Батаменен ел көгерер...


Адамдардың разылығын, игі дұғасын, батасын алуға тырысу керек. Ренжітуден, қарғыс алудан міндетті түрде ұзақ болу керек. Дұға - қаза мен тағдырды өзгертеді. Бір игі дұғамен өмір жасы ұзаруы мүмкін. Ал қарғыспенен, әсіресе ата-ананың, салих туыстардың қарғысымен өмір қысқаруы мүмкін. Сондықтан аузымыздан шығатын сөздерге мұқият болуымыз керек. Аталарымыздың да «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген хикметті сөздері бекер емес.
   Убайдуллаһ Ахрар «құддиса сирруһ» хазреттері өте кішіпейіл адам еді. Кіммен кездессе де, міндетті түрде одан дұға етуін сұрайтын. Өзінің айтып бергені:
      Үлкен, кіші, құл, қожайын кімді көрсем де, оны танымасам да: «Маған дұға етші!» деп жалынатынмын. Егер дұға етсе, қуанғанымнан төбем көкке жететін. Бір күні басымнан мынадай жағдай өтті: Анамыздың өнімді, құнарлы егіншілік жері бар еді. Анам егіннен бидай орып алған кезде менің үлесімді де жіберетін. Бір жылы әдеттегідей үлесімді жіберген еді. Мен ол бидайларды қоймаға апарып қойдым. Қайтып келгенімде бидайды әкелген кісі кетіп қалыпты. Не үшін оның дұғасын алмадым, деп қатты өкіндім, тіпті жыладым да. Артынан жүгіріп жетіп:
     - Маған дұға етші! Бәлкім Раббым сенің дұғаңмен мені кешірер, және менің жағдайым сенің дұғаң арқылы түзелер,- деп жалындым. Ол таң қалып:
     - Сен не айтып жатырсың? Мені басқа біреуге ұқсатып жатқан боларсың, - деді.
    - Жоқ сені ешкімге ұқсатпадым. Маған дұға етші,- дедім. Ол тағы да таң қалып:
    - Мен жаһил адаммын. Тіпті бетімді дұрыс жууды да білмеймін. Бірақ сұрадың ғой, қолыңды қайтармайын, саған бір дұға етейін,-деді. Қолдарын жайып: «Йа Раббым, Мына жігіттің көңіл көзін аш!», - деп шын көңілмен дұға етті. Дұғасы бірден қабыл болып, мұратыма қауыштым.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу