DataLife Engine / Ерекше жаңа жыл

Ерекше жаңа жыл

2-сынып  оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке  болып өсті.  Ата-анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа  жыл да  келді.  Әкежан үшін  басқа мерекелерден  гөрі  жаңа жыл сыйлығы  мол, тәттіге тоятын ерекеше күн.  Ата-анасы былтырғы  жылы бағасы  қымбат тұратын ұялы  телефон  сыйлаған болатын.  Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы  алдаса да,  Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына  Аяз атадан  қандай сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді.  Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, анасын алып кетті. Аң-таң  болған Әкежан  әкесіне: «Әке, менің сыйлығым қайда? Аяз ата мені биыл ұмытып кетті ме? Анам қайда кетті?  Қалай жаңа жылды қарсы аламыз?»-деді жылам- сырап.  Сәлден соң телефон шырылдады.  Қуана жымиған әкесі: «Сен биыл ерекше сыйлыққа ие болдың , Аяз ата саған іні сыйлады»-деді. Бауырлары бар өзге балаларға  ерекше  қызғаныш- пен қарайтын,  Әкежанның  қуанышында шек жоқ.  Қатты қуанғаны сондай, қолын шапалақтап секіріп жіберді.  Әкежан үшін бұл жаңа жыл ерекше болды. Ол тіпті армандаған сыйлығын ала алмағанына да өкінген жоқ.

16.01.2021
Вернуться назад