Келін-ене

Келін, ене, оқиға

Бұрынғы өткен заманда Қытайда Лили атты бір қыз тұрмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін бітпей кеткен келін мен ене арасындағы ұрыс-керістер нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелімен анасының ортасында қалған күйеуі үшін де тұрмыс шыдамсыз бір халге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін, тура әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады.
Кәрі адам оған шөптерден бір қоспа дайындайды және оны  үш ай бойы күнде аз-аздап енесінің тамағына қосып тұруын айтады. Уды аз-аздап берсе, осылайша оны келіннің өлтіргені белгілі болмайтын еді. Кәрі адам келіншекке ешкімнің және күйеуінің де одан күмәнданбауы үшін енесімен өте жылы қарым-қатынаста болуын, ол үшін ең дәмді тағамдар пісіруін де айтады.
     Қуана қуана үйіне келген келін айтылғандарды бұлжытпай орындайды. Әр күн енесіне ең дәмді тағамдар дайындап беріп отырады. Онымен жақсы мәміледе болып, тамағына да аз-аздан уды тамызып отырады. Біраз күннен кейін енесі де қатты өзгеріп, келініне өз қызы сияқты қарай бастайды. Бұдан былай үйде сыйластық лебі есе бастайды. Бұл арада енесін өз анасындай жақсы көріп қалған келін, істегендеріне қатты өкінеді.  Кешірілмес қатеге жол бергенін түсініп, баяғы емшіге қайта барады. Кәрі адамға, енесіне берген уларды тазалайтын бір дәрі табуын сұрап жалынады. Көзіне жас толған кәрі адам былай дейді:
“Қымбатты Лили, саған бергендерім тек витамин ғана еді. Нағыз у ол сенің басыңда еді. Сен оған жақсы мәміледе болған сайын, оның да саған деген ызасы құрметке айналды. Осылайша сендер нағыз ана мен қыздай болдыңдар.”
       “Гүл берген қолда, гүлдің иісі қалады” дегендері осы болса керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу

Ілмектер: Келін, ене, оқиға