Microsoft адамның жасын анықтайтын қоғамдық қызмет ұсынды » ZHARAR © 2017 | қызмет, арқылы, қызметі, бірнеше, жынысын, адамның, бірден, назарын, Көптің, жүгінеді, сарапшылардың, көмегіне, аударған, суретке, ішінде, Microsoft, жүктеп, онлайн, тәртібіндегі, бетке




  • »

Microsoft адамның жасын анықтайтын қоғамдық қызмет ұсынды

Microsoft адамның жасын анықтайтын қоғамдық қызмет ұсынды казакша Microsoft адамның жасын анықтайтын қоғамдық қызмет ұсынды на казахском языке

Microsoft корпорациясы сурет арқылы адамның жасы мен жынысын анықтайтын арнайы қызмет түрін жасады. Аталған қызмет how-old.net домені арқылы, Face detection API жүйесін қолданады. Сондай-ақ, How old қызметі Bing API іздеу құралдары мен PowerBI шынайы уақыт тәртібіндегі сарапшылардың көмегіне жүгінеді.

Көптің назарын бірден аударған қосымша электронды бетке жүктелген суретке немесе онлайн тәртіпте түсірілген фотоға бірнеше секунд ішінде талдау жасай алады. Егер фотода бірнеше адамның беті көрсетілсе, барлығының жасы мен жынысын анықтайды.

Құрастырушылардың айтуынша, онлайн сараптамалық қызметі сәтті шыққан. Айта кетсек, қызмет іске қосылғаннан бірнеше сағат ішінде 35 мың адам 210 мың фотосын жүктеп үлгерген. Соңғы бес күнде how-old.net веб-бетін 1,5 миллион Facebook колданушысы ұнатып, 100 мың туитші өз микроблогын қалдырған.

Бір қызығы, қызметті пайдаланушылар тек өздерінің фотоларын жүктеп қана қоймай, белгілі кино жұлдыздар, саясаткерлер мен әншілердің суреттерін де салып көрген.



Санат: KZ портал » Қазақша Блог | | 823
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .