен қыздырушы су температураларының орташа логарифмдік айырмасын былай табамыз:

 tmax = tқс2 – tс1 = 86,38 – 35 = 51,38 0С,

  tmin = tқс1 – tс3 = 95 – 63 = 32,0 0С.

 tорт = (tmax –tmin) / 2,3 lg tmax / tmin , (12)

 tорт = (51,38 – 32,0) / 2,3 lg 51,38 /32,0 = 40,9 0С.

 Сүтті пастерлеу температурасына дейін (tс3 = 630С) қыздырғандағы ыдыстың жылулық жүктемесін, ыдыстың сыйымдылығы 100% пайдаланылады деп анықтаймыз, яғни

 m = 1,0 Vж = 1,0 · 300 дм3 = 300 дм3,

 Qж = m cс ( tс3 – tс1) = 300 · 3,8876 (63 – 35) = 32656 кДж .

 Сүтті қыздыру кезінде оның тұтқырлығы төмендейді, әрі жылу беру жағдайы жақсаратындықтан орташа жылубергіштік коэффициентін 1,5 есе ұлғайтамыз, яғни

 kж = 1,5 kс = 1,5 · 82,714 = 124,071 Вт / (м2 · 0С).

 Сүттің пастерлеу температурасына жету ұзақтығын мына өрнек бойынша табамыз:

 Тж = Q / k F tорт= 32656 / 0,124071 · 4 · 40,9 = 1608,7 с = 26,8 мин.

 Сүтті tс3 = 630С температурасында Тұ = 30 мин бойы қыздырып ұстайды.

 Сонда пастерлеу уақыты мынаған тең болады:

 Тпаст = Тж + Тұ = 26,8 + 30 = 56,8 мин.

 Сүтті пастерлегеннен кейінгі салқындату уақытын анықтау үшін 1 және 2–қосымшалардан [23] сүт пен салқындатушы судың температураның tсс = 1...20

0С болғанда Ссс = 4,22 кДж / ( кг · 0С);

 tс = 63...40С болғанда Сс= 3,84 кДж ( кг · 0С).

 Салқындатушы судың айналым саны n = 3 болған кездегі ыдыстың жылуалмастыру жейдесінен шығардағы температурасын мына өрнек бойынша анықтаймыз:

 tсс3 = tcс1 + Cс ( tс3 - tс2) / Ссу · n , (13)

 tcс3 = 1 + 3,84 · (63 – 4) / 4,22 · 3 = 17,89 0С.

 Сүт пен cалқындатушы су температураларының айналым саны n=3 болған кездегі орташа логарифмдік айырмасын былай табамыз:

 tmax = tс3 – tсс3 = 63 – 17,89 = 45,11 0С,

  tmin = tс2 – tсс1 = 4 – 1= 3 0С.

 tорт = (tmax –tmin) / 2,3 lg tmax / tmin ,

 tорт = (45,11 – 3) / 2,3 lg 45,11 /3 = 15,49 0С.

 Сүтті пастерлеу температурасынан (tс3 = 630С) кейін, tс2 = 40С температураға дейін салқындатқандағы ыдыстың жылулық жүктемесі (сүт ыдысқа 100% толтырылған деп алған жағдайда) мынаған тең:

 Qс.паст. = m cс ( tс3 – tс2) = 300 · 3,84 (63 – 4) = 67968 кДж .

 Жалпы орташа жылубергіштік коэффициентін былайша анықтаймыз:

 kс.паст = (kс + kқ) / 2 = (0,082714 + 0,124071) / 2 = 0,1034 кВт / (м2 · 0С).

 Сүттің пастерлеуден кейінгі салқындату температурасына айналым саны n=3 болған кездегі жету ұзақтығын мына өрнек бойынша табамыз:

Тс.паст = Qс.паст / kс.паст F tорт= 67968 / 0,1034 · 4 · 15,49 = 10608,9 с = 2,95 сағ.

 Сүтті ВДП–300 пастерлеуіш ыдысында пастерлеу мен салқындату циклының жалпы ұзақтығын мына өрнек бойынша есептейміз:

  Тц = Ттж + Тұ + Тс.паст + Тб + Тжуу (14)

 ВДП–300 пастерлеуіш ыдысын сүтпен толтыру уақытын Тт = 3 мин = 0,05 сағат деп аламыз.

 ВДП–300 пастерлеуіш ыдысын сүттен босату уақытын диаграмма бойынша.

 Тб = 5,84 мин = 0,1 сағат деп анықтаймыз.

 ВДП–300 пастерлеуіш ыдысын жуып – шаю уақытын Тт = 6 мин = 0,1 сағат деп аламыз.

  Сонда Тц = 0,05 + 0,45 + 0,5 + 2,95 + 0,1 + 0,1 = 4,15 сағат.

 Пастерленген сүтті салқындату үшін негізінде суық су пайдаланылады. Ал суды суыту үшін бізге суытқыш (тоңазытқыш) қондырғы қажет. Бізге қажет су суытқыштың сағаттық өнімділігі неге тең болуы керек, соны табамыз:

 G = Qс· С ( tс3 – tс2 ) = 227 · 3,95 ( 63 – 4) = 52903 кДж/ сағ = 15 кВт/сағ.

 Жасанды суық көзі ретінде ТХУ типтес жылутоңазытқыш қондырғылары, УВ– 10–01; МВТ–14–1–0, АВ – 30, т.б. су суытқыш қондырғылары пайдаланылады.

 Осылардың ішінен ТХУ типтес жылутоңазытқыш қондырғысы жобадағы есептелетін желіге сай келеді. Мұндай қондырғылардың ішінен ТХУ–14 типтес қондырғыны таңдаймыз. Оның суық өндіргішінің сағаттық өнімділігі Gс = 16,86 кВт/сағ, жылу өндіргіштігі Gж = 21,5 кВт/сағ, тұтынатын қуаты – 7,5 кВт/сағ, ауданы– 1,25 м2, массасы – 550 кг.

 Осындай қондырғыдан қаншасы керек екенін табамыз:

 n = G / Gс = 15 / 16,86 = 1 қондырғы.

 Тоңазытқыш қондырғының тәулігіне қанша сағат істейтінін табамыз:

 Ттоң = 2 G T3 / Gс = 2 · 15 · 0,83 / 16,86 = 1,47 сағ = 1,5 сағ.

 Ал пастерленген суытылған сүтті уақытша сақтау үшін резервуар – салқындатқыш ыдысты есептейміз. Тәулігіне сауылатын сүт мөлшері Ммакс. тәул .= 554 кг болғандықтан, сүт салқындатқыш ыдыстың сыйымдылығын V = 0,6 м3 деп аламыз. Салқындатқыш ыдыстың пішінін тік төртбұрышты, енін – 600 мм, ал биіктігін – 800 мм етіп аламыз. Сонда оның ұзындығы мынаған тең:

 L = V / F = 0,6 / 0,6 · 0,8 = 1,25 м.

 Сүт салқындатқыш ыдыстың толық есептеулерін жобаның конструкторлық жасалым бөлімінде келтіреміз.

 2.4 Сүт цехының ауданын есептеу

Цехтың жалпы ауданы мынандай аудандардан тұрады:

  F = F1 + F2 + F3 + F4 , (15)

 мұнда F1 – машиналар мен жабдықтарды орналастыруға қажет аудан, м2;

  F2 – жұмыс істеуге қажет аудан, м2;

  F3 – машиналар ара қашықтығын, жүретін жолды ескеретін аудандар, м2;

  F4 – қосымша бөлмелердің ауданы, м2.

 Машиналар ман жабдықтарды орналастыруға қажет аудан мына өрнекпен анықталады:

  , (16)

 мұнда fi – бір машинаның алатын ауданы, м2;

  n – цехтағы машиналар саны.

 Жұмыс істеуге қажет аудан былай анықталады:

 F2 = Fр · nр , (17)

 мұнда Fр – бір жұмысшыға қажет аудан, м2; Fр = 4 ... );

  nр – жұмысшылардың саны.

 F3–еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін сақтау, өрттен сақтану ережелеріне сәйкес қабылданады. Бұл ауданды есептегенде, негізгі жүретін жолдың енін – 1,2 ... , машиналардың арасын – деп қабылдайды.

  F4–құрылыс өндірісінде пайдаланатын ережеге сәйкес қабылданады: жылу беретін орын – 10..., зертхана – 5..., демалу бөлмесі 15..., жуыну бөлмесі – 5....

 Техникалық есептеулер бойынша цехта орнатылатын жабдықтардың өлшемдерін 5 кестеде көрсетеміз.

 Сонда машиналар мен жабдықтардың орын алатын ауданы мынаған тең болады:

F1 = 12,4 · 3,6 + 2 · 0,39 · 0,275 + 1,37 · 0,93 + 1,68 · 0,795 + 1,25 · 0,8 = 48 м2.

 F2 = 5 · 4 = 20 м2.

 

 Кесте 4 – Сүт цехындағы машиналардың габариттік өлшемдері, мм

Машина аты

Ұзындығы

Ені

Биіктігі

1

УДА – 8А «Тандем» автоматтандырылған

сауын қондырғысы

12400

3600

2550

2

НМУ – 6 сүт сорабы

390

275

200

3

ВДП–300 ұзақ мерзімді пастерлеуіш ыдысы

1370

930

1275

4

ТХУ – 14 жылутоңазытқыш қондырғысы

1680

795

1000

5

Сүт салқындатқыш ыдыс

1250

800

600

 

 

 F3 = 88 м2.

 F4 = 25 + 9 + 20 + 6 = 60 м2.

 Сонда сүт цехының ауданы мынаған тең (15 сурет):

 F = 48 + 20 + 88 + 60 = 216 м2

 

 

 

 I – оператор траншеясы; II – сиыр жүретін дәліз; III – саууға дайындау алаңшасы; IV – сиыр кіретін дәліз; V – сүт өңдеу бөлмесі; VI – сүт өңдеу жабдығын орналастыру алаңшасы; VII – вакуум – сорап бөлмесі; VIII – жылутоңазытқыш қондырғы бөлмесі; 1 – сауын станогы; 2 – вакуум – түтік пен сүт құбыртүтігі; 3 – манипулятор орны; 4 – станоктың кіру есігі; 5 – сиырды шығару есігі; 6 – азық науасы; 7 – күштік станция; 8 – шығару құбыры; 9 – сүт салқындатқыш ыдыс; 10 – қосалқы бөлшектер шкафы; 11 – жылутоңазытқыш қондырғы; 12 – жабдықтарды циркуляциялық жуу жинағы; 13 – сүт жинағыш; 14 – пастерлеуіш ыдыс

 

 Сурет 12. Сүт цехында жабдықтарды орналастыру жоспары

 

2.5 Су, бу және электрэнергия қажеттілігін анықтау

 

 Сүт цехындағы судың тәуліктік қажеттілігін мына өрнек бойынша анықтаймыз:

 

 Qт = Qсу + Qж + Qм + Qб , (18)

 мұнда Qс – сүтті салқындатуға қажетті су, л;

  Qж – сауын қондырғысын жууға қажет су, л;

  Qм – машиналарды жууға қажет су, л;

  Qб – тұрмыстық қажетке су мөлшері, л.

 Сүтті салқындатуға қажетті суды мынадай қатынас арқылы анықтаймыз:

 n = Q/ Qсүт = 2,5…3,0.

 Сонда Q= Qсүт n= 554 · 3 = 1662 л.

 Сауын қондырғысын жууға қажет су мөлшерін былай анықтаймыз:

 Qж = Wж · n, (19)

 мұнда Wж – сауын қондырғысын жууға қажет су, л;

  n – қондырғыны тәуліктегі жуу саны.

 Сонда Qж = 450 · 2 = 900 л.

 Машиналарды жууға қажет суды былай анықтаймыз:

 Qм = n2 · q2 , (20)

 мұнда n2 – жуылатын машиналар саны,

  q2 бір машинаны жууға кететін судың орташа мөлшері, л.

 Qм = 5 · 50 = 250 л.

 Тұрмыстық қажетті су мөлшері былай анықталады:

 Qб = n3 · q3, (21)

 мұнда n3 – сүт цехында жұмыс істейтін адам саны,

  q3 бір адамға қажетті тұрмыстық судың орташа мөлшері, л.

 Qб = 4 · 40 = 160 л.

 Qт = 1662 + 900 + 250 + 160 = 2972 л.

 

 Тәулігіне қажетті барлық судың көлемі мынаған тең болады:

 Qо = Qт · К = 2992 · 1,5 = 4458 л.

 мұнда К = 1 ... 1,5 – судың біркелкі берілмейтінін ескеретін коэффициент.

 Сүтті пастерлеуге қажетті бу шығынын мына өрнек бойынша есептейміз:

 Qб = qб · n (Тж + Тұ ),

 мұнда qб – ВДП – 300 пастерлеуіш ыдысының сағаттық бу шығыны, кг/сағ (qб = 60); n – пастерлеуіш ыдысты тәулігіне іске қосу саны.

 Qб = 60 · 2 (0,45 + 0,5) = 114 кг.

 Электрэнергиясының тәуліктік қажеттілігін мына өрнек бойынша анықтаймыз:

 Этәу = (N1 t1 + N2 t2 + . . . + Nntn) k, (22)

 мұндағы N1, N2, Nn – цехтағы орнатылған электрқозғалтқыштардың қуаты, кВт;

  t1, t2, tn – әрбір электрқозғалтқыштың жұмыс істеу уақыты, сағ;

  k – электрқозғалтқыштарды іске қосу саны.

 Этәу = [18,1 · 0,83 + 1,1 · 0,23 + 0,75 · 0,95 + 7,5 · 0,75 + 0,55 · 12 + 1,1

 0,277] · 2 = = 57,04 кВт · сағ.

 Электрлік жүктемені тәулік бойына дұрыс бөлу үшін оны цехтың жұмыс істеу ретімен үйлестіру қажет. Ол үшін цехтың жұмыс істеу реті мен электр энергиясын пайдалану графиктерінен тұратын біріктірілген график тұрғызамыз (16 сурет).

 1–графаға электр энергиясын пайдаланатын машиналар мен механизмдердің аттарын жазамыз.

 2 – графаға машиналардың маркалары жазылады.

 3 – графада машиналардың қондырылған қуаты көрсетіледі. Сонымен бірге жарықтандыруға жұмсалатын қуат белгіленеді.

 4–графада түзу сызықтармен әрбір машинаның тәулігіне жұмыс істеу уақыты және операциялардың орындалу уақыты көрсетіледі.

 Цехтың тәуліктік жұмыс графигін талдау машиналар мен жабдықтардың дұрыс дұрыс таңдап алынғанын көрсетеді.

 3–графаның көрсеткіштерінің қосындысы жалпы қондырылған қуатты көрсетеді.

 Бір уақытта тұтынылатын ең көп қуатты және оның тәулігіне өзгеруін көрсету үшін электр энергиясының тәулік сағаттары бойынша пайдалану графигін тұрғызамыз (16 сурет). Электр энергиясын тәулігіне пайдалану көрсеткіштерін қосатын түзу тәуліктік кез келген уақытындағы қажетті қуатты көрсетеді.

Сурет 16. Жабдықтардың жұмыс істеу реті мен электр энергиясын тұтынудың біріккен графигі

3 Жобаның конструкторлық бөлімі

 3.1 Сүт салқындатқыштарға қойылатын зооинженерлік талаптар

және олардың жіктелімі

 Жаңа сауылған сүтті салқындату - сүтті алғашқы өңдеудегі маңызды процестердің бірі. Сондықтан да сүтті салқындататын аппараттарға мынадай зооинженерлік талаптар қойылады:

-физикалық-механикалық қасиеттері әртүрлі сұйық сүт өнімдерін салқындатуға бейімделген әмбебап болуы;

-салқындатудан кейін салқындатқыштың жұмыстық органдарын тазалау,

жуу және дезинфекциялаудың ыңғайлығы;

-өнімнің булануын болдырмау қабілеті.

 Қазіргі кезде өнеркәсіп шығаратын салқындатқыштарды төмендегідей негізгі белгілермен жіктейді (17сурет):

 

 

 

 Сурет 13. Сүт салқындатқыштар жіктелімі

 

 Салқындатқыш аппараттар құрылысының қандайлығына қарамастан, салқындатылатын сүтке 3 л-ден 5 л-ге дейін су жұмсалады. Әрине табиғи мұзды пайдаланған өте-мөте тиімді болған болар еді, бірақ еліміздің оңтүстік аудандарында оны дайындау аса қиынға түседі және тіпті бұл жерлерде мұз кездеспейді десе де болады. Сүттің сапасын жоймай сақтау үшін оны қалыпты температурада ұстау мәселесі әр түрлі салқандатқыштарды жасап шығаруға себепші болды.

 - қоршаған ауамен түйісу сипаты бойынша - ашық суармалы, жабық және ағынды;

 - жұмыс бетінің пішіні бойынша - түтікті және пластиналы;

 - секциясының саны бойынша - бір және көпсекциялы;

 - пішіні бойынша - тегіс және дөңгелек;

 -өнімді жылжытатын әсері бойынша - қысыммен немесе вакуумды пайдалана отырып және өнімнің өз массасымен;

 -жылу алмастыратын құралдардың салыстырмалы бағыттағы жүрісі бойынша - ағынға қарсы, тура ағынмен және құралдардың айқыш - ұйқыш жұмысымен.

 Сұйық көзі ретінде су, мұз және химиялық салқындатқыштар (аммиак, көмірқышқыл газы, фреон, т.б.) пайдаланылады. Су – анағұрлым кең тараған және үнемді суық көзі. Бірақ, онымен небары – 3 - 4оС-қа дейін, судың

 

 

 3.2 Сүт салқындатқыштардың құрылысы мен жұмысын талдау

 

 Су жібергіш салқындатқыштар жылу алмастыру принципімен жұмыс істейді. Сүт салқындатқыштың сыртқы жағынан төмен қарай жылыстап ағады, ал қабырғаның ішкі жағынан төменнен жоғары қарай сүттің ағысына қарсы суық су немесе тұзды су беріледі. Мұндай салқындатқыштарда салқындатылатын сүттің температурасы салқындатқыш судың температурасынан 3 - 4оС жоғары болады.

Цилиндрлі-вакуумды сүт салқындатқышқа сүт сауын аппаратынан сүт өткізгіш арқылы ағып келеді. Мұнда салқындатқыштың ойлы - қырлы үстімен (1) жылжи отырып, төменгі келтетүтіктен ағып шығады. Суық су келтетүтік (8) арқылы жетіп, оның ішкі бетімен (2) жоғары көтеріліп, шығару каналынан (7) ағып кетеді. Салқындатудың бұл тәсілі анағұрлым қолайлы. Өйткені сүт бірден сауылып жатқанда салқындатылады.

 Цилиндрлі су жібергіш салқындатқыштардан басқа шаруашылықтарда бір және екісекциялы болып келетін жайпақ салқындатқыштар да пайдаланылады. Секциялар белгілі-бір жүйемен орналастырылады. Бірінші секцияда - сүт сумен, ал екіншісінде - тұзды сумен салқындатылады. Екінші секциядағы тұзды судың орнына температурасы судың температурасымен салыстырғанда төмен кез - келген сұйықтықты пайдалана беруге болады. Сүт салқындатқыштың сыртқы бетімен жылжи отырып, бірін-ші секцияда алдын - ала, ал екінші секцияға түскеннен кейін әбден салқындайды. Жаз айларында мұндай ағынды сулы салқындатқыштарда сүтті 12 – 150С - қа дейін салқындатуға болады.

 ПОМ 2-2-0 флягалы салқындатқыш қондырғысы сүтті химиялық салқындатқыш - фреонмен тікелей салқындатады. Бұл қондырғыны шағын мал фермаларында, фермерлік (шаруа) және жеке қосалқы қожалықтарда пайдалануға болады. Қондырғы компрессорлы-конденсаторлы агрегаттан және батырмалы салқындатқыштан тұрады. Химиялық салқындатқыштың (фреон-22) циркуляциясы жүруі үшін, бұлар өзара иілгіш шлангалармен жалғанған. Салқындатқыш сезгі – температура релесімен, бұлғауыш жетегінің электрқозғалтқышымен және термореттегіш шұрамен жабдықталған. Жұмыс кезінде батырмалы салқындатқышты сүт құйылған флягаға батырады, ол жарты сағаттың ішінде сүтті 4...6оС температураға дейін салқындатады. өнімді салқындату үшін 12,8 кВт·сағ энергия жұмсалады. Компрессорлы-конденсатты агрегаттың массасы – , ал батырмалы салқындатқыштың массасы – . Сүтті салқындату үшін суық судың қажеті жоқ, сүт тікелей салқындатқыш агент - фреонмен салқындатылады. Флягалы суландыру салқындатқыштары сүтті фляганың (1) сырт жағына арнайы суландырғыштан (2) келетін суық сумен салқындатады (19 сурет). Сонымен бірге бұлғауышпен (3) фляганың ішіндегі сүт араластырылып тұрады. Бұлғауыштың жетегі - гидравликалық, яғни салқындатқыш судың ағынымен іске қосылады. Мұндай салқындатқыш 1 сағаттың ішінде флягадағы сүтті 15 0С – қа дейін салқындатады, салқын судың шығыны - 120 л, салқындатқыштың массасы - .

 

 

1 - сүт құйылған фляга, 2 – суландырғыш, 3 – бұлғауыш

Сурет 14. Флягалы салқындатқыш

 

 ОМ типтес пластиналы сүт салқындатқыш тіреуге (5) бекітілген екі көлденең штангаға (7) орнатылатын жылуалмастырғыш пластиналар жиынтығынан (6) тұрады (20 сурет). Пластиналар пішінделген тоттанбайтын болаттан жұқа қабырғалы етіп жасалады. Олар сұйық жүретін оқшауланған каналдар түзеді. Каналдар сүт пен сұйықты енгізіп-шығарушы штуцерлермен жалғанады.

 Сүт пластиналар арасындағы тақ каналдармен таралады да, пластиналардың бедерлі беттерімен төмен ағады. Сораппен берілетін салқындатқыш сұйық жұп каналдармен жоғары көтеріліп, пластина арқылы сүтті салқындатады. Осылайша сүт белгіленген температураға дейін тез салқындатылады. Мұндай салқындатқыштардың кемшілігі - пішінді резеңке төсемдер (9) санының көптігінде, бір жағынан оларды абайлап, мұқият пайдалану қажет.

 Жұмысшы пакеттегі пластиналар саны бойынша жылу алмасу ауданын және салқындатқыштың өнімділігін анықтайды. Өнімділікті салқындатқыш сұйық пен сүттің бастапқы және қажетті соңғы температурасын ескеріп, анықтайды.

 Салқындатқыштардың жұмыс режимі сүт пен салқын судың 1:3 қатынасына, ал тұзды сумен салқындатқанда - 1:2 қатынасына есептелген.

 Пластиналы салқындатқыштарды ОМ-1 және ОМ-1А сүт салқындатқыш қондырғыларында, ООТ-М және ООУ-М автоматтандырылған қондырғылар-ында пайдаланады. Бұл қондырғыларда екісатылы салқындату жүргізіледі.

 Бірінші секцияда сүтті - салқын сумен, ал екінші секцияда - тұзды сумен немесе тоңазытқыш машинада салқындатылған сумен салқындатады.

 Пластиналы салқындатқыштарды пайдаланғанда, оларды су және дезинфекциялаушы ерітінділермен жуып қана қоймай, сонымен бірге кем дегенде аптасына бір рет бөлшектеп, тазалап жуу қажет.

 Сүтті жинап, салқындатып және уақытша сақтау үшін қабырғаларының арасында суық су жүретін РПО-1,6 және РПО-2,5 резервуар-салқындатқыштары, жылу рекуператоры бар МКА-2000Л-2А резервуар-салқындатқышы, ООМ-1000 "Холодок" сүттазартқыш - салқындатқышы, РПО-Ф-0,8 резервуар-салқындатқышы және т.б. пайдаланылады.

 Өнеркәсіп шағын фермаларға арналған МКЦ сериялы, сыйымдылықтары 150, 200 және резервуар-салқындатқыштарын, сыйымдылығы 320 л ОМ-3-300 резервуар-салқындатқышын, сүтті бидондарда салқындататын және сақтайтын ОМБ-Ф-8, УОМ-Ф-300, УОМ-Ф-500, УОМ-Ф-1000 қондырғыларын шығарады. Резервуар -салқындатқыштардың негізгі көрсеткіштері 6 кестеде берілген.

 

Кесте 5 – Сүтті салқындату жабдықтарының техникалық сипаттамасы

Көрсеткіш

РПО-1,6

РПО-2,5

МКА-2000л-2А

ООМ-1000 "Холодок"

ФОМ-1,25

РПО-Ф-0,8

ОМ-3-300

ОМ-2-250

ОМБ-Ф-8

УБМ-Ф-300

УБМ-8-500

Сыйымды лығы, л

1600

2500

2000

1500

1250

800

320

400

200

300

500

Салқындату уақыты, сағ

3

3

3

Ағын-мен

2

2

2

2,5

5

5

Қондырылған қуат, кВт

1,28

1,28

6

0,6

0,6

2,3

-

1,8

1,1

-

-

Массасы, кг

400

635

620

100

100

550

500

180

-

-

-

 

 РПО типтес резервуар-салқындатқыш фермаларда сүтті салқындатуға және уақытша сақтауға (20 сағатқа дейін) арналған. Резервуар-салқындатқыш бөлек орнатылып, суды мұздай етіп суытатын МВТ типтес су салқындататын қондырғылармен жабдықталады.

 Резервуар - салқындатқыштың сүт астауы (8) екіқабырғалы етіп жасалған. Сүтпен жанасатын ішкі қабырғасы - тоттанбайтын табақша болаттан, ал сыртқы қабырғасы - кәдімгі табақша болаттан жасалады. Осы қабырғалардың арасындағы қуыстарға сусалқындатқыш қондырғыдан суық су беріледі. Осы суық су астаудың ішкі қабырғасы арқылы сүтті салқындатады. Жылыған су сораппен салқындатқыш қондырғыға қайта суытылу үшін жіберіледі. Астаудың қақпақтарында (2,5) сүтті құю, астауды жуу және желдету үшін арналған люктар бар. Резервуарда жылу алмасуды қарқынды ету үшін, электрқозғалтқышпен іске қосылатын бұлғауыш (10) қондырылған. Бұлғауыш әрбір 0,5 сағат сайын 180 с - қа автоматты түрде қосылады. Осындай режимнің негізінде сүттің бірқалыпты салқындатылуы және жоғары сапасы қамтамасыз етіледі. Астауды жуып-шаю кезінде, оған қажетті жуғыш ерітіндіні құйып, сорап пен бұлғауышты іске қосады. Сұйық жуғыш құрылғымен астаудың қабырғаларына қысыммен беріледі де, оны жуып - шайып шығады. Жылу рекуператоры бар МКА-2000Л-2А резервуар-салқындатқышы, сүтті жинап, салқындатып және сақтаумен бірге технологиялық қажетке керекті жылу, су өндіру үшін жылуды рекуперациялайды. Ол сүт астауынан (1), компрессорлы-конденсаторлы агрегаттан, электр сорабынан, бұлғауыштан (6) және таратқыш шкафтан тұрады. Бұл резервуардың РПО типтес резервуардан ерекшелігі, мұнда сүтті салқындату үшін суды пайдаланудың қажеті жоқ. Сүт суытқыш агенттің (фреон 12) буландырғыштың саңылаулы каналдарында қайнау арқылы салқындатылады.

 РНО типтес резервуар-салқындатқыш сүтті жинап, салқындатып және уақытша сақтау үшін қолданылады. Мұнда резервуарға арналған суытқыш агент (сұйық фреон) бөлек орнатылған компрессорлы - конденсаторлы агрегатта өндіріліп беріледі. Сұйық фреон резервуардағы сүттің жылуын сіңіріп, бу түрінде қайтадан агрегатқа қайтарылады да, цикл қайталанады. РНО-1,6 және РНО-2,5 резервуарларының сыйымдылығы 1600 және .

3.3. Конструкторлық өзгеріс енгізілетін сүт салқындатқыш ыдыстың

құрылысы және жұмысы

 Шаруа қожалығы фермасындағы сүтті алғашқы өңдейтін цехқа қажетті әрі технологиялық желіге бейімделген, конструкторлық өзгеріс енгізілетін сүт салқындатқышты жоғарыда келтірілген сүт салқындатқыштардың құрылысы мен жұмысын талдау негізінде арнайы мақсаттағы сүт салқындатқыш–резервуарлар қатарынан таңдап аламыз.

 Жоғарыда айтылғандай салқындатқыш–резервуарларда (танктерде) сүт екі тәсілмен суытылады: аралық суықтасығыш (суық немесе су құбырындағы су) көмегімен немесе суықтасығыш агентті резервуар жейдесінде буландыру арқылы.

 Тікелей суытатын танктердің аралық суықтасығышы бар танктерге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:

 - тоңазытқыш агрегатының жоғары суық өндірімділігі;

 - металсыйымдылығы 2...2,5 есе аз;

 - электрэнергиясын 2,5...3 есе аз шығындайды;

 - жүйеге құйылатын салқындатқыш агенттің мөлшері шамамен 2 есеге аз.

 Олардың кемшіліктеріне сиырды сауу кезеңдерінің аралығында суықты жинақтай алмауы және кейбір жағдайларда сүттің резервуар қабырғасына мұз болып, қатып қалуы жатады, бұл салқындату кезінде сүтті тиімді араластыратын жүйені қажет етеді.

 Сондықтан сүтті алғашқы өңдейтін цехта сүт салқындатқыш – резервуар ретінде аралық суықтасығышы бар танк – салқындатқышты таңдап аламыз (13 – сурет).

 Мұндай танк – салқындатқыштарда суық сумен резервуардың бүкіл беті суландырылады, сондықтан оңың қабырғалары әрқашанда суық және ылғалды, қабырғаларына шөгінділер түзілмейді. Сүт бетіндегі ауа резервуардың суық қабырғаларымен жанасу арқылы салқындайды, сүттің температурасы жылдам әрі бірқалыпты төмендейді, оның резервуар қабырғасына мұз болып қатуына жол берілмейді. Танк – салқындатқыштардың мұндай типтері жылдың суық мезгілінде суықтың табиғи көздерін (суық су және т.б.) пайдаланып, тоңазытқыш машинаны қолданбауға мүмкіндік береді, бұл жағдай жоғары экономикалық тиімділік береді. Сондай – ақ аралық суықтасығышы бар танктың (ыдыстың) тоңазытқыш сусалқындатқыш агрегаттары сиыр сауу кезеңдері аралығындағы ұзақ мерзімде, электр желісінің минимальды жүктелген кезінде мұзды жинақтай отырып, төменгі жүктемеде жұмыс істей алады.

 Сүт салқындатқыш – ыдыс (танк) құрамына корпус, сүт астауы, суландыру жүйесі, электр жетегі бар бұлғауыш, капот, автоматика приборлары және электр жабдықтары кіреді (23 сурет).

 Ыдыс корпусында қақпақтары бар сүт астауы (5), суландыру жейдесі (3) және иректі түтік орналастырылған. Сүт астауының траверсінде редукторы бар электрқозғалтқыш қондырылған. Редукторға екіқалақшалы бұлғауыш біріктіріледі. Сүтті араластыру процесін жақсарту үшін, бұлғауыштың қалақшаларында тесіктер жасаймыз.

 

 

 1 – сүт астауы; 2 – люк қақпағы; 3 – сүт сүзгісі; 4 – ыдыс қақпағы; 5редуктор; 6 – температураны анықтайтын аспап; 8 – сорап; 9 – ағызу шүмегі; 10 – сүтмөлшерін өлшегіш

 Сурет 13. Аралық суықтасығышы бар сүт салқындатқыш – танк (ыдыс)

 

 Ыдыс корпусында қақпақтары бар сүт астауы (5), суландыру жейдесі (3) және иректі түтік орналастырылған. Сүт астауының траверсінде редукторы бар электрқозғалтқыш қондырылған. Редукторға екіқалақшалы бұлғауыш біріктіріледі. Салқындатылатын сүт астауға (1) сүт сүзгісі (3) арқылы беріледі. Дербес орнатылған тоңазытқыш қондырғыдан суық су сорап арқылы суландыру жейдесіне жеткізіледі. Суық су астаудың сыртқы бетін шайып өтіп, сүттің жылуын өзіне сіңіреді де, суытылу үшін танк (ыдыс) корпусына ағады.

 Ыдысты (танкті) сүтпен толтыру түрліше тәсілмен жүргізілуі мүмкін: сүт құбыр-түтігі, өздігінен соратын ортадан тепкіш сорап арқылы және ыдыс қақпағындағы люк арқылы шелекпен немесе флягамен құю арқылы.

 Сүтті қажетті температураға (әдетте 8...40С) дейін салқындату, сондай – ақ салқындату кезінде үздіксіз араластыру мен сақтау кезінде кезеңді түрде араластыру (әрбір 30 минут сайын 3...5 минут) автоматты түрде жүргізіледі.

 Ыдысты босатар алдында, бұлғауышты қолмен қосу арқылы сүтті 5...10 минут араластыру қажет. Салқындатқыш – ыдысты (танкті) ағызу шүмегі арқылы мына тәсілдердің біреуімен босатады: сорап көмегімен, сүтті вакуум арқылы сүттасығыш көлікке айдау, өздігінен еркін ағу арқылы.

 

 

 3.4 Сүт салқындатқыш ыдыстың параметрлерін есептеу

 Сүтті алғашқы өңдейтін цехқа қажетті салқындатқыш ыдыстың сыйымдылығын фермада тәулігіне сауылатын сүт көлеміне Ммакс.тәул=554 кг байланысты V = 0,6 м3 деп аламыз. Салқындатқыш ыдыстың пішінін тік төртбұрышты, енін – 600 мм, ал биіктігін – 800 мм етіп аламыз. Сонда оның ұзындығы мынаған тең:

 

 L = V / F = 0,6 / 0,6 · 0,8 = 1,25 м.

 Астаудан сүт жақсы ағуы үшін оның түбін 1/40...1/50 еңістікпен жасаймыз, яғни h1 = 800 мм, h2 = 840 мм деп аламыз. Сонда сүт салқындатқыш астауының нақты сыйымдылығы мынаған тең болады:

 

 V = а l (h1 + h2) / 2 = 0,6 · 1,25 (0,8 + 0,84) / 2 = 0,615 м3.

 

Сурет 14. Сүт астауының сыйымдылығын анықтаудың есептік сұлбасы

 

 Араластырғыш құрылғыларды жобалағанда бұлғауыш қалақшалары мен білігінің күштік есептеулерін жүргізу қажет.

 Бұлғауыш қалақшаларын иілуге есептейміз. Жоба бойынша есептелетін қалақша пішіні төртбұрышты болғандықтан, кедергі күштерінің тең әсерлі күшінің түсу нүктесінің өстен қашықтығын мына өрнек бойынша анықтаймыз:

 r0 = 3/4( R4 – r4 ) /( R3 – r3), (23)

 мұнда R – қалақша радиусы, м; r – күпшек радиусы, м.

 r0 = 3/4( 0,24 – 0,044 ) /( 0,23 – 0,043) = 0,1511 м.

 Тең әсерлі күш шамасын мына өрнек арқылы есептейміз:

 Р = Мб / r0 z , (24)

 мұнда Мб – бұлғауыш білігіндегі бұраушы момент, Н·м; z – біліктегі қалақша саны.

 Р = 550 / 0,1511· 4 = 910 Н.

 Қалақша негізіндегі июші момент мынаған тең:

 Ми = Р ( r0 – r ) = 910 (0,1511 – 0,04) = 101,1 Н·м.

 Қалақшаның кедергі моментін беріктік шартынан анықтаймыз:

 W = Ми [σ] = 101,1· 30·10-9 = 3 ·10-6 м3

 

 Сурет 15. Екіқалақшалы бұлғауышқа әсер ететін жүктеме сұлбасы

 

 Көлденең қимасы төртбұрышты қалақша үшін кедергі моменті мынаған

тең:

 W = b s2 / 6. (25)

 Осы өрнектен қалақша қалыңдығын табамыз:

 s = √ 6W/b = √ 6 · 3 ·10-6 /0,2 = 0,01 м.

 Салқындатқыш бұлғауышын қозғалысқа келтіретін электрқозғалтқыштың қондырылатын қуатын мына өрнекпен анықтаймыз, кВт,

 Nэл = k Nе fн fш / 1000η , (26)

 мұнда k – іске қосу мезетіндегі қуат қоры коэффициенті (1,1...1,3 аралығында қабылданады); Nе – бұлғауыштың орныққан режимде тұтынатын есептік қуаты, кВт; fн – ыдыстағы сұйықтық деңгейі биіктігін ескеретін коэффициент (ыдыстағы сұйық-тық деңгейі биіктігі ыдыстың диаметріне тең болған жағдайда fн = 1); fш – ыдыс қабырғасы кедір – бұдырлығын ескеретін коэффициент (1,1...1,2 аралығында қабылданады); η – жетектің жалпы ПӘК – і.

 Бұлғауыштың орныққан режимде тұтынатын есептік қуатын 23 суретке байланысты мына өрнекпен табамыз, кВт,

 Nе = KN ρ n3 dқ5 , (27)

 мұнда KN – қуат критерийі немесе кедергі коэффициенті; ρ – сүт тығыздығы, кг/м3; n – бұлғауыш білігінің айналу жиілігі, айн/с; dқ – қалақша диаметрі, м.

 

 

 Сурет 16. Горизонталь қалақшалы бұлғауыштың есептік сұлбасы

 

 Қуат критерийі – KN Рейнольдс санына байланысты анықталады. Рейнольдс санын мына өрнекпен табамыз:

 Rec= ρ n d2қ / μ , (28)

 мұнда μ – араластырылатын орта тұтқырлығының динамикалық коэффициенті (сүт үшін μ = 0,69 · 10-3 Па · с).

 Rec = 1010 · 1 · 0,22 / 0,69 · 10-3 = 58551 .

 Сонда қуат критерийі мына өрнекпен анықталады:

 

 KN = с / Re mc , (29)

 мұнда с және m – тұрақты шамалар (с = 14,35 және m = 0,31) [25].

 KN = 14,35 / 585510,31 = 1,064

 Сонда бұлғауыштың есептік қуаты мынаған тең

 Nе = 1,064 · 1010 · 13 · 0,25 = 344 Вт.

 Іске қосу моменті мен жетек ПӘК – ін η = 0,9 есептегендегі бұлғауышты қозғалысқа келтіру қуаты мынаған тең болады:

 Nэл = 1,2 · 344 · 1 · 1,2 / 1000 · 0,9 = 0,55 кВт.

 4 Еңбек қорғауды ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны сақтау шаралары

 

 4.1 Еңбек қорғауды ұйымдастыру

 Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер үшін қолайлы еңбек жағдайын туғызу, мәдени тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді жақсартып, демалысын ұйымдастыру бүгінгі күннің басты талабы. Бұған ең алдымен өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтандыру, адамның еңбегін жеңілдететін және оның өнімділігін арттыратын заманауи алуан түрлі техникалық құралдарды енгізу арқылы жетуге болады.

 Мал шаруашылығында сақтық шаралары жөнінде белгіленген арнаулы тәртіп бар. Бұл салада істейтін адам осы тәртіпті бұлжытпай орындауға міндетті. Ал еңбекшілердің денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды жою қожалық басшысының негізгі міндеті. Олар қауіпсіздік техникасы мен санитарлық жұмыстарды ұйымдастыруға, еңбекті қорғауға және мал шаруашылығында машиналар мен құрал-жабдықтардың сақадай сай тұруына, сондай-ақ өрттен сақтандыру шараларын іске асыруға жауапты. Сонымен бірге қызметкерлерді арнаулы жұмыс киімдерімен және жеке бас қауіпсіздігін сақтау құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті. Медициналық байқау ұйымдастырып, жұмыс тәртібінің бұлжытпай орындалуын қадағалайды.

 Еңбекті қорғау жөнінде әр малшы нұсқау алуы тиіс. Нұсқауды қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер жүзеге асырады. Негізінен мұндай нұсқаудың мынадай түрлері жүргізіледі:

 – кіріспе (жалпылама) нұсқау беру қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен жекелей әңгіме өткізіледі;

 – бастапқы (жұмыс орнында) нұсқау беру – жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкер жұмысқа кіріскенде және оны басқа жұмысқа ауыстырған кезде немесе технологиялық процесті өзгерткен жағдайда жүргізіледі. Әрбір қызметкер істің негізгі ережелерімен, малды күтіп – бағумен, сондай – ақ төтенше қатерлі жағдай туған кезде алғашқы көмек көрсетудің тәжірибесімен алдын – ала таныстырылады;

 – күнделікті берілетін нұсқау – инженер жұмыстың орындау барысын бақылаған кезде жүргізіледі;

 – қайталама (мерзімді) нұсқау беру – әрбір 6 айдан кейін жүргізіліп отырылады;

 – жоспардан тыс нұсқау.

 Кіріспе нұсқау берілгеннен кейін, әрбір адамға түбіртек толтырылып, ол жұмысшының жеке ісімен бірге сақталады.

 Кәсіби жарақаттанудың көрсеткіштерін мына өрнектермен анықтайды:

 – жарақаттанудың жиілік коэффициенті

 

  ,

мұнда Н – жарақат алудың саны;

Р – қызметкерлердің орташа саны;

– жарақаттанудың ауырлық коэффициенті

  ,

мұнда Д – уақытша жұмысқа жарамсыздық күндер саны;

– жұмыс уақытының шығын коэффициенті

  .

 Осы өрнектерді пайдалана отырып, шаруа қожалығындағы соңғы үш жылдағы кәсіби жарақаттанудың көрсеткіштерін талдап, шыққан нәтижелерді 7 кестеге енгіземіз.

 

Кесте 7 – Шаруа қожалығындағы кәсіби жарақаттанудың көрсеткіштері

Көрсеткіш

2015

2016

2017

1

Қызметкерлердің орташа саны – Р

12

17

19

2

Жарақат алудың саны – Н

4

5

4

3

Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндер саны – Д

19

20

17

4

Жиілік коэффициенті – Кж

333

294

211

5

Ауырлық коэфициенті – Ка

4,75

4

3,4

6

Жұмыс уақытының шығын коэфициенті – Кш

1583

1176

895

 

 

 4.2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және өрт, электрден сақтану шаралары

 Қауіпсіздік техникасы мен санитарлық жұмыстарды ұйымдастыруға, еңбекті қорғауға және мал шаруашылығанда машиналар мен құрал – жабдықтардың сақадай – сай тұруына, сондай - ақ өрттен сақтандыру шараларына қожалық басшысы мен бас мамандар жауапты. Олар қалыпты еңбек жағдайын тудыруға, ферма қызметкерлерін арнаулы жұмыс киімдерімен және жеке басын қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті. Медициналық талаптардың орындалуын, өртке қарсы құрал – саймандардың түгелдігі мен ақаусыз түзулігін бақылайды.

 Машинамен жұмыс істеуге жасы 18-ге толған және оның құрылымымен, пайдалану ережелерімен, сондай – ақ қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптармен таныс адамдар жіберіледі. Жұмыс процесіне қатыспайтын, етек – жеңі ұзын киім киген, алжапқыш байлаған адамдарға жұмыс істеп тұрған машинаға жақындауға болмайды. Сондай – ақ айналып тұрған маховиктер, дискілер, пышақтар жанында, материалдар өңделетін желіде тұруға болмайды. Машиналар іргетастарға анкерлі болттармен (егер тұрақты болса) және сынамен, сондай – ақ тіреулермен (жылжымалы болса) бекітіледі. Бекітілу жағдайын жиі – жиі тексеріп тұру қажет. Машиналарды іске қоспас бұрын оның ақаусыздығына көз жеткізіп, айналып тұратын жұмыстық органдар құндағының қайырмалы және босату қақпақтарының қандай дәрежеде бекітілетінін тексереді. Сондай–ақ машинаның жұмыстық органдарын (шкивті қолмен бос айналдыра отырып) тексерген дұрыс. Машинаны алдын ала белгіленген белгі берілгеннен кейін ғана іске қосу керек. Машина жұмыс істеп тұрғанда, болттарын тартуға, мойынтіректерін майлауға, реттеу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жұмыстық органдардың қақпағын ашып, тазартуға; тағы басқаларға қатаң тыйым салынады. Машинаны жөндеу кезінде, шкивтерден жетек қайысын алып тастайды. Ал муфта арқылы электрмен жүретін болса, магнитті жүргізгіш көмегімен қозғалтқышты тоқтатқаннан кейін, желіні ажырытқыштан айырады.

 Тауарлы–сүт фермасында өрттен сақтандырудың жалпы талаптары мынандай болып келеді:

 -барлық өндірістік және қосымша қоражайлар өртке қарсы қолданылатын құралдары мен отсөндіргісі бар қалқандармен жабдықталуы керек;

 -барлық мал шаруашылығы қоражайларында, сонымен бірге электр және радио қондырғыларда жайтартқыштар болуға тиіс;

 -пішен мен сабан үйілген жерді төрт корпусты соқамен кемінде екі айналдырып жыртып тастау керек, астықты, пішенді тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін кептіретін ғимараттарды өрт сөндіру инспекциясын нұсқауына сай жабдықтау қажет;

 -фермадағы жанар - жағар май сақтайтын орынның мал қораларынан, сабан, дәнді және басқа да дақылдар үйілген жерлерден кемінді 60 метрдей қашықтықта болғаны жөн.

 Жұқпалы аурумен ауырғаны байқалған малды күтетін малшылар үнемі дәрігерлердің бақылауында болып, аурудан алдын ала сақтандыру ережелерімен танысып отырулары керек. Сондай-ақ, олардың өздері де міндетті түрде ауруға қарсы егілуден етуі тиіс.

 Бруцеллез ауруы білінген жағдайда қожалық фермасында мал күтумен айналысатын адамдардың арнаулы жұмыс киімі және оны сақтайтын бөлмесі, әрбір жұмыс орнында қол жуғыш, сабын, сүлгі және алғашқы жәрдем қобди-шасы, сондай – ақ денсаулық сақтау органдары мен мал дәрігерлік – санитарлық бақылау мамандарының нұсқаулары мен ұсыныстары жазылатын санитарлық журнал міндетті түрде болуы керек.

  Мал фермасының көлік жүретін үлкен жолдардан барынша аулақ орналас-қаны жөн. Оларға бөгде кісілер мен бөтен көліктің кіруіне рұқсат етілмейді. Мал қорасына кірер есік пен ферма территориясына кірер қақпа алдында дезинфекциялағыш кілемше тастаған дұрыс. Ферма территориясын үлгілі санитарлық жағдайда ұстау керек.

 Мал шаруашалығы фермаларында кәсіби жарақаттануды азайтатын алдын ала сақтандыру шараларына мыналар жатады:

 -машиналар мен жабдықтарды әрқашан сақадай - сай ұстау (күнделікті және мерзімді техникалық күтім мен техникалық байқауларды дер кезінде, сапалы жүргізу);

 -машинамен жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау өткізу;

 -малшылардың ірі қараны бағып – күтуге байланысты ережелерді сақтап, әрібір малдың мінез – құлқын танып білуі;

 -тәртіптілік және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен сақтандыру техникасы жөніндегі ережелерді мал шаруашылығы фермасының барлық қызметкерлерінің бұлжытпай орындауы.

 Электрқозғалтқыш корпусы, тағы басқа қондырғылары құрылысының электр қауіпсіздігі ережелеріне сай жермен жалғасып тұруы керек. Өте сызды бөлмелерде ажыратқыштар мен сақтандырғыштардың жабық типтегілері ғана пайдаланылады. Қоражай ішінде орналасқан электрөткізгілер мен құбырлардың арасы кемінде 10 см болғаны дұрыс.

 Вакуум сорабы мен жетек белдікті электрқозғалтқыштың шкивтері қабырғаға тақау орналасып, сақтандырғыш құндақпен жабылуға тиіс.

 Сауу қондырғысының қозғалтқышы мен вакуум сорабы жұмыс істеп тұрғанда, оларды тазартуға, мойынтіректерін майлауға, қайыстарын орнына салуға, сақтандырғыштарын ауыстыруға және агрегаттың ақауын жөндеуге рұқсат етілмейді.

 Машина тұратын бөлімде тез тұтанатын заттарды сақтауға мүлде болмайды. Онда міндетті түрде отсөндіргі және құм салынған жәшік болуға тиіс.

 Сиырларды сауу алаңында сауғанда траншеяға түсіп шыққан кезде сақ болу керек. Оның баспалдақтары әрқашан таза, құрғақ болуға тиіс.

 Сауыншыға орнықты орындық болуы керек (қолмен сауған кезде). Машинамен сауғанда сауу стакакндарын сиырдың емшектеріне кигізген кезде, өте сақ болған дұрыс. Өйткені сиыр екі жанына бірдей қатты тебінеді.

 Жуатын ерітінділерді дайындаған кезде қорғаныш құралдарын: көзілдірік, резеңке қолғап пен резеңке етік, резеңкеленген алжапқыш пайдаланған жөн.

 Тоңазытқыш қондырғыларды арнайы дайындықтан өткен және сол жұмысқа жіберілген кісінің ғана техникалық күтуге қақысы бар.

 Құрастырылған не жөндеуден өткен сауын аппаратарын әуелі бос жүргізіп көреді.

 Жалпы электр желілері мен электр қондырғыларын арнайы дайындықтан өткен және осы жұмысқа жіберілген адамдар ғана қамти алады.

 Электендірілген машиналарды электр жүйесіне стандартты аспаптардың (штепселді ажыратқыш, дистанциялық жүргізгіш, ажыратқыштар, т.б.) көмегімен ғана қосып – ажыратады.

 Машиналардың механикалық бөлігін күткенде және оның ақауын жөндегенде, оның электр жүйесінде қосылған бөлігін міндетті түрде ажыратып қояды.

 Токқа түсуден алдын ала сақтандыру шараларын дер кезінде қолдану үшін әр кімнің де электр қауіпсіздігі шараларын жақсы біліп, оны қатаң сақтауы, сондай- ақ токпен жарақаттанған адамға жәрдем көрсете алуы қажет.

 Сымның ток жүретін және оқшауланбаған бөлігі оқшаулағыш тоспамен мұқият ұқыпты оралуы керек немесе адам мен мал жетпейтін биіктіктен жүргізілуі тиіс.

  Арнайы жіберілген адамдардан басқаларға электр қондырғыларымен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Әсіресе өндірістік қоражайлардағы жанып кеткен сақтандырғыштарды, электр шамдарын тек электромонтер ғана ауыстыруға тиіс.

 Электрмен жұмыс істейтін кісілер түгел қорғаныш құралдарымен қамтамсыз етіледі. Ол құралдар ауық – ауық тексеруден өткізіліп тұрады.

 Қожалықтағы токтан қорғайтын заттар үшін арнайы журнал ашылып, оған олардың тексерілген мерзімі, саны және тұрған жерлері жазылды.

  Электр қондырғыларында ешқашан ақау болуға тиіс емес. Іске жарамсыз электр өткізгілер дер кезінде ауыстырылуы керек. Электр желісі мен қондырғыларға шамадан тыс күш түсіруге, адамдардың электр қауіпсіздігі талаптарын бұзып, электр жүйесін бей – берекетсіз пайдалануна тыйым салынады.

 Құрғақ қораға тартылған сымның кедергісін екі жылда бір рет, ал сызды қорада сымның кедергісін жыл сайын тексеру қажет. Оқшаулау кедергісі 0,5 мегаомнан кем болмауы тиіс.

 Қолға ұстап жүретін жарық түсіргіштердің ілгегі, оқшауланған қорабы мен тұтқасы, ал шамгың астында жуан сымнан жасалған тор болуы керек. Оған қуат беретін сымның шланг типтес болғаны жөн. Қолға ұстап жүретін жарық түсіргіштер қуатты ток күшін төмендеткіш трансформаторлардан алу керек. Сымды адам аяғымен де, көлікпен де баспауға тиіс.

 Электр сымдарын зақымдағыш заттардан, мұнай өнімдерінен аулақ ұстау керек.Электр аспабын іске қоспас бұрын, оған ток келетін сымның ақаусыздығына көз жеткізу керек. Содан соң ток өткізбейтін қолғап киіп, жермен қосылған сыммен жалғағаннан кейін ғана электр аспабын іске қосу қажет. Оны штепсель айыры мен розетканың көмегімен ғана іске қосуға рұқсат етіледі.

 Ток келетін сым болатын болса, онымен бірге корпустағы электр тогы тұйықталып қалса, аспапты пайдалануға болмайды. Электрқозғалтқыштары және электрлендірілген машиналардың барлық металл бөлшектері жермен қосу қондырғысымен әр уақытта қосылып тұру тиіс.

 Қорғаныш үшін жермен қосу оның жағдайымен кедергісінің мөлшері (токтың қуаттылығы 100 кВттан артса 4 Ом, ал қуаттылығы 100 кВттан кемісе 10 Ом болуы керек) тексерілгеннен кейін ғана пайдалануға беріледі және ол жүйелі түрде бақылауға алынады.

 

 

 4.3 Фермадағы машиналарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

 

 Қазіргі кезде тауарлы сүт фермалары басқа да мал фермалары сияқты машиналармен және құрал - жабдықтармен көптеп толықтырылуда. Сөйтіп, олар толық механикаландырылған сүт өндіретін өнеркәсіпке айналуда.

 Машиналарды тиімді пайдалану үшін оларды үзіліссіз пайдалана білу керек. Машиналар бос тұрып қалды, оларды сатып алуға қаржының көп жұмсалуы, сондай-ақ еңбек өнімділігі мен мал өнімінің кемуі есебінен шығын арта түспек. Мысалы, азықтандыру және суару режимі сақталмаса, сауын сиырлардың өнімділігі 15% төмендейді, ал желдеткіш құрал істен шықса, төл ауруға шалдығып, салмақты аз қосады. Сондықтан да фермаларда машиналарды үнемі сақадай-сай ұстап, техниканы барынша тиімді пайдалану қажет. Товарлы сүт фермаларының құрал-жабдықтарын техникалық қамтуда ең бастысы істі күнілгері белгіленген жоспарға сай жүргізумен бірге, алдын алу шараларын дер кезінде ұқыпты жүзеге асыру болып табылады. Оның мәнісі мынада. Атқарылған жұмысы сағатының белгіленген мөлшері арқылы алдын – ала жасалынған жоспар бойынша техникалық қамту, байқау және машиналарды жөндеу, техникалық жабдықтау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, машиналарды баптайды, ретке келтіреді, техникалық қамту (күнделікті және мерзімді) мен байқаудан, жөндеуден өткізеді және жаңа машиналарды қалай тексерсе, жөндеуден шыққан машиналарды да солай тексереді. Кемшіліктер байқалған жағдайда олар түзетіледі, машиналардың агрегаттары мен тораптары қолайлы режимде жұмыс істеу үшін реттеледі.

 Тауарлы сүт фермаларда машиналарға техникалық қызмет көрсетудің күнделікті (КТҚ) және мерзімді (ТҚ-1) екі түрі жүзеге асырылады. Күрделі агрегаттарға екінші рет техникалық қызмет (ТҚ-2) көрсетілді. Маусымдық техни-калық қызмет көрсету (МТҚ) машиналарды пайдаланудың жаңа жағдайына (көктемгі – жазғы және күзгі – қысқы мезгілдің алдында) дайындау мақсатымен тек кейбір машиналар мен қондырғыларға ғана жүргізіледі.

 Күнделікті техникалық қызмет көрсету дегеніміз – машинаның сыртын тазарту, сыртқы бекітулерді тексеріп, тарту, майланған –майланбағанын байқау, май, су ақса, тоқтатып, жұмысшы органдарының жағдайын, т.б. тексеру. Мерзімді және екінші рет техникалық қамтуда күнделікті техникалық қамтудың барлық операциясы орындалады. Бұған қоса май ауыстырылып, тораптар майланады, механизмдер мен тораптар ретке келтіріледі. Машиналарды пайдаланудың дұрыстығын, оларды техникалық қамтудың сапасын білу үшін инспекциялық тексеру ретінде, сондай – ақ жылына екі рет жөндеу қажеттігі бар ма, жоқ па – соны білу үшін фермаларда машиналар мен құрал – жабдықтарға мерзімді техникалық байқау жүргізіледі. Оны шаруашылықтың басы инженерінің, мал шаруашылығында еңбекті көп қажет ететін процестерді механикаландыру жөніндегі инженердің, ферма меңгерушісінің және ферма слесарының қатысуымен мемлекеттік техникалық бақылау инспекторы жүргізеді. Байқау мәліметтері мен оның нәтижесі қондырғының паспорты мен жабдықтау жұмысын есептеу журналына жазылады.

 

 

 4.4 Қоршаған ортаны сақтау шаралары

 

 Мал шаруашылығында қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың біріне көң жатады. Оның ыдырау кезінде аммиак, күкіртті сутегі сияқты зиянды газдар бөлініп шығады. Бұл газдар адам ағзасына әсер етіп, басын ауыртады, құсқысын келтіреді.

 Сонымен бірге ауа бассейнін қоражайлардан бөлініп шығатын ауа да ластайды. Оның құрамында көмірқышқыл газ, аммиак, метан және т.б. зиянды газдар кездеседі. Қоражайлардан лас ауа бірге көп мөлшерде микроағзалар және азық қалдықтарынан, төсеніштен тұратын шаң бөлінеді.

 Ірі қара малды ұстайтын қоражайдың 3 ауасында 12 – ден 100 мыңға дейін микробтар болады. Бұлардың қатарында тубуркулез, сібір язвасы сияқты ауру тудырушы микробтар болуы мүмкін [33]. Сондықтан қора жайдағы ауа тазарту үшін бактерицидті ультракүлгін шамдарды қолданған жөн.

 Сонымен бірге ауа бассейнін тазарту үшін жасыл желектерді пайдаланған тиімді. Ағаштар қоражайлардан шығатын ауадағы 78% шаңды және 52% микроағзаларды ұстап қалуға мүмкіндік береді. Ені қоражайдың биіктігіне сәйкес келетін жасыл желек алқабы 200 метрге дейінгі жердің ауасын тазартады.

 Қоражайдан шығатын газдар ағашқа кері әсер тигізетіндіктен, жасыл желек алқабын газға төзімді терек, үйеңкі, акациядан отырғызған дұрыс. Шаруашылықта өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін, тұқым, жемшөп және суларды зиянды заттардан сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, оларды ядролық, химиялық қарулар және биологиялық құралдарды қолданып болғаннан кейін залалсыздандыру жұмыстарына қарағанда оңай,әрі арзанға түседі. Осыған байланысты кәсіпорын аталған өнімдерді сақтау шараларын жүргізуі қажет. Су мен жемшөптің радиоактивті заттармен ластануы әсіресе ядролық жарылыс өнімдерінен, сонымен қатар жер бөліктерінен болуы мүмкін. Радиоактивтік шаңның ену тереңдігі азық түріне, оның сақталуына, сонымен қатар метеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Радиоактивті зат бос сақталған азық жемшөптеріне 5см, қапта сақталғанға 2см, күдедегі пішенге 10-20см, ал бумашөптерге 5см тереңдікте өтеді. Жел мен жаңбыр улы заттардың азыққа одан үлкен тереңдікте өтуіне әсер етеді. Шаруашылықтағы азықтарды қолда бар құралдармен сақтауды ұйымдастыру керек және қоймалар мен шахталық құдықтарды қымтап жабуға назар аударған жөн. Шаруашылықта 900т және 200 тонналық екі азық қоймасы және 14 шахталық құдықтар бар.

 Қоймалар мен құдықтарды қымтау үшін 2м3 тілме материал, 11 орама тол, 20кг шеге, 80кг цемент, 5т саз балшық, жұмысқа жарамды 190 адам қажет.

Қоймаларды қымтау үшін есік, терезелердегі, қоршаушы қималардағы барлық саңылауларды бітеу керек, терезенің жартысын кірпішпен жауып, әйнектерді жөндейді және терезедегі саңылауларды сылақпен, балшықпен, және тағы басқаларымен сылайды. Пішен, сабанның күделерін брезентпен, үлдірмен және азық сабанымен жабуға болады. Пішенді биологиялық аэрозольдерден сақтау үшін күдеге сабан бумашөбін қалаған дұрыс, ал олардың арасындағы тоғыспаға саз балшықты әк ерітіндісін құяды. Күдені 3м жалпақтықта маямен айналдыра қоршайды. Қыста пішен маясына мұз қатып қалуы мүмкін. Ұрадағы сүрлемді алдымен сабан қабатымен (5-10см), сосын топырақпен (20-40см) жабу керек. Әдеттегідей сақталған пішендеме радиоактивті, уландырғыш заттардан, биологиялық қарулардан қорғалады. Ең алдымен мал шаруашылығы фермасында немесе соған жақын территорияда сақталған, таяу күндері жемдеуге арналған азықтарды жабу керек. Сауын сиырлары үшін көмілген азық қоры 3 айдан кем емес уақытқа мөлшерленуі керек. Ашық су көздерін (өзендер, көлдер, тоғандар) зақымданудан қорғау мүмкін емес және ондай жұмыстар жүргізілмейді. Шаруашылықта сумен қамтамасыз ету орталықтанған. Су тегеуріні мұнараларын ғана қымтау қажет және желдеткіш құбырларға сүзгі қою керек. Отарлы шаруашылықта қойларды суару үшін шахталық құдықтар бар. Құдықтың ағаш кесінділерінің айналасында 1м қашықтықта 30см қалыңдықтағы саз балшық қабаты төселген және тығыздалған. Саз балшық ағын сулардың және жауын суларының құдыққа ағаш кесінділерінен өтіп кетпеуіне кедергі болады. Балшыққа 15 сантиметрлік құм сепсе, ластанған суларды тазалайды. Ағаш кесіндісінің үстін мықты қақпақ жауып, шөлмек ілу керек. Құдықтың үстіне тақтайдан немесе шарбақтан жасалып, балшықпен сыланған күрке орнатуға болады. Қалған жемшөпті радиометрмен өлшегеннен кейін малдарды азықтандыруға қолдануға болады. Залалданған азықтан радиоактивті шаңды сумен жуу арқылы шығаруға болады. Шырынды азықтарды сумен жуу жолымен дезактивациялайды.

 Шаруашылық жағдайында газдан тазарту жұмысын желдету, термиялық өңдеу арқылы жүргізеді. Пішен маясынан, көкөніс көмбелерінен, дән үйінділерінен зақымданған беткі қабатын алып тастайды, азықты жұқа қабатпен зақымданбаған жерге жайып салады және аудара отырып желдетеді. Жемдік астық зирин мен иприттен астық кептіргіште (жылу көзінің жоғарғы температурасында) жақсы залалсыздандырылады. Тамыртүйнек жемістер желдету немесе хлор түзгіш препараттармен өңдеп, соңынан сумен шайқау арқылы залалсыздандырылады. Залалданған шахталық құдықтардағы суларды қотарып, ағаш кесіндісін хлорлы-әк тұнбасымен сылау керек, ал түбіне хлорлы-әк ұнтағын себу керек. Қалған судың уландырғыш зат пен хлор мөлшерін тексереді, олардың орташа мөлшері болмаған жағдайда адамдар мен малдардың пайдалануына жібереді. Су мен азықты уытсыздандырудың негізгі тәсілі болып 30 минут ішінде 1000С температурада термиялық өңдеу табылады.

 Жемшөп пен суды физикалық және химиялық әдістермен уытсыздандырады. Пішен бетін формальдегидтің 4 пайыздық ерітіндісімен 24 сағат сайынғы аралықта екі рет уытсыздандырады. Сібір жарасының қоздырғыштарымен зақымданған жемдік астықты құртады. Ботулизммен және оның улы заттарымен зақымданған жемдік астықтарды күйдіргіш натридің 1 пайыздық ерітіндісіне 4 сағат бойы матыру және сумен үш қайтара жуып, кептіру арқылы уытсыздандырады. Суды қайнату немесе 1 м3 суға 0,5л хлор әгінің ашық ерітіндісін құйып хлорлау арқылы тазартады. Судағы хлор иісін кетіру үшін хлорсыздандырады (1г хлорға 3,5г натрий сульфатын қосады). Қорыта келгенде, барлық залалсыздандыру жұмыстары сақтандыру шараларын іске асыра отырып және жолнұсқаға сай жүргізілуі керек. Залалсыздандыру жұмыстары біткеннен кейін жұмысқа қатысқан адамдар санитарлық өңдеуден өтулері керек.

 

 

 5 Жобаның техникалық–экономикалық көрсеткіштері

 

 5.1 Сиыр сауу және сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық картасын жасау

 Мал шаруашығында озық технологияны пайдаланғанда алынатын өнімнің сапасы жоғары, өзіндік құны төмен болуы үшін,ондағы қолданылатын машиналар мен жабдықтардың желінің өнімділігіне сай таңдалып,еңбектің ғылыми түрде тиімді ұйымдастыруы қажет.

 Еңбекті дұрыс ұйымдастыру, лайықты машиналар мен жабдықтарды дұрыс таңдап алу үшін технологиялық карта жасап, оны бірнеше машиналар мен жабдықтарды желіге кіргізе отырып салыстырады да, солардың ішінен ең тиімдісін қабылдайды.

 Әр түрлі машиналарды желіде пайдаланғанда ең әуелі барын міндетті түрде пайдалану көзделеді. Егерде желі жаңадан ұйымдастырылып, оған пайдалануға тиісті машиналар қолда болмаса, желіге ең соңғы үлгідегі машиналар мен жабдықтардың бірнешеуін пайдалана отырып, салыстырмалы есептердің қортындысына сүйеніп ең тиімдісін қабылдайды.

 Мал шаруашылығын жарақаттандыруды тиімді ұйымдастыру алынған өнімге жұмсалған еңбек, қаражат шығының аздығы мен алынған өнімнің сапалылығы өлшенеді.

 Технологиялық карта негізгі үш бөлімнен тұрады: технологиялық (1...5 тармақ), инженерлік (6...12) және экономикалық (13...16).

 Технологиялық картаны есептеу мына ретпен жүргізіледі:

 1 – тармақ әрекеттің рет саны.

 2 – тармақ істелінетін жұмыстарды ретімен атап жазады.

 3 – тармақ тәулігіне істелетін жұмыстардың мөлшері ( дана, тонна).

 4 – тармақ бір жылда неше жұмыс күні барын көрсетеді.

 5 – тармақ жылына қанша жұмыс істелінетінін көрсетеді.

 Оны 3, 4 тармақтарды көбейту арқылы табады, демек

 Q1 = Q · K.

 6 – тармақта машина мен жабдықтың аты және маркасы көрсетеді.

 7 – тармақта машинаның жетегі, қуат көзі көрсетеді.

 8 – тармақта қозғалтқыштың қуаты көрсетіледі.

 9 – тармақта машинаның сағаттық өнімділігі жазылады.

 10 – тармақта қажетті машина саны көрсетіледі. Машинаның тәуліктік өнімділігін оның сағаттық өнімділігін тәулігіне істейтін жұмыс уақытына көбейтіп табамыз. Шыққан нәтижені 3 - тармаққа бөлу арқылы қажетті машина санын табамыз.

 11 – ші тармақта машинаның бір жылда істейтін жұмыс сағаты көрсетіледі. Оны 5 – ші тармақтағы мәнді 9 – шы тармақтағы мәнге бөлу арқылы табамыз.

 12 – ші тармақта бір машинада жұмыс жасайтын адамдардың саны көрсетеді.

 13 – ші тармақта бір машинада бір жылда шығатын еңбек шығыны есептеледі, оны 11, 12 – тармақтарды көбейтіп табады:

 E = t · n, сағ.

 14 – тармақта жабдықтарға жұмсалатын күрделі көрсетіледі, оны былай есептейміз:

 Cжаб = C0 (1 + p + τ +m) = C0 K .

 мұнда C0 – машинаның зауытын шығарылғандығы құны және машинаны сатушы, тасымалдаушы және орнатушыға төленетін қаражат пайызы есебімен

 K = (1 + p + τ + m) = 1,1 ÷ 1,2.

 15 – тармақта пайдалану шығындарын жазамыз, ол былай есептеледі:

 Cэ = Cа + Cж + Cеа + Cэл + Cт ,

 мұнда Cа , Cж – ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық шығыны;

 Cа..ғим = 0,01 Cқ..ғим · δ ғим ,

 Са.жаб = 0,01 Cқ..жаб · δжаб ,

 мұнда δ ғим – ғимараттың күрделі қаржы құнының амортизациялық шығыны пайызы (δ ғим = 4%);

  δжаб – жабдық құнының амортизациялық шығыны пайызы, (δжаб =12 %);

  Cқ..ғим – ғимарат күрделі құрылысының құны, теңге;

  Cқ..жаб – жабдықтар мен машиналар құны, теңге.

 Машиналарды ағымды жөндеуге, күтуге және ғимараттардың ағымды жөндеуіне кететін шығындарды былай есептейміз:

 Cж = Cж..ғим+ Сж.жаб= 0,01 Cқ..ғим ·R қ.ғим + 0,01 · Cқ..жаб · R қ.жаб ,

мұнда R қ.ғим – ғимарат жөндеу шығындарының пайызы,

 (R ғим = 6 %);

  R қ.жаб – машина жөндеу шығындарының пайызы ,

 (R жаб = 9%).

 Жұмысшылардың еңбек ақысы

 Се.а = f · S (1+ 0,01 Σp), (5.1.)

мұнда f –жұмысшының орташа сағаттық тарифтік төлемі;

  Sе.ш - өнім бірлігіне келетін жылдық еңбек шығыны, адам – сағ/т.

 Тұтынылған электроэнергия құны былай есептелінеді:

 Сэл =Nтәул ·Tжыл · Sэл , (5.2.)

мұнда Sэл – 1 кВт/сағ құны, теңге;

  Nтәул – тәуліктік тұтынатын электроэнергия көлемі; кВт/сағ.

  Tжыл – бір жылдағы жұмыс күні саны, күн.

 Жанар – жағар май мына өрнекпен есептеледі:

 Сm= Vсағ · T · S , (5.3.)

мұнда Vсағ – жанар-жағар майдың сағаттық қажеттілігі, (м3; т; кг);

  S – жанар-жағар май құны, теңге;

  Т – бір жылдағы жұмыс сағаты, сағ.

 Осы шамаларды анықтағаннан соң, шыққан мәндерді 8 – кестеге толтырып, технологиялық картаға талдау жасаймыз.

 

Кесте 6 – Сиыр сауу және сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық картасы

№ р/р

Өндірістік процестер мен операциялар

Тәуліктік жұмыс көлемі, т

Бір жылдағы жұмыс күні, т

Жылдық жұмыс көлемі, т

Жабдықтар мен машиналардың аттары

Машина жетегі

Электрқозғалтқыш қуаты, кВт

Сағаттық өнімділігі, т/сағ

Қажетті машина сан

Машиналардың жылдық жұмыс сағаты

Қызметкерлер саны

Жылдық еңбек шығыны, адам-сағ

Күрделі қаржы, мың теңге

Жылдық пайдалану шығындары, мың теңге

Машинаның жалпы салмағы, кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1

2

3

4

5

6

Сиыр сауу

Сүтті тасымалдау

Сүтті пастерлеу

Суық өндіру

Сүтті салқындату және уақытша сақтау

Сүтті тасымалдау

0,554

0,554

0,554

0,554

0,554

0,554

365

365

365

365

365

365

150

150

150

150

150

150

УДА – 8А «Тандем»

НМУ - 6

ВДП - 300

ТХУ – 14

Салқындат-қыш ыдыс

НМУ - 6

электрқозғалтқыш

18,1

1,1

0,75

7,5

0,55

1,1

60

2,0

0,3

21,5

0,6

2,0

1

1

1

1

1

1

609

83

854,1

548

840

101

2

1

1

1

1

1

1218

83

854,1

548

840

101

1164

37,62

146,56

257,12

156,15

37,62

282,78

21,43

103,44

119,71

45,91

23,8

2515

20

193

550

400

20

БАРЛЫҒЫ

150

3644,1

1799,07

596,07

5.2. Жобаның техника – экономикалық көрсеткіштерін есептеу

 Жылдық экономикалық тиімділік мына өрнек бойынша анықталады

Эж = ( Се+ Ен · Ке) – ( Сжн · Кж) , [5.4]:

мұнда Се – ескі технология бойынша жылдық пайдалану шығындары, теңге;

  Сж – жобадағы технология бойынша жылдық пайдалану шығындары, теңге;

  Ке және Кж – тиісінше ескі және жобадағы технология бойынша жұмсалған күрделі қаржы, теңге;

  Ен – күрделі қаржының тиімділік коэфициенті, (Ен = 0,15).

Эж = (1174129 + 0,15 х 1693410) – (596070 + 0,15 х 1799070) = 562210 тг

 Күрделі қаржының өтелу мерзімін мына өрнекпен анықтаймыз:

Тө = Скқж

 мұнда Скқ – күрделі қаржының көлемі, теңге.

Тө= 1799070/562210 = 3,2 жыл

 Өнім бірлігіне жұмсалатын еңбек шығынын мына өрнекпен анықтаймыз:

 

Зе = Зж /Qж .

Зе = 1799,07 / 150 = 11,99 адам-сағат/т.

 

 Кесте 7 – Техника-экономикалық көрсеткіштер

 

Көрсеткіш

Бірлік

Ескі технология

Жаңа технология

Айырма-шылық

1

Жылдық пайдалану шығындару

теңге

1174129

596070

+578059

2

Жұмсалған күрделі қаржы

теңге

1693410

1799070

-105660

3

Күрделі қаржының өтелу мерзімі

жыл

-

3,2

-

4

Еңбек шығыны

Адам-сағ/т

-

11,99

-

5

Жылдық экономикалық тиімділік

теңге

-

562210

-

 Қорытынды

 

 1. Сиыр сауу мен сүтті алғашқы өңдеудің заманауи технологияларын талдау және шаруа қожалығының даму перспективасы негізінде 50 бас сиыр фермасында сүтті алғашқы өңдейтін цехтың үздіксіз жұмыс істейтін толық механикаландырылған технологиялық сұлбасы жасалды. Осы технология бойынша қажетті технологиялық есептеулер жасалып, тұрғын халыққа пастерленген сүт өндіретін цехтың жабдықтары таңдап алынды.

 2. Цехтағы жабдықтардың жұмыс істеу реті және электр энергиясын тұтынудың біріккен графигі орындалып, қондырылған қуат – 29,1 кВт, тәулігіне электр энергиясын пайдаланудың ең үлкен шамасы – 19,2 кВт, судың шығыны – 4458 л, бу шығыны – 114 кг екені анықталды.

 3. Пастерленген сүтті салқындатып, уақытша сақтайтын сүт салқындатқыш ыдыстың конструкторлық шешімі орындалды. Соның нәтижесінде сыйымдылығы - 300 дм3, қуаты 0,55 кВт екені теориялық тұрғыда дәйектелді. Сүт салқындатқыш ыдыстың технологиялық және конструкторлық есептеулері оның технологиялық желіге сәйкес келетінін көрсетті.

 4. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шаралары дәйектеліп, қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың зияндылығын азайту мүмкіндіктері қарастырылды.

 5. Жобаны техникалық–экономикалық бағалаудың нәтижесінде мынадай көрсеткіштерді атап өтуге болады: жылдық экономикалық тиімділік – 562210 теңге, тікелей пайдалану шығындары – 596070 теңге, күрделі қаржының өтелу мерзімі – 3,2 жыл, өнім бірлігіне келетін еңбек шығыны – 11,99 адам · сағ/ т.

 Пайдаланылған әдебиет тізімі

 1. Рустембаев Б.Е., Нұртаева Ж.Ш., Әбдіров А.А. Сүт және сүт өнімдерін өндірудің жаңа технологиясы мен экономикасы. – Астана: 2007.

 2. Нұртаев Ш.Н., Сапарбаев Е.Т. Мал шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру. – Алматы: Агроуниверситет, 2012.

 3. Кирсанов В.В., Мурусидзе Д.Н., Некрашевич В.Ф. Механизация и технология животноводства. – М.: КолосС, 2007.

 4. Техника для фермерских хозяйств /Под ред. Г.А. Деграф и Ш.Н. Нуртаева. – Алматы: Агроуниверситет, 1999.

 5. Кирсанов В.В., Симарев Ю.А., Филонов Р.Ф. Механизация и автоматизация животноводства. – М.: Издательский Центр «Академия», 2004.

 6. Мельников С.В. Технологическое оборудование животноводческих ферм и комплексов. - Л.: Агропромиздат, 1985.

 7. Карташов Л.П. и др. Механизация и электрификация животноводства. – М.: Агропромиздат, 1987.

 8. Мельников С.В. Механизация и автоматизация животноводческих ферм. – Л.: Колос, 1978.

 9. Князев А.Ф., Резник Е.И., Рыжов С.В. и др. Механизация и автоматизация животноводства. – М.: Колос, 2004.

 10. Баутин В.М. и др. Механизация и электрификация сельскохозяйственного производства. – М.: Колос, 2000.

 11. Тарасенко А.П. и др. Механизация и электрификация сельскохозяйственного производства. – М.: Колос, 2004.

 12. Федоренко И.Я., Борисов А.В., Матвеев А.Н. Оборудование для доения и первичной обработки молока. – Барнаул: Издательство АГАУ, 2005.

 13. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жүйесі. – Алматы: Бастау, 2006.

 14. «Мырзабай» шаруа қожалығының 2010 – 2013 жылғы өндірістік – экономикалық көрсеткіштері.

 15. Конаков А.П. Техника для малых ферм. – М.: Издательство «Академия», 2004.

 16. Ковалев Ю.Н. Молочное оборудование животноводческих ферм и комплексов: Справочник. – М.: Россельхозиздат, 1987.

 17. Мурусидзе Д.Н., Кирсанов В.В., Чунов А.И. Курсовое и дипломное проектирование по механизации животноводства. – М.: КолосС, 2007.

 18. Брагинец Н.В., Палишкин Д.А. Курсовое и дипломное проектирование по механизации животноводства. – М.: Агропромиздат, 1991.

 19. Завражнов Б.И. и др. Проектирование производственных процессов в животноводстве. – М.: Колос, 1994.

 20. Справочник зооинженера /Под ред. М.И. Рыбакова. – Алматы.: Кайнар, 1991.

 21. М.И. Рыбаков. Проектирование производственных процессов в животноводстве. – Алматы : Казгосагру, 1998.

 22. Уланов И.А. Механизация доения коров и первичной обработки молока (Теория, расчет и выбор технологического оборудования). – Саратов: ССИ, 1977.

 23. Шабурова Г.В. и др. Практикум по оборудованию и автоматизацию перерабатывющих проиводств. – М.: КолосС, 2007.

 24. Курочкин А.А., Зимняков В.М. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов перерабатывающих производств. – М.: КолосС, 2006.

 25. Кошевой Е.П. Практикум по расчетам технологического оборудования пищевых производств. – СпБ: ГИОРД, 2005.

 26. Суворов С.Г., Суворова Н.С. Машиностроительное черчение. – М.: Машиностроение, 1991.

  27. Бабулин Н.А. Построение и чтение машиностроительных чертежей. – М.: Высшая школа, 2005.

 28. Канарев Ф.М., Пережогин М.А., Греник Г.Н. Охрана труда. – М.: Колос, 1982.

 29. Раздорожный А.А. Охрана труда и производственная безопасность. – М.: Издательство « Экзамен», 2007.

 30. Зотов Б.М., Курдюмов В.И. Безопасность жизнедятельности на произ-водстве. – М.: Колос, 2004.

 31. Курдюмов В.И., Зотов Б.И. Проектирование и расчет средств обеспе-чения безопасности. – М.: КолосС, 2005.

 32. Левин А.В. Основы животноводства и кормопроизводства. – М.: Агропромиздат, 1987.

 33. Методика определения экономической эффективности технологий и сельскохозяйственной техники. Часть ІІ. Нормативно – справочный материал. – М.: Минсельхозпрод, 1998.

 34. Ананьин А.Д. и др. Бизнес – планирование в дипломных проектах по агроинженерии. – М.: КолосС, 2007.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу