Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» повесі: Жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалануы

Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» повесі: Жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалануы казакша Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» повесі: Жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалануы на казахском языке

Кезінде М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов жоғары баға берген «Болашаққа жол», кейін «Инеш» аталған романнан соң жазушы Сафуан Шаймерденов көркемдігі жоғары бірталай көлемді туындыларды дүниеге әкелді. «Мезгіл», «Қарғаш», «Жыл құсы», «Ит ашуы» сияқты повестерінің өн бойына адамгершіліктің асыл арқауы өзек болған. Көркем әдебиеттің мақсаты – адамды гуманизмге тәрбиелеу, ішкі жан-дүниесін байыту десек, Сафуан Шаймерденов шығармаларында бұл айрықша қолдау тапқан. Дара жазушының әңгіме жанрындағы туындылары – бөлек сөз етуге тұрарлық дүниелер. Әдебиеттің ел мен елді, халық пен халықты жақындастырудағы атқарар міндеті ұшан-теңіз, жазушының шығармалары шет тілдерге аударылумен бірге өзі де шет жұрттың озық туындыларын қазақшаға аударуда зор еңбек етті. Оған Р.Тагордың «Күйреу» романын аударғаны үшін Қазақстан Жазушылар Одағының сыйлығын берді.

Сафуан Шаймерденов әдебиет пен өнердің астасқан жері драматургияға да өзіндік үлесін қосқан жазушы. Оның «Дөкей келе жатыр», «Әнім сен едің», «Қыр гүлі», «Әсия жағалар», т.б. пьесалары кезінде театр сахналарында үздіксіз қойылған. Жазушының 1987 жылы шағын эсселер мен естеліктерден құралған «Ағалардың алақаны» атты кітабы жарық көрді. Осылайша біздің әдебиетімізде роман, повесть, тамаша әңгімелерімен бірден бой көрсеткен Сафуан Шаймерденовтың зерттеуші, шығармашылыққа бағытталған терең ойлы әдебиетші екендігіне «Әдеби толқындар» кітабы дәлел бола алады. Бұл кітаптан әдебиетімізге деген жауапкершілікті айрықша сезінеміз.

Сапалы туындылардың иесіне айналған Сафуан Шаймерденов шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Қаламгер елдегі қоғамдық мәселелерге де үн қоса білген. Айталық, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, туған тілдің қазіргі хал-ахуалы, оның мемлекеттік жайы – жазушы қаламының ұшқырлығын дәлелдеген. Сонымен қатар Сафуан Шаймерденов – жас әдебиетшілерді тәрбиелеуге көп уақытын бөлген жазушы. Әсіресе, елуінші-алпысыншы жылдардағы оның сын-мақалаларын оқи отырып, қаншалықты әдебиетке жанашыр болғандығын байқауға болады. Әдебиетіміздің бүгінгі аға буынына айналған Қалихан Ысқақов, Әкім Тарази, Софы Сматаев, Сайын Мұратбеков сияқты танымал жазушыларымыздың алғашқы қадамынан-ақ танып, жол көрсете білген – жаны ізгілікке толы әдебиет қолдаушысы Сафуан Шаймерденов болатын.

Повестеріндегі басты кейіпкерлер Қарғаш, Лезбай, Бағдан мен Әспет, Сапар – өз замандастарының мұңы мен қуанышының айнасы іспеттес. Оның «Ит ашуы» шығармасын оқу барысында адам жанын жетік білетін, жан сұлулығын ардақтайтын суреткер екендігіне көзіміз жетеді. Көзқарасының сергектігі, өмір құбылыстары туралы ой-тұжырымдары Сафуан Шаймерденовтың өзіндік ерекше шығармашылық қабілетін танытты, жақсы мінез-құлықты, адамгершілікті аялай білетін қаламгер екеніне сендіре білді. Дарынды жазушының шығармасында адам тағдыры, оның жеке бас ерекшелігі, азаматтық, адамгершілік тұлғасы алдыңғы қатарға шықты. Бір сөзбен айтқанда, Сафуан Шаймерденов – жақсылық пен жамандық, ізгілік пен адамгершілік тұрғысынан еңбек еткен тұлға. Оның шығармасындағы кейіпкерлер шындық пен әділдік іздеп шарқ ұрған тұлғасы арқылы өз кезеңінің сипатын аңғартады. Жазушы адам характерін ашу жолында лиризм мен психологизмді нәзік ұштастыра білген. Осы мүддеден шыға білу жазушыдан үлкен шеберлікті талап етсе керек. Оның адамгершілік мәселесіне аса ден қойып, адамның ішкі рухани әлемін психологиялық шеберлікпен суреттеуге ұмтылуы әдебиетте әлеуметтік-психологиялық повестердің бой көтеруіне игі әсер етті.

Дайындаған: Жасұлан Исакаев, дереккөз




KZ » Қазақша Блог, Ит ашуы повесі, жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалануы, Сафуан Шаймерденов, повестер, әдебиет, ит ашуы повеси, жазушынын адам характерин ашу жолында ит арекетин салыстыра пайдалануы, адебиет, сафуан шаймерденов ит ашуы повести, сафуан шаймерденов ит ашуы туралы, сафуан шаймерденов ит ашуы повесі, ит ашуы повесі сабақ жоспары, ит ашуы повесі үзінді, Ит ашуы повесі, жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалануы, Сафуан Шаймерденов, повестер, әдебиет, ит ашуы повеси, жазушынын адам характерин ашу жолында ит арекетин салыстыра пайдалануы, адебиет, сафуан шаймерденов ит ашуы пове, Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» повесі: Жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалануы, Сафуан Шаймерденов «Ит ашуы» повесі: Жазушының адам характерін ашу жолында ит әрекетін салыстыра пайдалануы

  • Анализ сайта www.zharar.com