Адам денесі

Адам денесі казакша Адам денесі на казахском языке


- Бүкіл адамның саусақ іздері бір-бірлеріне ұқсамайтыны секілді, тіл іздері де ұқсамайды.
¨ Сәбилерде 350, ал ересектерде 206 сүйек бар.
¨ Түшкірік ауада сағатына 161 км жылдамдықпен тарай алады.
¨ 60-жастарда еркектердің 60 пайызы, ал әйелдердің 40 пайызы қорылдайды.
¨ Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі.
¨ Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын.
¨ Адам ағзасындағы ең қатты зат тіс эмалі.
¨ Денеміздің әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді.
¨ Бір жұп аяқта 500 мың тер безі болады.
¨ Адамдар сағат сайын шамамен 600 мың (түлеген) тері партикулярын (бөлшегін) төгеді.
¨ Қан жасушалары (екі жағы ойық) дисктер формасында болады.
¨ Адам денесіндегі тамырлардың ұзындығы 96560км.
¨ Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.
¨ Асқазанның шырышты қабығының өмірі өте қысқа болғындықтан 3-4 күнде бір жаңаланады.
¨ Адамның шаш қылдарының саны шамамен 100 мың болады. Сарғыш шаштыларда шаш көбірек болады.
¨ Қолымыздың тырнақтары көп қолданылғандықтан тез өседі.
¨ Адам 11 күн ұйқысыздыққа шыдай алады.
¨ Әр мың нәрестенің бірі бір тісі шыққан күйде туылады.