Қазақ әдебиеті | Сағыр Камалов
Сағыр Айтмағамбетұлы Камалов(1905-1938), жазушы, драматург. «Ер Тарғын» драмасын (1937), «Ер Тарғын» операсының либреттосын (музыкасы - Е.Брусиловскийдікі) жазды. Әуезов 1936 жылы 5 тамызда «Қазақ әдебиеті» газетінін тілшісіне берген «Ер Тарғын туралы» интервьюінде: «Сағыр бұрынғы халык аузындағы батыр жырын сол күйінде алмаған, ол батыр жырын тек қана тема ретінде пайдаланып, өзінше молайтып, тереңдетіп, көп жерінде басқа жаңа уақиғалар кіргізіп жасай білген» деп әділ бағасын берген. Ал «Алғашқы әсер» мақаласында «Ер Тарғын» операсы жөнінде әңгіме қозғап, оқиғасы қызықты әрі тартымды шығарманың дүние келгенін, «барлық үлкен бүйымдарының (бұған кіретіндер: пьесаның мазмұны, режиссердің басшылығы, актер ойыны және композитор, суретші, би басқарушысының ісі сияқты элементтерінің) барлығы әдемі боп туысып, үйлесіп, біте қайнасқан тұтастықпен шыққанын, барлық операны бір мол мүсінді көркем шығармаға айналдырып тұрған айқын стиль барын айтып, кейбір кемшіліктерін де жасырмаған.[1]
Пайдаланған әдебиет
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
Пайдаланған әдебиет
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады