Помпеи қаласы

Помпеи қаласы казакша Помпеи қаласы на казахском языке


Біздің жыл санағымыз бойынша 79 жылда, Италияда Неапольден 25 км қашықтықта орналасқан Помпеи қаласы, Везувий жанартауынан атқылаған лава мен күлдердің астында қалып, жер бетінен жойылған.

Сол замандары Римдіктер бұл қаланы демалу, сауығу орталығына айналдырған болатын. Байлық пен салтанаттың соңы арсыздыққа ұласып, ақылға қонымсыз күйге енген бұл жерді көрген ар-ұяты бар адамдар беттерін жауып, көздерін жұматыны сөзсіз еді. Әр түрлі зинақорлық, азғындық әрекеттерінің базары жағдайына келтірілген еді. Соңғы уақыттары ақылға да, қиялға да келмейтін, тіпті түсінуге де келмейтін арсыздықтар шырқау-шегіне жеткен болатын.

5 шілде күні, баршаның азғындық ішінде көңіл көтеріп рахаттанып жатқан сәтінде, Везувий жанартауынан атқылаған ыстық лавалар, күлдер, тастар қала үстіне жауып, бір сәтте бүкіл жер 4-5 метр биіктікке дейін, қызған батпақ селімен қапталды.

1748 жылынан кейін жасалған қазба жұмыстары кезінде, лавалардың қатайып, адамдар болған бөліктері шұңқыр күйінде қалғаны көрілді. Помпеи кенеттен апатқа ұшырағандықтан, адамдардың бұл пәлекет сәтінде қандай жағдайда болған күйі осы шұңқырларға аққан сұйық гипстің қатуымен анықталды. Көбісінің ақылға қонымсыз бір кейіпте, өте ұсқынсыз әрекеттер жасаған күйінде қалғандары айқын болды.

Қазба жұмыстары осы уақытқа дейін жүргізілуде. Қаланың басым бөлігі, қақпа жанындағы мазар, қала сыртындағы бірнеше виллалар аршылған. Қалада бекініс қабырғалары және бірнеше қақпа, көшелер мен тұрғын үйлер орны сақталған. Көпшілігі түрлі суреттермен әшекейленген. Помпеи — б.з. 1 ғ-ндағы Рим өнері, мәдениеті, шаруашылығы, тұрмысы жайлы құнды дерек беретін ескерткіш.

Қазба жұмыстарынан кейін шыққан үйлер, көшелер және басқа да ғимараттар туристтердің қызығушылығын тартқаны үшін, қазір бұл жер туристтік мекенге айналған.